5. Кәсіпкерліктің мәні, маңызы және мақсаттары Енді сіз кәсіпкерлік қандай әртүрлі болуы мүмкін екенін білсеңіз, сабақтың басталуына оралайық және кәсіпкерліктің мемлекеттің дамуы үшін неге маңызды екендігі туралы ойланып көрейік.
Біз сіздермен кәсіпкерлік - бұл тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын игіліктерді өндіру немесе қайта бөлу екенін айттық. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет есебінен қоғамның байып жатқаны анық, тұтынушылар жаңа тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе алады, кірістер мен шығыстарға байланысты неғұрлым сапалы немесе арзан тауарларды таңдай алады. Кәсіпкерлік бәсекелестіктің болуына немесе болмауына әсер етеді. Бір өнімді өндіретін бәсекеге қабілетті фирмалар неғұрлым көп болса, оның деңгейі соғұрлым жоғары, демек, тұтынушы алдында үлкен таңдау тұр.
Кәсіпкерліктің көмегімен елдегі жұмыс орындарының саны өсуде, соның салдарынан жұмыссыздық азаюда.
Сондай-ақ біз кәсіпкерліктің инновациялық қызметі туралы айта аламыз. Кәсіпкерліктің көмегімен және оның бәсекелестікке ықпал етуі нәтижесінде, экологияға зиянсыз, жұмысты жылдам немесе сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар пайда болады.
Кәсіпкерлік елдің өзіне әлемдік деңгейге шығуға және басқа елдерден асып түспесе де, кем дегенде сол деңгейде болуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлігі дамыған мемлекет елдегі артылған өнімді шығарып, оны сатуға жібере отырып, өндірістік-өткізу рөлін атқара алады. Осылайша, елдің табысы, оның әлемдік нарықтағы мәртебесі артады.
Кәсіпкерлік қызметтауар өндірісін ұйымдастыруға, тауар массаларының бүкіл қозғалысына ықпал етеді және оларды нарық арқылы түпкілікті тұтынушыға дейін жеткізеді, осылайша қоғамның экономикалық өмірін бірыңғай тұтастырады. Тауарлар өндірумен қатар ол азаматтарға көптеген әртүрлі қызметтер көрсетеді, қаржы және қор нарықтарын қозғалысқа әкеледі, ғылымды дамыту және жаңа технологиялар жасау үшін қоғамның зияткерлік әлеуетін жұмылдырады, сол арқылы ғылыми-техникалық прогресті жеделдету үшін алғышарттар жасайды, бұл елдің технологиялық дамуына, өнімді әлемдік нарыққа шығаруға әкеледі. Бұдан басқа, мемлекетке салықтардың негізгі бөлігін төлей отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адам, яғни тікелей кәсіпкер, іс жүзінде мемлекетті қамтамасыз етеді, оның негізгі шығындарын қаржыландырады. Бұл кәсіпкерлік қызмет мемлекетке өз азаматтарына кепілді материалдық және білім деңгейін, тиісті медициналық қызмет көрсетуді, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін білдіреді. Бұл елдегі өмір сүру деңгейін, оның демографиялық, әлеуметтік және экономикалық деңгейін жақсартуға ықпал етеді. Кәсіпкерлердің есебінен мемлекет алатын қаражат мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін құрайды және елдегі ақша массасының қозғалысына ықпал етеді.
Осылайша, кәсіпкерлік қазіргі қоғамда орталық орын алады. Өйткені, кәсіпкер мемлекеттің де, азаматтық қоғамның да, оның азаматтарының экономикалық да, саяси өмірінің тұрақтылығы мен тұрақты дамуының тірегі және кепілі болып табылады.
Сіздердің әрқайсысыңызда - кәсіпкер болғыңыз келе ме, әлде болғыңыз келмей ме деген таңдау бар. Сіз қандай да бір салада білікті маман бола аласыз, өсіп-өркендей аласыз. Бірак супер кәсіпқой маман болсаңыз да, сіз өзіңіздің даму деңгейіңізде өз жалақыңыздың шегі сияқты, өз өміріңіз бен қоғам өмірін өзгерту мүмкіндігіңіз өз шегіне жететін сәтке де жетесіз. Кәсіпкерлік өз біліміңізді, дағдыларыңызды, идеяларыңыз бен амбицияларыңызды қолдануға шексіз мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, сіздің табатын табысыңызға шек
қоймайды. Кәсіпкерлік - тәуекелмен ұштасқан және кәсіпкерге әртүрлі жауапкершілік жүктейтін шығармашылық процесс: қаржылық қана емес, әлеуметтік, моральдық, этикалық және басқа да жауапкершілік. Бірақ ол тек жеке және кәсіби табысқа қол жеткізу ісінде ғана емес, нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында айтқан сана мен қоғамды жаңғырту ісінде ең пәрмендісі болып табылады.