Қырсықтық екіге бөлінеді: адам мінезіндегі қырсықтық
және үйренуге деген қырсықтық (жаңаны қабылдамау).
Мен тез сөйлеймін, кейбір адамдар не айтып жатқанымды
түсінуге үлгермей қалады. Сондықтан дикция, дауыс қою
дәрістеріне жазылдым. Бірақ, бұл кемшілігімді (деп атайық),
сегіз мейрамханам болғанда ғана түзеуге бел будым. Осы
уақытқа дейін оны комплекс деп есептемедім және ол маған
мейрамхана ашуға, бизнес жасауға кедергі болған жоқ. Егер
қырсығып, арнайы дәрістерге бармасам, өзіммен жұмыс
жасамасам, бәлкім тренингтеріме бес жүз адам келмес еді
ғой.
Танысым болуы мүмкін, ақшам болуы мүмкін, бірақ
егер қырсығып, «мен мықтымын, қалай болсам, солай
қабылдаңыз» деген принципті ұстанып, түсініксіз, тез
сөйлесем, QAZAQSTAN телеарнасында реалити-шоу
ұйымдастырып, оны жүргізуге мүмкіндігім болмайтын
еді.
Тағы бір мысал: інім Дархан екеуіміз приставкамен
үйде отырып футбол ойнағанды жақсы көреміз. Дархан
әр ойын сайын ұта беретін, мойындауым керек, ол
маған қарағанда жақсы ойнайтын. Сол кезде жеңістің
адыраспандарын зерттеп жүрген шағым еді. «Жұмыс
істеймін, уақытым жоқ, сондықтан жақсы ойнай алмай
жүрген шығармын», – деп өзіме адвокат болып, өз
өзімді ақтаймын. «Дарханның FIFA ойнауға уақыт тауып
жүргеніне қарағанда, жұмысы соншалықты қиын емес
шығар» деп оған прокурор болдым. Сөйтіп жүріп,
50
мәселенің жай-жапсары өзімді ақтап, оны даттауда емес,
өзімде шығар деп ойландым. Бір күні қонаққа бөлем
келді де, Дархан екеуімізді қоса сегіз рет қатарынан
ұтты. Намыстанып, шыдамай, ойыннан шығып кеттім.
Дархан қызуқанды жігіт, әрі қарай ойынды жалғастырды,
бірақ жеңіліп қалды. Ойындары аяқталғаннан кейін,
бөлемді шақырып алдым да: «Үйрет», – дедім. Сөйтсем,
еш қиындығы жоқ. Екі-үш айла-тәсілі бар екен, үйреніп
алдым. Бірнеше күн өтті, бөлеміз үйіне қайтты, жеңілген
Дарханның ашуы тарқады. «Қуаныш жүр футбол
ойнайықшы», – деп шақырып алды. «Жарайды», – деп
келісе кеттім. Қатарынан бес рет менен ұтылды. Егер,
Дархан да мен сияқты, бөлемізден ойын тактикасын
үйреніп алса, бәлкім, жеңілмес пе еді? Бірақ, бөлең сенен
кішкентай болғандықтан, одан сұрағың, әлсіздігіңді
көрсеткің келмейді ғой. Сондықтан қырсықтығың ұстай
бастайды.
Кейін Дархан да әдіс-айланы үйреніп алды, қазір
футболды керемет ойнайды.
Айтайын дегенім, осы жеңiстiң адыраспаны сені
жеңіске жету жолында бөгейді. Бұл жаман қасиетті
мойындау керек және оны жеңу үшін әрекет жасау керек.
Кез келген спорт түрінде, ойында жеңіске жете
алмаған адам, өмірде де ешқандай нәтиже көрсетпейді.
Бұл «смартфондарыңа ойын жүктеп, күні-түні ойнаңдар»
деген сөз емес. Мәселе – адамның мінезінде. Егер ол,
намыстанып, тырысып, талпынып, ойында, спортта
белгілі бір дәрежеге жетсе, өмірде де солай болады.
Осман империясында эгоның кесірінен, «өзімді
көрсетемін» деген сезімнің кесірінен дұрыс шешімдер
қабылданбай қалуы мүмкін деген себептен генералдарды
соғысқа жібермес бұрын, олардың эгосымен күресу
үшін дәретхананы жуып шығуды тапсырады екен.
Рас-өтірігін білмеймін, бірақ бұл мысалда әңгіменің
шындығы маңызды емес, алуға болатын сабағы
маңызды. Сарайдағы адамдар генералдардың дәретхана
жуатынын біліп, «генералдың соншалықты төмендеп
кеткені ме, әлде қатты қателескені ме» деп ойлапты.
Адамдардың ол ойын көздерінен оқып қойып, әп-сәтте
эгосы «ұстап қалганын» түсінген генерал, дәретхананы
сақалпымен жуып шығады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |