Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет5/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
АЛҒЫ  СӨЗ
Филология  ғылымдарының  докторы,  Абылай  хан 
атындағы  Қазақ  халықаралық  қатынастар  және  Әлем  тілдері 
университеті  профессоры  Есеналиева  Жанар  Жорабекқызы 
1961  жылы  16  сәуірде  Жамбыл  облысы  Қаратау  қаласында 
өмірге келген. 
1980-1985  жылдары  С.М.Киров  атындағы  Қазақ 
мемлекеттік  университетінде  (қазіргі  әл-Фараби  атындағы 
Қазақтың    ұлттық  университетінде)  филология  факультетін 
қызыл дипломға бітіріп, филолог, араб, қазақ тілі мен әдебиеті 
оқытушысы мамандығын алды. 
1993  жылы  Тіл  білімі  институтында  «Абай 
шығармаларындағы    араб  және  парсы  сөздерінің  қолдану 
ерекшеліктері»  атты  кандидаттық  диссертация  қорғады.  
Ғылыми  жетекші  -  филология  ғылымдарының  докторы, 
профессор  Б.А.  Әбілқасымов.  Ресми  бірінші  оппонент  - 
филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Ғ.Сыздықова. 
Ресми екінші оппонент - филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент   М.Мәженова болды.
2001  жылдан  осы  уақытқа  дейін  Абылай  хан 
атындағы  Қазақ  халықаралық  қатынастар  және  Әлем  тілдері 
университетінде  20  жыл  бойы  жұмыс  істеп  келеді.    Қазіргі 
уақытта  Қазақ филологиясы кафедрасында профессор қызметін 
атқарады. 
2010  жылы  26  ақпанда    «Құрылымы  әртүрлі  тілдерге 
тән типологиялық басымдылық» атты докторлық диссертация 
қорғады.  Ғылыми  консультанты  филология  ғылымдарының 
докторы, профессор З.Қ.Ахметжанова. 2009 жылы докторлық 
диссертация  негізінде  «Құрылымы  әртүрлі  тілдердің 
салғастырмалы  типологиясы»  атты  монография  және 
жоғары  оқу  орындарының  студенттері  мен  магистранттарға 
арналған «Лингвистикалық типология негіздері» атты оқулық 
жарияланды.  Магистратураға  арналған  «Типологиялық  және 
салыстырмалы-салғастырмалы  тіл  білімі  мәселелері»  атты 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
8
типтік  бағдарламаның  авторы.  Ж.Ж.Есеналиева  қазақ  тілінен  
электрондық оқулықтың авторларының бірі.
2002  жылдан  осы  уақытқа  дейін  Абылай  хан 
атындағы  Қазақ  халықаралық  қатынастар  және  Әлем  тілдері 
университетінде  20  жылдай  жұмыс  істеп  келеді.    Қазіргі 
уақытта  Қазақ филологиясы кафедрасында профессор қызметін 
атқарады. 
Есеналиева  Жанар  Жорабекқызының  ғылыми  ізденіс-
терінің  дені  құрылымы  әртүрлі  тілдерді  жүйелі  салғастыру 
мәселелеріне, когнитивтік лингвистикаға және мәдениетаралық 
коммуникацияға  арналған.  Бұл  бағыттар  бойынша  100-ден 
аса  зерттеу  жұмыстары  жарық  көрді.  Атап  айтатын  болсақ, 
««Когнитивтік  лингвистика  теориясының  негіздері»  оқулығы 
(2018),    «Салғастырмалы  тіл  білімі»  оқулығы  (2020),  «Абай 
және  Шығыс  тілдері»  (2021)  монографиясы    ғалымның  көп 
жылғы  еңбегінің  нәтижесі.  Бұл  еңбектер  жалпы  тіл  білімінің 
өзекті  мәселелерін,  соңғы  жетістіктерін  өскелең  ұрпақтың 
зердесіне  тиімді  түрде  жеткізетін  құнды  ғылыми  зерттеулер 
болып табылады.
«Лингвистиканың  негізгі  мәселелері»  атты  бұл 
жинаққа  филология  ғылымдырының  докторы,  профессор  
Ж.Ж. Есеналиеваның ғылыми еңбектері  еніп отыр.


9
Лингвистиканың өзекті мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет