Емдік тамақтану. Науқастарды тамақтандыру


Жасанды тамақтандыру келесі жолдармен жүзеге асады



бет3/4
Дата13.02.2023
өлшемі272,22 Kb.
#67463
1   2   3   4
Байланысты:
емдік тамақтану

Жасанды тамақтандыру келесі жолдармен жүзеге асады:

  •  
  • Ауыз, мұрын арқылы немесе гастростома арқылы енгізілген зонд көмегімен;
  • Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу;
  • Қоректік ерітінділерді парентералді (күре тамырға тамшылатып) жолмен енгізу.
    • Клизма көмегімен тік ішек арқылы 300-500 мл жылы (37-38˚С) глюкоза ерітіндісі, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, аминоқышқылдар ерітінділері енгізіледі.
    • Парентералді тамақтану ас қорыту жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда, қалыпты тамақтану мүмкін болмаған жағдайларда (ісіктер) және асқазан, өңешке операция жасалғаннан соң тағайындалады. Парентералді тамақтану үшін аминоқышқылдар ерітінділері, 5% глюкоза ерітіндісі қолданылады. Сонымен қатар электролит ерітінділері, В тобы витаминдері, аскорбин қышқылы енгізіледі. Оларды енгізуден алдын су моншасында дене температурасына дейін жылытылады, күре тамырға тамшылатып жіберіледі. Ерітінділерді жіберу жылдамдығын қатаң бақылау қажет.

    Пациентті асқазан тесігі /гастростома / арқылы тамақтандыру

    • Қажетті заттар: Жуан асқазан зондын, залалсыздандырылған домалақ (түйме) зондты, воронканы, вазелин майын. 250-500мл 30-35°С дейін қыздырылған сұйық тамақтарды (дәрігердің тағайындағанына байланысты).
    •  
    • Іс- әрекеттер:
      • Қолыңызды тазалап жуыңыз.
      • Зондтың домалақ басына вазелин майын жағыңыз.
      • Асқазанның тесігіне орнатылған домалақ (түйме) зонд арқылы асқазанға зондты жіберіңіз.
      • Зондтың екінші жағына воронканы (оймышты) жалғастырыңыз.
      • Асқазанға әзірлеген сұйық тамақты (көлемі дәрігердің тағайындауы бойынша) зонд арқылы жіберіңіз.
      • Зондты асқазанда қалдыру керек болған жағдайда оны тамақтың қалдығынан тазарту үшін 20-40 мл қайнаған жылы сумен жуыңыз.
      • Қарын тесігінің (гастростоманы) айналасындағы теріні калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуып, Лассар пастасымен майлаңыз.
      • Асқазан және домалақ (түйме) зондты судың ағынымен жуып, қайнатып, ауызы жабық ыдыста сақтаңыз.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет