Жиынтық бағалауды қоюға арналған тапсырмалардың түрлері және қалыптастырушы бағалау парақшаларын дайындау әдістемесінің ерекшелігі Критериалды бағалау


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау



бет10/11
Дата22.07.2022
өлшемі85,72 Kb.
#37845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою кестесін қолданып балл қояды. Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізеді.Мұғаліммен бірге оқушы да бағалау нәтижелерін оқу барысындағы оқу жетістіктеріне жетуде қаншалықты алға ілгерілегендігін анықтау үші қолдана алады. Оқу нәтижелері мен кері байланыс әрекетінің оқушыны үнемі оқуға ынталандырып, алға жетелеп отыруы маңызды, сондықтан ол оқушыға түсінікті тілде, оның дұрыс қорытынды шығаруына мүмкіндік беретіндей болуы қажет.Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын қаншалықты тиімді игергендігін және қандай дағдылардың қалыптасқанын анықтау үшін қолдана алады. Қалыптастырушы бағалаудағы сияқты мұғалім бұл ақпаратты оқыту үдерісін ары қарай жоспарлауында қолдана алады.


Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы
Модерация оқушының жиынтық бағалау бойынша нәтиже қорытындысын мұғалімдердің қатысумен талқылауына байланысты үдеріс. Модерация үдерісі бір қатардағы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өткізіледі. Олар белгілі бір пән бойынша алдын ала жұмыстарды бағалау арқылы мұғалімдердің балл қою кестесін біркелкі түсінуін қаматамасыз етеді. Жиынтық бағалаудың модерациясы тоқсан аяғында өткізіледі және ол оқушылардың жиынтық бағалауының нәтижелерін талқылауға арналады. Аталған үдерісті мұғалім бір сынып және пән бойынша бағалауды стандарттау мақсатымен өткізеді. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін. Модерация үдерісінің төрағасы ретінде пән мұғалімі немесе пән бірлестігінің жетекшісі бола алады.


Оқушы портфолиосы
Оқушының оқу жылы бойындағы ілгерілеуін бақылау мақсатында мұғалім оқушының белгілі бір оқу кезеңдеріндегі орындаған жұмыстарын сақтауы қажет. Портфолио - оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңінде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеуін, оқудағы нәтижені көрсететін жеке жетістіктерін мақсатты түрде жинақтау. Портфолио оқушылардың нәтижесін бағалауда әділдікті және шынайылықты қамтамасыз ету мақсатында жинақталады. Портфолио мұғалімге оқушылардың бағаланатын оқу мақсаттарына жетуін анықтауға көмектесетін және жұмыс дәптерінің, оқушылардың салған суреттерінің, практикалық жұмыс орындау барысындағы кестелерінің, зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің, мұғалімнің оқушы жұмысына жазған түсіндірмесінің дәлелінен тұрады. Оқушылардың бірнеше жұмыстары электрондық түрде сақталуы мүмкін. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау бойынша орындалған жұмыстар, мысалы, жазба жұмыстары, практикалық жұмыстар, презентациялар, эссе және т.б. және бағалау критерийлері мен балл қою кестелері. • Күнделікті оқу үдерісі кезінде орындалған және оқу жетістігінің нәтижесін көрсететін жұмыс үлгілері. • Ұсыныстар, пікірлер, мұғалім тарапынан берілген кері байланыс. • Оқушы рефлексиясы.Портфолионың үлгісі оқушының жасы мен пәнге байланысты. Мысалы: АҚТ мен Информатика бойынша портфолио электронды түрде болуы мүмкін (кейде ол электронды портфолио деп аталады) және электронды тасығышта сақталады (дискте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет