Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет13/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   180
Асқазан, ventriculus (gaster) - асқорыту жолының қалта тәрізді кеңейген жері. Асқазанда өңеш арқылы өткен тамақ жиналып, ас қорытудың I-ші сатылары өтеді: тамақтың артында XI-ші кеуде омыртқасына сәйкес келеді. Асқазан күмбезі сол жақ орталық кеуде сызығы бойымен V- ші қабырғаның төменгі жиегіне жетеді. Тірі адамда асқазанның көлемі оның толуына қарай өзгеріп отырады, орташа созылғанда оның ұзындығы 21-25 см. Асқазанның сыйымдылығы адамның тамақтануына байланысты 1 литр - ден бірнеше литрге дейін өзгереді.

Құрылысы. Асқазан қабырғасы 3 қабықтан тұрады:

1) Ішкі- шырышты қабық, tunica mucosa, оның күшті дамыған шырыш асты негізі бар.

2) Ортаңғы - бұлшықетті қабық, tunica muscularis

3) Сыртқы - сірлі қабық, tunica serosa.

Шырышты қабық асқазанның негізгі қызметі – қышқыл ортада асты химиялық өңдеуге сәйкес құрылған. Осыған байланысты шырышты қабықта асқазан сөлін түзетін арнайы бездер орналаса -ды, оның сөлінде тұз қышқылы болады. Бездер 3 түрлі болады:


  1. Кардиялық бездер

  2. Асқазан бездері, ең көбі (1мм асқазан бетінде 100-дей) асқазан күмбезі мен денесі аймағында орналасқан және екі текті жасушалары болады: 1) басты жасушалар (пепсиноген бөліп шығарады), 2) қоршау жасушалары ( тұз қышқылын бөліп шығарады)

  3. қақпалық бездер тек басты жасушалардан тұрады.

сіл Шырышты қабықта шашырай орналасқан жекеленген лимфа түйіншелері болады. Шырышты қабықтың меншікті бұлшықеті және тамырлары мен нервтері бар. Шырышты қабықта қатпардан басқа дөңгелек келген асқазан алаңдары деп аталатын дөңестер (d-1-6 мм) жатады, олардың бетінде асқазан шұңқыршаларының көптеген кішкене тесіктері болады. Осы шұңқыршаларға асқазан бездері ашылады. Қақпа тесігі аймағында шырышты қабықтың циркулярлы қатпары жатады, ол қақпа жапқышы, valvula pylorica деп аталады,ол асқазанның қышқыл ортасын 12 - елі ішектің тілік ортасынан бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет