«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Іскерлік қарым – қатынас және оның нысандары



бет23/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
10.2 Іскерлік қарым – қатынас және оның нысандары

Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – бұл ғылым мен өнер. Мұнда табиғи қабілеттілікпен қатар қажетті білімнің болуы да маңызды.

Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуді, нақты проблеманы шешуді немесе анықталған мақсаттарды іске асыруды көздейтін, сондай-ақ қызмет, ақпарат, тәжірибе алмасу орын алатын, өзара байланысу және өзара әрекеттесу үрдісі.

Іскерлік қарым-қатынас әртүрлі нысандарда іске асырылады:



  1. Іскерлік сұхбат;

  2. Іскерлік келіссөздер;

  3. Іскерлік жиналыс т.б.

Іскерлік сұхбат – басқарушылық қызметтің негізгі және маңызды элементі. Іскерлік

сұхба ың көптеген мақсаттары бар: іскерлік әріптестік қатынастарды немесе жеке өзара қарым- қатынасты орнату және дамыту, ақпарат алмасу, өзекті мәселелерді шешу және оларды шешудің конструктивті тәсілдерін әзірлеу, адамдарды іскерлік белсенділікке, өнімді еңбекке ынталандыру, жедел, іскерлік ақпараттарды алу, келіспеушілік жағдайларды шешу, ұжымдағы психологиялық климатты жақсарту т.б.

Іскерлік сұхбат бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Олардың қатарына келесілер жатқызылады:


  • бір іскерлік сферадағы қызметкерлердің өзара қарым-қатынас жасауы;

  • іскерлік идеялар мен тың ойларды бірлесе іздеу, ұсыну және жедел түрде дайындау;

  • басталып қойған іскерлік іс-шараларды үйлестіру және бақылау;

  • іскерлік байланыстарды қолдау және дамыту;

  • іскерлік белсенділікті ынталандыру т.б.

Іскерлік сұхбат мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. сұхбаттың басталуы

  2. әріптестерге хабарлау немесе ақпаратты беру;

  3. ұсынылатын ұстанымдарды негіздеу (аргументтау) немесе ескертпелерді теріске шығару;

  4. шешім қабылдау және сұхбаттың аяқталуы.

Сұхбаттасудың бірінші кезеңі – сұхбаттың басталуы.

Бұл кезеңде мынадай міндеттер қойылады:



  • сұхбаттасушымен байланыс орнату;

  • сұхбаттасу үшін қолайлы атмосфера жасау;

  • әңгіме тақырыбына назар аудару;

  • сұхбаттасуға қызығушылықты ояту.

Сұхбаттасудың дұрыс басталуы мыналармен байланысты:

  • сұхбаттасу мақсаттарын нақты сипаттау;

  • сұхбаттасушы адамдардың өзара танысуы;

  • тақырыптың атауы;

  • сұхбат жүргізетін адамдарды таныстыру;

  • қарастырылатын сұрақтардың кезектілігін хабарлау.

Сұхбаттасушы адаммен тікелей қарым-қатынасқа түсу кезінде мынадай мәселелерге назар аудару қажет:

а) анық, түсінікті, мазмұнды сөз тіркестері мен түсіндірмелерді қолдану;

ә) сұхбаттасушы адамды аты-жөнімен атау;

б) лайықты сыртқы келбет ( киімі, түр тұлғасы);

в) сұхбаттасушы адамға құрмет көрсету, оның пікірлері мен мүдделеріне көңіл бөлу т.б.

Екінші кезең ақпаратты беру деп аталады. Сұхбаттасудың осы кезеңінің басты мақсаты келесідей міндеттерді шешумен сипатталады:


  • сұхбаттасушының проблемалары, сұраулары, талап-тілектері бойынша арнайы ақпараттар жинау;

  • сұхбаттасушының мақсаттары мен мотивтерін айқындау;

  • жоспарланған ақпаратты беру;

  • сұхбаттасушының ұстанымын талдау және тексеру.

Ақпараттарды беру кезінде туындайтын сұрақтарды негізінен 5 топқа бөлуге болады:

  1. жабық сұрақтар – «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін сұрақтар.

  2. Ашық сұрақтар – «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болмайтын сұрақтар,олар қандай да бір түсініктемені талап етеді.

  3. Риторикалық сұрақтар – мұндай сұрақтарға тікелей жауап берілмейді, өйткені олардың мақсаты жаңа сұрақтарды туындату, шешілмеген проблемаларды көрсету және т.б.

  4. Шұғыл сұрақтар – сұхбатты қатаң белгіленген бағытта жүргізуді ұстанады немесе жаңа проблемалардың толық кешенін көтереді.

  5. Ойлануға арналған сұрақтар – сұхбаттасушыны ойлануға, мұқият сараптауға және айтылғандарға түсініктеме беруге мәжбүрлейді.

Үшінші кезең – ұсынылатын ұстанымдарды негіздеу (аргументтау) немесе жоққа шығару.

Ұсақ-түйек болып көрінетін мәселе кейде шешуші мәнге ие болады. Сондықтан келесі жағдайларға көңіл бөлу қажет:



  • қарапайым, түсінікті, анық, нақты және таңданарлық түсініктермен баяндау;

  • аргументтау тәсілі мен қарқыны сұхбаттасушының мінез-құлқының ерекшеліктеріне сәйкес келу керек;

  • сұхбааттасушыға қатысты дәлелдемелер келтіргенде әдептілік таныту; негізсіз бос сөзерден қашу;

  • дәлелдемелерді өзіңізбен сұхбаттасушыға бағыттау;

  • дәлелдер келтіру мен түсінуге қиындық туғызатын тұжырымдар мен сөйлемдерді қолданбау;

  • өзінің дәлелдерін, идеялары мен ой-пікірлерін сұхбаттасушыға әдемілеп баяндауға тырысу.

Сұхбаттасушының жасаған ескертпелерін жоққа шығарудың логикалық құрылымы мынадай болуы тиіс:

  • ескертпелерді талдау;

  • шынайы себептерін табу;

  • тактиканы және әдісті таңау;

  • ескертпелерді жедел түрде теріске шығару.

Төртінші кезең – шешім қабылдау.

Шешім қабылдау мынадай мақсаттарды көздейді: сұхбаттасушының мақұлдаған дәлелдерін қорытындылау; пайда болған теріс жағдайларды бейтараптандыру, қол жеткен нәтижелерді растау және нығайту т.б.

Шешімнің қабылдануы сұхбаттасудың аяқталуын білдіреді.

Іскерлік келіссөздер. Келіссөздер – екі тараптың да сәйкес келетін немесе қарама-қарсы мүдделері болған жағдайдағы, келісімге келуге арналған адамдардың арасындағы өзара байланыс құралы.

Келіссөздер келесідей кезектілікпен жүргізіледі:



  1. іскерлік келіссөзге дайындық.

  2. іскерлік келіссөзді өткізу.

  3. іскерлік келіссөздің аяқталуы.

  4. іскерлік келіссөз қорытындыларын талдау.

Келіссөзді өткізу. Тәжірибе жүзінде іскерлік келіссөздерді жүргізуде келесідей негізгі әдістер қолданылады:

  • Вариациялық әдіс

  • Интеграция әдісі

  • Теңдестіру әдісі

  • Келісімге келе отырып шешім қабылдау әдісі

Келіссөздерді жүргізудің жоғарыда аталған әдістері жалпы сипатқа ие. Сондықтан келіссөздер жүргізу барысында нақтылайтын бірқатар тәсілдер, әәдістер мен қағидалары бар:

    1. Кездесу және байланыс орнату.

    2. Келіссөздерге қатысушылардың назарын өзіне аудару.

    3. Ақпаратты беру.

    4. Ұсыныстарды жан – жақты түрде негіздеу ( дәлелдеу).

Келіссөзге қатысушы тараптардың арасындағы коммуникацияның ерекшеліктеріне байланысты оның бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Жеке кездесу;

  2. Делдалдар арқылы жасалатын келіссөздер;

  3. Телефон бойынша жүргізілетін келіссөздер;

  4. Жазбаша келіссөздер;

  5. Көп сатылы немесе күрделі келіссөздер.

Іскерлік мәжіліс басшының қызметінің ең жауапты түрлерінің бірі және бүкіл ұжымның жұмыс режимін ұйымдастыруға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Іскерлік мәжілісті жүргізу кезінде оны бақылауда ұстау маңызды. Ол үшін басшы келесілерге көңіл бөлуі тиіс:



  1. Бейтарап ұстанымда қалу.

  2. Әңгімені тұрақты түрде қолдап отыру.

  3. Эмоционалды қысым туындаған жағдайда тез арада шара қабылдау.

  4. Барлық оппоненттердің пікірлерін тыңдау.

  5. Тақырыптан ауытқуға және өткенге шолу жасауға жол бермеу.

  6. Қажет болған жағдайда жекелеген қатысушылардың пікірлерін нақтылау.

Мәжілістің 3 түрі бар:

Нұсқаулық мәжіліс – жазбаша тапсырма беруге уақыт болмағанда немесе басшы қызметкерлерге тікелей әсер етуді қалағанда қолданылады.

Жедел мәжілістің мақсаты – басшылықтың істің ағымдағы жағдайы туралы ақпарат алуы, жедел шешім қабылдау және олардың іске асуын бақылау.

Проблемалық мәжіліс – инновациялық жобаларды талқылауға, дамудың перспективті мәселелерін қарастыруға, шаруашылық проблемаларды талқылауға шығару, ұтымды шешімдерді іздеуге бағытталған мәжіліс.

Мәжілісті жүргізудің екі түрі бар: демократиялық стиль және авторитарлық стиль.

Демократиялық стиль кезінде мәжіліске қатысушылардың барлықтарының пікірлері ескеріледі, сондай-ақ әртүрлі идеялар өзара келісіледі.

Авторитарлық стиль кезінде қатысушылар өздерінің жобаларын «алып шығуға» ұмтылады, қайсарлық танытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет