Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс


-тапсырма. Тыңдалымды тыңдаңыз. «Синдром Снежана» ауруы туралы айтып беріңіз. 3 САБАҚ. ƏЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ



Pdf көрінісі
бет62/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83
4-тапсырма. Тыңдалымды тыңдаңыз. «Синдром Снежана»
ауруы туралы айтып беріңіз.
3 САБАҚ. ƏЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ.
Грамматикалық тақырып: еді/ екен көмекші етістігі;
ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі
Ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі
ма+йтын+жіктік жалғауы ме+йтін+жіктік жалғауы
Мен қарамайтынмын
Сен қарамайтынсың
Ол қарамайтын
Мен сөйлемейтінмін
Сен сөйлемейтінсің
Ол сөйлемейтін
Лексикалық минимум: Танысу, пікір алмасу, пікір қалдыру,
мүмкіндік, көңіл көтеру, мақала, əндер, сурет, бизнес, дамыту,
сатып алушы, оқырман, жалқаулық, бақытсыздық, қауіп-қатер,
белсенді, тұтынушы, ақысыз, жаңалықтармен бөлісу,табыс,
табысты болу, оқу.
ЖАЗЫЛЫМ
1-тапсырма. Берілген сөздерді ауыспалы келер шақтың
болымсыз түріне ауыстырыңыз.
Отыр, тұр, кел, жүр, сөйле, қимылда, арқала.
Үлгі: Отыр-отырмайтын
• ОҚЫЛЫМ
Мəтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
Əлеуметтік желілердің пайдасы неде?
Ең алдымен, бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен
араласып танысуға, пікір алмасуға жəне өз пікірлестеріңді
Көмекші етістік
Екен
Мысалы. Барса екен,
көрсе екен


табуға жəрдемдеседі. Кез-келген сəтте танысыңмен байланысқа
шығып, тегін пікір алмасып, хал-жағдай сұрасуыңа, соңғы
жаңалықтармен бөлісуіңе мүмкіндік бар.
Əлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен
оқиғалардан əрдайым хабардар болып отырасың. Жəй хабардар
болып қоймай, сол оқиғаға қатысты адамдардың пікірлерімен де
танысуға мүмкіндік болады. Үшіншіден, əлеуметтік желіден
түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен əндер, фильмдер, суреттер,
мақалалар табасың жəне бəрі тегін. Оған қоса, білім беретін
деректі фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да
қалағаныңша тауып оқуға болады.
Сонымен бірге, өз бизнесіңді дамытуға, сатып алушы
клиенттерді тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер сіз
шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, кітаптарыңызды
əлеуметтік желіні пайдаланушыларға ұсынып, сатып алушы
оқырмандар табуыңызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет