126
болатындығын ескере отырып, Жер домалақ болуы керек
тұжырымдамасын жасайды.
Ал, енді керісінше ойлап көрейікші. Егерде жер жазық
болса, жарық түзу сызықта қозғалып келе жатқандығына
орай кеменің төменгі бөлігі мен жоғарғы бөлігі бір мезетте
көзден таса болатын еді. Ойланып көріңізші, егерде Жер
қалай болғанда да жазық болса, кеме теңіз жағалауында
бақылағандай болу үшін (кеменің астыңғы бөлігі үстіңгі
бөлігіне қарағанда бұрынырақ көзден таса болатындығы)
жарық қалай жылжуы керек еді? Жауап қарапайым: жарық
түзу емес, қисық және жоғары қарай ілінген болуы қажет.
Осы жағдайда, теңізде кетіп бара жатқан кеменің жоғары
бөлігіндегі жарыққа қарағанда төменгі жағы теңізге
ертерек сіңіп, осы арқылы бұрынырақ көзден таса болады.
Яғни, Сіз жарық түзу емес, керісінше қисық және жоғары
сызық бойынша қозғалып келе жатқандығын тексеретін
болсаңыз, Жердің де жазық екендігін тексеруіңізге болады.
Бұл арқылы, адамдар жүздеген, мыңдаған жылдар
бойы сеніп келген ғылыми гипотезалар келесі бір ұрпақ
арқылы жоққа шығарылуы мүмкіндігін көруге болады.
Және де болашақта сіздің біреуіңіз құрметті Колумб пен
Коперниктің тұжырымдамаларын жоққа шығаратын басқа
да жаңа гипотеза ұсынуларыңыз әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: