together үйлесу ♦Those cottages ~ perfectly with
the landscape. – Ана коттедждер табиғатпен
тамаша үйлескен. ♦Their voices ~ (together)
well. – Олардың дауыстары жақсы үйлеседі.
(b) ~ (into smth) тұтасу, астасу, үйлесу ♦The
sea and sky seemed to ~ into each other. – Теңіз
бен аспан бір-бірімен астасып жатқандай
көрінді. 4. (phr v) *to ~ in (with smth) үйлесу,
тұтасу ♦The new offi ce block does not ~ in
with its surroundings. – Жаңа мекеме блогы
айналасымен үйлеспейді. *to ~ smth in (тамақ
дайындаған кезде) қосу, қосып араластыру,
былғау ♦Heat the butter gently and then ~ in a
little fl our. – Майды жайлап қыздыр дағы оған
аздап ұн қос. B.n 1.қоспа, араласпа, қосып
араластырылған нəрселер ♦Which ~ of cof-
feewould you like? – Кофенің қандай қоспасын
сіз ұнатасыз? 2.қоспа, қосынды сөз (м: motel
= motor + hotel сөздерінің, brunch = breakfast
+ lunch сөздерінің қосындысы) = portmanteau
word
blende [blend] n (мин) сфалерит, мырыш
(цинк) сульфиді
blender n = liquidizer
blent [blent] pt and pp of blend
bless [bles] v (pt, pp blessed [blest] не blest
[blest]) 1.бата беру, дұға оқу (құдайдан
рахым, жарылқаушылық өтіну) ♦The Pope
~ed the crowd. – Папа жиналған жұртқа
батасын берді. ♦The priest ~ed the har-
vest. – Священник астыққа батасын берді.
2.(христиан дінінде) бата беру, киелі,
қасиетті деп ишара ету ♦The priest ~ed the
bread and wine. – Священник (дінбасы)
нан мен шарапқа бата істеді (дəріптеді).
3.(христиан дінінде) құдайды мадақтау,
дəріптеу, ризашылық білдіру 4.(бата
оқығанда қолд) ♦Bless all those who are hun-
gry, lonely or sick. – Құдайым, аш-жалаңаш,
жетім-жесір, ауру-сырқауға мейіріңді
төге гөр. 5.(таңырқауды білд) ♦Bless me!
Bless my soul! – Құдай-а тауба! О құдайым!
♦Well, I’m blest! – А, құдай жарылқапты!
♦I’m blest if I know! – Білсем құдай ұрсын!
6. (idm) *to be ~ed with құдай жарылқаған,
тумысынан берілген ♦He is ~ed with excel-
lent health. – Оған құдай жақсы денсаулық
берген. ♦Mrs Murphy is ~ed with twelve chil-
dren. – Мөрфи ханымға жаратқан он екі
бала беріпті. *~ you құдай жарылқасын сені
((a) ризашылықты я жақсы көргенді білдіреді
(b)түшкірген адамға айтады)
blessed [‘blesid] adj 1.қасиетті, əулие
♦the Blessed Virgin - Əулие Мариям (Иса
пайғамбардың шешесі) 2.(діни тілде)
жарылқаған, бақытты ♦Blessed are the meek. –
Құдайға бой ұсынғандар (тəубаға келгендер)
бақытты. 3.көңілді, қызық, қалаулы,
жанға жайлы ♦a moment of ~ calm – бір
сəт мүлгіген тыныштық 4.(католицизмде)
əулиелер не атақтылар санатына қосылған
(адам) 5.(мазасыздықты не таңырқасты білд)
құрығыр, құрыған ♦Now where have I put that
~ book? – Ана құрығыр кітапты мен қайда
қойдым екен?
blessedly [‘blesidli] adv ♦It’s so ~ quiet here. –
Бұл жер сондай жанға жайлы тыныш.
blessedness [‘blesidnis] n бақыттылық,
көңілділік [қ-з: blessed]
blessing [‘blesiŋ] n 1.(a) құдайдың рахымы,
мейірімі; жарылқау ♦to ask for God’s ~ -
құдайдың жарылқауын өтіну (b)құдайға
жалбарынып дұға оқу (c) ас қайыру, ас
алдындағы я соңындағы бата ♦to say a ~ -
бата қылу, құдайға ризашылық білдіру 2.бата
беру, мақұлдау, келісім ♦I cannot give my ~
to such a proposal. – Мен бұндай ұсынысқа
келісім бере алмаймын. 3.бақыт, қауныш
♦What a ~ you weren’t hurt in the accident! –
Апатқа түссең де дін аман қалғаның неткен
бақыт! 4. (idm) *a ~ in disguise (сөзбе сөз:
жасырынған жақсылық) алдымен жаман
көрініп кейіннен жақсы болған уақиға ♦Not
getting into university may be a ~ in disguise;
I don’t think you’d have been happy there. –
Университетке түспегенің қайта жақсы
болған да шығар; ол жер саған ұнар еді деп
ойламаймын. *to count one’s ~s count
blest [blest] pt and pp of bless
blether [‚bleðə(r)] = blather
bletherskate [‚bleðə(r)skeit] = blatherskate
blew [blu:] pt and pp of blow
blight [blait] A.n 1.(a) өсімдіктерді солдырып
қурататын, зардап шеккізетін ауру (b)осы
ауруды тарататын шіркей, шөп 2. ~ (on/upon
smb/smth) (ауысп. мағ.) хауіпті, залалды
нəрсе ♦Unemployment is a ~ on our commu-
nity. – Жұмыссыздық – біздің қауымға төнген
залал. 3.(қаланың, т.б.) мешеу, ұсқынсыз бөлігі
♦the ~ of inner-city slums – қаланың орталық
жағындағы кедей-кепшік тұратын тұс B.v
зардап шектіру, шегу, жойылу, жою ♦The ap-
ple trees were ~ed by frost. – Алма ағаштары
үсіктен зардап шекті. ♦(ауысп. мағ.) a career
~ed by ill-health – ауру титықтатқан карьера
blighter [‘blaitə(r)] n (Brit slang) 1.дос, жолдас,
бауыр ♦You lucky ~! – Еһ, жолы болғыш
достым-ау! 2.оңбаған, арсыз ♦The ~ stole
my purse! – Оңбаған менің қапшығымды
(əмиянымды) ұрлап кетіпті!
Blighty [‘blaiti] n (көне қолд Brit əскери slang)
Британия, отан
blimey [‘blaimi] interj (Brit slang) (таңқалысты
я мезі болғанды білд) ♦Blimey, look at that! –
Мəссаған, ананы қара!
blimp [blimp] n 1.шағын дирижабль 2. (slang)
семіз, қолаба, икемсіз адам
Blimp [blimp] n (кейде Colonel Blimp) (Brit
ауызекі жақтырм) өзімшіл, қатыбас адам
(көбінесе кəрі армия офицері)
blind I [blaind] A.adj 1.соқыр, көзі көрмейтін
♦a ~ person – соқыр адам 2.соқыр(дың) ♦a
~ school – соқырлар мектебі 3. ~ (to smth)
бірнəрсеге соқыр я керең (яғни, байқамайтын,
түсінбейтін) ♦I must have been ~ not to realize
the danger we were in. – Қандай хауіп-қатерде
болғанымызды білмей мені қара басқан
шығар. ♦He is completely ~ to her faults. – Ол
оның қателерін мүлде көрмейді. 4. ♦(ауысп.
мағ.) көзсіз ♦~ hatred/obedience – көзсіз жек
көрушілік/бағынушылық ♦love/faith that is
~ - көзсіз махаббат/сенім ♦~ forces of nature
– табиғаттың мылқау күштері ♦to be in ~
fury/panic – көзсіз жінігу/сасу ♦~ speed/haste –
көзсіз жылдамдық/асығу 5.құпия, жасырын,
көрінбейтін, тұйық ♦a ~ entrance – жасырын
есік ♦a ~ turning – кілт бұрылыс 6.(ұшақтың
аппаратураға сүйене істеген маневрі, яғни
«көзсіз» істелген) ♦~ fl ying/landing – «көзсіз»
ұшу/қону 7. (idm) *as ~ as a bat жарғанаттай
соқыр ♦He is as ~ as a bat without his glasses.
– Ол көзəйнегінсіз жарғанат сияқты соқыр.
*to turn a ~ eye (to smth) көрмегенсу, назар
аудармау ♦The manager turned a ~ eye when his
staff were late. – Қызметкерлердің кешіккеніне
менеджер назар аударған жоқ. B.n 1. the ~
соқыр адамдар, көзі көрмейтіндер ♦a school
for the ~ - көзі көрмейтіндерге арналған
мектеп 2. (idm) *the ~ leading the ~ (сөзбе сөз:
соқырларды жетектеген соқырлар) тəжірибесіз
адамдардың тəжірибесіз ортаны басқаруы
C.adv 1.құрал-жабдыққа ғана сүйеніп (яғни,
көрмей) ♦to drive/fl y ~ - құрал-жабдыққа ған
сүйеніп көлік айдау/ұшу 2. (idm) *~ drunk
(ауызекі) көзсіз мас, тоя ішкен *to swear ~
swear D.v 1.соқыр қылу, болу; көзді қару ♦a
~ing fl ash/light – көз қаритын жарқыл/жарық
♦He was ~ed by the sunlight. – Оның көзін күн
сəулесі қарыды. ♦The soldier was ~ed in the ex-
plosion. – Жарылыстан солдат соқыр болып
қалды. 2.~ smb (to smth) (ауысп. мағ.) біреудің
210
211
көзін байлау, көрсетпеу ♦Her love for him ~ed
her (to his faults). – Оның (қыздың) көзін оған
(жігітке) деген махаббат (кемшіліктерін
көрсетпей) байлады. 3. (idm) *to ~ smb with
science техникалық білімімен біреудің мысын
басу
blind II [blaind] n 1.(US (window-)shade)
перде, жалюзи ♦to draw/lower/raise the ~s –
пердені ысыру/түсіру/көтеру 2. (ауысп. мағ.)
бетперде, маска ♦His job as a diplomat was a ~
for his spying. – Ол дипломаттық қызметті
бетперде қылып шпиондық əрекеттермен
айналысты. 3. (US) аң терісі
blindage [‘blaindiʤ] n (əскери) блиндаж
(окоптағы адамдарды қорғауға арналған
құрылым)
blind alley [‘blaind ‘æli] 1.тұйық жол, аллея
2.тығырыққа тірелу
blind coal [‘blaindkəul] n антрацит (тас
көмірдің жалынсыз жанатын ең жақсы сорты)
blind date [,blaind’deit] бірін-бірі бұрын
білмеген əйел мен еркектің арасындағы
тағайындалған кездесу
blinder [‘blaində(r)] n (спортта) тамаша өнер
көрсету ♦He playede an absolute ~! – Ол адам
нанғысыз тамаша ойнады!
blinders [‘blaindəz] n [pl] (US) = blinkers
blindfold [‘blaindfəuld] A.v (біреудің) көзін
таңу, байлау ♦to ~ a hostage/prisoner –
тұтқынның/түрмедегінің көзін таңу B.n
көзге таңылған, байланған таңба, шүберек
C.adj, adv көзі таңылған, байланған ♦I could do
that ~. – Көзім таңулы болса да мен оны істей
алар едім.
blind gut [‘blaind,gʌt] (анат) соқыр ішек
blindly [‘blaindli] adv соқырша; көзсіз, бассыз
blind-man’s buff [,blaindmænz’bʌf] соқыртеке
ойыны
blindness [‘blaindnis] n соқырлық, көзі
көрмеушілік
blink [bliŋk] A.v 1.(көз ж) жыпылықта(т)у
(көзін қайта-қайта жұмып-ашу) ♦He ~ed in
the bright sunlight. – Ол күн жарығына қарай
алмай көзін жыпылықтатты. 2.жылтырау,
жымыңдау, жылтылдау, жылт-жылт ету ♦har-
bour lights ~ing on the horizon – көкжиекте
жымыңдап көрінген айлақ оттары 3. (idm)
*to ~ the fact (… that) көз жұмбайлық жасау,
мəселені ескерусіз қалдыру ♦You can’t ~ the
fact that the country’s economy is suffering.
– Елдің экономикасының күйзелісте екенін
байқамау мүмкін емес. 4. (phr v) *~ smth away/
back (көз жасын, т.б.) білдірмеу, сол үшін
көзін жыпылықтату ♦Though clearly upset, she
bravely ~ed back her tears. - Қанша күйінсе де
ол кірпігін қаққылап ештеңе білдірмеді. B.n
1.(көз ж) жыпылықта(т)у 2.жылтыраc, жымың,
жылтыл, жылт-жылт ету 3.(idm) *the ~ of an
eye қас қағым сəт *on the ~ дұрыс істемейтін,
бұзық ♦The washing machine is on the ~. – Кір
жуғыш машина дұрыс істемей тұр.
blinkered [‘bliŋkərəd] adj 1.көзі қалқаланған
(ат) 2. (ауысп. мағ.) тар ойлы, түсінбейтін ♦a ~
attitude – саяз көзқарас
blinkers[‘bliŋkəz] n [pl] (US blinders) (аттың
көзіне алдыдан басқа жақты көрмесі үшін
тағылатын) қалқанша
blinking[‘bliŋkiŋ] adj, adv = bloody
blip [blip] n 1.радар экранындағы жарық нүкте
2.бипіл (дыбыс)
bliss [blis] n шаттық, асқан бақыт ♦a life of ~
- шат-шадыман өмір ♦What ~! – I don’t have
to go to work today. – Неткен рахат! – Бүгін
жұмысқа бармаймын.
blissful [‘blisfl ] adj шат-шадыман, асқан
бақытты
blissfully [‘blisfəli] adv шексіз қуана, шаттана
blister [‘blistə(r)] A.n 1.(терінің астына сары су
жиналып) ойылған, күлдіреген тұс ♦These tight
shoes have given me ~s on my ankles. – Мына
тар аяқ киім тобығымды ойып тастады.
2.көпіршік (металдың қабыршақтанып
көтерілген тұсы; сырланған ағаштың сырының
көтеріліп ісінген жері) B.v ою, ойылу; ісіріп
жіберу; көпіршік сияқты нəрсе түзу ♦Me feet
~ easily. – Менің аяғым тез ойылады. ♦The hot
sun ~ed the paint. – Ыстық күн сырды (бояуды)
көтеріп жіберді.
blistering [‘blistəriŋ] adj 1.өте, тым қатты ♦a ~
pace - өте зор екпін 2.ащы, өткір (сын) ♦~ sar-
casm - өткір сарказм, əжуа
blisteringly [‘blistəriŋli] adv
blithe [blaið] adj бақытты, қамсыз, бейқам
blithely [‘blaiðli] adv қамсыз, бейқамдықпен
♦He was ~ unaware of the trouble he had
caused. – Ол бейқамдықпен не пəле істегенін
байқамады.
blither [‘bliðə] = blether
blithering [‘bliðəriŋ] adj мүлде, нағыз, барып
тұрған ♦You ~ idiot! – Сен барып тұрған
кещесің!
blithesome [‘blaiðsəm] = blithe
blitz [blits] A.n (кейде blitzkrieg) 1.блицкриг
(кенет тұтқиыл шабуыл) 2.the Blitz ІІ Дүние
жүзілік соғыс кезіндегі неміс əсерлерінің
тұтқиылдан шабуылдау тактикасы 3. (ауысп.
мағ.) ~ (on smth) кенет күш салу ♦I had a ~
on the kitchen today, and now it’s really clean. –
Бүгін кухняға бар күшімді төктім, мінеки енді
тап-таза. B.v тұтқиылдан шабуылдау, кенет
шабуыл жасап қирату ♦Many towns were badly
~ed during the war. – Көптеген қалалар соғыс
кезінде тұтқиыл шабуылдан ойсырай қирады.
blitzed [blitst] adj (ауызекі US) (a) қалжыраған
(b) удай мас
blitzkrieg [‘bli:tskri:g] = blitz (сөзбе сөз: blitz
найзағай + krieg соғыс)
blizzard [‘blizəd] n бұрқасын, қарлы боран
bloat I [‘bləut] v ісіну, ұлғаю, дəуею ♦Their
bellies were ~ed from overeating. – Олардың
қарындары көп жегендіктен қампиып
кетіпті.
bloat II [‘bləut] v балықты ыстау, қақтау,
сүрлеу
bloated I [‘bləutid] adj ісінген, қамқиған,
үрленген ♦a ~ face – ісінген бет ♦I’ve had
so much to eat I feel absolutely ~. – Өлердей
жегендіктен ішім кеуіп тұр. ♦(ауысп. мағ.) ~
with pride – кеудесінен нан піскен
bloated II [‘bləutid] adj ысталған, сүрленген
(балық)
bloater [‘bləutə(r)] n ысталған, сүрленген
майшабақ (сельд)
blob [blɒb] n 1.тамшы (қою сұйықтықтың)
♦A ~ of paint marred the surface. – Сырдың
(бояудың) тамшысы беткі жақты былғап
тастады. 2.түйір (топырақ, тас); дақ 3.бұлдыр
(алыстағы заттың) ♦The church spire was just
a distant ~. – Шіркеу мұнарасы алыстан
бұлдырап көрінді.
bloc [blɒk] n (саяси, əскери) блок, одақ
block [blɒk] A.n 1.(a) блок; белағаш,
белдеме; граниттың, мəрмəрдің ірі кесегі
♦a ~ of concrete, granite, marble – бетон
блок, граниттың, мəрмəрдің ірі кесегі (b)
шөрке, төс, дөңбек (ағаштың) ♦a chopping-~
- (үстіне қойып) шабатын төс ♦a butcher’s
~ - қасапшының төсі (c) the ~ (бұрынғы
заманда) өлім жазасына кесілген адамның
басы қойылып шабылатын шөрке ♦to go/be
sent to the ~ - өлім жазасына кесу 2.ойыншық
пластик кірпіш 3.блок (үлкен ғимарат) ♦~s
of fl ats – пəтерлер блогы ♦a tower ~ - зəулім
үй 4.квартал, тұрғын үй массиві ♦to go for a
walk round the ~ - кварталды айнала жүру
♦He lives three ~s away from here. – Ол бұдан
үш квартал жерде тұрады. 5.топ, лек,
тізбек, жиынтық, топтама ♦a ~ of theatre
seats – театр орындықтарының тізбегі ♦a
~ of shares – акциялар (үлестер) жиынтығы
♦a ~ booking – көп қылып заказ беру 6.мөр
7.бөгет; кептеліс, іркіліс ♦a ~ in the pipe –
құбыр ішіндегі кептеліс ♦(ауысп. мағ.) The
government’s stubborn attitude was a ~ to fur-
ther talks. – Үкіметтің тоңмойындығы бұдан
былайғы келіссөздерге бөгет болды. 8. (idm)
*a chip of the old ~chip *to have a ~ (about
smth) бірдеңені түсіне алмау, басқа кірмеу
♦He has a mental ~ about maths. – Оның миына
математика кірмейді. *to knock smb’s ~/
head offknock B.v 1.~ smth (up) бөгеу,
бекіту, ірку; (мұрын ж) біту, бітелу ♦Heavy
snow is ~ing all roads into Scotland. – Қалың
қар Шотландияға баратын бар жолды
бөгеуде. ♦A large crowd ~ed the corridors and
exits. – Қарақұрым жұрт корридорлар мен
шығатын жерлердің бəрін бөгеді. ♦My nose
is ~ed (up). – Мұрным бітіп (бітеліп) қалды.
♦to ~ the talks – келіссөздерді бөгеу ♦The ac-
cident ~ed traffi c. – Жол оқиғасы қозғалысты
іркіді. 2.(ақшаның, т.б.) қолданысын шектеу,
бөгеу ♦~ sterling – айналымы шектелген
фунт стерлинг 3. (phr v) *to ~ smth in/out
бірнəрсенің алдын ала долбарлау, жоспарлау,
кескіндеу ♦to ~ in the plan of a house – үйдің
шикі жоспарын сызу *to ~ smth off бөгетпен
бөліп тастау ♦Police ~ed off the street after
the explosion. – Полиция жарылыстан соң
көшені бөгеп тастады.
blockade [blɒ’keid] A.n 1.блокада (əскери
күшпен қоршауға алу) 2. (idm) *to break/
run a ~ блокаданы бұзып өту *to lift/raise ~
блокаданы алып тастау, аяқтау
B.v блокадаға алу, қоршау ♦The harbour was
~d by enemy vessels. – Айлақты жау кемелері
қоршауға алды.
212
213
blockage [‘blɒkiʤ] n 1.бөгет, бітелме ♦ a ~ in
the pipe – құбырдағы кептеліс 2.бөгеліп қалу,
кептеліп қалу
block and tackle [,blɒkənd’tækl] n блок, шығыр
(кранның (көтергіштің) доңғалақтар мен
арқандардан тұратын ауыр заттарды көтеруге
арналған бөлігі)
block-buster [‘blɒkbʌste(r)] n ( ауызекі)
1.өте қуатты бомба 2.өте қызықты фильм,
кітап 3. ( US) бағаның арзандауына
байланысты жұртты үй-жайын сатуға
үгіттеуші адам
blockhead [‘blɒkhed] n ақымақ
blockhouse [‘blɒkhaus] n 1.бетон-қамал,
блокгауз, дот, дзот, амбразура 2. ( US тарих)
ағаштан тұрғызылған қамал
blockish [‘blɒki∫] adj ақымақ, топас
block letter [,blɒk’letə(r)] n баспа əріп
bloke [bləuk] n ( ауызекі) жігіт, кісі ♦ The new
~ next door seems a bit weird. – Көрші үйдегі
жаңа кісі аздап қызық (оғаш) көрінеді.
blokish [‘bləuki∫] adj ( Brit) ерлерге тəн (тірлік)
♦ playing football, fi xing the car and other ~
activities – футбол ойнау, машина жөндеу
сияқты еркек тірлік
blokishness [‘bləuki∫nis] n еркектік, ерлерге тəн
тірлік
blond (əйелдер blonde) [blɒnd] adj, n аққұба,
ақсары, ақсары шашты (адам)
blood [blʌd] A. n 1.қан ♦ He lost a lot of ~ in the
accident. – Ол апатта көп қан жоғалтты.
♦ Much ~ was shed in the war. – Соғыста көп
қан төгілді. 2.тек, тұқым, қан ♦ of noble Scottish
~ - текті шотландиялық əулеттен (шыққан)
♦ They are of the same ~. – Олардың қаны бір
(яғни, туыс). 3. ( Brit көне қолд) дəнди (дэнди),
дəулетті əрі сылқым жігіт 4. (idm) *bad ~
(between A and B) (біреулер арасындағы)
қастық, жаулық ♦ There’s a lot of bad ~ be-
tween those two families. – Ол екі əулеттің
арасында ұзақтан бері келе жатқан егестік
бар. *to be after/out for smb’s ~ біреудің қыр
соңында болу, қудалау *to be/run in one’s/the
~ қанында, тұқымында болу ♦ Most of my fam-
ily are musicians; it runs in the ~. - Əулетіміздің
көбі музыканттар; бұл (бұндай қасиет)
тұқымымызда бар. *~ and thunder (сөзбе
сөз: қан мен жасын) шытырман оқиғалы ♦ a ~
and thunder story – шытырман оқиғалы хикая
*~ is thicker than water (сөзбе сөз: қан судан
қою) тұқымдық, қандық байланыс мықты
байланыс деген мағ. *smb’s ~ is up ашулану,
қаны қайнау ♦ After being insulted like that my ~
is really up! – Ана сөз сүйегімнен өтіп кетті,
шынымен де қаным қайнап тұр! *(like getting/
trying to get) ~ out/from a stone біреуден сұрап
алу, өтіну мүлде мүмкін емес деген мағ. ♦ Get-
ting a pay rise in this fi rm is like getting ~ from
a stone. – Бұл фирмада жалақыны көтергізу
тастан қан шығарғанмен бірдей. *(to have
smb’s) ~ on one’s hands біреудің қанын
жүктеу, ауыр қылмысты болу ♦ a dictator with
much ~ on his hands – қанды қол диктатор *to
draw ~draw *fl esh and ~fl esh *one’s fl esh
and ~fl esh *to freeze one’s ~; to make one’s ~
freezefreeze *in cold ~cold *to make smb’s
~ boil біреудің қанын қайнату (ызаландыру)
♦ The way he treats his children makes my ~ boil.
– Оның өз балаларына деген қарасы менің
қанымды қайнатады. *to make smb’s ~ run
cold денені түршіктіру, мұздату ♦ The sight of
the dead body made his ~ run cold. - Өлі дененің
көрінісі оның жанын түршіктірді.
*new/fresh ~ run cold тың күш, ресурс,
идеялар ♦ This company is badly in need of new
~. – Бұл компания жаңа адамдарға өте зəру.
*of the ~ (royal) ақсүйек, төре тұқымынан
♦ a prince of the ~ (royal) – қуатты əулеттен
шыққан принц *to spill ~spill *to stir the/
Достарыңызбен бөлісу: |