Экономика ұғымын қалай түсінесің?


Жердің сапасымен байланысты рента түрі



бет2/18
Дата26.03.2022
өлшемі349,5 Kb.
#28880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

65. Жердің сапасымен байланысты рента түрі:


  1. 1 дифференциалды рента.

  2. Абсолютті рента.

  3. 2 дифференциалды рента.

  4. Рентаның барлық түрлері.

  5. Монополиялық рента.

Дифференциалды рентаның пайда болу себебі:



  1. Жердің орналасуына және өнімділігіне байланысты.

  2. Жердің орналасу аймағына байланыссыз.

  3. Жердің шектеулігі.

  4. Жерге жеке меншік монополиясы.

  5. Жерге монополиялы шаруашылық объектісі ретінде.

66. Өнеркәсіптің ең басты факторы болып табылады:



  1. Адам еңбегі, еңбек құралы, еңбек құралы

  2. техника

  3. Өнеркәсіп

  4. Еңбек құралы.

  5. Ғылым.

67. Жыл ішінде бүкіл елде өндірілген игіліктің нарықтық құны деп:



  1. ЖҰӨ.

  2. Орналасқан табыс.

  3. Таза ұлттық өнім.

  4. Ұлттық табыс.

  5. Аралық өнім.

68. Жеке табыстың көзі болып:



  1. Меншіктен түсетін табыс.

  2. Жалға берілген үйден түсетін табыс.

  3. Трансферттік төлем.

  4. Жалақы, меншіктен түсетін табыс.

  5. ренталық төлем, трансферттік төлем.

69. Инфляция:



  1. Бұл ақша құндылығының немесе көрсеткіш қабілеттілігінің төмендеуі.

  2. Өмір сүру құнының төмендеуі.

  3. Өмір сүру құнының өсуі.

  4. Бұл жалпы баға деңгейінің жоғарылауы.

  5. Қағаз ақшаның шектен тыс шығарылуымен байланысты бағалардың өсуі.

70. Жұмыссыздардың түрінің ішіндегі қандай жұмыссыздық едәуір артық болып саналады?



  1. Құрылымдық.

  2. Циклдық.

  3. Фрикциондық.

  4. Ішін-ара.

  5. Жасырын.

71. Қысқа мерзімді (Китчин циклы) цикл кезеңінің сипаттамасы:



  1. 2-тен 4 жылға дейін.

  2. 17-ден 19-ға дейін.

  3. 15-тен 12 жылға дейін.

  4. 25-тен 40-қа дейін.

  5. 40-тан 60-қа дейін.

72. Орташа мерзімді (Жугляр циклы) цикл кезеңінің сипаттамасы:



  1. 10 ж-ға дейін.

  2. 25-тен 40 ж-ға дейін.

  3. 15-тен 20 ж. дейін.

  4. 17-ден 19 ж-ға дейін.

  5. 40-тан 60 ж-ға дейін.

73. Ұзақ мерзімді (Кондратьевтің «ұзын толқындары») цикл кезеңінің сипаттамасы:



  1. 40-60 ж.

  2. 3-тен 4 ж-ға дейін.

  3. 15-тен 20 ж-ға дейін.

  4. 25-тен 40 ж-ға дейін.

  5. 17-ден 19-ға дейін.

74. Цикл дегеніміз:



  1. Бірнеше жылдар бойына экономикалық даму деңгейінің бір-бірінен кейін төмен және жоғары болуы.

  2. Төмендеу.

  3. Өрлеу.

  4. Жандалу.

  5. Құлдырау

75. Ағылшын экономисі Дж.Кейнс қандай нарықтық экономика теориясын жасады?



  1. реттелетін

  2. әлеуметтік

  3. еркін

  4. аралас

  5. монополиялық

76. ЖІӨ –нің құны тең



  1. бір жылда ел резиденттері арқылы ел аумағында өндірілген түпкі өнімдер құнына

  2. бір жылда ұлттық капитал өндірген түпкі өнімдерге

  3. аралық өнімдерге

  4. қайталанып сатылған өнімге

  5. ұлттық капитал өндірген аралық өнімдер мен түпкі өнімдерге

77. Ұлттық табыстың көлемі мен серпініне тәуелді емес капиталды салымдар қалай аталады



  1. шетелдік инвестициялар

  2. таза инвестициялар

  3. туынды инвестициялар

  4. жалпы инвестициялар

  5. тәуелсіз инвестициялар

78. Макроэкономика индикаторына не жатпайды?



  1. тауардың бағасы

  2. жұмыссыздық

  3. мемлекеттік экономикалық саясат

  4. инфляция

  5. мемлекеттік бюджет

79. Экономикалық өсім динамикасының негізгі көрсеткіштері мыналар:



  1. Жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс

  2. Негізгі капитал

  3. Еңбек өнімділігі, айналым капитал

  4. ҒТП (ғылыми-техникалық прогресс)

  5. Инвестициялар

80. Негізгі капиталдың құрамдас бөлігі болып табылмайды



  1. шикізат материалдар

  2. көліктер

  3. станоктар, машиналар

  4. жабдықтар

  5. техникалар

81.Нақты еңбекақы, бұл:



  1. Берілген баға деңгейінде жұмыскерлердің номиналды еңбек ақыларына тауар мен қызмет құнын сатып алу мүмкіндігі

  2. Жұмыскерлердің ақшалай жалақысы

  3. Табыстар мен пайда

  4. Жалға берген объектілер түсімдері

  5. Номиналды еңбекақы және табыс

82. Тұрғындардың табыстарын бөлудегі теңсіздікті көрсететін қисық сызық графигі:



  1. Лоренц

  2. Филлипс

  3. Лаффер

  4. Cұраным

  5. Ұсыным

83.Өндіріс шығындарының өсуінен туындаған бағалардың көтерілуі қандай инфляцияны білдіреді?



  1. Ұсыным инфляциясын

  2. Сұраным инфляциясын

  3. Гиперинфляцияны

  4. Қарқынды инфляцияны

  5. Баяу инфляцияны

84. Қазақстандағы басты эмиссиялық орталық рөлін қандай банк атқарады?



  1. Ұлттық банк

  2. Коммерциялық банктер

  3. Ипотекалық банк

  4. Зейнетақы қорлары

  5. Сақтандыру компаниялары

85. Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бірнеше бәсекелестер болса, онда сұраныс:



  1. Икемді

  2. Икемсіз

  3. Абсолютті икемсіз

  4. Икемділігі бірге тең

  5. Икемділігі нөлге тең

86. Рента – бұл



  1. жер иесінің табысы

  2. акциядан алынған табыс

  3. қаржы капиталынан алынған табыс

  4. құрал жабдықты жалға алу төлемі

  5. қалыпты пайда


87. Өндірістік факторларға не жатпайды?

  1. инвестиция

  2. жер

  3. капитал

  4. еңбек

  5. кәсіпкерлік

88. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) еңбек өнімділігінің есебінен өсуі экономикалық өсудің қандай типін көрсетеді?



  1. Интенсивті

  2. экстенсивті

  3. тұрақты

  4. нөлдік

  5. теріс

89.Жақын арада жұмысқа тұруға үмітті адам-ол



  1. жұмыссыздар қатарына кіреді

  2. Жұмыс күші құрамына кірмейді

  3. Жартылай жұмыспен қамтамасыз етілген адам

  4. өзін өзі еңбекпен қамтамасыз еткен

  5. жұмыспен қамтылғандарға кіреді

90. Нарықтық экономиканыі негізгі ерекшелігі:



  1. Еркін бәсеке

  2. монополиялық құрылым

  3. ресурстардың шоғырлануы

  4. еркін сауда

  5. пайда табу

91. Пайда факторлық табыс ретінде неден алынады?:



  1. кәсіпкерліктен

  2. капиталдан

  3. жерден

  4. еңбектен

  5. технологиядан

92. Тағы бір өнім бірлігін өндірумен байланысты орын алатын қосымша шығындар – бұл шығындар…



  1. шекті

  2. тұрақты

  3. өзгермелі

  4. сыртқы

  5. жалпы

93. Өрлеу кезеңі үшін не сипатты емес?



  1. Инвестициялардың қысқаруы

  2. Өндірістің өсуі

  3. Несиенің өсуі

  4. Жұмыссыздықтың қысқаруы

  5. Инфляцияның төмендеуі

94. Дифференциалды рента II пайда болады:



  1. шаруашылық жүргізудің интенсивті үлгісінде

  2. ауылшаруашылық өнімдерінің ұсынысы нарықта қысқарғанда

  3. шаруашылық жүргізудің экстенсивті үлгісінде

  4. ауылшаруашылық өнімдеріне бағаның өскен жағдайында

  5. нарықта өнімдерінің ұсынысы өскенде




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет