Екінші болма



Pdf көрінісі
бет25/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127
Қырсықтық  екіге  бөлінеді:  адам  мінезіндегі  қырсықтық  жəне
үйренуге деген қырсықтық (жаңаны қабылдамау).
Мен  тез  сөйлеймін,  кейбір  адамдар  не  айтып  жатқанымды  түсінуге
үлгермей  қалады.  Сондықтан  дикция,  дауыс  қою  дəрістеріне  жазылдым.


Бірақ,  бұл  кемшілігімді  (деп  атайық),  сегіз  мейрамханам  болғанда  ғана
түзеуге бел будым. Осы уақытқа дейін оны комплекс деп есептемедім жəне
ол  маған  мейрамхана  ашуға,  бизнес  жасауға  кедергі  болған  жоқ.  Егер
қырсығып, арнайы дəрістерге бармасам, өзіммен жұмыс жасамасам, бəлкім
тренингтеріме бес жүз адам келмес еді ғой.
Танысым  болуы  мүмкін,  ақшам  болуы  мүмкін,  бірақ  егер  қырсығып,
«мен  мықтымын,  қалай  болсам,  солай  қабылдаңыз»  деген  принципті
ұстанып,  түсініксіз,  тез  сөйлесем,  QAZAQSTAN  телеарнасында  реалити-
шоу ұйымдастырып, оны жүргізуге мүмкіндігім болмайтын еді.
Тағы  бір  мысал:  інім  Дархан  екеуіміз  приставкамен  үйде  отырып
футбол  ойнағанды  жақсы  көреміз.  Дархан  əр  ойын  сайын  ұта  беретін,
мойындауым  керек,  ол  маған  қарағанда  жақсы  ойнайтын.  Сол  кезде
жеңістің  адыраспандарын  зерттеп  жүрген  шағым  еді.  «Жұмыс  істеймін,
уақытым  жоқ,  сондықтан  жақсы  ойнай  алмай  жүрген  шығармын»,  –  деп
өзіме адвокат болып, өз өзімді ақтаймын. «Дарханның FIFA ойнауға уақыт
тауып  жүргеніне  қарағанда,  жұмысы  соншалықты  қиын  емес  шығар»  деп
оған прокурор болдым. Сөйтіп жүріп, мəселенің жай-жапсары өзімді ақтап,
оны  даттауда  емес,  өзімде  шығар  деп  ойландым.  Бір  күні  қонаққа  бөлем
келді  де,  Дархан  екеуімізді  қоса  сегіз  рет  қатарынан  ұтты.  Намыстанып,
шыдамай, ойыннан шығып кеттім.
Дархан  қызуқанды  жігіт,  əрі  қарай  ойынды  жалғастырды,  бірақ
жеңіліп қалды. Ойындары аяқталғаннан кейін, бөлемді шақырып алдым да:
«Үйрет», – дедім. Сөйтсем, еш қиындығы жоқ. Екі-үш айла-тəсілі бар екен,
үйреніп  алдым.  Бірнеше  күн  өтті,  бөлеміз  үйіне  қайтты,  жеңілген
Дарханның  ашуы  тарқады.  «Қуаныш  жүр  футбол  ойнайықшы»,  –  деп
шақырып алды. «Жарайды», – деп келісе кеттім. Қатарынан бес рет менен
ұтылды. Егер, Дархан да мен сияқты, бөлемізден ойын тактикасын үйреніп
алса, бəлкім, жеңілмес пе еді? Бірақ, бөлең сенен кішкентай болғандықтан,
одан
сұрағың,
əлсіздігіңді
көрсеткің
келмейді
ғой.
Сондықтан
қырсықтығың ұстай бастайды.
Кейін  Дархан  да  əдіс-айланы  үйреніп  алды,  қазір  футболды  керемет
ойнайды.
Айтайын  дегенім,  осы  жеңiстiң  адыраспаны  сені  жеңіске  жету
жолында бөгейді. Бұл жаман қасиетті мойындау керек жəне оны жеңу үшін
əрекет жасау керек.
Кез  келген  спорт  түрінде,  ойында  жеңіске  жете  алмаған  адам,  өмірде
де  ешқандай  нəтиже  көрсетпейді.  Бұл  «смартфондарыңа  ойын  жүктеп,
күні-түні ойнаңдар» деген сөз емес. Мəселе – адамның мінезінде. Егер ол,
намыстанып,  тырысып,  талпынып,  ойында,  спортта  белгілі  бір  дəрежеге


жетсе, өмірде де солай болады.
Осман  империясында  эгоның  кесірінен,  «өзімді  көрсетемін»  деген
сезімнің  кесірінен  дұрыс  шешімдер  қабылданбай  қалуы  мүмкін  деген
себептен генералдарды соғысқа жібермес бұрын, олардың эгосымен күресу
үшін дəретхананы жуып шығуды тапсырады екен. Рас-өтірігін білмеймін,
бірақ  бұл  мысалда  əңгіменің  шындығы  маңызды  емес,  алуға  болатын
сабағы
маңызды.
Сарайдағы
адамдар
генералдардың
дəретхана
жуатынын  біліп,  «генералдың  соншалықты  төмендеп  кеткені  ме,  əлде
қатты  қателескені  ме»  деп  ойлапты.  Адамдардың  ол  ойын  көздерінен
оқып  қойып,  əп-сəтте  эгосы  «ұстап  қалғанын»  түсінген  генерал,
дəретхананы сақалымен жуып шығады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет