Әкімшілік құқық гос сұрақтарының жауаптары Әкімшілік құқығының түсінігі мен пәні?



бет5/18
Дата07.02.2022
өлшемі49,19 Kb.
#25001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
5.Әкімшілік құқықтық қатынастар

Әкімшілік-құқықтық қатынастар –бұл әкімшілік құқықтың нормаларымен ретке келтірілетін мемлекет басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар.

Өз кызметі процесінде атқрушы билік органдары мүдделері бірдей болмайтын көпшілік субъектілермен әрекеттеседі. Осы субъектілер қатынастары әкімшілік құқықтың пәні болғаны ұшін, олардың жалпы жүріс-тұрысының ережелерін, соларды қолдану тәртібін, сондай-ақ қатынастардың үйлескен жүйесін табу мақсатқа сәйкес.

Табиғи талап, қатынастардың екі тарапы да әкімшілік құқықтың субъектілері болып, заң алдында тең болуы және оның талаптарын орындауы тиіс.

Әкімшілік құқық субъектілерінің жалпы императивтік (сөзсіз,үзілді-кесілді) жүріс-тұрыс ережелерін орнатуда және қамтамасыз етуде , заң нормаларымен бекітілген құқықтық қатынастардыңтұрақтылығында мұқтаждық әкімшілік құқық қатынастарының өктем табиғатына себепші болады.

Солай етіп,әкімшілік-құқықтық қатынастардың өктем табиғатына субъектілердің әр түрлі мүдделері мен мұқтаждықтарын реттеу қажеттілігі себепші болады. Мысал, жалпы міндетті жол әрекет қағидаларын енгізу өмірдің талабы десек болады, өйткені оларды жеке адамдар арасында жасалатын келісімдер арқылы орнатудың мүмкіндігі жоқ.

Субъектілердің заң алдында теңдігіне карамастан, заңды орындауға бағытталған әкімшілік –құқықтық қатынастар пайда болуының бастамашысы болып басқару органдар немесе қарау сипаттағы өкілеттіктерге ие лауазымды адамдар тұрады. Дегенмен, әкімшілік бақылаудың қағидалары осы жөндегі қатынастардың екі тарапына да бірдей тиесілі: олар бақылаудагы адаммен де, олардың сакталуын қадағалаушыполиция қызметкерімен де орындалуы тиіс.

Әкімшілк-құқықтық қатынастардың нормаларын бұзу мемлекет алдындағы жауапкершілікке әкеп соғады, ал туындайтын тартысулар мен басқа мәселелердің шешілуі , әдетте, әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылады.

Заңда белгіленбеген детальдар субъектілердің еркімен толықтырылатын азаматтық-құқықтық қатынастардан айырмашылығында әкімшілік-құқықтық қатынастарда анық ережелер мен оларды жүзеге асырушы процедуралар анықталуы талап етіледі. Мысалы, жол әрекеті қағидаларын бұзушыларға МАИ қызметкерлерімен салынатын айыппұлмөлшері мен оны алу процедурасы анық белгіленуі тиіс. Әкімшілік –құқықтық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері олардыңқалауына қарай өзгертілуі мүмкін емес.Әкімшілік –құқықтық қатынастар әр түрлі болады, олардың түрлерге бөлінуі құқықтық нормалар бөлінуіне сәйкес болады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар әдеттегідей әкімшілік-құқық нормаларымен реттелген мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар ретінде қарастырылады.Бұл қатынастарды мынадай топтарға бөлуге болады:Атқарушы-биліктік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының құзыретін анықтайтын.Қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын және мемлекеттік басқару аясында құрылатын қоғамдық қатынастар.Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтық құқықтық мәртебесі.Субъектілермен өздерінің құқықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайтын қатынастар.Процедуралық (процессуалдық) қатынастар.Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға басқа құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән,атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа заңдық нысан беретін реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-әрекеттерін (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру және т.б. Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастар өздерін басқа құқықтық қатынастардан айыратын ерекшеліктерге ие: Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың ынтасы бойынша пайда болады. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар әкімшілік тәртіп қағидасы бойынша, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және өкім ету жолымен шешіледі. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан өкілдік ететін органның немесе лауазымды адамның алдында пайда болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет