Экскурсиялық объектілердің паспорты



бет12/15
Дата25.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#127376
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ашылуы, құрылысы

Кітап - мәдениеттің негізі, кітапханалар қоғамдағы ең қажетті мекемелер болып қала береді. Тек Жетісу өлкесі емес сонымен қатар, Түркістан өлкесі бойынша Верный қаласы ең үлкен әкімшілік және мәдени орталық, мұнда ХХ ғасырдың басында ең алғашқы мәдени-ағарту мекемелері пайда болды.

Объекттің қысқаша тарихы

Қазақстан Республикасының кітапханасының тарихы Верный думасының шешімімен 31 желтоқсанда алғашқы қаланың оқу залы ашылған 1910 жылдан басталады. 1920 жылдан бастап Л. Н. Толстой, ал 1937 жылдан А. С. Пушкин атымен аталады. 1991 жылы «ұлттық» мәртебесін алды. Ерте-рундық, араб, қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі сирек кездесетін кітаптар және қолжазбалардың қоры бірегей.

Нысанның мақсаты мен қолданылуы

Топтамалар мақтанышы Ахмед Яссауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларының түпнұсқалары болып табылады. Көркем жазу үлгілері ретінде «Құранның» революцияға дейінгі басылымын айтуға болады. Қазіргі уақытта кітап қоры 6,6 млн бірлікті сақтауда. Жыл сайынғы келушілер саны 1 млн-ға жуық. Келушілерге 1500 орынды 14 мамандандырылған зал қызмет көрсетеді. Ұлттық кітапхана орналасқан ғимарат 1970 жылы арнайы жоба бойынша салынған. Абай даңғылы 14, Абылайхан көшесінің қиылысында орналасқан және республикалық маңызы бар мәдениет және тарих ескерткіші болып саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер

ВИЗИТ Алматы сайты




Объекттің атауы:

Балуан Шолақ спорт сарайы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет