Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



бет7/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92
Білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ніл өзенінің табиғи ерекшеліктері немен байланысты?

  2. Египет тарихының Манефондық дәстүрін қалай түсінесің?

  3. Египет тарихының ғылыми тарихнамадағы дәуірлерге бөлінуі?

  4. Біртұтас мемлекеттің құрылуы қандай тарихи жағдайларда іске асты?

  5. Ерте және ежелгі патшалық дәуірлердегі Египеттің әлеуметтік құрылымы қандай?

  6. Ежелгі патшалықтың саяси құрылымының ерекшеліктері?




ІІІ ТАРАУ


ЕГИПЕТТЕГІ ОРТА ПАТШАЛЫҚ ЖӘНЕ ГИКСОСТАРДЫҢ ЖАУЛАУШЫЛЫҒЫ


1. Өтпелі дәуір


Ежелгі және Орта патшалықтың басталуының арасында ұзаққа созылған, шамамен 250 жылдай уақытты қамтыған І Өтпелі дәуір деп аталатын кезең жатыр. І Өтпелі кезең - ыдыраушылық пен үлкен әлеуметтік қайшылықтар кезеңі, елді біріктіру жолындағы кескілескен ішкі күрес жылдары болды. Сондықтан да Орта Египет мемлекетінің өзінің алдындағы Ежелгі патшалық дәуірінен айтарлықтай ерешеліктерінің негізінде жатқан себептерін осы өтпелі дәуірден іздеу керек.
Біртұтас мемлекеттің ыдырауы, номдардың экономикалық және саяси дербестікке ұмтылуы, олардың бір-бірімен бәсекелестігі елдің бүкіл шаруашылық құрылымына, Египеттің экономикалық дамуының негізі болып табылатын біртұтас суғару жүйесіне кері ықпал етті. Ішкі өзара күрес Египеттің онсыз да ауыр жағдайын қиындатып жіберді - өзара жауласып отырған номдар арасындағы үздіксіз күрес қирау мен бүлінушілікке әкеліп отырды. ҮІІ-Х әулеттер дәуірінің деректерінде аштық жылдары туралы, батпаққа және ит тұмсығы өте алмас ну қамысқа айналып кеткен егістік жерлер, жыртылмай қалған алқаптар туралы мәліметтер өте көп. Осындай жағдайда елдің ең төменгі топтары – ауыртпашылық пен қиындықтарды арқасымен көтеріп отырған еңбекші халық өз наразылықтарын көрсетіп, ереуіл-толқуларға шығып отырды. Египет қоғамының төменгі топтарының толқулары туралы мәліметтер сол дәуірдің көптеген материалдық және әдеби деректерінде көрініс тапқан.
Лейденде сақтаулы тұрған үлкен папируста Ипувер деген кісінің Египеттегі бұрынғы тәртіпті қалпына келтіруге, біртұтас Египет мемлекетін қайта құруға бар пейілімен үндеуі сақталған. Ипувер бытырап кеткен елдегі ауыртпашылықтар мен жоқшылықты үлкен бір толқумен, кейбір тұстарында бояуын әдейі қоюлата көрсеткен тәрізді. Ол қираған қалалар мен бұзылған номдар, құлаған сарайлар мен масқараланған зираттар жөнінде айтады. Шығыс Жерорта теңізі елдерімен дәстүрлі байланыстың үзілгендігін және ішкі қатынастардың да бұзылғандығын айтып қайғырады.
Санкт-Петербургте, Мемлекеттік Эрмитажда мазмұны лейдендік папируспен үндес келетін папирус сақтаулы тұр. Дерек қуатты ІҮ әулеттің негізін салушы Снефру патша алдында айтылған ғұлама абыз Нефертидің сәуегейлік сөзі формасында сақталған. Бұл деректің де мәтіні Ипувер көрсеткен жағдайлар жөнінде хабарлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет