Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


(«Литер» газеті, 24.04.2014)



Pdf көрінісі
бет18/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Литер» газеті, 24.04.2014)
Бұл  аргументте  екінші  сөйлем  құрамында  алғашқы
сөйлемді қолдау мақсатындағы дәйек бар. Депутат «себебі»
индикатор-сөзін  өз  пікірінің  себептерін  атап  көрсету
үшін  қолданып  отыр.  Бұл  аргумент  бойынша  бейбіт  атом
энергиясы  көмірсутектің  (мұнай-газының)  маңызды
баламасы деп тану қажет. Алайда бейбіт атом энергиясына
әлі  де  индукциялық  кезеңнен  өтуі  қажет  болғандықтан
жуық  мерзімде  біздер  энергия  көзі  ретінде  мұнай  мен
газды қолданамыз.
Мысал 2.2.3
Николай,  инженер:  Мен  шылым  шегуге  тиым  салу 
қажет  деп  санаймын.  Мәселе  шылым  шегушілерде  ғана 


39
емес.  Бұл  адамдарды  ешқандай  айыппұл  мен  тиымдар 
өзгерте  алмайды.  Көп  жылдар  бойы  шылым  шегіп  келе 
жатқандар  жаман  әдетінен  қандай  да  бір  кезекті    жаңа 
қаулы  шыққандықтан  емес,  тек  қана  өзінің  ерік-жігері 
мен қалауының арқасында ғана құтылуы мүмкін.  Бірақта 
егерде  сіздер  қоғамдық  орында  шылым  шегетін  болсаңыз, 
жаныңызда үлкендерге еліктеушілігі басым болып келетін 
балалар  болуы  мүмкін.  Балалар  шылым  шегу  –  жаман 
әдет,  шылымның  түтіні  денсаулыққа  зиянды  екендігін 
әлі  түсіне  бермейді.  Олар  тек  ашық  түсті  қорапша  мен 
әдемі  жасалынған  тұтатқышты  алып  біртіндеп  түтін 
шығара бастаған аға мен тәтені ғана көреді. Әрине, мұндай 
күдікті  ләззаттың  дәмін  әрбір  бала  татып  көргісі  келеді.  
Жәнеде  дәмін  татқаннан  соң  тастай  алмай  кеткендер 
өте  көп.  Ал,  егерде  бала  шылым  шекпейтін  жанұяда  өссе 
және  ол  көшеде,  дәмхана  мен  мейрамханада    шылым 
шеккен адамды көрмесе, егерде телеарна жарнамаларынан 
шылымды  көрсетулерін  қойса,  оның  миында  шылым  шегу 
туралы  ешбір  ой  қалмайды.  Міне,  сондықтан  да  қоғамдық 
орындарда шылым шегуге тиым салу біз үшін бұл әдеттен 
құтылуға жәрдемдесетініне мен сенімдімін. Бірден болмаса 
да,  бір  буыннан  соң  солай  болады.  Ал,  шылым  шегуші,  оны 
тастағысы  келмейтіндер  өздерін  ешкім  көрмейтін  жерде 
темекіні тек үйлерінде шексін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет