болған бірінші ел. Қазақстанның төрағалығы сенім, дәстүр, ашықтық және
жеңісімен аяқталды. Еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесі 2011 жылы
80
қабылдаған Қазақстан Республикасы, геосаяси жағдайдағыхалықаралық
дәреженің жаңа сапалық деңгейіне көтеріле білді.
3. Қазақстан сонау 1963 жылдың өзінде бейбітшілік сүйгіш Ресаублика
ретінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі және су астында ядролық қаруды
сынауға тыйым салу туралы шарттарға келісетінін жариялаған болатын.
Сондай-ақ, 1976 ж. табиғи ортаны, әскери немесе өзге ықпал ету құралдарын
дұшпандық мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы конвенцияға ден
қоятындығын білдірген еді. Ал тәуелсіздік алған 1991 жылы, желтоқсанның
21-інде Алматыда қабылданған декларацияда ядролық қаруға қатысты
бірлескен шаралар жүргізуге келісім беріп, 1992 ж.Азиядағы іс-қимыл және
сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыруға бастамашы болды. Сөйтіп біздің
еліміз, XXI ғасырға табан тіреген шақта, соғыстың түп-тамырын біртіндеп
жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыруды жақтап келді. 2016
жылдың 31 наурызында жарияланған «XXI ғасырдағы әлем» деп аталатын
Н.Ә. Назарбаевтың Манифесінің негізгі мазмұны қасіретті атау - соғыс
атаулыны адам санасынан аластауға бағытталған.
Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің тыныштығына бағыштаған осы құжаты
бүгінгі таңда адам баласына әр түрлі атауымен белгілі бола бастады: біреулер
«Бейбітшілік. XXI ғасыр» манифесі десе, енді біреулер «XXI ғасырдағы әлем»
дейді. Ал өзінің нақты аталуы - Манифест. «Әлем. XXI ғасыр». Қалай
болғанда да бүгінде бұл құжптқа қызығушылық басым. Өйткені Елбасы Н.Ә.
Назарбаев бүкіл әлем халқы басшыларын «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»деген
тақырыпта кең ауқымды бағдарлама жасауға шақырады да, онда үш басты
қағидатты нақты мазмұндау керектігіне көңіл бөледі:
1) Қазіргі таңда соғыс бола қалған жағдайда, нәтижесінде жеңуші жақ
деген болмайды, онда бәрі жеңіледі.
2) Жаппай қырып-жоятын қарудан ешкім қашып құтыла алмайды және
оған жауап беретін адамдар да қалмайды. Сондықтан, қазіргі әлемдік лидрлер
мен олардың кейінгі ізбасарлары болашақ соғыс қатерін терең түсінулері
керек.
3) Мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеуді бейбіт
үндеулер мен сындарлы келіссөздерге негіздеу керек те, әлемдік алгаритмнің
іс-қимыл шаралары мынандай бес мәнді бағыттар бойынша түзілуі керек:
1) Ядролық және басқа да адамзатты қырып-жоятын қарудан толықтай
азат әлемге қарай батыл түрде ұмтылу.
2) XXI ғасырда соғыссыз әлемнің тұрақты географиялық ортасын
қалыптастыруға күш салу керек;
3) Әскери блоктарға БҰҰ астында мамлекеттердің бейбітшілік,
тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы жаһандық коалициясын қарсы
қою қажет.
4) Қазіргі таңда үлкен қатерге айналып бара жатқан терроршылардың
қолына аса қауіпті қарудың өтіп кетпеуіне тосқауыл қоя білу керек.
81
5) «Соғыссыз әлем - бұл бірінші кезекте, халықаралық қаржы, сауда-
саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті
парадигмасы».
Бақылау сұрақтары:
1) Қазақстанның сыртқы қатынастар саласындағы басымдықтарынан
қандай нәтижелер күтуге болады?
2) Қазақстанның бүгінгі таңдағы Батыс - Шығыс елдеріменқатынастағы
рөлі қандай?
3) Н.Ә. Назарбаевтың Манифесінің К. Маркс пен Ф. Энгельстің
«Коммунистік партия Манифесінен» қандай айырмашылығы бар және оған
басқа елдің саясаткерлері қандай баға беруде?
Достарыңызбен бөлісу: