Б. Б. Мамраев- филология ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата12.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8960
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

Литература
1.  Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользования. М.: Недра, 2003.-284 с. 
2.  Каргажанов  З.К.,  Баймырзаев  К.М.  Экономический  механизм  природопользования.  -Алматы: 
Рылым, 2000. - 276 с. 
3.  Тонкопий М.С. Экономика природопользования: учебное пособие. -Алматы: Экономика, 2005. - 
476 с. 
 
Түйіндеме 
Бұл  мақалада  мұнайлы-газды  қорлардың  игерудi  ынталандырудың  экономикалық  жүйесiн 
құрастыруы  сипатталған,  табиғатты  пайдаланумен  басқару  өндiрiстi  басқарудың  барлық  жүйесімен 
тiкелей байланасы  айқындалған. 
Summary 
In  given  article  are  described  formation  of  system  of  provision  of  economic  incentives  of 
development  of  oil  and  gas  resources,  it  is  specified  that  management  of  wildlife  management  is  directly 
connected with all control system of manufacture. 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ 
 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН   КЕШЕНДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Н.Т.Иманғалиева
,  пс.ғ.к., Х.Досмұхамедов  атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
М.С. Жанғозиева, 
Х.Досмұхамедов  атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
                                                
Бүгiнгi таңда қоғамның дамуына ондағы болып жатқан үлкен өзгерiстерге байланысты бiлiм беру 
жүйесiнің  алдында  жаңа  талаптарға  сай  дайын  бiлiмдi,  дағдыларды  қайталайтын  емес,  өзiнiң 
сонылығымен,  бiртумалығымен  ерекшеленетiн  жаңа  идеялар  иесiн,  ашқан  жаңалықтарын,  алған 
бiлiмдерiн  өмiрлiк  жағдаяттарға  сай  қолдана  алатын,  ойлаудың  сындарлық  қабiлетi  дамыған  жеке 
тұлға қалыптастыру тұр. Адам бойындағы қасиеттерде психологтар - сезім, сана, сенім, қайрат, мінез - 
кұлық  дағдысы  деп  бөлген.  Жеке  адамның  қалыптасу  өрдісінде  адамгершілік  сезімдер  ерекше  орын 
алады.    Ғалым  С.  Қалиев  «Адамгершілік  қасиеттерді  бала  бойына  кішкентайынан  дарытуда  оларды 
ізгілікке, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиелеуде ертегі, мақал – мәтелдер, аңыз - әңгіме, жұмбақ, 
жаңылтпаштардың тәлімдік мәні аса зор. Ауыз әдебиетінің асыл үлгілерімен әлдилеп, аялап өсіріп, ел 
қорғайтын азамат етіп шыңдап шығаруда ұлттық мәдениетті тәрбиенің асыл арқауы ету бүгінгі күннің 
басты міндеті» дейді . 
Шығармашылық  тұлға  негiзгi  бастауыш  сыныпта  қаланатыны  анық.  Осы  жастағы  балалар 
бойында  шығармашылық  қабiлетінің  бастаулары  жатыр.  Тек  өмiр  тәжiриебесiнің,  дара  дүние-таным, 
дара  эстетикалық  көзқарастың    жетіспеуінен  олардың  бойларындағы  шығармашылық  қабiлетті  ашып 
көрсете алмайды.  
"Бұлақ көрсең, көзiн аш" деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмiрге келгенге дейiн 
ұстаз  шәкiрттiң  өнеге  тұтар  ақылшысы,  пiкiрлес  досы,  бапкерi  болуға  тиiс.  Оқушы  шығармашылығы 
үнемi  ұстаз,  сынып  ұжымы,  ата-аналар  тарапынан  қолдау  тауып  отыруы  керек.  Шығармашылықтың 
түрлерi  көп.  Сөз  өнерiнінің  биiк  шыңы-    шығармашылық.  Бұл  ретте  ұлы  ұстаз  А.Байтұрсыновтың  сөз 
өнерi  уралы  мына  пiкiрi  соншалықты  бағалы."Сөз  өнерi  —  адам  санасының  үш  негiзiне  сүйенедi.  1. 
Ақылға. 2. Қиялға. 3. Көңiлге". Ақыл iсi 
— аңдау, яғни нәрселердiң  жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау. 
Қиял iсi
 — меңзеу,  яғни ойдағы бар нәрселердi белгiлi нәрселердiң тұрпатына, бейнесiне ұқсату, бейнелеп 
суреттеп  ойлау.  Көңіл   iсi
  — түю, талдау. Яғни,  ұлы  сыншының    айтуынша,  балаға  шығармашылықты 
меңгерту үшін осы үш iстi бiрлiкте қарастыруымыз керек. Жан-жақты талант иесi М.Жұмабаев "Педагогика" 
еңбегiнде бастауыш мектепте шығармашылық өнерді  қалыптастырудың  кейбiр  әдiстерiн  көрсеткен. Ұлы 
ағартушылар  ұсынып  отырған  оқушының    шығармашылық  әрекетін  дамытудың    барлық    кезеңiнде,    яғни 
оқушы оқиға, сюжет, образ, проблемаға  шешiм таба алмай қиналғанда,  мұғалiмнiң  меңзеу әдiсi көмекке 
келуi керек.  
 
 
 
 

81 
 
                     Енді шығармашылықты оятудың кезеңдеріне тоқталатын болсақ (сурет1). 
Алғашқы кезеңде 
  
 
            Жаңалықты сезіну                Қайшылықтарға           Шығармашылық елес 
                                                        деген күдік                     орын алады 
                                                                    
                                                      Белгісіздік кезеңінде 
 
    
 
       Табандылық                               танымдық белсенділік                             Эрудицияның                           
                                                                                                                     қалыптасуы  
                                                                    Қорытынды кезеңінде  
  
  
 
 
             Жоғары көңіл-күй                           Жаңа істерге                             Еңбек нәтижесін  
                                                                 жігерлендіру                                  көру 
                 
 
Сурет 1. Шығармашылықты  ояту  кезеңдері 
 
       Бүгінгі  таңда  бастауыш  сыныптарда  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастыруда 
оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары кеңінен орын алуда. Оларды пайдаланудың мақсаты – 
оқушылардың  жеке  басын  дамытуға  бағытталған  білім  мазмұнын  тұлғалық-бағыттаушылық 
материалдарымен  толықтырылып,  олардың  қажеттілігін  өтейтін,  танымдық  қызығушылығын 
арттыратын,  білімді  меңгеруде  өздігінен  белсенділік  танытуға  ынталандыратын,  нәтижелі-
шығармашылық іс-әрекетке түсуге жұмылдыратын, өздігінше қорытынды жасай білуге қабілетті тұлға 
қалыптастыру. 
Педагогикалық  технология  өзінің  айқын  түсініктілігімен,  мұғалім  меңгеруіне  жеңілділігімен, 
оқыту  процесінде  қолдану  тиімділігімен  және  әмбебаптылығымен  ерекшеленеді.  Сонымен, 
педагогикалық  технология  оқытудың  тиімді  жолдарын  зерттейді,  оқыту  процесінде  қолданылатын 
әдістер, тәсілдер мен қағидалар болып табылады. 
Педагогикалық технологияны іске асыру барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру 
қажет деп санаймыз: 
– мұғалімнің педагогикалық кәсіби іс-әрекетіне деген сенімділігі, шығармашылық шеберлігі; 
– оқушылардың тұлғалық-бағдарлы дамуының ескерілуі; 
–  оқу  процесінің  кез-келген  кезеңіндегі  оқушы  дайындығының  іске  асырылуы  мен  кепілдігінің 
міндеттілігі; 
– оқыту технологиясында пайдаланылатын педагогикалық ақпараттың міндеттілігі; 
– оқушылардың білімді меңгерудегі танымдық қызығушылығы мен қажеттілігінің ескерілуі; 
– оқушыларды өздіктерінен қорытынды жасауға, белсенді іс-әрекетке қалыптастыру; 
– оқу процесін жобалағанда іс-әрекеттің, оқу материалы мен оқыту материалының дәлелдігінің 
бірлігі; 
– оқыту процесінің жобалау технологиясы негізінде іске асырылуы; 
– оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды қалыптастыру; 
– шығармашылық іс-әрекетті нәтижеге жеткізу. 
Жалпы  орта  мектептің  бастауыш  сатысында  білім  беру  технологияларының  бірнеше  түрлері 
қолданылады.  Атап  айтсақ:  құрылымдық  логикалық  технологиялар  білім  беру  жүйесін  кезеңмен 
қалыптастыру,  әр  кезеңнің  нәтижесін  диагностикаларды  ескере,  дидактикалық  міндеттерді  тиісті 
мазмұны, форма, әдістер мен құралдарды таңдау негізінде шешу. Зерттеу тақырыбымызға байланысты 
бастауыш сыныптарда пайдаланған технологияларға тоқталатын болсақ, олар төмендегідей: 
Кіріктіру  технологиялары  –  әр  түрлі  пәндердегі  білім  мен  біліктерді,  әр  түрлі  әрекеттерді  оқу 
тақырыптары, оқу проблемалары деңгейінде кіріктіруге мүмкіндік беретін дидактикалық жүйе. Оқыту 
процесінде  кіріктіру  ұғымын  екі  мағынада  қарастыруға  болады.  Бірінші  оқушыда  қоршаған  дүние 
жөнінде  тұтас  түсінік  қалыптастыру.  Мұндай  кіріктірудің  нәтижесінде  бала  ерте  жастан  қоршаған 
дүниенің  барлық  элементтері  бірімен  бірі  өзара  байланыста,  тұтастықта  деп  түсінеді.  Екінші  пәндік 

82 
 
білімдерді жақындастырудың  жалпы  негізін  табу.  Дәстүрлі  пәндерді  кіріктіруде  бала  қоршаған  дүние 
туралы жаңа мағлұматтар алады, оны толықтырып, кеңейтеді. 
Ойын  арқылы  оқыту  технологиясы  –  балама  нұсқаларды  таңдап  алу  негізінде  қойылған 
міндеттерді  шешу  біліктерін  қалыптастыратын  әр  түрлі  ойындарды  қолданудың  жүйесі:  жобалау 
ойындары, жеке тренинг, практикалық тапсырмаларды (есептерді) шешу, т.б. 
Тренингтік  технологиялар  –  типтік  есептерді  (тапсырмаларды)  шешу  алгоритмдерін  оқу 
барысындағы білім алушылардың әрекеттерінің жүйесі. 
Дамыта  оқытудың  бір  жолы  – 
деңгейлеп  оқыту  технологиясы.  Деңгейлеп  оқыту-оқылатын 
ақпараттың азаюы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. 
Деңгейлеп оқыту технологиясының басты идеялары: 
–  деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  барынша  пайдаланып,  білім  алуына  жағдай 
жасау; 
–  деңгейлеп  оқыту  әр  түрлі  категориядағы  балаларға  бірдей  көңіл  аударып,  олармен  саралай 
жұмыс істеуге мүмкіндік береді; 
–  деңгейлеп  оқыту  оқытушының  жеке  тәжірибесіне  негізделеді.  Сондықтан  да  деңгейлеп 
оқытуда  оқушының  жеке  тұлға  ерекшелігіне,  психикалық  даму  ерекшелігіне,  пән  бойынша  білімді 
игеру деңгейіне, оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аудару керек; 
–  деңгейлеп-саралап  оқытуда  білімді  игерудің  негізгі  төрт  деңгейі  (міндетті,  алгоритмдік, 
эвристикалық, шығармашылық) қарастырылады. 
Осындай  іс-әрекет  деңгейлері  арқылы  оқушылар  оқу  материалын  әр  түрлі  деңгейде 
қабылдайды.  Зерттеуші,  ғалым  В.П.Беспалько  ұсынған  бұл  деңгейлер  бүгінгі  тәжірибеде  қолданыс 
табуда.  Оған  дәлел  бүгінде  ана  тілі  оқулығында  берілген  білім  мазмұнын  оқушылардың  танымдық 
қызығушылығын  ояту,  мағынаны  тану,  шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастыруды  көздей  отырып, 
тапсырмаларды төрт деңгейге бөлініп берілуі. 
Міндетті  деңгейдегі  тапсырманы  әрбір  оқушы  меңгеруі  тиіс.  Бұл  деңгей  оқушыға  өзінің 
қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді. 
Мүмкін деңгейдегі тапсырманы пәнге деген қызығушылығы жоғары, белсенді, өздігінен ізденуге 
қабілетті, шығармашылық тапсырмаларды ерекше ынтамен орындайтын, оның  нәтижесіне қуанатын, 
оны жолдастарымен бөлісе алатын, уақыты мен күшін тиімді пайдалана білетін оқушы меңгереді. 
Дамыта  оқытудың  негізгі  бағыттарының  бірі  –  жобалап  оқыту  технологиясы.  Жобалап  оқыту 
технологиясының  негізін  салған  американдық  ғалымдар  Дьюи,  Лай,  Трондайк.  Олар  жобалап  оқыту 
технологиясының төмендегідей негізгі идеяларын ұсынған: 
 – бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды; 
 – балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену; 
  – іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды; 
–  шынайы  оқыту  ешқашанда  біржақты  болмайды,  қосымша  берілетін  мәліметтердің  де 
маңыздылығына байланысты болады. 
Бастауыш  сыныптарда  қолданылатын  педагогикалық  технологияның  бір  түрі  оқу  мен  жазуды 
сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін қалыптастыру алға 
қойылады.  Ол  үшін  бала  өзінің  бұған  дейінгі  білетін  амалдары  мен  тәсілдің  жаңа  мәселені  шешуге 
жеткіліксіз  екенін  түсінетіндей  жағдайға  түсу  керек.  Содан  барып  оның  білім  алуға  ынта-ықыласы 
артып,  әрекеттенеді.  Оқушының іс-әрекеті  сабақ  үстінде  көрінеді.  Сабақты  дұрыс  қалыптастыру  үшін 
оның негізгі бөліктеріне баса назар аудару қажет. Дамыта оқыту тұрғысынан алғанда сабақ 3 құрамдас 
бөліктен тұрады: 
1) оқу мақсаттарының қойылуы; 
   2) оны шешудің жолын бірлесе қарастыру; 
   3) шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. 
Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге 
асады. Ал мұғалім тек қалыптастырушы, бағыттаушы. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын 
өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптары 
тыңдалады. Әрине, жауап үнемі дұрыс бола бермейді. 
       Бастауыш  мектептегі  ұйымдастырылатын  ойындар  –  жеке  тұлғаға  бағытталған  оқытудың  негізін 
қалайды. Ойын баланың нақты (немесе қиялдағы) жағдайға еркін ену түрі. Ойынға қатысушылар ойын 
барысында  жеке  “менін”  жүзеге  асырып,  өз  шығармашылығы  мен  белсенділігіне,  өз  мүмкіндіктеріне 
көз  жеткізеді.  Ойынға  қатысушылардың  әрқайсысы  өзі  қалаған  рөлін  таңдайды,  оның  танымдық 
әрекеті  өзіне  мағыналы  әрекеттер  құрылымында  жүзеге  асырылады.  Ойын  балалардың  білім  алуға 
деген  қызығушылығын  арттырып,  шығармашылық  қабілеттері  ашылады.  Ойын  дегеніміз  –  бұл 
ынталылық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын. 

83 
 
Сонымен  қатар  біз  қазіргі  мектеп  тәжірибесіне  енген  демалыс  кештері,  көңілділер  мен 
тапқырлар  клубы,  дөңгелек  үстел,  пікірталас,  “жігіт  сұлтаны”,  “Ал,  қане,  қыздар”,  “дебат”  сияқты 
көптеген  тәрбие  жұмыстарының  формаларының  оқушыларды  шығармашылыққа  баулуда  ролдері  зор 
екенін  байқадық.  Өйткені,  тәрбие  жұмысындағы  әрекеттер  баланың  сабақта  ашылмайтын  дара 
қабілетін ашуға ықпал етеді. Баланың әлеуметтік тәжірибесін жандандыруда және жетілдіруде адамзат 
құндылықтарына  негізделген  білімдеріне  сүйеніп,  сыныптан  тыс  әр  түрлі  тәрбие  жұмысының 
түрлерімен  айналысуға  іскерлігі  мен  біліктілігін  қалыптастыруға  мүмкіндік  туады.  Тәрбие  жұмысында 
оқушылардың сыныптан тыс әрекеттерін өздеріне қатысты түрлеріне қызығушылығының артуына, оны 
орындауда  белсенділік  көрсетуге  тәрбиелейді.  Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысында  бала  оқушылар 
ұжымымен  өмір  сүруге,  яғни  ұжымдық  іс-әрекетті  орындауды  үйренеді.  Бастауыш  сыныптарда 
ұйымдастырылатын  тәрбие  процесінің  бір  түрі  –  конкурстар.  Конкурстарда  оқушылардың  ой-өрісін, 
тапқырлығын,  шеберлігін,  қабілетін  жетілдіру,  яғни  шығармашылыққа  баулудың  негізі  қаланады. 
Оқушылардың  конкурсқа  қатысуы  үлкен  жауапкершілікті  сезінуге,  бастаған  істі  аяқтап  шығуға, 
ұжымдық  шығармашылық  әрекетті  түсіне  білуге,  жақсы  мінез-құлықтың  қалыптасуына  ықпал  етеді. 
Көпшілік,  ұжымдық,  топтық,  жұптық  жеке  дара  жұмыстарда  оқушылар  жолдастарының  іс-әрекетіне 
баға  беріп,  өзіндік  көзқарасын  пікірін  ашық  айтуға,  өзінің  іс-әрекетіне  сын  көзбен  қарауға,  нәтижелі 
шығармашылық  іс-әрекетке  түсе  білуге  үйренді.  Сондықтан  да  оқушыларды  шығармашылыққа  баулу 
мақсатын    көздейтін,  тұлғалық-бағдарлы  әрекетке  негізделген,  дәстүрлі  емес  тәрбие  жұмыстарының 
орны ерекше. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі: 
1.  Кішібаева  Д.Ж.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  іс-әрекетін  пәнаралық  байланыс 
негізінде қалыптастыру. Шымкент, 2006, 159 б. 
2. Әбдібекқызы К.  Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы, Рауан, 1994, 79 б. 
3. Б.Бабатай.     Мәтін бойынша ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстар // Бастауыш мектеп, 
Алматы, 2004, № 4.43 б. 
4.  А.Амирова.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастырудың  
теориясы  және  практикасы.  Педагогика  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған авторефераты. Алматы, 2009.-Б. 40. 
5.  .Б.А.Тұрғынбаева.  Мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  білікті  арттыру  жағдайында  дамыту: 
теория және тәжірибе. Алматы, 2005.- Б.207.  
                                                
Резюме 
Статья  посвящена  проблеме  привлечения  учеников    начальных    классов  к    творчеству,  где  
раскрываются   особенности  и  пути  организации  данной  деятельности.   
 
 
ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ КОММУНИКАТИВНОЙ КОМПЕТЕНЦИИ  У ШКОЛЬНИКОВ 
НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ 
 
Б.Б.Сары, 
Актюбинский государственный педагогический  институт 
  
Одной из важнейших проблем, стоящих в настоящее время перед обществом, это определение 
путей формирования коммуникативных компетенций в начальных классах.  
Обмен мнениями между членами общества осуществляется через речь. То есть, человек свои 
мысли  передает  посредством  письменных  или  устных  языковых  коммуникаций.  И  слушатель  также 
получает мысли говорящего через речевые контакты [1,49]. 
Итак,  язык  –  средство  выражения  мысли,  он  служит  для  того,  чтобы  мысль  стала  понятной 
адресату. Эта роль языка впервые была отмечена В.фон Гумбольдтом. Он говорил: «Язык есть орган, 
образующий  мысль.  Интеллектуальная  деятельность,  совершенно  духовная,  глубоко  внутренняя  и 
проходящая в известном смысле бесследно, посредством звука материализуется в речи и становится 
доступной для чувственного восприятия. Интеллектуальная деятельность и язык представляют собой, 
поэтому  единое  целое.  В  силу  необходимости  мышление  всегда  связано  со  звуками  языка;  иначе 
мысль не сможет достичь отчетливости и ясности, представление не сможет стать понятием» [2,75]. 
 В  культурно–исторической  теории  язык  рассматривается  как  средство  общения  между 
людьми, а  речь –  как  способ  мыслительной  деятельности  субъекта.  В  практике школьного обучения 
понятие  «язык»  определяется  как  система  норм  и  правил,  отражающих  общие  и  частные  законы 
языка,  что  также  созвучно  понятию  «научная  компетенция  о  языке»,  а  понятие  «речь» 
характеризуется,  как  индивидуальное  умение  субъекта  расширять  собственный  лексический  запас  и 
строить коммуникативные взаимодействия с другими людьми с позиции логичности, выразительности, 

84 
 
точности, богатства, то есть собственных речевых возможностей. Другими словами, язык становится 
средством  постижения  научных  знаний  и  определяется  как  система  самой  науки  о  языке,  а  речь 
выступает  как  способ  мыслительной  деятельности  субъекта  и  способ  передачи  им  своих  мыслей 
другим людям в форме слов и выражений.  
Впервые  термин  «коммуникативная  компетентность»  был  употреблен  американским 
лингвистом  Д.Хаймсом.  В  научной  литературе  наметились  различные  подходы  к  определению 
сущностной  характеристики  данного  понятия:  внутренняя  готовность  и  способность  к  речевому 
общению  (А.Холлидей);  коммуникативная  гибкость  (О.И.Муравьева);  система  внутренних  ресурсов, 
необходимых  для  построения  эффективного  коммуникативного  действия  в  определенном  кругу 
ситуаций  межличностного  взаимодействия  (Л.А.Петровская);  способность  устанавливать  и 
поддерживать  необходимые  контакты  с  другими  людьми  (Л.Д.Столяренко);  ориентированность  в 
различных ситуациях общения (Г.С.Трофимова); личностная характеристика, проявляющая в общении 
и  включающая  совокупность  знаний,  умений  и  навыков,  обеспечивающих  успешное  протекание 
коммуникативных  процессов  у  человека  (Ю.М.Жуков);  комплекс  знаний,  языковых  и  неязыковых 
умений и навыков общения, приобретаемых человеком в ходе естественной социализации, обучения и 
воспитания  (Н.В.Кузьмина)  и  др.  Таким  образом,  можно  говорить,  что  рассматриваемая  нами 
проблема  развития  коммуникативной  компетентности  тесно  связана  с  проблемами  развития  речи
языка, общения [2,84]. 
В  рамках  компетентностного  подхода  в  образовании  как  один  из  важнейших  показателей 
готовности  к  школьному  обучению  будем  рассматривать  определенный  уровень  развития 
коммуникативной 
компетентности 
школьников. 
Изучение 
особенностей 
коммуникативной 
компетентности,  ее  развития  у  детей  с  задержкой  психического  развития,  определение  подходов, 
содержания  и  методов  работы  с  ними  приобретает  особую  актуальность  в  дошкольном  возрасте,  то 
есть в период наиболее сензитивный для овладения речью.  
Данные  современных  психолингвистических,  психологических  и  педагогических  исследований 
требуют  построение  системы  развития  коммуникативной  компетентности  с  учетом  двух 
психологических  принципов:  принципа  развития  и  принципа  деятельности,  которые  занимают 
ведущее место в специальной педагогике при разработке содержания и методов обучения речи детей 
школьного возраста. 
Согласно  принципу  развития  все  психические  процессы,  в  том  числе  и  речь,  имеют 
определенные  качественные  стадии  в  своем  развитии.  Школьный  возраст  является  периодом  для 
развития  речи,  когда  ребенок  оказывается  наиболее  чувствительным к  речи,  овладевает  основными 
средствами  языка,  на  котором  осуществляется  общение.  В  этот  период  закладываются  основы 
речевого поведения, формируется особое языковое чувство.  
В рамках деятельностного подхода все более широкое признание получает рассмотрение речи 
как  деятельности,  во  взаимосвязи  ее  компонентов:  цели,  мотивы,  речевые  действия  и  средства. 
Одной  из  особенностей  речевой  деятельности,  свойственной  детям  дошкольного  возраста,  является 
слияние  целей  и  мотивов  речевого  общения,  а  так  же  перемещение  речевого  мотива  в  какую  либо 
другую  деятельность,  например,  в  игровую.  Использование  разнообразных  видов  деятельности 
формирует у ребенка потребность в овладении речевыми средствами  
В  развитии  речи  выделяются  две  основные  формы  обучения:  свободное  речевое  общение  и 
специальные  занятия  по  развитию  речи.  Для  эффективного  решения  задачи  развития 
коммуникативной  компетентности  у  школьников  начальных  классов  особую  значимость  приобретает 
свободное  речевое  общение:  в  быту  (утренний,  вечерний  туалет,  прием  пищи),  во  время  прогулок, 
игр (сюжетно-ролевых, дидактических, игр-драматизаций), в труде (самообслуживание, ручной труд, 
хозяйственно-бытовой труд, труд в природе), в ходе праздников, развлечений, в процессе неречевых  
и  речевых  специальных  занятий  (счет,  рисование,  лепка,  конструирование,    предметы  начального 
образования, музыкальные занятия, физкультура).   
Следует  отметить  важнейшие  требования,  предъявляемые  к  речевым  упражнениям: 
последовательность,  систематичность,  доступность,  перспективность,  взаимосвязь  разнообразных 
упражнений,  умение  подчинять  их  единой  цели.  Важно  предусмотреть  определённую,  конкретную 
цель  каждого речевого  упражнения.  
Формирование коммуникативной компетенции  - это обучение на основе общения. Жизнь  – это 
общение.  А.  Сент  –  Экзюпери  говорил,  что  «самая  большая  на  Земле  роскошь  –  это  роскошь 
человеческого общения».  
Человек  всю  жизнь  совершенствует  свою  речь,  овладевает  богатствами  языка.  Каждый 
возрастной  этап  вносит  что  –  то  новое  в  его  речевое  развитие.  Наиболее  важные  ступени  в 
овладении  речью  приходятся  на  детский  возраст.  Речь  человека  является  своеобразным  зеркалом 
культуры и образованности. По речи можно сразу определить уровень мышления говорящего, а также 
его уровень развития. Развивая речь ребёнка, мы развиваем и его интеллект. Только через развитие 

85 
 
речи возможно становление и совершенствование мышления, воображения. Речь помогает ребёнку не 
только  общаться,  но  и  познавать  мир.  Для  ребёнка  грамотная  речь  –  залог  успешного  обучения  и 
развития. 
Свободное 
владение 
речью 
способствует 
полноценному 
общению, 
созданию 
коммуникативного комфорта человека в обществе  [3,149]. 
Итак,  формирование  у  школьников  начальных  классов    коммуникативной  компетенции  – 
необходимость  озодаченная  велением  нынешнего  времени,  времени  повсеместной  информатизации 
общества  в  условиях  мировой  глоболизации.  Смысл  обновления  образовательных  процессов  на 
основе  компетентьностного  подхода  позволяет  определить  некоторые  приоритетные  направления  в 
системе обучения в начальных классах.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет