Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры



Pdf көрінісі
бет22/43
Дата08.01.2017
өлшемі18,03 Mb.
#1411
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43

Литература 

1. Калимуллин А.М. 

Как 

подготовить 



эффективного 

учителя: 

опыт 

Казанского (Приволжского) федерального университета 



2. Винокурова  Н.А.,  Никонова  М.А.  Коммерциализация  образования  и  изменение 

социального  состава  студентов/  Тезисы  XVII-ая  конференция  (электронный 

ресурс) URL: http://www.mce.su/rus/archive/abstracts/mce17/sect286/doc62934 / (дата 

обращения 28.03.2013). 

3. Бок  Д.  Университеты  в  условиях  рынка.  Коммерциализация  высшего 

образования /М.: Изд. Дом Высшей школы экономики. – 2012. – 224с. 

4. Там же. С. 30. 

5. Ячина Н.П., 

Проблемы 

университетского 

образования 

в 

России. 



Материалы 6 Всемирной конференции по педагогическим наукам. Мальта – 2014. 

 


206 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Структура и содержание культуры 



интеллектуального труда будущего 

специалиста 

207 

 

ПРЕЦЕДЕНТТІК БІРЛІКТЕРДІҢ ГАЗЕТ МӘТІНІНДЕГІ 



КӨРІНІСІ 

 

Б.А. Абдыханова  

Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Астана қ. 

 

Бүгінгі  қалыптасып  келе  жатқан  ақпараттық  өркениет  заманында 



ақпарат  қоғамның  стратегиялық  маңызы  бар  ресурстарының  біріне 

айналуда.  Визуалды  ақпараттық  құрылым  болып  табылатын  газеттің 

қоғамдық  санаға  тигізетін  әсері  ерекше.  Қоғамдағы  әлеуметтік  және 

саяси  жағдай,  тұрмыстық  мәселелер  сияқты  толып  жатқан  заман 

құбылыстарынан  ақпарат  беруде  газет  мәтіндерінің  орны  ерекше.  «Қай 

ұлттың  баспасөзі  мықты  болса,  сол  ұлттың  өзі  де  мықты»  деп  Ахмет 

Байтұрсыновтың айтқаны – бүгінгі күннің де өзекті мәселесі.   

Кез-келген  субъектінің  ауызша  және  жазбаша  түрдегі  айтылым-

дарының  дискурстары  реципиентке  ой  тастау,  сезімдеріне  әсер  ету 

мақсатынан  туындайды.  Адресант  тілдік  бірліктерді,  фразеологиялық 

және  паремиологиялық  тұлғаларды,  олардың  мағыналарын  өзінше, 

өзіндік  білімінің,  дүниетанымының  сапалық  дәрежесіне  сәйкес 

қолданады [1, 11]. Коммуникант шындықтың тілдегі көрінісіне лайықты 

тілдік  бірліктерді,  амал-тәсілдерді,  дискурстық  тұлғаларды  таңдап 

пайдаланады. Бірақ адресанттың мақсаты осы әрекеттер арқылы сапалы 

мәтін  құрап  қоя  салмай,  реципиенттің  санасына  ықпал  ете  білуді 

көздейді.  «Мәтін  арқылы  коммуникатор  реципиентке  барынша  әсер 

етуге  тырысады,  ықпал  ету  мақсатын  көздейді.  Бұл  ретте  мәтін  таза 

тілдік  категория  ғана  емес,  әлеуметтік-психологиялық  құбылыс  ретінде 

қарастырылады»  [1,  11].  Ықпал  ету  –  тек  мәтіннен  емес,  мәтін  мен 

реципиенттің  өзара  үндесу  әрекеті  негізінде  пайда  болатын,  адамның 

эмоциясынан,  ойлау  қызметін  түйсіну,  баға  беру,  түсіну  қабілетінен 

туындайтын  интерактивті  қасиет.  Интеракция  –  коммуникацияға 

түсушілердің  тақырыпқа  қызығушылығының  бірдей  артып,  ары  қарай 

дамытып  алып  кетуі  және  олардың  дискурстық  әрекеттесуі.  Мәтін 

дискурстарын,  осы  тұрғыдан,  белгілі  бір  жағдаймен,  тікелей  себеп 

болған 

оқиғалармен, 



коммуниканттардың 

менталитетімен 

және 

идеяларымен  байланысты,  көбінесе  іс-әрекетті,  уақытты,  ситуацияны, 



коммуниканттардың  көңіл-күйін,  сөйлеу  мәнерін  және  тағы  басқа 

жағдайларын  бейнелейтін  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  білдіретін 

тілдік айтылым бірліктері деп анықтауға болады. 

Саяси  коммуникацияда  жиі  кездесетін  тілдік  бірліктер  –  ол 

преценденттік  бірліктер.  Преценденттік  бірліктер  –  прагматикалық 

факторлармен  қарым-қатынастағы  семантикалық  деривацияның  нәтижесі 

болатын  когнитивті  трансформациялар.  Преценденттік  тіл  бірліктері  – 

тіл  шеберлігін  анықтауға  қатысты  қолданылатын  басым  модельдердің 

бірі.  Преценденттік  бірліктерге  Е.А. Нахимова:  «Прецендентные  имена- 


208 

 

это  важнейшая  часть  национальной  культуры  в  ее  историческом 



развитии,  тесно  связанная  с  национальными  ценностями  и  традициями. 

Система  прецендентных  феноменов  –  это  один  из  инструментов 

трансляции «культурной памяти» народа от одного поколения к другому 

и  одновременно  способ  объединения  народа  вокруг  его  культурных 

ценностей  и  нравственных  идеалов.  Прецендентные  феномены  часто 

выступают  как  нравственные  эталоны  нации,  фиксирующие  ее  оценку 

реальности»  деп  анықтама  берсе  [2,  37 б],

 

зерттеуші  Г. Мәдиева  бұл 



атаулардың  мәнін  төмендегідей  бағалайды:  «Когнитивті  базаның 

ядролық  бірліктеріне  мәдени  ақпараттың  тасушысы  және  сақтаушысы 

ретінде  прецеденттік  есімдер  де  жатады,  оларды  пайдалану  барысында 

пайда  болатын  белгілі  бір  жағдаятты,  ассоциациялар  жүйесін  жеткізуде 

олардың  маңызы  зор»  [3,  122 б].  Бүгінде  ғалымдар  преценденттік 

бірліктер  ішінде  преценденттік  феномендерді  ерекше  атап,  оларды  сөз 

ойнатудың  оңтайлы  тәсілі  деп  санайды.  О.А. Ворожцова:  «Прецендент-

ные  феномены  подвергаются  трансформации  для  того,  чтобы  вовлечь 

читателя  в  языковую  игру  с  автором,  создавая,  таким  образом, 

заинтерессованность.  Участие  в  «создании»  смысла  высказывания, 

самостоятельное  восстановление  интертекстуальных  связей  влечет  за 

собой  эмоциональную  вовлеченность,  что  создает  благоприятную 

основу  для  оказания  запланированного  воздействия»  деп  преценденттік 

феномендердің  әсерін  атап  көрсетеді  [4,  62].  Е.А. Нахимова  прецен-

денттік бірліктердің қызметтерін төмендегідей көрсетеді: бағалауыштық 

қызметі,  модельдеу  қызметі  (әлем  туралы  түсінік  қалыптастыру), 

прагматикалық  қызметі,  парольдік  қызмет  (кодтау),  сөз  ойнату  қызметі, 

эвфемистік  қызметі  (жұмсартып  айту)  [2, 37 б].  Бүгінгі  таңда 

преценденттік бірліктердің  БАҚ-да прагматикалық сипаты ерекше деуге 

болады,  газет  беттерінде  жиі  қолданыс  тапқан  және  оқырманның 

берілген  ақпаратты  терең  түсінуіне  көмектесетін  тілдік  құралдар 

қатарына жатқызуға болады. Мысалы:

 

1. Айтпақшы, өткен жолы бiр ғалымдар АЭС 20-25 жыл ғана жұмыс 



iстейдi, сосын  тоқтайды. Әрi қарай оны бөлшек-бөлшек қып  таратамыз, 

яғни демонтаж жасаймыз дедi. Бұл баяғы Қожекем айтқан 20 жылдан 



кейiн не хан өледi, не мен өлемiн, не есек өледiнiң керi. (ЖА, 3.05.13) 

2. Жер туралы заңда телiмдердiң мақсатты пайдаланатындарға ғана 

берiлетiнi  тайға  таңба  басқандай  анық  жазылған.  Шаруа  қожалығын 

құрушылар  оны  алған  кезде  мақсатты  пайдалануға  мiндеттенген. 

Өкiнiшке  қарай,  бұл  талап  орындалмады.  Жер  алғандар  онда  өсетiн 

табиғи  шөптi  шауып  алып,  жерi  жоқ  өзгелерге  сатумен  ғана  шектелуде. 

Қысқасы,  малы  бардың  жерi  жоқ  –  жерi  бардың  малы  жоқ  (ЖА, 

20.02.14). 

Автордың  бұл  жерде  «Отырсам  тұра  алмаймын,  тұрсам  отыра 

алмаймын»  деген  мыстан  кемпірдің  сөзіне  лайықтап  құрып  отырғаны 

байқалады. 



209 

 

3.  Негiзi,  Астанадағы  базарлардың  барлығында  дерлiк  саудаланып 



жатқан  көкөнiстер  қала  шетiндегi  «Шарын»  көтерме  базарынан  алынады. 

Қаладағы сатушылардан сұрастыра келе, бақша дақылдары-ның бағасын 

сол базардағы жұрттың көтергенiн бiлдiк. «Көкөнiс неге қымбат?» деген 

сұрақтың  жауабын  табу  ниетiмен  «Шарынға»  тарттық.  Ол  жақтағы 

сатушылар  да  бағаға  қатысты  өз  уәждерiн  айтты.  «Бақсақ,  бақа  екен» 

демекшi,  «шарындықтар»бағаны  өзге  облыстардағы  көкөнiс  сататын 

шаруа  қожалықтары  өсiрiп  отырғанын  жеткiздi.  Шыны  керек,  мұны 

естiгенде, «Мақта қыз бен мысық» деген ертегi еске түстi... (ЖА, 27.02.14) 

Мақала авторы 

ертегіге  жүгіне отырып, оқиғаны оқырманға әсерлі 



жеткізуде  өте  ұтымды  қолданып  отыр  және  оқиғаны  ара  қарай  осы 

бағытта талдап көрсетеді: 

МАҚТА ҚЫЗ КIМ?  

...Айтқандай,  жоғарыда  тiлге  тиек  еткен  ертегiнiң  соңында  мысық 

өзiнiң  әлi  келетiн  тышқанды  ұстап,  оны  қорқытып-үркiтiп,  бейшараның 

бiр  табақ  бидайын  тартып  алады.  Сосын  бидайды  бартер  жасай  жүрiп 

ақыры  құйрығын  қайтарады  ғой.  Есiңiзде  ме?  Ендi  осы  ертегiдегi 

кейiпкерлердi  бейнелеп  алсақ,  онда  мысық  –  қолында  билiгi  бар  үкiмет, 

сауын  сиыр  –  мемлекеттiк  бюджет,  жиған-тергенiнен  айырылған  сорлы 

тышқан  –  қарапайым  халық  екенiн  оңай  аңғарамыз.  Ал  ендi  қолына 

сыпырғы ұстаған, мейiзi бар қырсық қызды кiм деп ойлайсыз? 

Қорыта  келгенде,  ертегiнiң  желiсi  бойынша  сүтi  төгiлген  Мақта 

қыздың  да,  құйрығы  жұлынған  мысықтың  да  ұпайы  түгенделедi.  Бұл 

ретте маңдайының соры бес елi әлгi байғұс тышқан ғана... (ЖА,27.02.14). 

Жоғарыда  келтірілген  мысалдардан  адресанттың  прецеденттік 

бірліктерді  қолдана  отырып  оқырманға  барынша  әсер  етуді  көздейтіні 

көрінеді.  

Тіл зерттеуші, ғалым Манкеева Ж.А. тілге  «Әр тіл – өз бойында ұлт 

тарихын,  төл  мәдениетін,  танымы  мен  талғамын,  мінезі  мен  санасын, 

кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық 

жүйе»  деп  анықтама  береді  және    тілді  –  жай  таңбалық  жүйе  емес,  ұлт 

болмысын  тұтас  сипаттайтын  мәдениет  деп  қарастырса  [5],  Ә. Қайдар 

мәдениет ұғымын «жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл 

ұлттық  менталитетті,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  сана, 

дүниетаным,  салт-дәстүр,  рухани-материалдық  байлықтың  бәрін  түгел 

қамтитын  өте  күрделі  ұғым,  әрбір  этносқа  тән  белгілі  бір  табиғи-

әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс» деп түсіндіреді [6].   

Адамдық  болмыстың  түп  қазығы  –  тілдік  қатынас.  Тіл  арқылы  ой, 

жеткізілетін  ақпарат  түсінікті  болады.  Тіл  адамзаттың  ойлау,  пайымдау 

процестерімен  бірлікте  жүзеге  асады  және  ол  тілдік  қатынастың  негізі, 

басты  құралы  болып  табылады.  Тілдік  қатынаста  қоршаған  орта  мен 

әртүрлі 


құбылыстардың 

санаға 


әсер 

етуінен 


пайда 

болатын 


ақпараттардың  жиынтығы  арқылы  адамдар  өмірде  бір-бірімен  пікір 

алмасады, түсініседі. Олай болса, с

ана тіл арқылы көрініс табумен қатар, 

тіл арқылы қалыптасады.

 


210 

 

Әдебиет 



 

1. Есенова  Қ.Ө.  Қазіргі  қазақ  медиа-мәтінінің  прагматикасы  (қазақ 

баспасөз материалдары  негізінде)  //Филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми 

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы. – 2007. – 8 б. 

2. Нахимова  Е.А.  Прецедентные  имена  в  массовой  коммуникации. 

Екатеринбург. 2007. – 207 с. 

3. Мәдиева  Г.,  Б. Иманбердиева  С.Қ.  Ономастика:  зерттеу  мәселелері.  – 

Алматы, 2005 – 122 б. 

4. Ворожцова О.А. Лингвистические исследование прецедентных феноменов 

в  дискурсе  российских  и  американских  президентских  выборов  2004  года  // 

Диссертация  на  соискание  учёной  степени  кандидата  филологических  наук. 

Екатеринбург. – 2007. 

5. Манкеева Ж.А. Тілдің адамтанымдық үрдісі. Қазақ әдебиеті, № 22. 

6. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998. – 304 б. 

7. «Жас алаш» республикалық г 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ТҰЛҒАСЫН 



ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

С. Айтуарова 



№ 36 ЖОББМ, Павлодар қ. 

 

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттiк  «Бiлiм»  бағдарламасында 



тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты –

«қазақстандық  патриотизм,  азаматтық,  iзгiлiк  және  жалпыадамзаттық 

құндылықтар  идеяларының  негiзiнде  тәрбиеленушiнiң  жеке  тұлға 

ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру» – деп бүгiнгi ХХI жаһандану 

ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке 

тұлға қалыптастыру көзделiп отыр. 

Еліміздің  алдыңғы  қатарлы  50  мемлекеттердің  қатарынан  көрінуі, 

экономикалық  еркiн  аймаққа  мүше  болуға  ұмтылысы,бiздiң  алдымызға 

үлкен  маңызды  мiндеттердi  жүктейдi.  Бүгінгі  жаһандануүрдісінде 

патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде 

бейбiтшiлiк  пен  тыныштықты  сақтау  мәселесi  тұрғысынан  қарас-

тырылады.  Қазақстандық  патриотизмді  әлемдiк  тыныштық  пен 

бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады. 

Қоғамның  әлеуметтік  даму  жағдайына  байланысты  Қазақстандық 

идея  тұрғысынанқоғамда  патриоттық  құндылықты  қалыптастыру 

факторлары:мемлекетіміздің  тәуелсіздігі  мен  егемендігін  сақтау,еліміз 

бен  жерімізді  ұрпақтан  –  ұрпаққа  аманаттап  отыру;  ұлттың  ұлт  болып 

қалыптасуының  негізгі  белгісі  ұлттық  тіл,  яғни,  қазақтілін  ұлтаралық 

тілдер мәртебесіне жеткізу; мемлекеттік тіл ретінде дамып, қалыптасуын 

жетілдіру  әр  азаматтың  міндеті  болып  табылуы  қажет;  мемлекеттік  тіл, 

ресми  және  республикада  тұратын  басқа  халықтардың  тіліне  деген 

құрмет; ұлтттық тарихи және мәдени мұраларға деген сүйіспеншілік пен 



211 

 

құрмет; ұлттық экономикалық даму процесіне өз үлесін қосу; табиғатты 



қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру; әлемдік техникалық 

прогрестің  алдыңғы  қатарынан  көріну,  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге 

барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясына  сәйкес  кәсіби 

мамандар қалыптастыруға жағдай жасау, т.б. қамтылады. 

Патриотизмнiң  қалыптасуының  тарихи  алғышарттарына  ғылыми 

талдау  жасау  барысында  оқушыларға  патриоттық  тәрбие  берудің 

әдiснамалық  негiзiн  тұлғалық,  іс-әрекеттік,  әлеуметтік,  аксиологиялық, 

мәдениеттану,  өркениеттiк,  жүйелiлiк  тұғырларын  саралай  отырып, 

бүгінгі  оқушы-жастарды  тәрбиелеудің  тұжырымдамасы  теориялық 

тұрғыда негізделді  

Ғылыми  еңбектердегі  «патриотизм»,  «Қазақстандық  патриотизм» 

ұғымдарына  теориялық  талдау  жасай  келе,«Қазақстандық  патриотизм  – 

Қазақстандымекендейтiн  барлық  ұлт  пен  ұлыстардың,  халықтардың 

Қазақстан  мемлекетi  әлемдiк  биiктенкөрiну  жолында  бiлiм,  мәдениет, 

экономика,  әлеуметтік  тұрғыда  дамуына  жағдай  жасай  отырып, 

елiмiздегi  бейбiтшiлiкті,  бiрлiк  пен  тәуелсiздiктi  сақтау  үшiн  барлық  

күш – жiгерiн жұмсау», –  деп тұжырым жасадық [1]. 

Ал  Қазақстандық  патриотизмдi  іске  асырукөп  ұлтты  Қазақстанда 

бiрлiк  пен  елдiктi  сақтай  отырып,  демократияландырылған,  әлемдiк 

өркениеттен  орын  алу  идеологиясына  негiзделгенстратегиялық  бағыт-

бағдар болып табылады.  

Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыадамзаттық тәрбиенің бiрi – 

тәрбиенiң  басқа  адамға  деген  қажеттiлiгi,  басқа  адамдарды  сүйе  бiлу 

қажеттiлiгi болып табылады. Философиялық тұрғыда рухани құндылық, 

соның  ішінде  патриотизм  рухани  сұраныстарды  қанағаттандыратын 

және  тұлғаныңрухани  әлемін  байытуды  көздейді.  Тұлғаның  бойындағы 

руханилық өлшемдер оның ой- санасында, мінез-құлқында,іс-әрекетінде 

ұлттық  және  жалпыадамзаттық  тәрбиенің  үйлесуі,  қалыптасуы  деп 

көрсетеді. 

Тұлғаның  бойындағы  патриоттық  құндылықты  айқындауда  жоғарыда 

патриотизмге  берiлген  анықтамаларға  және  құндылық,  адамгершiлiк 

құндылық  ұғымдарын  философия,  педагогика,  психология  ғылымдары 

тұрғысынан  саралайтын  болсақ,  тұлғаның  бойындағы  патриоттық 

құндылық  дегенiмiз  –  елi  мен  туған  жерiн,  Отанын  сүю,мемлекеттiң 

тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік  тыныштықтысақтау  үшiн күресу, 

өзінің  ана  тілін,  дінін,  салт  дәстүрін  бүгінгі  заман  талабына  сайұлттық 

мүдде  негізінде  жетілдіру,  қоғамдағы  iзгiлiк  қарым-қатынасты,  табиғат 

пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту. 

Патриоттық  тәрбиенің  жүйелілік  сипатына  келетін  болсақ,  ол  ең 

алдымен, тәрбие мен патриоттық сана-сезімнің жүйесі арқылы айқындалады. 

Жүйелі  патриоттық  сана  тұрғысынан  алғанда,  патриоттық  тәрбие 

тәрбиенің  идеялық-саяси,  адамгершілік,  құқықтық,  эстетикалық  және 

т.б.  элементтерінсіз  өмір  сүре  алмайды,  патриоттық  сана  Отанды 


212 

 

өркендету  мен  қорғауға  ішкі  даярлық  пен  қабілетті  қалыптастыруға 



белгілі  бір  әлеуметтік-саяси  бағыт  береді.  Сөйтіп,  патриоттық  тәрбие 

басқа  тәрбиенің  барлық  негізгі  бағыттарымен  бірге  жүзеге  асырылады. 

Патриоттық  тәрбиенің  соңғы  нәтижесі  ретінде  патриоттық  сана  өз 

Отанын  өркендету  жолындағы  күресте,  оны  нығайту  және  қорғау 

жолындағы қызметте көрініп, өлшенеді, сөйтіп, сол арқылы тиісті ерлік, 

жауынгерлік  және  ұлттық  дәстүрлер  түзе  отырып,  олар  кейіннен 

тәрбиелеуші факторға айналады . 

Патриотгық  тәрбиенің  жүйелілігі,  біріншіден,  тәрбие  объектісі  –

жеке  адамның  біртұтастығынан;  екіншіден,  отбасында,  ұжымда,  еңбек 

және  әскери  ұжымдарда  патриоттық  тәрбиенің  сабақтастығы  мен  бір 

мәнді  бағыттылығын  талап  ететін  қоғамдық  өмірдің  барлық  салалары-

ның өзара байланысынан; үшіншіден, тәрбиенің негізгі принциптері мен 

жалпы заңдылықтарынан және төртіншіден, негізгі мұраты жеке адамды 

жарасымды  және  жан-жақты  тәрбиелеу  болып  табылатын  тәрбиенің 

неғұрлым  жалпы  жүйесіне  патриоттық  тәрбиенің  ықпалдасуынан 

туындап жатады. 

Патриоттық  тәрбие  қоғамдық-саяси  қызметтің  күрделі,  салыстырмалы 

дербес жүйелерінің барлық белгілеріне ие болады. 

 Біріншіден,  ол  өзара  байланысты  тәрбиең  белгілі  бір  құрылымын 

иеленеді. Патриоттық тәрбие жүйесі кез келген әлеуметтік жүйенің төрт 

негізгі  топтарын  қамтиды:  материалдық,  іс-әрекеттік,  рухани,  адами 

құндылықтар.  Осы  құлдылықтардың  болуы  және  олардың  өзара 

байланысы  жүйенің  біртұтастығын  және  жаңа  (құндылықтарға  қатысы 

жағынан  алғанда)  сапалық  айқындылықты  белгілейтін  оның  құрамдас 

бөліктерінің  өзара  іс-әрекеттестігінің  әдісі  ретінде,  патриоттық  тәрбие 

жүйесінің  салыстырмалы  түрде  алғанда  тұрақты  құрылымының 

дербестігін айқындайды. 

Екіншіден,  патриоттық  тәрбие  жүйесіне  онын  міндеттерінен 

көрінетін өзіндік белсенділік тән.  

Үшіншіден, патриоттық  тәрбие дегеніміз – өзіне тән басқару тетігі, 

субъектісі мен объектісі, басшылық құралдары мен әдістері бар, өзін-өзі 

басқаратын  жүйе.  Саналы  басқару  –  бұл  жүйенің  өзіне  тән  әрі  қажетті 

сипаттамасы.  

Төртіншіден,  патриоттық  тәрбие  дегеніміз  –  уақыт  пен  кеңістікте 

дамып  отыратын  жүйе,  оның  өз  тарихы  және  өзіне  тән  заңмен 

белгіленетін  қалыптасу,  қызмет  атқару  мен  даму  процестері  бар  кез-

келген  жүйедегі  сияқты  патриоттық  тәрбиеде  де  әрдайым  өткеннің 

қалдығы,  бүгінгі  күннің  негіздері  және  болашақтың  нышандары 

болатыны жалпыға мәлім . 

Қазіргі  жағдайда  қазақ  халқының  патриоттық  тәрбиесі  жақсы 

қалыптасқан  және  біртұтас  болып  табылады,  оның  өзі  жүйенің  жаңа 

құдылықтарының, ішкі және сыртқы байланыстардың өзгеруі мен пайда 

болуы, атқарылатын міндеттер ауқымының кеңеюі арқылы үнемі жетіліп 

отырады. 



213 

 

Әдебиет 



 

1. Бекмағамбетов  А.Ж.,  Әбдікәрімұлы  Б.  Өлкетану  құндылықтары  арқылы 

оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беру  мүмкіндіктері  //Еуразия  гуманитарлық 

институтының хабаршысы. – 2007. №1. – Б.134-140. 

2. Бекмағамбетов  А.Ж.  Батыр  Н.Әбдіров  ерлігі  арқылы  оқушыларға  әскери-

патриоттық тәрбие беру //Ұлт тағылымы – 2007. №1. – Б.5-8. 

 

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУ 



АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ 

ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ 

 

С.Қ. Алғамбарова  

№2 А. Құнанбаев атындағы орта мектеп 

Екібастұз қ., Павлодар облысы  

 

Қазіргі  кезеңде  Қазақстанда  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге 



бағытталған  жаңа  талаптарға  лайықты  білім  беру  жүйесі  жүзеге  асып 

келеді.  Бұл  бағыт  оқу-тәрбие  үрдісінің  педагогикалық  теориясы  мен  

іс-тәжірибесін  мәнді  өзгерістермен  халықаралық  білім  беру  деңгейіне  

көтеруді көздейді. 

ХХІ  ғасыр  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа  компьютерлік 

сауаттылық  қажет.  Білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  білім  мазмұнын 

жаңартумен  қатар,  окытудың  әдіс-тәсілдері  мен  әр  түрлі  құралдарын 

қолданудың  тиімділігін  арттыруды  талап  етеді.  Осы  мақсатты  жүзеге 

асыруда  ақпараттықми  коммуникациялық  құралдарды    пайдалану  әдісі 

зор рөл атқарады.  

Осы орайда Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы: 

«Оқу  үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  білім  беру  саласын 

жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала 

отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай 

көшуіміз керек», – деген [1]. 

Ақпараттық  технологияларды  сабақта  пайдаланудың  негізгі  мақсаты: 

Қазақстан  Республикасында  біртұтас  білімдік  ақпараттық  ортаны  құру, 

жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалану  Қазақстан  Республикасындағы 

ақпараттық  кеңістікті  әлемдік  білім  беру  кеңістігімен  сабақтастыру 

болып табылады. 

Бастауыш  мектепте  компьютерлік  сауаттылық  элементтерін  қалып-

тастыру  керек.  А.В. Горячев,  А.Л. Семенов,  С.А. Бешенкова,  Ж. Қараев, 

А. Байдабекова,  К.З. Халықова  т.б.  бастауыш  мектептің  оқыту  үрдісінде 

жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалану  туралы  құнды  зерттеулер 

жүргізген. 

Көптеген  жаңа  технологиялармен  қатар  соңғы  кездері  барлық  

пәндерді  оқытуда  компьютерді  жиі  қолданылуда.  Осыған  байланысты 

күнделікті сабаққа: 



214 

 

– мультимедия  (видео,  аудио  қондырғылары  мен  теледидарды, 



электрондық оқулықтарды); 

– зертханалық тәжірибелер; 

– компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); 

– анықтамалық  мәліметтер  (сөздік,  энциклопедия,  карта,  деректер 

қоры); 

– интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай 



нәтиже  береді.  Мұндай  сабақтар  оқушылардың  қызығушылығын 

арттырып,  зейін  қойып  тыңдауға  және  алған  мәліметтерді  нақтылауға 

мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  ояту 

мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  

Қазіргі  таңда  оқудың  интерактивті  әдіс-тәсілдері  өте  көп. 

Педагогикалық  ғалым  мен  озық  тәжірибенің   бүгінгі  даму  деңгейінде 

белгілі   болған  оқыту  әдіс-тәсілдерінің  бәрін   де  еркін  игеріп,  әрбір 

нақтылы  жағдайларға  орай  ең  тиімдісін  таңдап  алу  және  олардың 

бірнешеуінің  жиынтығын  түрлендіре  тиімді,  үйлесімді  әрі  шығарма-

шылықпен қолдану – сабақтың сәтті өтуінің кепілі.  

Әр  сабақты  тиімді  ұйымдастыруда  оқушыны  жалықтырмайтын, 

қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз. 

Заман  ағымына  қарай  сабаққа  видео,  аудио  қондырғылары  мен 

теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. 

Әсіресе,  оқулықтағы  тарауларды  қорытындылау  кезінде  оқушылар 

қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсен-

ділігін  арттырып  қана  қоймай,  қисынды  ойлау  жүйесін  қалыптастырып, 

шығармашылығын дамытады.  

Тестік  тапсырмалар  орындайды.  Компьютер  көмегімен  оқыту  оң 

нәтижелер  береді.  Ақпараттық  мәдениет  дегеніміз  –  тек  компьютермен 

дұрыс  жұмыс  істей  білу  ғана  емес,  кез-келген  ақпарат  көзін:  анықтама-

ларды,  сөздіктерді,  теледидар  бағдарламаларын  т.с.с.  дұрыс  пайдалана 

білу  деген  сөз.  Бастауыш  мектепте  компьтерді  пайдалану  арқылы  ең 

алдымен оқушылардың пәніге деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.  

Оқушылар  теориялық  білімін  өздерін-өздері  тексеру  арқылы  әрі 

қарай  жандандырады.  Сабақта  қолданылатын  жаттығулар  көлемі 

ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды.  

Өз  беттерінше  де  ізденіп  бағдарлама  дайындауға  шығармашылық 

шабыт алады. 

Қазіргі  кезеңде  Қазақстанда  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге 

бағытталған  жаңа  талаптарға  лайықты  білім  беру  жүйесі  жүзеге  асып 

келеді. Бұл бағыт оқу – тәрбие үрдісінің  педагогикалық теориясы мен іс-

тәжірибесін  мәнді  өзгерістермен  халықаралық  білім  беру  деңгейіне  

көтеруді көздейді.  



Компьютерді  қолдану  мұғалімге  не  береді?  -  деген  сұрақ 

туындайды. Компьютерді сабақта  қолдану мұғалім үшін тиімді. 

1.  Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады; 



215 

 

2.  Білім сапасын арттыра алады; 



3.  Оқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады.      

Ал, компьютермен  жұмыс істеу  қолдану оқушыға не береді?  



– оқу  материалдарын  жиі  қайталау  мүмкіндігі  өсумен  қатар 

шығармашылық  шеберлігінің  артуына  жағдай  туғызады  Оқуға  деген 

қызығушылығын арттырады;  

– көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады;  

– ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі;  

– уақытты үнемдейді;  

– қайталау мүмкіндігін кеңейтеді;  

– орындаған  жұмыстарының  қателерін  бірден  көруге  мүмкіншілік 

тудырады;  

Білім  беруді  жаңарту  құралы  есебінде  компьютердің  рөлі  ұдайы 

өсуде,  ал  ол  өз  кезегінде  оқушыларды  оның  сауатты  қолданушысы 

болуға мәжбүр етеді. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар 

артықшылықтары  бар.  Компьтерлік  технологияны  қолдану  барысында 

оқытушының  әр  оқушымен  жеке  жұмыс  жасауға,  әрқайсысына  әр  түрлі 

тапсырмалар  беріп,  барлық  оқушының  білімін  бағалауға  мүмкіндігі 

болады,  кімнің  қай  тақырыпты  меңгермегенін  немесе  қай  жерде 

білімінің  осал  екенін  байқап,  соны  жүйелі  түрде  жою  үшін  көмек 

көрсете алады. 

Компьютерді  пайдалану  оқушыларды  шапшаңдыққа,  тапқырлыққа 

үйретеді.  Әр  оқушы  өзі  еңбек  етеді.  Оқушымен  оқытушы  қызметінде 

ақпараттық мәдениет қалыптасады. 

Ақпараттық  мәдениетті,  сауатты  адам  –  ақпараттың  қажет  екенін 

сезіну,  оны  тауып  алуға,  бағалауға  және  тиімді  қолдануға  қабілетті, 

ақпарат  сақталатын  дәстүрлі  және  автоматтандырылған  құралдарын 

пайдалана білуі керек. 

Адамзаттың  қолы  жеткен  ең  үлкен  табыстарының  бірі  –  осы 

ақпарат.  Бірақ  оны  шектен  тыс  ашық  қолдана  берсе,  жастар  санасын 

улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрд 

пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр.  

К. Халыкова: «Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың 

бақылауға  көнбейтін  кері  үдеріске  күннен-күнге  артып  бара  жатқаны 

байқалады»,     деген.  Қазіргі  таңда  балалар  үшін  интернет  –  бұл  қажетті 

ақпараттарға  оңай  қол  жеткізу  көзі  болып  отырғаны  баршамызға  мәлім. 

Интернетті  пайдалана  отырып,  бала  өзінеқажетті,  терең  зерттегісі 

келетін, қызығушылық танытқан мағлұматтарды таңдайды.

  

 



Сонымен бірге, бастауыш мектепте компьютер оқушылардың іс- 

әрекетін 

жедел 

бақылауды 

ұйымдастыру 

құралы 

ретінде 

пайдалануға болады. Оның мынадай артықшылықтары бар: 

– әрбір оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді; 

– тексерушіге жеке сынау беру мүмкіндігі бар; 

– компьютер нәтижелерді бағалаудың шынайылығын қамтамасыз етеді; 



216 

 

– уақытты үнемдейді; 



– қолайлы интерфейспен қамтамасыз етеді; 

– ақпараттың аздығымен ерекшеленеді; 

– сынау нәтижесін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді; 

– мұғалімнің  жетекшілігі  өзгереді,  енді  ол  бақылаушыдан  кеңес 

берушіге ауысады [7]. 

Бастауыш  сыныптан  бастап  компьютерді  оқыту  тәрбиелеу  ісінде 

қолдану мынандай міндеттерді қамтиды: 

– Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;  

– Оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі информациялық алмасу сипатынайқындау;  

– Дайын бағдарламаларды қолданабілу шеберлігін арттыру;  

– Қисынды ойлауындамыту;  

– ЭЕМ  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып  білім  беруді  информа-

тикаландыру. 

Ұрпақ  үшін  кітаптың  маңызы  қандай  болса,  компьютерде  оқушы 

үшін  қоршаған  әлемді  танудың  табиғи  құралы  болып  табылады.  Олай 

болса  барлық  сабақтарды  компьютерлердің  қуаттануымен  жүргізуді 

үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.  

Қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  өз  білімін 

көтеру  тиімділігін  де  арттырады.  Бұл  бірінші  кезекте  сандық  түрде 

жазылған  ақпараттарды  пайдалану  кезінде  қажетті  мәліметтерді  оңай 

табуға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  кезде  көптеген  әлемге  танымал 

энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. 

 Компьютердің  көмегімен  тек  белгілі  бір  аудиторияларда  ғана  емес, 

сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін 

Интернет  желісіне  қосылған  компьютер  керек.  Қашықтықтан  оқыту 

кезінде  тапсырманы  және  онымен  бірге  ұсынылған  оқулықтарды  қарап 

отырып  білім  алғысы  келетін  адам  өзі  ізденіп,  жауаптарын  салып 

жібереді.  Ол  мүмкіншіліктер  қатарында  ақпараттанған  қоғамның  білім 

жүйесін  ашық  жүйе  ретінде  құрап,  оңтайландырып,  орталықтан 

алшақтандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар.  

Бұл  жүйенің  қоғаушы  күші  индивидтің  психикалық,  танымдық 

қабілеті  мен  мүмкіншілігі  қырынан  тиімді,  психологиялық  жағынан 

толық  тексверілген  дидактикалық  жүйелер  мен  ақпараттық  оқыту 

технологиялары болып табылады.  

Соңғы  жылдары  ақпараттық  технологияның  дамуы  мен  қоғаның 

барлық  салаларына  қарқынды  тұрде  енгізілуі  баланың  жеке  тұлға 

ретінде дамып-жетілуіне елеулі іздерін қалдырды.  

Ақпараттың  үлкен  ағымы,  жарнамалар,  телеарналарда  ақпараттық 

технологияның 

қолданылуы, 

компьютерлік 

ойын 


орындарының, 

электрондық  ойыншықтардың  және  автоматтандырылған  техниканың 

көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді.  

 

 



217 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет