ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ
КОЛЛЕДЖІ» ЖШС
Ашық тәрбие сағаты
АЛМАТЫ- АРМАН ҚАЛА
Алматы, 2016 ж.
«АЛМАТЫ ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ
КОЛЛЕДЖІ» ЖШС
«Келісемін » «БЕКІТЕМІН»
Директордың тәрбие ісі АТЭҚЖК Директоры
жөніндегі орынбасары Бейсеев Н.А. Қасқатаев Ж.А.
«____» _____2016 ж. «_____»______2016ж
Ашық тәрбие сағаты
АЛМАТЫ- АРМАН ҚАЛА
Топ: ОПУ 1-2, 1-4
Топ жетекшісі : Алишева А.С.
Алматы 2016 ж.
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы :
Алматы - арман қала .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Алматы қаласының 1000 жылдық тарихын , оның көне,
ортағасырлық және одан кейінгі даму кезеңдерінің тарихы туралы оқып-
үйрену.
Дамытушылық : Алматы қаласының өткен тарихы туралы жан-жақты жаңа
білім алу.
Тәрбиелік : Патриоттық тәрбие беру, өз Отанынының тарихын
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : плакаттар, Алматы қаласының логотипі, слайдтар,
бейне роликтер, кітап көрмесі.
Әнұран.
1-жүргізушінің сөзі:Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және
студенттер тарихы тереңде жатқан Алматы қаласының 1000 жылдық
мерейлі тойына арналған ОПУ 1-2 , 1-4 топтарының 1000 жылдық тарихы
бар Алматы қаласына арналған «Алматы- арман қала» атты ашық тәрбие
сағатына қош келдіңіздер! Кешімізді ашу үшін сөз топ жетекшісі
Алишева Айгүл Сарсеналықызына беріледі.
Құрметті оқытушылар мен студенттер !
Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған « Алматы-арман қала »-
атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер ! Жасыратыны жоқ кезінде
Алматының тарихы шолақ қайырылып , 1854 жылғы Верный бекінісімен
ғана байланыстырылып келді. Оның тарихы сонау сақтардан ,
ғұндардан,үйсіндерден бастау алғандығын , тарихи археологиялық
зерттеулер дәлелдеп беріп отыр.
2015 жылы 2 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 38-ші
сессиясында Алматы қаласының 1000 жылдығын ресми түрде мерекелеу
туралы шешім қабылдануының өзі біздің Тәуелсіздігіміздің жемісі.
Қаламыздың 1000 жылдығы - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен қатар
келіп отыруының өзі үлкен мәртебе . Себебі Тәуелсіздіктің алтын –діңгегі
болған Алматы қаласы , әрине біз үшін үлкен мақтаныш десек болады.
Атаулы мерекеге байланысты 2016 жылдың 22 қаңтарынан 22 ақпанына
дейінгі аралықтарда конкурс өткізіліп, мерекелік логатип қабылданды.
Алматы қаласының 1000 жылдығына байланысты , көптеген іс-шаралар
өтуде , солардың бірі «Алматының 1000 жылдығына- 1000 қайырымды іс»
деп аталады. Оны жастар ұйымы , кәсіпкерлер және үкіметтік емес
ұйымдар ұйымдастырып , аз қамтылған отбасылар , қариялар мен
мүмкіндігі шектетеулі азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Бізде өз
үлесімізді қосу үшін бүгін « Алматы- арман қала» атты іс-шарамызды
сіздерге тарту етіп отырмыз .
Алматыға байланысты қаншама теңеу сөздер айтылған , «Алматы- ару
қала», «Алматы-әсем қала» . Ал біз тәрбие сағатымызды « Алматы- арман
қала»-деп атауымыздың өзіндік мәні бар. Бұл қалаға қаншама жастар арман
қуып , білім қуып келеді.Осы қаладада жүріп қаншама жастардың өмірлері
тоғысып, шаңырақ құрып жатыр.Сондықтан Алматы –арман қуған
жастардың қаласы деп ойлаймын . Алматы – менің сүйікті қалам.Әдемі
көркімен, жанға жайлы табиғатымен есте қалатын қала. Бала кезімізде
Алматыны біз тек газеттерден , теледидардан ғана көретінбіз. Сол кезде
Алматыға бару арман болатын. Міне, сол арманымыз орындалып Алматы
қаласында студент атанып білім алдым, қазір Алматыдағы техника-
экономикалық қатынас жолдары колледжінде оқытушы болып жұмыс
атқарып жүрмін. Алатау айқара ашылып қарсы алса, Көктөбе жайқала
жадырап құшақ жаяды. Бүгінгі мерекеде Алматы туралы жыр -шумақтар
төгіліп , әсем әндер шырқалмақ. Ендігі сөз кезегі өздеріңіздің
шәкірттерінізде , қабыл
алыңыздыр!
2- жүргізуші:
Әсем қала Алматыны әрбір жан жалғызындай әлпештейді. Сапаралап кетсе,
жан жүрегі елжіреп, сағынып оралады. Алып шаһарды бетке алсаң, аспан мен
тілдескен заңғар шыңдары мен мұндалап, асқар Алатау алдыңнан құшақ жая
қарсы алады. Ауасы кәусәр, суы бал, алуын түрлі емдік шөптер мен қызылды-
жасылды гүлдерге оранған Алатау бөктері адам игілігіне жаралған жерұйық
дерсің. Көк орман сыбдыры, мың сан бұлақ сыңғыры жүректі назды әуенге
бөлейді. Ерке бұлақтар сылдырлай күліп ару Алматыға қарай жарыса ағады.
Таудан ескен салқын самал сарайыңды ашады, жұпар ауамен кеудеңді кере
дем аласың.
1-жүргізуші :Құрметті көрермендер , мен сіздерге азғантай қаламыз туралы
мәлімет бергім келіп отыр. Біздің қаламыз Алматы-Қазақстан
Республикасының Оңүстік –Шығысында, Іле Алатауының баурайында, Үлкен
және Кіші Алматы өзендерінің бойында орналасқан көрікті мекен. Теңіз
деңгейінен 750-880 метр биіктікте орналасқан қала жылдан-жылға қанатын кеңге
жайып, ұлғайып келеді. Осыдан кейін сіздерге Арымбай Мәрленнің
орындауында « Сағындым Алматымды» әнін назарларыңызға
ұсынамыз, қабыл
алыңыздар.
2- жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Алматы қаласының дамуына үнемі көңіл бөліп , қолдау көрсетіп
отырады.Себебі Елбасының өміріде осы қаламен тығыз байланысты.
Сондықтан Елбасы өз сөзінде атап көрсетті:«Жалпақ жұртынды, исі
Алашынды құрметтеу-алдымен өзін тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан,
адамдарды ардақтаудан басталады.Мен Алматыны жер жүзіндегі ең әдемі қала
деп білемін. Оның тамылжыған баулары мен жайнаған бақтарын ,көкке
шаншылған Тянь-Шань шыршаларын және «Көктөбе шамшырағын» және
басқада талай ғажайыптарының ұнатамын дегенім біреуге жаңалық емес.
Алматы -менің балалық шағым өткен қала,оның әрбір көшесі маған жақсы
таныс. Мен Алматының бағымен саябақтарын, субұрқақтарын, сәулеті мен
тауларын бір көріп,ғашық болмаған адамды әлі көрген жоқпын. Менде
Алматыны дүниедегі әсем қала деп санаймын.Оған деген махаббатымды ешкім
жүрегімен сызып тастай алмайды .Бірақ әсемдік –қаланың жалғыз ғана көркі
емес.Алматы Қазақстанның өткен,бүгінгі және болшақ тарихынан мызғымас
орын алады.Алматы-біздің тәуелсіздігімізбен,азаттығымыздың,алтын
бесігі,егемен Қазақстанның алғашы астанасы. Алматы әрқашан Қазақстанның
ғана емес, бүкіл Азияның ең ірі экономикалық, мәдени, қаржылық , іскерлік
орталығы болып қала береді!»1-жүргізуші : Алматы туралы өлең-жыр
жазбаған қазақ ақындары, сазгерлері жоқ шығар. Алматы барлық
ақындарымыздың жырларына арқау болған , алғашқы махаббатқа куә
болған арман- қала, ару - қала. Келесі кезекті ақындарымыздың Алматы
туралы жазған жыр жолдарына береміз.М.Мақатаев « Түнгі Алматы» -
оқитын ОПУ 1-2 тобының оқушысы Абирова Қымбат, Тұманбай Молдағалиев
« Алматы» -оқитын ОПУ 1-4 тобының оқушысы Игынбаева Ақбозым . «Алматыға
арнау»- оқитын ОПУ 1-2 тобының оқушысы Боранов Сұнғат, Марфуға Айтқожина
«Беу,Алматы
–астанам»-
оқитын ОПУ 1-4 тобының оқушысы Мырзажүнайтов
Нұрболат
2- жүргізуші: Ән « Алматының алмасы» орындайтын ПО 1-2 тобының
оқушысы Әлімбекова Гүлбану .
2- жүргізуші: Сан жамырап, жарқырады самалда ,
Кел, қалқатай, Алматыны аралаБақыттылар байқамайды уақытты,
Сағатыңа әлсін-әлсін қарама - дей келе сахна төріне« Ежелгі Алматының»
тарихымен таныстыру үшін АТУ1-1 тобының оқушысы Чилдебаев
Құндызбиге сөз кезегін береміз. Ықылым заманнан қазақ жерін мекендеген
ежелгі тайпалардан қазақ халқы қалыптасты. Алматы қаласы мен қала
халқы маңы археологиялы ескерткіштерге өте бай. Ежелгі қала тарихы осы
өлкені мекен еткен сақ ,ғұн,үйсін ,қаңлы тайпаларының тіршілігімен далалық
өмір салтымен тығыз байланысты. Қала аумағындағы Ботаника бағы мен
«Таулы қыраттағы»қалашықтар,Көктөбе ,Қарғалы қоныстары,Терісбұлақ,
Шаңырақ ,Боралдай қорған обалары ,ғасырлар қойнауынан сыр шертеді. X-
XI ғасырларда іргесі қаланған Алматы тарихынан бұлтартпас дәлелдер
ұсынады.Патшалық Ресейдің ұстанған саясаттың ықпалымен,Алматы тарихы
Верный бекінісі салынғаннан бергі 150 жыл тарихымен ғана шектеліп
,тарихқа қиянат жасалып келеді.
Жері өзен-көлге бай, топырағы құнарлы, шөбі шүйгін Іле Алатауының
баурайы адам баласына тас ғасырынан бері қоныс болған. Ғылыми
айналымдағы деректерге сүйенсек, Алматы қалсы өзінің даму тарихында
бірінші кезеңнен өткен. Алматы аумағындағы қазба жұмыстры б.з.д VIII-I
ғасырлардағы сақ мәдениетінің өте жоғары дамығанынан мол мұрағат береді.
(Сақтар «Алтын адам» туралы айту) .Археологиялық қазба жұмыстары
кезінде табылған бұйымдарға жүргізілген сараптау қорытындыларына және
көне тарихи дереккөздерге сүйене отырып, ғалымдар Алматы қаласының
тарихы X-XI ғасырлардан басталғанның дәлелдеді.
Кейбір жазбалардан Алматылық,Алмату,Алматау араб-парсы деректерінде
де «Алмату»деп аталған. XVI ғасырларда өмір сүрген көрнекті қоғам
қайраткері, тарихшы Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама»атты еңбегінде
Шыңғысхан шапқыншылығына ұшыраған Алматы қаласы туралы жазылған.
Ортағасырларда қираған қала туралы деректер Ш.Уәлиханов жазбаларында
да бар.Ғалым 1856 жылы Ыстықкөлге,1858 жылы Қашқарияға жасаған
сапарында жүргізген күнделігінде археологиялық ескерткіштерге, қорған
обаларға,қала қиындаларына сипаттама береді. Шоқан еңбегінде,сонымен
бірге Қытай,Қоқан дерек көздерінде көне Алматы Гурбан Алмату-«үш
Алматы» деген мағананы білдіреді.Бұл бүгінгі Үлкен Алматы ,Кіші
Алматы,Есентай өзендерінің аумағы . Ал зерттеуші Н.А.Абрамов 1860 жылы
Алматы аумағынан қырыққа жуық қорған көргенін жазады.1979 ж .бұрынғы
шекара училищесінің аумағындағы осы қалашықты қазу кезінде ұстахананың
орны,қыш-құмыраларымен бірге күміс тенгелер табылды.
Алматы IX-XIII ғасырларда Қараханидтер мемлекетіндегі 942-1210ж.ж
әлеуметті ортаазиялық қала болды.Бұл кезеңде Батыс пен Шығысты
жалғастырған Ұлы Жібек жолындағы сауда қатынастары өркендеді.X-XI
ғасырларда Алматы орнындағы шағын қоныстары көлемі ұлғайтып ірі
қалаға айналады.Шығыс пен Батыс жалғастырған ірі әкімшілік,мәдени,сауда
торабында орналасқаны әсер етті.Жібек жолының солтүстік-Шығыс бағыты
Алматы арқылы өтетін еді.Батыс бағыты бойынша Шудан Іле алқабына
қарай бірнеше жол тараған.Қала атауының алмамен байланыстылығы
кездейсоқ емес.Ежелгі Жібек жолымен толасыз көшкен керуендер легін
Алатау бөктеріңдегі сыңсыған жабайы алма ағаш тоғайы, жұпар иісі
шартарапты жаулап алатын жемісі,өлке табиғаты қызықтырмай
қоймайды.Табиғаттың осы ерекшелігі қала атауына негіз болған.Алматы
атауы көне түрікі тілінде «алмалы жер», «алмасы көп өлке» деген мағынасы
білдіреді.10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы
Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер
және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы
жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхем. Бұл дирхемде алғаш рет қала
аты аталынады - Алматы.
Орта ғасырларда
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай
бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар
орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің
қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ
мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғаршапқыншылығының
және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына
бай. Бүкіл Жетісу жері Моғолстан мемлекетінің территориясында болды
Қазақ хандығы
1565-1566 жылдары Жетісу жерінде Қазақ хандығы құрылды. Қазақ
хандығының іргесі қаланған жер Алматы маңындағы Қозыбасы деген тау еді.
Қазір бұл жер - Алматы облысы, Самсы теміржол бекеті.1730 жылы
Алматыдан 70 шаршы км қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында
қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын
кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті. Зерттеуші М.Тынышпаевтың
дерегі бойынша Аңырақай шайқасы туралы дерек Пішпек және Әулиеата
уезінің қазақтарының жадында жақсысақталған.1-жүргізуші : Құрметті
көрермендер осындай маңызды мәліметтен кейін кезекті әсем әнге
береміз.Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.Салайықшы шарықтап.Алматының әніне,Ал ағайын
тұрмайық,Алматыны жырлайық-дей келе,кезекті әсем әнді Арымбай
Мәрленнің орындауында қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші : Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды ,Сондада тастамаймын
астананы – деп жырлаған Қасым Аманжолов ақынымыз . Кезекті тағы да
бірнеше өлең- жырларға береміз.«Алматы»- оқитын ОПУ 1- 1тобының
оқушысы Орынтаева Айгерім ,«Алматыға арнау »- оқитын ОПУ 1- 1тобының
оқушысы Хасенова Алина,
« Көктөбе» өлеңін – оқитын Есбосын Жанар құрметтпен сіздерді ортаға
шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші : Тереңде жатқан қаламыздың тарихына тағыда көз жүгіртейік
XVIII-XX ғасырлардағы қала тарихымен сіздерді АТУ 1-1 тобының
оқушысы Абирова Алтынай таныстырады. Мархабат, сөз кезегін Алтынайға
береміз.Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-
қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-
бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы
қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал
апорт алмасы өседі.
1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей
империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады.1854
жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды.
1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді.
1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Қоныс аударғандардың
көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда
болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды.
1867 жылғы 11 сәуірде Верный бекінісіне қала дәрежесі берілді. Верный
Түркістан генерал- губернаторлығындағы Жетісу облысының әкімшілік
орталығына айналды.
1867 жылы Верныйда ағаштан мыңға жуық ғимрат тұрғызылды. Оның 750-і
тұрғын үй , 100-шақтысы дүкендер , 20-ы арзанқол асханалар болды. Қала
тұрғындарының саны 10 мыңға жетті. 1877 жыл 13 қарашада Верный
қаласының алғашқы басшысы болып П.М. Зенеков сайланды. Қаланың
бас жоспарын жасауға қатысып, оны іске асырумен , Верный қаласын
сәулеттендірумен айналысты.1879 жылы Верный бекінісінде құрылған
экспедицияның маңызы зор болды. Ш.Уәлиханов , П.Семенов-Тянь-
Шаньский, И.Мушкетов , Н.Пржевальский , Н.Северцов экспедициялары
Жетісу табиғатының ерекшелігін , өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
зерттеп, өлке картасын жасады.
Алматы -өз тарихында бірнеше рет өліп-тірілген ,тіріліп ,қайта гүлденеген
қала.
Бірінші жер сілкіну 1869 жылы болды. 1887ж. 28 мамырда Верный
қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат өртте болған жер сілкінісі
бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен қаланған үйлер қирады.1887
ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен
қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.Жер сілкінісі
зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда жасалатын
шаралар жасалды.Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан
немесе саманнан жасалынды.
1898 жылғы 15 қазанда қаланың алғашқы елтаңбасын бекітті. Оның
жобасының авторы қаланың бас сәулеттшісі Поль Гурдэ болды.1910
жылы 22 желтоқсанда тағы бір жойқын жерсілкінісі болды. Осы кезеңдегі
қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар.1917
жылғы көтерілістер қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа
атаулар пайда болды.1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы,
әскери басшы орнынан алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын
Шкапский мен Тынышпаевты тағайындады.1918ж. 2 наурызында қалада
кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы комитет сайланды. Оның
басшысы П.М. Виноградов болды
.2-жүргізуші : Осындай тарихи шолудан кейін кезекті әсем әнге
береміз. «Алатау» сөзі: Нұрсұлтан Әлімқұловтікі, әні : Нұрғиса
Тілендиевтікі орындайтын ОПУ 1- тобының оқушысы Мадетханова
Фариза қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші :
Мұнарланып АлатауҚол бұлғайтын Көктебең, Арман жырым Алматы-ау
Алып-ұшып жеткен ем – деп ақындар жырлағандай кезекті тағыда жыр
шумақтарға береміз. Ақындардың мөлдір жырларынан , үзік моншақтарды
назарларыңызға ұсынамыз. ОПУ 1-2 , 1-4 оқушылары дайындаған жан
тебірентер Алматы туралы әсем жырларды қабыл
алыңыздар!Оқушылардың жыр шумақтарын оқу сәтінен
көрініс.
2-жүргізуші : Вальс билер бәрі де шыршасымен көшенің -деген жыр
жолдарынан үзінді ойыма оралып тұр . Алматы - жастықтың қаласы,
Алматы - махаббат қаласы. Бұл қала арман қала , мәңгі от боп жанған
қала. Ендігі кезекті « Студенттердің қоштасу әніне» береміз .Әні :
Ескендір Хасанғалиевтікі , сөзі : Бәкір Тәжібаевтікі.Құрметпен АТУ 1-2
тобының оқушыларын ортаға шақырамыз, қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші : Алматы қаласының кеңестік дәуірдегі тарихымен сіздерді
АТУ1-1 тобының оқушысы Нусуп Бағландыортаға шақырамыз. Кезекті
шолу жасау Бағлан өзіңде. қабыл
алыңыздар!
1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный
қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-
Ата деп аталынды. 1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі
Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.
1929 жылдан Алматы қаласы Қазақстанның астанасы болды.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен
әуе арқылы байланысқа ие болды.Кішкене қалашықтың астанаға айналуы
көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті. 1929 ж.
күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды
құраған.
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика
институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.1929 жылы Алматы
зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.1930 жылы Алматыда Қазақ
ауыл шаруашылық институты ашылды.1931 жылы Ленинград әскери медицина
академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашыл-
ды.1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды.Кейін по-
литехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын
даярлайтын іргелі оқу орны болды. 1934 жылы Қазақ ұлттық университеті
ашылды.
Алматы астана болған соң 1926 жылы Қызылордада ашылған Қазақ таетры
Алматыға көшірілді.1937-1938 жылдардағы сталиндік сұқия жазалау
шаралары қазақтың ұлт зиялыларының қудалап ату жазасына ұшыратқаны
тарихтан белгілі. Тек Алматы облысының өзінде 2209 адам ату жазасына
кесілді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге
ұшырады. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15
жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу
институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев,
Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды. 1945 жылы 26 қазанда
Алматыда Қазақ КСР Ғылым академиясының ашылуы бүкіл республика
үшін айтулы оқиға болды.Алматы қаласынының гүлденуде үлес қосқан
тұлғалардың бірі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев болды. Өзінің кіндік қаны
тамған мекені – Алматы қаласының көркеюіне айрықша еңбегі сіңді. 60-70
жылдары қаланың Бас жоспары қайта қаралып, көптеген әсем ғимараттар бой
түзеді. «Медеу» мұз айдыны, қазіргі Республика сарайы, Орталық музей,
М.Әуезов атындағы драма театры, Қазақ циркі, 25 қабатты «Қазақстан» қонақ
үйі, жастардың«Неке сарайы», Ұлттық кітапхана, «Арасан» моншасы, бірнеше
жоғарғы оқу орындар,
Аэровокзал, жаңа аэропорт, бірінші және екінші теміржол вокзалдары т. б.
құрылыстар салынып, еліміздің айшықты мәдениет орындарына айналды. Әрине
құрылыс жүргізу қаражат мәселесіне байланысты Мәкеумен, Орталық партия
комитетімен табанды тартыстар жүргізу арқылы қол жеткізді.1960 ж кеңестік
Алматының елтаңбасы жасыл бұтақтармен көмкерілген алма болды.Медеу.
Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км.
қашықтықта орналасқан. 1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін
халықаралық "Азия даусы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне
айналдырылды.
2-жүргізуші : Осындай тарихи шолудан кейін кезекті әсем әнге
береміз . « Алматы түні» - әнімен ПО 1-1 тобының оқушысы Жансейтова
Айтолқын ортаға шақырамыз , қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші : Кезекті жыр шумақтарына береміз. Ортаға ОПУ 1-2
тобының оқушысы Мадетханова Фаризаны шақырамыз.
2-жүргізуші : Алматым – алтын дән қала,Өзіңді білер бар ғаламСенсің ғой
жүрген көтеріп,Қазақтың даңқын шығарған нар қалам- Алматы !
Тәуелсіздіктің бастауы, алтын қазағы болған қала. Тәуелсіз
Қазақстанның тарихы алғаш жазылған қала . Алматының Тәуелсіздік
кезеңіндегі тарихымен сіздерді АТУ 1-1 тобының оқушысы Чилдебаев
Құндызби таныстырады ,назар аударыңыздар!
1986 жылғы 17- 18 желтоқсанда жүректерінде оты лапылдаған қазақ
жастары КСРО-ның тоталитарлық үстемдігіне қарсы бас көтерді.
Айбынданған Алматыда қазақтың ұлттық намысы шар болаттай қайта
жаңғырды. Алматы Қазақ мемлекеттінің Тәуелсіздігіне жол ашты.
Елбасы Алматыны « Тәуелсіздіктің алтын бесігі» деп атады.
Алматы тарихы – Қазақ мемлекетінің тарихы. Көрікті мекен 68 жыл Қазақ
елінің астанасы болып , ел мерейін асқақтаты . Мемлекеттің қастерлі
рәміздері- Ту, Елтаңба, әнұранымыз халық жүрегіне Алматыдан жол
тартты. Азаттықтың алтын қазығы – Ата заңымыз Алматыда дүниеге
келді.1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүшеліке қабылданды.1993 жылғы шешім бойынша қала атауы
«Алма-Атадан»«Алматыға» ауыстырылды. 1993 жылы шілдеде Алматының
жаңа елтаңбасы жасалды.1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі,
Әл- Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен
М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды. Республика алаңында
асқақтаған « Тәуелсіздік» монументі 1996 жылғы 16 желтоқсанда
Тәуелсіздіктің 5 жылдығына арналып ашылды. Авторлық ұжымның
жетекшісі –Шотаман Уәлиханов болды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.1998 жылдың 1
шілдесінде «Алматы қаласының ерекше мәртебесі» туралы жаңа заң
қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық
және өндірістік орталық болады.
1999 ж. Алматы орталық мешіті ашылды. Бұл мешіт порталды-күмбезді әрі
мұнаралы құрылыс үлгісіне жатады
2002 ж.Алматы қаласының бас жобасы жасалды.Жоба бойынша қала дүние
жүзіне танымал қаржы,мәдениет,білім және туристік орталық болуы керек.
Жеке ғимараттар салудан әдемі де ыңғайлы тұрғын үй кешендеріне көшу
жоспарланды.2003ж.ақпанда Алматыда әлемдік деңгейдегі маңызды
оқиғалардың бірі-брінші Бейбітшілік және келісім жөніндегі халықаралық
конференция өтті.Ол Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтің ұсынысымен
шақырылды.Оған Қырғыстан,Тәжікстан
президенттері,Түркия,Әзербайжан,Ауғанстанның жоғарғы лауазымды
өкілдері, дипломаттар,діни ұйым басшылары,көрнекті саяси қайраткерлер
қатысты.2006ж. Қазақстандағы тұңғыш сауда-көңіл көтеруорталығы «Mega-
Almaty»ашылды.Ауданы 80000 шаршы метр кешеніне
гипермаркет,бутик,мейрамхана және кафелер желісі кіреді.Оның құрамында
мұз айдыны және боулинг те бар.2006ж. 5маусымда «Алматы қаласы өлкелік
қаржы орталығы туралы» Заң қабылданды.Заң қаланың қаланың қаржы
орталығы құқықтық негіздерін анықтады.Ондай Орталық құрудың мақсаты-
еліміздегі құнды қағаздар нарғын ықпалдасуын қамтамасыз ету,Қазақстан
экономикасына инвестиция тарту,капиталды шет ел құнды қағаздар
нарығына шығару.Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай, 2006
жылы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында « Азаттық таңы»
монументі бой көтерді.2007 жылы 10 жаңа транспорттық көлік түйіні
салынды, сол сияқты Шығыс Айналма Автокөлік Жолы салына бастады.
2008 жылы тағы да 3 түйін жол салынды және 2007 жылы басталған екі
жолдың құрылысы аяқталды.Қазіргі таңда 28 көлік түйіні бар.
2010 жылы Әл-Фараби және Мұхаммед Хайдар Дулати даңғылдарының
қиылысында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті саябағы
ашылды. Тамаша демалыс орнының аумағы 73 гектарды құрайды.VII
Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30-қаңтар мен 7-ақпан
арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы
алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты,
жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілді және 59-дан астам медаль жиынтығы
ойнатылды.
2011 ж. 1желтоқсанда Алматы метрополитені— Алматы қаласында салынып
жатқан метрополитен жүйесінің алғашқы бөлігі ашылды. Қазіргі уақытта
күн сайын орта есеппен 3 мың адам метро қызметін пайдаланады.
Қосылған метроның алғашқы желісінің ұзындығы-8,56 шақырым.
Алғашқы желі бойында «Райымбек» , « Жібек жолы» , «Алмалы» « Абай» ,
« Байқоңыр» , « М.Әуезов театры» , « Алатау» атты 7 бекет орналасқан.
«Алатау» бекетінен « Қалқаман-3» шағын ауданына дейінгі 8,62
шақырымдық желіде «Сайран» , « Мәскеу» , « Сарыарқа» , « Достық», «
Қалқаман» атты 5 бекет болады. Алматы метрополитнін Қазақ елінің
арғы-бергі тарихынан сыр шертетін кескіндемелер кешені деуге болады.
Ұлттық нақышта безендірілген бекеттердің атауына сәулеті
сай.2013ж.Алматыда «Mega-2» жаңа сауда және ойын-сауық орталығы
ашылды. «Mega-2» - үш деңгейлі орталық, оның жалпы шаршы алаңы - 7 800
кв.м. Мұнда 1000 орынды амфитеатр бар.
2014 ж. Алматыда жаңа «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығы ашылды
2015 жыл 5 қарашада Алматы қаласының әкімінің бастауымен Алматы
қаласының экономикалық – әлеуметтік дамуының « Алматы-2020» атты
стратегиялық бағдарламасының жобасы жарияланды.ІІІ. Қорытындылау
1-жүргізуші : Алматы-парасат-пайым салтанат құрған шаһар .
Мейрімділікке ізгілікке , достыққа ,байыптылыққа өзге ұлт өкілдерімен тату-
тәті өмір сүруге баулыйды. Алматы адам жанын елжіреген сүйіспеншілікке
перзенттік іңкәрлікке ,адамзатқа деген махаббатқа толтырады.Жүрекке нұр
құяды,жыр сыйлайды,көңілге көркем ой тудырады Алматы.Табиғат
әсемдігін аялаған Алматы, көрген жан көзін қиып кете алмаған Алматы!
Гүлдене бер, көркейе бер, қазағымның мақтанышы, мәртебесі Алматы!
2-жүргізуші: Міне ашық тәрбие сағатымыз соңына таяп қалды. Ашық тәрбие
сағатымызды «Жаса ,Қазақстан » әнімен қортындылаймыз, орындайтын ПО
1-1 тобының оқушысы Жансейтова Айтолқын. Көңіл бөліп
тыңданыздарыңызға рахмет! Қортынды сөз Қазақ қатынас жолдары
университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Қашабаева Роза
Ахметқазиевнаға беріледі.
Ашық сабақтан көріністер.
Достарыңызбен бөлісу: |