БҚму хабаршы №4-2016ж



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45

Literature: 
1. Kudriavtseva  L.А.  Modeling  of  language  vocabulary.  –  Кiev:  DPC  “Kievski 
Universitet”, 2004. – 208 p. 
2. Zemskaia  E. А.,  Kitaigorodskaia  М.V.,  Shiriaev  Е.N. Russian  conversational 
speech. – М.: “Nauka”, 1981. – 276 p. 
3. Nemchenko  V.N.  Modern  Russian  language.  Lexical  morphology:  text  book  (for 
philologists of specialized universities). – М.: “Vysshaia shkola”, 1984. – 256 p. 
4. Isachenko  А.V.  On  the  problem  of  structural  typology  of  vocabulary  of  literary 
Slavonic languages // Slavia. – 1958. – Roč. 27. – Seš. 3. – P. 334 – 352. 
5. Terkulov  V. I.  Revisiting  basic  linguistic  unit.  //  Messenger  of  Lugansk  National 
Pedagogical  University  named  after  Т.H. Shevchenko:  “Filologichni  nauky”:  collection  of 
scientific papers. – Lugansk: “Alma Mater”, 2006. – #11 (106). – P. 127–137. 
6. Selivanova О.О. Linguistic encyclopedia. – Poltava: Dovkillia-К”, 2010. – 844 p. 
7. Terkulov  V.I., Bliumina  О.V. Foundations of onomasiologic  classification of both 
Russian  and  Ukrainian  composites  with  “processuality”  meaning  //  Slavonic  languages:  units, 
categories, axiological constants. – Volgograd : VSU, 2010. – P. 216 – 231. 
8. Dokulil M. Tvoreni slov v ceštine. I. Teorie odvozováni slov. – Praha : CAV, 1962. – 263 p. 
9. Arkhangelska  А.М.  On  the  problem  of  foundations  to  develop  general 
onomasiologic model of nomination. – 2007. – “Movoznavstvo” ##4-5. – P. 20–35. 
10.  Miloslavki I.G. Synthesis of word combination and derivative word // “Voprosy 
yazykoznania”. – 1977. – #5. – P. 53 – 61. 
*** 
Дьячок Н.В. 
«Сөз тіркесі + универб эллипсі» номинативтік түрінің семантикалық 
және формалды ерекшеліктері 
Мақаланың  мақсаты  -  күрделі  құрылымы  бар  ономасиологиялық  универб 
үлгілерін элементтері ретінде ономасиологиялық белгілерін талдау. Талдау нысаны 
– универбализациялық үрдісі. Зерттеу пәні – «сөз тіркесі + универб эллипсі» күрделі 
құрылым ретінде номинанттар ауызша іске асыру арқылы анықталады. Жұмыста 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
223 
сипаттама  және  құрылымдық  әдістері  пайдаланылады.  Зерттеу  нәтижесі  - 
модификациялау  универбінің  ерекше  модельдеу  сипаттамасы.  Қорытындылар. 
Күрделі  құрылымы  бар  ономасиологиялық  универб  модельдер  типологиясы  зерттеу 
бірлік ономасиологиялық белгілерін релевантнттық қалыптасуы мен сипаттамасы 
және 
ономасиологиялық 
құрылымның 
ерекшеліктерін 
түсіндіру. 
Зерттеу 
нәтижелерін практикалық қолдануы - орыс тілінің  универб сөздігін жасау. 
Тірек  сөздер:  Номинатема,  сөз,  сөз  тіркесі,  универб,  универбализация, 
ономасиологиялық модель, ономасиологиялық базис, ономасиологиялық белгі. 
 
Дьячок Н.В. 
Семантические и формальные особенности номинатем типа 
«словосочетание + элиптический универб» 
Цель  статьи  –  анализ  ономасиологических  признаков  как  элементов 
ономасиологических  моделей  универбов  с  так  называемой  сложной  структурой. 
Объект  анализа  –  универбализационные  процессы  в  их  разнообразии.  Предмет 
исследования  –  сложноструктурные  универбы,  определяемые  как  вербальные 
реализации  номинатем  типа  «словосочетание  +  эллиптический  универб», 
образованные  по  универбальной  модели,  сущность  которой  состоит  в  том,  что 
имитирующей 
производящую 
основу 
является 
прерывистая 
двукорневая 
(сложноструктурная)  основа  зависимого  элемента  исходного  словосочетания,  а 
главный элемент семантически заключен в универбализационном аффиксе. В работе 
использованы  описательный  и  структурный  методы.  Результат  исследования  – 
описание 
особенностей 
моделей 
модифицирования 
универбов. 
Типология 
ономасиологических  моделей  сложноструктурных  универбов  представляет  собой 
базу  для  релевантного  формирования  и  описания  ономасиологической  категории 
исследуемых 
единиц, 
с 
одной 
стороны, 
и 
трактовки 
особенностей 
ономасиологической  структуры,  с  другой.  Практическое  применение  результатов 
исследования может воплотиться в составлении словаря универбов русского языка. 
Ключевые 
слова: 
Номинатема, 
слово, 
словосочетание, 
универб, 
сложноструктурных 
универб, 
универбализация, 
ономасиологическая 
модель, 
ономасиологический базис, ономасиологический признак. 
 
*** 
 
ӘОЖ:  811.512.122' 367                                                        
Алтаева А.К. – филология ғылымдарының докторы, доцент,  
«Тұран» университеті  
E-mail: ak.alma@mail.ru 
 
ИЛАНДЫРУДЫҢ ӘМБЕБАП ЖӘНЕ ЖАҒДАЯТТЫҚ ӘДІСТЕРІ  
 
Аңдатпа.  Адамды  иландыруға  әсер  ету  әдістерінің  қатарында  дәйектілік 
теориясы  тәжірибеге,  қағидаттарға,  дәстүрге,  интуицияға,  талғамға  т.б.  негізделеді. 
Иландыруды қалыптастырушы және өзгертуші тәсілдер түрліше болып келеді. Олардың 
жұмсалуы  нақты  білім  аясына,  аудиторияға,  әлеуметтік  топтарға,  тұтастай  қоғамға, 
оны қолданушы мәдениеттің өзіндік ерекшелігіне де байланысты. 
Адам  тіршілігінің  тарихи  сипаты  бойынша  адам  өзінің  өмірлік  мәселелерін 
әмбебеп дәйектерге емес, уақыт пен ортаға байланысты жағдаяттық дәйектерге 
қарай шешеді деп болжанады. Мораль, дін, құқық және өзге де маңызды әлеуметтік 
институттар айтылған жағдаяттық дәйектемелерге сүйенеді.               
Тірек  сөздер:  Әмбебап,  жағдаяттық  әдістер;  дәйектеме;  дәстүр;  бедел; 
сергек ой; интуиция; сенім; талғам.  
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
224 
Иландыруды қалыптастырушы және өзгертуші тәсілдер түрліше болып келеді. 
Әмбебап әдістерге – үстірт және астырт (теориялық) дәйектер, ал жағдаяттық әдістер 
қатарына дәстүрге, дұрыс ойлауға, талғамға негізделген дәйектер жатады.         
Теориялық дәйектілік тәсілдері әр түрлі және әр текті. Біз олардың кейбіреуін 
ғана қарастырамыз. Теориялық негіздемені растаудың аса маңызды тәсілдерінің бірі 
қабылданған ақиқаттан шығатын дәлелдеу болып табылады. 
Сәйкестік  шарты  бойынша  негізделген  растама  сол  саладағы  жалпы 
ережелермен,  қағидалармен,  тұжырымдамалармен  және  т.б.  сәйкестік  табуы  керек.  Жаңа 
білім  бұрыннан  айтылып  келген  теорияға  басқаша  қарауға  түрткі  болуы  немесе  бұрынғы 
білімді  өзгертуге  себепші  болуы  мүмкін.  Қабылданған  теориямен  келісу  ескі  теорияның 
беделін сақтауға қызмет етпей, ақиқатты іздеуге ұмтылса, ақылға қонады. 
Егер  сәйкестік  шартын  ешбір  өзгеріссіз  тұрақты  деп  қарасақ,  онда  ғылымның 
қарқынды  даму  мүмкіндігі  болмас  еді.  Даму  тек  жаңа  құбылыстарға  бастама  болар 
заңдардың  ашылуы  нәтижесінде  ғана  мүмкін  болар  еді.  Ал  бұндай  жағдайда  бұрын 
қалыптасқан ережелерді қайта қарастыру мүмкіндігі шектеледі. Алайда бұндай бағыт 
ғылымды дамуға бастайды деу қиын.      
Жаңа  ереже  жақсы  мансұқталған  теориялармен  ғана  емес,  белгілі  бір  жалпы 
қағидалармен  де  үйлестік  табуы  қажет.  Бұлардың  қатарында  қарапайымдық  және 
дағдылылық (консерватизм) теорияларын атауға болады.  
Қарапайымдық  қағидасы  жаратылыстану  ғылымының  қалыптасу  тарихын 
түгел  қамтиды.  Барлық  жаратылыстану  зерттеулерінде  бұл  қағида  жетекші  рөл 
атқарып  келеді.  И.Ньютон  құбылыстарды  түсіндіруде  олардың  себептерін  «шектен 
тыс  күрделендіріп  алмау»  деген  ерекше  талапты  естен  шығармауды  ескерткен. 
Бұндағы  қарапайымдықты,  мәселен,  оқытуды  жеңіл  жолмен  үйретіп,  түсіндіру  деп 
қабылдаған жөн. 
Дағдылылық  қағидасы  өзін-өзі  ақтай  алмайтын  жаңалықтардан  аулақ  болып, 
оның  қаншалықты  мүмкін  екендігіне  назар  аудару,  жаңа  құбылыстарды  белгілі 
заңдардың негізінде ғана түсіндіру болып табылады.  
Теориялық  дәйектеудің  тағы  бір  тәсілі  –  растау,  дәлелдеу.  Растау  мен 
дәлелдеуге мойынсұнбайтын ереже сынауға да лайық емес, одан кейінгі зерттеулерге 
де жол сілтей алмайды.  
Кез-келген негіздеме жүйелілік сипатта болып келеді. Өзге ережелер жүйесіне жаңа 
ереженің қосылуы негіздемеге қосылған тағы бір қадам деуге болады.  
Түсіндіру  мен  түсіну  адам  ойлауына  тән  әмбебап  әрекет  болып  табылады. 
Түсіндіру  –  бұл  деректің  немесе  оқиғаның  негізінен  шыққан  ақпаратты  талдау. 
Ғылыми  түсіндірудің  барынша  дамыған  формасы  –  теориялық  заңдар  негізінде 
түсіндіру.  Біздің  күнделікті  түсіндірулеріміз  де  заңдарға  сүйенеді,  алайда  тым 
қарапайым  болғандықтан,  біз  оған  барлық  уақытта  мән  бере  бермейміз.  Әлденені 
түсіндіру  –  бұл  белгілі  заңды  қорыту.  Түсіндірудің  тереңдігі  сол  теорияның 
тереңдігімен анықталады.  
Ойлаудың  келесі  әрекеті  –  түсіну.  Ол  жаңа  мазмұнды  меңгерумен,  оны 
қалыптасқан идеялардың жүйесіне енгізумен байланысты. 
Бір  кездері  тек  мәтінді  ғана  түсінуге  болады,  өйткені  ол  белгілі  бір  мазмұнға 
құрылған, түсіну деген мәтінге автор енгізген жайдың мәнісін түсіну деп қабылданып 
келді. Бұл, әрине, тар ауқымдағы түсінік. Түсіну тек жазылған мен айтылғанды ғана 
түсіну  емес, адамның әрекет-қылықтарын, қобалжуын да түсінуге болады. Адамның 
қылықтары түсінікті және түсініксіз сипатта болады да, ойлануды, талқылауды қажет 
етеді. Өлі табиғатты да түсінуге болады: оның құбылыстарының қатарында ғылымға 
түсініксіз құбылыстар да кездеседі. Сондықтан түсіну білімнен де артық. 
Түсінік – әмбебап әрекет. Ол да түсіндіру тәрізді жаратылыстану һәм қоғамдық 
ғылымдардың  барлығына  тән  болып  табылады.  Табиғи  және  рухани  дүниелерді 
түсінудің адам үшін құны бірдей емес. Л.Н. Толстой «...адамға тән басты сезім – өзге 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
225 
адамдардың  өмірін  түсіну.  Бұны  үйренбеген  адам  «жануарға»,  жай  жануарға  емес, 
қорқынышты айуанға айналады» деген [1, c. 120].  
Түсінудің  жақсы  үлгісін,  әсіресе  адам  ойы  мен  әрекетін  қалыптастыратын  – 
көркем  әдебиет.  Егер  көркем  шығарма  авторы  өз  кейіпкерінің  мінез-құлқын  өз 
қиялындағы  сызбаға  сай  түсіндіріп  бере  алса,  онда  кейіпкер  автордың  өзіне  ғана 
емес, оқырмандарға да түсінікті болып шығады. Олай болса, түсінуді белгілі бір үлгі, 
стандарт және ережелер негізінде берілген баға деп қабылдаған жөн.  
Адамның  қылығынан,  жеке  психологиялық  қалпынан  бастап  мәтіндерге,  тіпті 
өлі  табиғатқа  тән  құбылыстарға  дейін  бәрін  түсінуге  болады.  Түсіндіруде  әлденені 
жалпы  ақиқаттан  қорытып  шығарамыз,  ал  түсінуде  әлденені  қабылданған  жалпы 
құндылықтардан шығарамыз.  
Тәжірибе мен қисынға негізделген иландырудың әмбебап тәсілдері кез-келген 
аудиторияда қабылданады. Әмбебап дәйектеме иландырудың басқа тәсілдерін жоққа 
шығармайды. Яғни әмбебап тәсілдермен қатар әмбебап емес, жағдаяттық  дәйектеме 
де  кеңінен  қолданылады.  Дәйектеменің  бұл  түрі  кейбір  аудиторияда  ғана  тиімді. 
Дәйектеудің  әмбебап  емес  тәсілдеріне  дәстүрге,  беделге,  интуицияға,  дінге,  ақылға, 
талғамға сүйенетін иландырулар жатады. 
Аталған  тәсілдер  жағдаяттық  болып  табылады:  сол  айтылғанға  сенетін, 
мәртебені  немесе  дәстүрді  мойындайтындар  үшін  нанымды,  сенімді  болып, 
көпшілікті иландыруға қызмет етеді. Керісінше, бұл айтылғандардан басқа құндылықтарға 
сеніп, мәртебе мен дәстүрді қолдамайтын, басқа тәрбиедегі жандарды иландыра алмайды. 
Бұл жағдайда иландыру тәсілдері тиімсіз болып табылады.  
Интуицияға,  бедел  мен  мәртебеге,  сенімге  т.б.  бағытталған  жағдаяттық 
дәйектеме, бірінші, «тілегі бір»,  көзқарасы түйіскен аудиторияда, екінші, күнделікті 
қарым-қатынаста  кеңінен  қолданылады.  Сонымен  қатар  қоғамдық  ғылымдарда  да 
жағдаяттық дәйектеме қолдау тауып жатады.  
Адам  қашанда  нақты  жағдаяттан  тыс  бола  алмайды.  Ол  белгілі  бір  уақытта, 
белгілі  бір  елде  өмір  сүреді,  өзі  өмір  сүріп  жатқан  қоғамның  қалыптасқан 
қағидаларымен  санасып,  соған  иланады,  көптің  сенгеніне  ол  да  сенеді.  Адам 
тіршілігінің  тарихи  сипаты  бойынша:  «Адам  өзінің  өмірлік  мәселелерін  әмбебеп 
дәйектерге  емес,  уақыт  пен  ортаға  байланысты  жағдаяттық  дәйектерге  қарай 
шешеді»  деп  болжанады.  Мораль,  дін,  құқық  және  өзге  де  маңызды  әлеуметтік 
институттар айтылған жағдаяттық дәйектемелерге сүйенеді.               
Дәстүр  
Барлық  жағдаяттық  дәйектемелердің  ішіндегі  қолданысқа  барынша  икемдісі 
әрі  неғұрлым  маңыздысы  дәстүрге  негізделген  дәйек  болып  саналады.  Шын 
мәнісінде  барлық  жағдаяттық  дәйектемелер  астарлы  түрде  дәстүрге  сүйенеді.  Әлде 
бір  нәрсені  мәртебе  тұту,  интуиция,  сенім,  ақыл,  талғам  т.б.  тарихи  дәстүрге  сай 
қалыптасады әрі одан тыс бола алмайды.  
Дәстүр  екіжақты,  сипаттамалы-бағалауыштық  сипатқа  ие.  Бір  жағынан, 
қоғамның  өткенін  білдірсе,  екінші  жағынан,  ұрпақтың  келешегін  болжайды. 
Дәстүрлер  адамды  ұрпақтар  сабақтастығындағы  «көшке»  жауапты  етеді,  адамның 
тарихи  уақыттағы  орнын  айқындап,  оған  өткен  мен  келешекті  жалғастырушы 
«бүгіннің иесі» ретінде жауапкершілік жүктейді. Мысалы:  
Сонда Текебай сонадайдан аттан түсіп, Қабылбектің қасына келіп:  
-  Менің  күшігім  саған  қарап  шәуілдесе  керек,  Қабылбай.  Айыбын  көтергелі 
келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! – депті.  
Мына  сөзден  Қабылбектің  қабырғасы  сөгіліп,  қалбалақтап  атынан  аунап 
түседі: - О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті 
білем. Аға болсаң да, сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? 
(Б. Момышұлы).     
Дәстүршілдік  пен  дәстүрге  қарсылық  –  дәстүр  туралы  түсініктің  екі  түрлі 
қағидасы.  Дәстүршілдік  иландырудан  шығады.  Ол  мынаған  нагізделеді:  тәжірибелік 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
226 
ақыл жазылған ережелерден емес, іс-әрекеттен байқалады, сол себепті дәстүр ақылдан да 
жоғары қойылған. Яғни ақылдың өзі дәстүрді мойындайды.  
Ал дәстүрге қарсылық, керісінше, ақылды ғана мойындап, дәстүрге мойынсұнбайды.  
Дәстүр мен ақылдың қарама-қарсылығы мынадан туындайды: дәстүр ақылдан 
тыс  қалыптаспайды,  ақылдың  қатысуымен  қалыптасады,  ал ақылдың  өзі адамға  тән 
рационалдық дәстүрдің жалғасы әрі дамуы болып табылады. 
Қандай  да  бір  ережелерге  қолдау  табу  үшін  дәстүрге  сүйену  –  бұл  дәстүрді 
сыйлайтын, оны ақылмен қатар қабылдайтын қоғамда қалыптасқан тәсіл. Қоғам мен 
қатаң құрылымдағы қауымдар үшін дәстүрден дәйек келтіру барынша салмақты, әрі 
иландырып, әлденеге көз жеткізуде өте тиімді.  
Дәстүрге  бағыну  –  мораль  үшін  де  дәйектеменің  әдеттегі  тәсілі.  Біздің 
үрдістеріміз бен әрекеттеріміз белгілі бір дәрежеде дәстүр арқылы анықталады.  
Беделді  дәйек  ету  –пайымдауларымен  немесе  қылықтарымен  осы  салада  өзін 
дәлелдеген тұлғаның пікіріне немесе әрекетіне сүйену.  
Дәстүр  авторсыз,  стихиялы  түрде  қалыптасса,  бедел-мәртебе  нақты  бір 
адамдікі  болып  табылады.  Әлдекімнің  айтқанына  сүйеніп,  үлгі  ету  таным  мен 
қызметтің 
барлық 
салаларында 
ұшырасады. 
Зерттеушілер 
пайдаланатын 
кітапханалар – білімнің әр саласындағы бедел-мәртебелер пікірінің жиынтығы. Адам 
қызметімен  байланысты  тарихты,  этиканы,  эстетиканы  т.б.  оқыту  әрі  белгілі  бір 
идеалдарды құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады.  
Әлдекімнің мәртебесін пір тұту ұжымдық ортада кеңінен тараған. Онда белгілі 
бір  дәстүрлерді  ұстанып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  көбіне  көпшілік  мойындаған 
адамдардың пікіріне де құлақ асады.  
Догматизмнің  мәні  өзгеріссіз,  «қатып  қалған»  доктринадан  нақты  өмірге, 
практикаға  ұмтылуында,  кері  бағытты  мойындамауында.  Догматик  өзінің  қалыпты 
идеясының  нақты  жағдаймен  сәйкессіздігін  түсінуге  қабілетсіз  болып  келеді.  Оның 
үлкен  қателігі  –  сонда.  Ол  қажет  болған  жағдайда  алданышпен  өмір  сүруге  де 
икемделгісі келмейді.  
Догматизмнің  жалғасы  –  беделді  адамша  ойлау.  Ол  догматизмді  күшейтіп, 
нақтылай  түседі,  мәртебелі  адамдардың айтқанын  одан  әрі  таңа  береді.  Сөйте-сөйте 
олар ешқашан қателеспейтін «кумирлерге» айналады.  
Өзінен  бұрынғыларға  сүйенбей,  тек  өз  айтқанымен  ойлау  мүлде  болмайды. 
Қандай  да  бір  ойлау  белгілі,  айқын  немесе  айқын  емес,  талданған  не  талдаусыз-ақ 
қабылданатын болжамдардан туады не болмаса бұрынғы тәжірибеге сүйенеді. Бірақ 
теориялық  ойлау  мен  мәртебеге  сүйеніп  ойлау  бір  емес.  Соңғысы  жанкешті  зерттеу 
мен  сан  мәрте  ойланудың  орнына  қиналмай,  оны  «әлдекімнің  айтқанымен» 
оңайлатып шешу болып шығады.  
Егер ең негізгі деген ой «беделді» адамға тиесілі болса, оны жалғастырушының 
үлесіне  тек  талдау  мен  түсіндіру  ғана  тиеді.  Біреудің  айтқанына  сүйенген  ойлау 
ешбір шығармашылық импульссіз болуымен қатар жаңалық та аша алмайды.  
Беделге,  біреудің  айтқанына,  жазғанына  сүйену  негіздеудің  әмбебап 
тәсілдеріне жатпайды. Мәртебе мен беделдің керегі де бар, әсіресе, теориялық салаға 
аса  қажет.  Өйткені  жеке  адамның  мүмкіндігі  шектеулі,  барлық  айтылғанды  талдап, 
тексеріп  шыға  алмайды.  Сондай  жағдайда  адам  біреудің  пікірі  мен  пайымдауына 
сүйенуге  мәжбүр  болады.  Ал  сүйенудегі  мақсат  не?  «Оны  мына  автор  айтқан»  деу 
үшін  емес,  айтылған  пікір  дұрыс  болғандықтан  керек.  Әлдебір  беделдінің  айтқаны 
әрқашан дұрыс деген «соқыр сенім» сыни ойлауды қажет ететін ақиқат шындықпен 
сәйкес  келмейді.  Б.Паскаль  айтқандай:  «Ничто  так  не  согласно  с  разумом,  как  его 
недоверие к себе».  
Адам  жалғыз  өмір  сүре  алмайтыны  сияқты,  жалғыз  ойлай  да  алмайды.  Ол 
ойлау  кеңістігінде  де  қоғамдық  тіршілік  иесі  болып  табылады.  Әрбір  тұлғаның  ой-
пікірі  –  ол  әлдекімдердің  ашқан  жаңалығы  не  тәжірибесі.  Олардың  қайсысы  сыни 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
227 
ойлаудан  туғанын,  ал  қайсысы  біреудің  айтып,  жазғанына  сенуден  шыққанын 
ажырату қиынға соғады.  
Американдық  кәсіпкер  әрі  өндіріс  ұйымдастырушысы  Г.  Форд  мынаны 
аңғарыпты: «Көптеген адамдар үшін ойланудың қажеттілігі жазаның бір түрі болып 
табылады».  Әрине,  бұнымен  барлығы  келіспес,  дегенмен,  өз  бетінше  шешім 
қабылдап қиналғаннан гөрі біреудің айтқанына арқа сүйеуді оңай көретіндер де бар. 
Ағысқа қарсы ескек ескеннен гөрі ағыспен жүзген әлдеқайда оңай. Оған өзгерпей, өз 
түпнұсқасында мына мысалды келтіруге болады: 
«Некий  дофин  Франции  никак  не  мог  понять  из  объяснений  своего 
преподавателя,  почему  сумма  углов  треугольника  равна  двум  прямым  углам.  Наконец 
преподаватель воскликнул: «Я клянусь Вам, Ваше высочество, что она им равна!» - «Почему 
же Вы мне сразу не объяснили столь убедительно?» - спросил дофин» [2, c. 35]. 
Бір  ақын  айтыпты:  «Біз  бәріміз  де  жалқаумыз,  немқұрайлымыз».  Оның 
астарында өз бетінше ойлағысы келмеу де жатқан секілді. Геометриялық дәлелдеуге 
емес,  антқа  сеніп,  иланған  дофиннің  жағдайы  сол  айтылған  «жалқаулық  пен 
немқұрайлылықтың» дәлелі, екінші жағынан беделге сүйену.  
Ақ-қарасына  қарамай,  басылым  бетінде  жазылған  сөзге  сену  де  бедел  мен 
мәртебені пір тұтудан шығады. Бұл – көпшілікке тән сипат. Басылды ма, демек, рас 
болғаны. Жарнамадағы тауарларды көпшілік көбіне осылай тұтынып жүр. Баспасөзге 
үнемі илана бермеу үшін де сын қажет.  
Бедел  мен  мәртебе  –  өте  күрделі  мәселе,  оның  қырлары  көп.  Біз  оның  бір 
жағын ғана қамтыдық: барынша беделді болып саналатын пікірлерге сүйеніп, оларды 
жаңа ережелерді негіздеу мақсаты үшін пайдалану. 
Сергек ой 
Адам  әрекеттеріне  жетекші  болып  табылатын  тәжірибелік  білім  –  білімнің  өз 
бетінше,  ерекше  бір  типі;  ол  нақты  жағдаятқа  бағытталған.  Өмір  белгілі  бір 
теориялық  бастаулар  мен  жалпы  қағидаттарға  құрылмайды,  ол  нақты  және  оған 
сергек оймен бағаланатын нақты білім ғана жетекші болады.  
Сергек  ой  негізінде  білім  болып  саналмайды.  Ол,  дұрысы,  білімді 
жинақтаудың  тәсілі.  Ол  адамға  ғылымның,  философияның  немесе  қандай  да  бір 
жалпы  принциптердің  әсерімен  сіңбейді,  сергек  ойдың  әсерімен  қалыптасады.  Сол 
себепті  ол  адамның  моральдік  және  тарихи  қалыптасуын  зерттеумен  айналысатын 
қоғамдық ғылымдар саласындағы ғалымдарға қажет.  
Сергек  ой  жалпы,  тәжірибелік  істерге  қосымша  бола  алады.  Оның  көмегімен 
адамды  сендіре  алатын  үлгілерге  қарап  талдау  жасауға  болады.  Сондықтан  ол  үшін 
өмір  тарихы  мен  тәжірибе  аса  маңызды.  Сергек  ойға  үйретіп  шығару  мүмкін  емес,  оны 
дамыту  үшін  тек  жаттығу  қажет.  Ол  екіжақты,  сипаттамалық-бағалауыштық  сипатқа  ие:  бір 
жағынан, бұрынғыға сүйенсе, екінші жағынан, келешектің жобасы бола алады. 
Қоғамдық  өмір  өзгерсе,  сергек  ой  да  өзгереді.  Мәселен,  көне  дәуірде  түс 
әдеттегі  адамға  оның  жанының  маңызды  бір  көрінісі,  болашақты  болжаудың 
материалы  болған.  Ағарту  дәуірінде  түс  рас  болуы  да  мүмкін  деген  идея  күлкілі 
болып қалды. Кейінірек адам мінезі мен түс көру арасында тығыз байланыс бар деп 
айтыла  бастады:  себебі  түсте  мінез  байқалады,  өңінде  ашылмайтын  қырлар  мәлім 
болады;  түсте  адам  әрекеттерінің  жасырын  уәждері  мойындалады,  сондықтан  түсті 
жору арқылы адамның болашағын анықтауға болады.  
Сергек  ой  ең  алдымен  әлеуметтік  өмірге  қатысты  болғанмен,  табиғаты 
жағынан  әмбебап.  Себебі  кез-келген  қызмет,  оның  нәтижелері  туралы  талқылауға 
бейім,  оған  теориялық  деректер  мен  тұжырымдарды  қоса  талдайды.  Алайда  нақты 
теориялық салада дана ақылшы бола алмайтыны рас. Өйткені ол өмірлік тәжірибеге 
сүйенеді.  Сергек  ойға  сүйену  қоғамдық  ғылымдарда  жиі  ұшырасады,  тарихи 
дәстүрмен,  оны  түсінумен,  жалғастырумен  сабақтасып  жатады.  Керісінше  
жаратылыстану ғылымдарына тән емес.       
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
228 
Интуиция   
Интуиция  ешбір  пайымдау  мен  дәлелдеуді  қажет  етпейтін,  ақиқатпен  тығыз 
байланысты  ұғым.  Кездейсоқтық,  адам  сенгісіз  жағдай,  оған  қарай  бастайтын 
жолдың түсініксіздігі – интуицияның басты ерекшеліктері.  
Интуиция 
танымда 
ерекше 
рөл 
атқарады. 
Ғылым 
мен 
көркем 
шығармашылықтың  және  әлемді  танудың  үдерісі  ашық  түрде  жүзеге  аса  бермейді. 
Көбіне  адам  қандай  да  бір  күрделі  жағдаятты  оның  ұсақ-түйек  детальдарымен 
қабылдамайды,  тіпті  оған  көңіл  аудармауы  да  мүмкін.  Әсіресе  бұл  әскери 
шайқастарда,  диагноз  қоюда,  кінәлы  не  кінәсыз  деп  шешім  қабылдауда  жиі 
ұшырасады.  
Алайда интуиция «ақиқатты тікелей тану» ретінде ақылсыздық немесе шектен 
тыс ақылдылық болып табылмайды. Ол сезім мен ойды бақыламайды да, танымның 
ерекше  тәсілі  де  бола  алмайды.  Оның  ерекшелігі  мынада:  ойлау  үдерісінің  жеке 
бөліктері  санадан  тыс  жүреді,  соңында  ойдың  қорытындысы  кездейсоқ  ашылған 
ақиқат түрінде байқалады.  
Ежелден  бергі  үрдіс  бойынша  интуицияны  логикаға  қарсы  қою  қалыптасқан. 
Тіпті  қатаң  дәлелдеу  үстемдік  құрған  математиканың  өзінде  интуиция  логикадан 
жоғары  қойылады.  Философ  А.  Шопенгауэрдің  айтуы  бойынша:  «Чтобы 
усовершенствовать  метод  в  математике,  необходимо  прежде  всего  решительно 
отказаться  от  предрассудка  –  веры  в  то,  будто  доказанная  истина  превыше 
интуитивного  знания».  Демек,  оның  айтуы  бойынша,  интуитивті  білім  дәлелденген 
ақиқаттан  да  артық.  Б.  Паскаль  «геометриялық  рух»  пен  «байқампаздық  рухының» 
айырмашылығын  былай  түсіндіреді:  алғашқысы  ақылдың  күші  мен  туралығын 
білдіріп,  темірдей  қатты  логикадан  байқалса,  екіншісі  тереңірек  көруге  қабілетті, 
даналыққа  жақын,  ақылдың  кеңдігін  білдіреді.  Паскаль  үшін  тіпті  ғылымдағы 
«байқампаздық  рухы»  логикаға  тәуелсіз  әрі  сөзсіз  одан  жоғары  тұрады.  Ертеректе 
кейбір математиктер интуитивті иландыру логикадан да асып түседі, мәселен, күннің 
көз аштырмайтын жарығы ай сәулесін көмкеріп алатыны секілді деген.  
Осы  айтылғандарды  електен  өткізсек,  әрине,  қатаң  дәлелдеу  интуициядан 
озып,  алға  түседі.  Ақиқатқа  жақыны  –  А.  Пуанкаренің  пікірі.  Яғни,  логика  мен 
интуицияның  екеуін  де  жоққа  шығара  алмаймыз.  Алғашқысы  –  дәйек,  дәлелдеудің 
құралы  болса,  кейінгісі  өнерпаздықтың  құралы  болып  табылады.  Түсінікті  болу  үшін 
автордың  өз  сөзін  өзгертпей  беруді  жөн  көрдік:  «Логика  и  интуиция  играют  каждая  свою 
необходимую  роль.  Обе  они  неизбежны.  Логика,  которая  одна  может  дать  достоверность, 
есть орудие доказательства; интуиция есть орудие изобретательства» [2, с. 337].    
Сенім  
Сенім – бұл әлдебір ереженің немесе тұжырымдаманың әділдігіне көз жеткізу 
үшін терең, шынайы, эмоцияға қанық етіп иландыру. 
Интуиция  секілді  сенім  де  субъективті.  Бір  кездерде  жамағаттың  түгелдей 
сенгені  уақыт  өте  келе  аңғал  түсінік  болып  қала  берді.  Сенім  ақылды  ғана  емес, 
эмоцияны  да  қозғайды;  жаныңды  баурап  алады;  интеллектуалды  иландыруды  ғана 
емес, психологиялық бейімділікті де білдіреді.  
Сенім  күмәнға  қарама-қарсы  және  білімнен  жоғары.  Егер  адам  қандай  да  бір 
растауға сенсе, ол оны ақиқаттай көреді, оны талқылағысы да келмейді.  
Сенімге  дәйек  –  өз  ережесінің  әділ  екеніне  сенімді  болып,  соған  иек  арту. 
Кезінде  діни  сенімді  ақылға  қарсы  қою  арқылы  сенімге  түсінік  берілген.  Логикаға 
сыйымсыз,  қисынсыз  нәрсені  сенім  ғана  қабылдай  алады,  яғни,  логикаға  сыймаған 
нәрсе сенімнің аясына сыяды.  
Талғам  
Талғамға  дәйек  келтіру  –  бұл  аудиторияға  тән  талғамға  иек  арту,  соның 
көмегімен қандай да бір ережені түсінуге жол ашу.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
229 
Талғам  туралы  түсініктің  сергек  ой  туралы  түсінікпен  салыстырғанда  ауқымы  тар 
келеді. Талғам қандай да бір заттың кемелдігіне қатысты әрі пайымдауға емес, тікелей сезімге 
негізделеді. И. Кант талғамнан иландыру қабілетінің негіздерін байқаған.  
Жақсы  талғам  өзіне  сенімді,  ол  қабылдайды  не  қабылдамайды,  өзгелерге 
жалтақтамайды,  негіздемені  қажет  етпейді.  Жақсы  талғамға  қарама-қарсылық  –  бұл 
талғамсыздық. Жақсы талғамды талғамсыздар түсінбейді.  
«Талғамға  талас жоқ»  деген  пікір  кеңінен  таралған.  Канттың  айтуы  бойынша, 
талғам  саласында  айтыс  емес,  талас  болуы  мүмкін.  Эстетика  мен  көркем  сын 
осындай таластардан тұрады.  
Талғамның  пайымы  бағалау  болып  табылады,  оның  кемелдену  дәрежесін 
білдіреді.    Баға  жөнінде  талас  тууы  мүмкін.  Алайда  ол  жеңіске  ғана  негізделіп, 
анығында дәйексіз болып та жатады.  
Талғамның  қоғамдық  мәні  сәнге  келіп  тіреледі.  Сән  заттардың  тез  өзгеруімен 
байланысты,  талғамның  шегінен  асып,  мінез-құлықтық  сипат  алады.  Қоғамдық 
қызметтің  пішіні  бола  отырып,  сән  қоғамдық  тәуелділікке  ұласады.  Канттың 
айтуынша,  сәнге  қарсы  болғаннан  гөрі  сәнқой  кеңкелес  болған  дұрыс  екен.  Алайда 
сәнді тым жақын қабылдау дұрыс емес. 
Талғам ережеге, түсінікке қарай бастамайды және үлгілердің жиынтығы болып 
та есептелмейді. Талғам дәлелдеуді қажет етпейді, оны сезу керек.  
Қорыта келгенде, илануды өзгерту тәсілдерін зерттеудің маңыздылығы бәрінен 
бұрын  адамның  өз  бойындағы  сеніммен  байланысты.  Ал  илануды  өзгерту  алдымен 
адамның  мінез-құлқының  өзгеруіне  байланысты  болып  келеді.  Сенімді  өзгерту  тәсілдері 
іштей әрбір адамға белгілі. Кез-келген қарым-қатынас үдерісі осындай тәсілдерді қолданудың 
негізінде құрылады, бұнсыз ол  тиімді бола алмайды.  
Иландыруды  өзгерту  тәсілдерін  зерттеумен  дәйектілік  теориясы  айналысады. 
Ол  ғылымдар  қатарынан  құралған  кешенді  пән  болып  табылады.  Бұл  ғылымдардың 
қатарында философия мен логика, бұқаралық коммуникация теориясы, әлеуметтану, 
тіл білімі, психология т.б. бар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет