Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет94/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   464
-
 
əлеуметтік  өзара  іс-қимыл  кезінде  оқытушылар  білімгерлердің  түрлі  жағдайларда  өз  ұстанымын 
өсіруі; 
-
 
білімгерлерге таңдау мүмкіндігін беру; 
-
 
əлеуметтік іс-əрекет барысында білімгерлер жеке тұлға ретінде қабылдау; 
-
 
əлеуметтік  өзара  іс-қимыл  ережелеріне  сəйкес  ұйымдастырылған  топтық  жұмысты  кеңінен 
қолдануы; 
-
 
əлеуметтік – мəденит, бұл құзырет түрі өз мəдениеті мен тілінің негізінде берілген – мəдениет 
пен «тілдік сана» негізінде қалыптасады [8, б.11]. 
Оқытудың  сапасынан  күтілетін  нəтижелер  тұрғысынан  жетілдіруді  оқытудағы  құзыреттілік  тəсіл 
қамтамасыз ететін болғандықтан, оны жүзеге асыру үшін білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
52
 
шығармашылық  іс-əрекет  тəсілдер  мен  эмоционалдық-құндылық  қатынастар  тəжірибесіне  негізделген 
түйінді  құзіреттерді  ажыратып  алу  керек.  Білімгерлердің  əлеуметтік  құзіреттілігін  мақсатты  түрде 
қалыптастыру үшін оқу орнында əлеуметтік өзара іс-əрекетке бейімдейтін білімгерлердің болашақ іс-
əрекеті мен əлеуметтік өмірін қамтамасыз ету қажет. 
Əлеуметтік-мəдени  құзірет  түрлі  əлеумет  пен  мəдениеттің  тілі.  Нақты  бір  мəдени  немесе  əлеу-
меттік ахуалды контекстен тыс игеруге тырысу нақты анықтамалық жақтауын талап етеді. Қазіргі кездегі 
кең ауқымды əлеуметтік қарым-қатынастар жəне байланыстар, студенттердің дамуы кезінде игерілген 
күрделі əлеуметтік іс-əрекеттері білімгерлердің əлеуметтік тəжірибесіне əсер етеді, сондықтан əлеуметтік 
құзіреттілікті қалыптастыру заманауи өмір жағдайларын ескеруді талап етеді. 
Əлеуметтік  құзіреттілік  кəсіби  қызметпен  бірге  айналысатын,  басқару  кəсібінде  қабылданған  кəсіби 
қарым-қатынас тəсілдерін қолдана білетін, қызмет етудегі кəсіпті басқару қабілеті. Бұл жерде білім-
герлерді  топтық,  ұжымдық  жұмыстар  жасай  алуға  жұмылдыра  келе,  яғни  жеке  тұлғаның  дамуына 
мəн беру керек [9, б. 204]. 
Білім берудің əлеуметтік-мəдени мəні мен міндеті оқыту мен тəрбиелеудің адам, қоғам, мемлекет 
мүддесіне  бағытталған  үрдісі  ретінде  түсіндіріледі.  Білімгерлердің  əлеуметтік-мəдени  құзіреттілігін 
қалыптастыруда  ұлттық  құндылықтарды  пайдаланудың  мəні  мен  мағынасы  ашылып,  олардың  əлеу-
меттік-мəдени  құзіреттілігін  арттыруда  шешуші  роль  атқаратыны  анықталды.  Ұлттық  құндылықтарын 
білімгерлердің əлеуметтік-мəдени құзіреттілігін қалыптастырудағы тəрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері 
жоғары  екендігі,  олар  ұрпақ  тəрбиесіне  кешенді  түрде  əсер  етіп,  білімгерлердің  əлеуметтік  мəдени 
құзіреттілігінің  қалыптасуына  негіз  болатыны  айқындалды.  Ұлттық  құндылықтар  негізінде  əлеуметтік-
мəдени  құзіреттілігін  қалыптастыруда  білімгерлерді  кəсіби  даярлау  əдістерінің  қажетті  деңгейде 
қамтылуыда қарастырылады. 
Білімгерлердің əлеуметтік-мəдени құзіреттілігін қалыптастырудағы оқытушы тарапынан жасалынатын 
педагогикалық  қолдаудың  мəні  мынада:  тұлғаның  өз  бойындағы  мүмкіндіктерін  өзінше  іске  асыруына 
мүмкіндік туғызу, үлгі өнеге болу, білім алушының кəсіби деңгейі мен мəдениеттілігінің жоғары болуы. 
Білімгерлердің əлеуметтік-мəдени құзіреттілігін қалыптасуы тəрбиенің барлық түрінің өзара бай-
ланысуы  арқылы  жүзеге  асады:  ақыл  ой,  адамгершілік,  еңбек  т.б.  Сондай-ақ  білімгерлерде  ұлттық 
құндылықтар негізінде əлеуметтік-мəдени құзіреттілігін қалыптасуыұлттық тəрбиенің қозғаушы күші 
ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дəстүрлер, ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық абырой, ар, кісілік 
т.б.байланысты. 
Əлеуметтік-мəдени  құзіреттіліктің  негізгі  құрамы  болып  табылатындар:  əлеуметтік  мəдени  құзі-
реттілік жағдайына бейімделу,сырттағы адамдарды өзіне қарату, обьектінің жан дүниесін жаулап алу, 
сөздік  мəдени  құзіреттілікті  іске  асыру;  эмоционалды  жəне  мазмұнды  байланысты  ұйымдастыру. 
Білімгерлердің  əлеуметтік-мəдени  құзіреттілігі  дегеніміз  болашақ  кəсіп  иелерінің  халықтың  рухани 
құндылықтарын  түсінуі  арқылы  оларды  құзіреттілікте  қолдана  алуымен  анықталатын,  кəсіби  мəнді, 
тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын құрайтын адамгершілік мəдени басқарушы іс-əрекеті. 
Əлеуметтік-мəдени құзіреттілік қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады. Əлеуметтік-
мəдени  құзіретті  қалыптастыру  басқа  тілді  қоғамда,  мəдениетте  өз  орнын  таба  алу  үшін  сол  елдің 
тілімен қоса, сол тілде сөйлейтін халықтың мəдениетін үйрену үшін қажет. Егер білімгерлердің əлеу-
меттік-мəдени құзыреттілігі қалыптасып, практикалық тұрғыда жүзеге асырылса, онда білімгерлердің 
əлеуметтік-мəдени  құзыреттілігін  дамытудағы  жəне  сөйлеу  мəдениетінің  оқытудағы  рөлі  артып, 
білімгерлер сөйлеу мəдениетінің сапаларын жетілдіруге машықтанады. Өйткені білімгерлердің əлеуметтік-
мəдени  құзыретін  қалыптастыру  сөйлеу  мəдениет  ерекшеліктерін  айқындап,  дамытудың  негізінде 
жүзеге асырылатын процесс болып табылады. 
Қарым-қатынасқа  түсуші  адамның  əлеуметтік-рухани  жəне  ұлттық  ерекшелігінің  мəнін  білу  ең 
маңызды  болып  табылады.Осы  этнос  мəдениетіндегі  қайталанбас  ерекшеліктердің  тіл  өкілінің  сөзінде 
бейнеленуі  тілді  мəдениетаралық  қарым-қатынас  құралы  ретінде  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Яғни, 
тілге  тілдің  мағыналық  мазмұнына  үйрету  керек  деген  пікірмен  келіспеуге  болмайды,  өйткені  тіл 
мəдениетті  толық  түрде  көрсететін  бірден  -  бір  құбылыс.  «Мəдениетаралық  –  қатысымның»  қалыптасу 
тарихын талдаудан көретініміз, «мəдениетаралық қарым–қатынас», «тіл – сана – мəдениет» деп аталатын 
бірлескен, негізі бар ғылым саласы екенін дəлелдейді. 
Кез  келген  мəдениетаралық  байланыстың  қатысушысы  бола  тұра  адамдар  бір  біріне  ұқсамайтын 
басқа мəдениет өкілдерімен өзара əрекет етеді. Тіл ұлттық ерекшеліктер, қоғамдық жүріс–тұрыс нор-
малары,  көзқарас  айырмашылықтары  қарым–қатынасты  жүзеге  асыруда  қиындықтар  тудырады.  Оның 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
53
 
себебі, дүниені сезіну жəне оны қабылдау ерекшелігінде. Яғни, осындай мəдениетаралық қатысымдар тиім-
ділігі өздігінен қалыптаспайды, оған мақсатты түрде үйренуге тура келетінін білуіміз керек. Оны жүзеге 
асырмас бұрын, жалпы мəдениетаралық қатысым ұғымын талдау қажеттілігі туындайды. Əлеуметтік-
мəдени  құзыреттіліктің  құндылықтар  негізіболып  технологиялық  мазмұны  мен  ұйымдастырудың 
жолдарын  қарастыру,  іздестіру  болып  табылады.  Студенттердің  əлеуметтік-мəдени  құзыреттілігін 
жоғарлату үшін қасындағы əңгімелесушілермен эмоционалды қатынас құруға мүмкіндік жасау керек. 
Əлеуметтік-мəдени  құзыреттіліктің  құрамы:  құзыреттіліктің  көп  қырлылығы-біртұтастығын  
сақтай отырып түрлі мекемелерде байқалуы, əлеуметтігі- жоғары дəрежедегі мəдени құзыреттілігінің 
тұлғалық сипаты (əріптестері мен жолдастары арасындағы беделі), сонымен бірге қоғамдық ортадағы 
мəні, реттеушілігі-тұлғаның өзін-өзі реттеуі мен өзін-өзі тануына əлеуметтік мəдени құзыреттіліктің 
ықпалы, дарашылдық-шығармашылық даралыққа қалыптастыруды жүзеге асыру, үздіксіздік-субъектінің 
өзін  дамытуға  үнемі  қажетсінуін  жəне  үздіксіз  білім  алуға  тұлғалық  ұмтылысы.  Біз  əлеуметтік-мəдени 
құзыреттілікті  үнемі  қозғалыстағы,  əрі  ашық  жүйе  деп  қарастырып  отырғандықтан,  үздіксіздік  бұл 
жүйенің ең маңызды құрамы болып табылады. 
 
1
 
Присяжная  А.Ф.Содержание  общего  образования//компетентностный  подход.  -  М.:Когнито-Центр, 
2002. - 78 с. 
2
 
Милорадова Н.Г. «Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация» - М.: 
Когнито-Центр, 2002. - 45 с. 
3
 
Вишнякова  С.М.  Профессиональное  образование:  Словарь  Ключевые  понятие,  термины,  актуальная 
лексика. - М.: ИМЦ СПО, 1999. - 588 с. 
4
 
Привалова  И.В.  Разнообразие  подходов  в  развитие  теоретических  основ  межкультурного  общения, 
Вестник МГУ.Серия 19. Лингвистика и межкультурная коммуникация - 2004. №3. - 14 с. 
5
 
Кулибаева  Н.Д.  Инновационная  модель  формирование  международно-стандартных  уровней  владения 
иностранным языком в условиях школ международного типа. - Алматы, 2002. - 88 с. 
6
 
Леонтович  О.Теория  межкультурной  коммуникации  в  России:  состояние  и  перспективы  //  Теория 
коммуникации и прикладная коммуникация. Вып.№1. 2002. - 115 с. 
7
 
Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы. - Алматы, 2011. - 58 б. 
8
 
Халеева  И.И.  Интеркультура-третье  измерение  межкультурного  взаимодействия.  Актуальные  пробл. 
Межкуль.коммун.Сб.науч.тр.-Москва:МГЛУ.1999.Вып.: 444.5. - 11 с. 
9
 
Щукин А.Н. Обучение иностранным языкам. Теория и практика. - М. Филоматис, 2007. - 204 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет