1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Бүйректің концентрациялық функциясы. Кері айналдыра ағызу жүйесі



бет93/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   169
54.Бүйректің концентрациялық функциясы. Кері айналдыра ағызу жүйесі.

Бүйректің организмдегі ең негізгі қызметі - сыртқа шығару. Сонымен қатар ішкі орта тұрақтылығын, сілті-қышқыл тендігін, осмос қысымын, тамырындағы қан көлемін, басқадаішкі сұйықтық ортаның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ қызметтік жүйе жұмысын орындатуға қатысады. Бүйрекпен шығарылатын несеп құрамы, қасиеті және мөлшері, ондағы пайда болған әртүрлі өзгерістерге байланысты. Осыған сәйкес, ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі күрт өзгерістерінің әсерінен пайда болған информация орталық жүйке жүйесіне толып жат-қан саны көп әртүрлі рецепторлардан мысалы, ноцицептивтік немесе ауру, қысым, хемо-, волюмо-, термо- тағы да басқа рецепторлардан барады. Осылардың көмегімен шығару мүшелерінің жүйкелік және гуморальдық реттелу іске қосылады. Реттелу жалпы диурезді  өзгертумен қатар, зат алмасудың толып жатқан соңғы өнімдерін, тұздарды, дәрілерді, суды т.б. заттарды организмнен шығарады.

Бүйрек вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және пара-симпатикалық жүйкелерімен қамтамасыз етілген.

Л.А. Орбели лабораториясының зерттеу қорытындыларынан кезеген жүйкенітітіркендіргенде несеп құрамындағы хлорлы натрий азайғаны, ал осы жүйкені кескенде көбейгені байқалған. Парасимпатикалық жүйкенің мүндай әсері түтікшелердің кері сіңуінің өзгеруінен пайда болады.

Бүйректің симпатикалық жүйкесі кесілсе, несеппен хлорлы тұздардың шығарылу мөлшері көбейеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде негізінен Мальпиги шумақтарының қан тамырлары тарылады да, бүйректе несеп жасалуы бір бағытта өзгермейді. Артериола тарылғанда, осы әсерге байланысты несеп шығарылу мөлшері едәуір азаяды. Ал егер де қанды алып кететін тамыр тарылса, сүзілу қысымы жоғарылап, несеп жасалу көбейеді.

Диурездің рефлекстік өзгеруі толып жатқан дене сыртында және ішкі ағзаларда, соның ішінде несеп бөлетін мүшелерде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен болады. Несепағардың несепте пайда болған таспен тығындалып қалуы, тек қана тығындалған бүйректе несеп шығарылуын тоқтатып қоймайды, сонымен бірге рефлекстік жолмен екінші бүйректе де несеп шығарылуын төмендетеді.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет