М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет17/31
Дата12.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#8949
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
екен.  Мен  жердің  кеңінде  тұрмай  кім  тұрады? 
Менің сендей құдайым бар болғаны үшін, жердің 
кеңінде тұрамын. Сенің ар жағыңда сүйенетұғын 
құдайың жоқ, жердің тарында тұрғаның сол емес 
пе» - дегенде, «Рас айтасың, құлым. Сөзің – хақ 
сөз!» - деген екен. Сол айтқандай, сендей төрем 
бар, не ғамым бар, тақсыр»?!
Алшынбайдың  жесіріне  Торайғыр  би: 
«Алшынбайдың ажалы жетті де, менің ақ найзамның 
ұшының абиыры кетті де?!» – дегенде, ол: «Байым 
өзінен кемнен өлмей, өзімен теңнен өлген екен. 
Қараңғының көзі бола ма, тиіп кетсе сөзі бола ма! 
Құдайға разымын, байыма да разымын, өлтірген 
жаным, саған да разымын. Мен байымның құнын 
кештім» - деген екен.
Торайғыр  бидің  тастүйін  толғамдары, 
билік-кесімдері даналық мектебі, көркемдік қазына 
деуге болады. 
«Торыайғырды  тоқтату»  -  Торыайғыр  би 
Шоң  биге  өкпелеп  Жиделібайсынға  бет  түзеп 
кетіп бара жатқанда Қобының құмында Қарауыл 
Мүсет би басу айтып, елге қайтарғанда айтқаны: 
«Шоң,  Торайғыр,  сенбісің  мақтап  жүрген,  Бар 
өнерің  осы  ма  сақтап  жүрген?!  Елден  кетіп 
барасың, Мамыр менен Сабырға. Барғаннан соң 
сен жерсің, Жал-жая жоқ, қабырға. Жүйрік атың 
бар болса, Барымтаға шабарсың. Сұлу қызың бар 
болса, Бозбалаға жағарсың. «Ауыл қашан көшед?» 
-деп, Түндігіне қарасаң, Төрешіге барғанда, Төмен 
қарап,  жарарсың,  Асыл  туған  затыңды!  Шоң, 
Торайғыр атанған, Егіз шыққан атыңды, Қайдан 
іздеп  табарсың?!  Ұқсаң,  айтқаным  осы!  Босат 
атымның басын! – депті.»
«Тіл  мен  көз»  -  Шоң  би  мен  Торыайғыр 
би  Қаракесек  еліне  бітімге  бара  жатып,  жол 
бойында тұп-тура кісінің басындай ақ тасты көріп, 
тамашалап,  таңданысып  кете  барады.  Ауылға 
байдың үйіне ат басын тіреп, тағы да екі ала бас 
ботасы мен екі аққара бас марқасын қызықтапты. 
Бұлар  аттанғанша,  бұлар  да  пышаққа  ілініпті. 
Олар  өзара  шүйіркелесіп:  «Мына  боталар  мен 
марқаларға біздің көзіміз тиді. Кешегі біз сұқтанған 
тас  қайтті  екен?  –  десіп,  әдейі  бұрылып,  тасты 
көрсе ортасынан қақ жарылған екен дейді.
«Байдалы мен Айғаным» – Қуандық Байдалы 
би Бекшеұлы (1727-1822) Абылай хан ілтипатына 
ие болған атақты ділмар-шешен. Хан оны «сегіз 
биім, сегіз биімнің ішіндегі семіз биім» деп атаған. 
Уәлихан  дүниеден  озғанда  Айғаным  ханымға 
былайша көңіл айтқан: «Ер қартайды, мал қайтты, 
Екеуледің  Айғаным.  Қатын  шайпау,  ұл  тентек, 
Төртеуледің  Айғаным.  Ат  арыды,  мал  тозды, 
Жұрт билеген жақсыдан Жұртқа қайтқан ит озды, 
Алтауладың, Айғаным. Етік тозды, ұлтан жоқ, Қадір 
білер сұлтан жоқ, Сегіз болдың, Айғаным. – Ғаріплік 
қатты, жан тәтті, Дәл он болдың, Айғаным!».
«Ақтайлақ би» – ата-бабасы азуы алты қарыс, 
қара сөзді орып айтқан, тілге даңғыл дүлдүлдер 
болыпты.  Ақтайлақ  XVII  ғасырдың  аяғында 
Ташкентте бек болған «Нар дауысты Нарынбайдың» 
шөбересі, даусы аққудай саңқылдаған «қу дауысты 
Құттыбайдың»  немересі.  Бұған:  «Қу  дауысты 
Құттыбай,  Қазақ  туын  көтерді.  Даналықпен 
айырды, Келер менен кетерді» деген XVIII-XIX 
ғасырдағы қазақ ақынының сөзі айғақ. Ақтайлақ 
биден Сабырбай ақын туған. Халық ақыны Төлеу 
Көбдіковтың  шешесі  Қуандық  Ақтайлақ  бидің 
немересі екен. Ел аузында «Сыбаннан шыққан 17 
ақын» деген аңыз-әңгіме бар.
«Абылайдың Қалдан Шерінге елші жіберуі» 
(1-2  нұсқалар)  –  тұлғатануға  қатысты  тарихи-
әдеби деректерімен, тағдыранықтағыштық сипат-
белгілерімен  ерекшеленеді.  Қарабас  ханымның 
қазақ елшілеріне деген бірегей сыншылық қабілеті, 
болжампаз  көрегендігі  тәнті  етеді.  «Бітім  алып 
қайтуға  тұрарлық  үздіктерін  таңдап,  өрі-қыры 
бірдей көзге түсерлік төртеуін жоңғар қонтайшысы 
Қалдан Шерінге келіп, Қарабас ханым мынандай 
даналық ойларын жайып салады: «Мынау отырған 
Қазыбек ұйықтағанда екі қолын екі жаққа, екі аяғын 
екі жаққа жіберіп, керген төстіктей жатады екен. 
Оның мәнісі: «Дүниенің төрт бұрышын тіреп туған 
ұлмын!» - дегені. Қара бақайына шейін құт екен! 
Өлгенде арулаған жерін басып өткен ел бай болар! 
– дейді. Мынау отырған Тайкелтір - кішкене тілінің 
ұшы екі айырыла біткен екен. Өнері қара санынан 
келеді екен. Ер көмей, темір жақтың барып тұрған 
өзі екен. Балтакерей – Тұрсынбай «құлағы жоқ, 
шұнақ; құйрығы жоқ, шолақ» екен. Ерлігінен де 
міні жоқ. Жалғыз-ақ айыбы – жауы желкесінде екен. 
Онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек, - дейді. 
Мынау отырған Жәнібек: екі аяқты бір бастының 
сырттаны екен, өзінің оққағары бар екен. Күнінде 
ыңыршағыңды отқа жағып, бақайшағыңның майын 
шағатұғын осы екен!»
«Басқа да бұрынғы шешендік үлгілері» - Мәшһүр 
Жүсіп қолжазбаларында молынан көрініс тапқан. 
Төле би, Жобалай – Жаңабатыр би, Күнтубаласы 

97
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Жанайдардың алғыр, тапқыр сөздері және «Заман 
азбас, ел азар», «Қариялардан қалған сөз», «Байғыз 
деген құс болар» дейтін толғамдар жинақталған. 
Сондай  –ақ  Мәшһүр  Жүсіптің:  «Бұрынғы 
өрнекті хан, үлгілі билердің сөздерін айтушы да 
таусылды, шын құлақпен тыңдаушы да таусылды.
Енді сұм жалғанның сұмдық сөзі. Ел тозығы жетіп, 
сөзден  азғындық  белгісі  -  осы»  -  деген  пікірінің 
жаны бар.
«Бөлтірік би» - Мәшһүр Жүсіп: «Құдай рахмет 
қылсын Бөлтірік биге, кісі болса, осындай болсын» 
деп  сүйсінген.  Мәшһүр  Жүсіп  Бөлтірік  бидің 
қырғыз ханын әлденеше рет сөзден сүріндірген, 
қырғыз шешеннің қалайша сөзден тосылғанының 
тарихын тұжырымды баяндаған. 
«Боздақ  би  туралы  бір  дерек»  -  Мәшһүр 
Жүсіптің  көрсетуінше,  Ақиіс  –  Қалқаманның 
ұрпағы.  Салдық  құрған,  «сылқылдап,  әдемі 
киініп  жүрген».  Бейіті  Далбаның  ту  сыртында 
Үшқағылдың  оңтүстігінде  Жайма  деген  жердің 
күншығысында. Өлерінде: «Сүйіндіктің жерінің 
шетіне апарып қойыңдар! Олай-бұлай жүргені дуа 
қыла жүрер!» - деп, өсиет қалдырған.
«Боздақ би» - Қалқаманның Ақиіс тармағынан 
өрбіген. Шыншыл, әділ Боздақ бидің өз тұқымы 
жайында былай депті :« Бестеректің түбінде, Бес 
үйлі  Ақиіс  демесін,  «Бес  Мейрамға  білдірмей, 
Басын жеймін!» - демесін.»
«Жәуке шешен» - тапқыр ойлы, өткір тілді 
ділмар-шешен.  Айдабол-Күліктің  Айдаболынан 
тараған Еламанның баласы, Тұрсынбай, Шонтының 
ағасы.  Ол  Ұлы  жүзде  «Би  қатын»  атанған 
Сарайбикені сөзден сүрндірген. Керуенбасы Жәуке 
шешен Арқадан Бұқараға бет түзейді. Жолшыбай 
«Би қатынды» «Үйінде бар ма?» - деп сұрастырса, 
Түркістанда Тоғай хан шақырып, сол елге кетті» 
деседі.
Тоғай ханның ордасына сәлемдесуге барса, 
«Би қатын» тақтың үстінде жалы күдірейіп отыр 
екен. Айрықша құрмет, ықыласқа бөленген. Төменгі 
жақтағы науша жастар өзара күңкілдесіп, күлісіп:
-  Хан  мұның  қойнына  барады  ғой,  солай 
болғаны үшін осынша ардақтайды ғой – дейді
 Мұны Би Қатынның құлағы шалып қалып, 
біздерге қарап:
«Мұндар,  не  дейсің,  жағыңды  тас-талқан 
қылайын ба? – дейді.
Содан Жәуке би:
- Сүндетің бар ма? – дейді.
Қатын: 
- Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
-Оһ! – дейді.
- Жаназаға кіріп, еркекке имам болған жерің 
бар ма? – дейді.
Қатын: 
- Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
-Оһ! – дейді.
- Ердің құнына нардың пұлын төбеге шығып 
төрелік берген жерің бар ма? – дейді.
Қатын: 
- Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
- Оһ! – дейді, - Тең теңін олжалайды, тезек 
қабын  олжалайды.  Олжа  алуға  қатын  аттанса, 
жорықта  жүріп,  сақар  мен  сабын  олжалайды. 
Құралай бастаған киік оңбайды, Қатын бастаған 
көш оңбайды. Байтал шауып бәйге алмайды, Қатын 
қайраттанып қазан қайнатпайды. Оңбаған ханды 
төлеңгіті билейді, қараң қалған елді қатын билейді 
деген. Сен бір қараң қалған елдің ішінде тұрған 
немесің-дағы!  Мен  Арқада  жатқан  он  сан  Орта 
жүз деген елмін. «Абылай аспаған сары белмін»! 
Сен түгіл мына отырған Тоғай хан менің атымның 
шаужайын ұстауға жарар ма екен? Көзіңді ашып 
қара өзіңе! – дейді Жәуке шешен. 
Осы бір шешендік сөздерді жеткізген «аттыға 
жол, жаяуға сөз бермеген» «Алтай керуенбасысы» 
атанған Алтай Сайдалының Аққошқары. 
Ноғайлының  дәулеткер  байы  Құдайберді 
айдаһармен  дос  болған.  Осы  бір  әңгімені  де 
керемет келістіріп айтады екен Жәуке би.
«Үкібай»  –  XIX  ғ.  өмір  сүрген  би.  Заты  – 
Арғын, Қаржас бұтағынан. Едіге бидің немересі 
Итемген бидің бір қысырағы жоғалғанда Үкібай 
би  «атасының  жолын»  сыйлап,  түгел  қылып 
қайтарған екен. 
  «Үкібай  сөзі»  -  тарихилық  әрі  деректілік 
сипаттарымен өзгешеленеді. Би сөзінің бастамасы 
яки құлақкүйі былайша өріледі екен: «Адам Ата, 
Хан Шыңғыс, Дін мұсылман құл пейіс(бейіш), Алаш 
– алаш болғанда, Алаша хан болғанда, Үйіміз ағаш 
болғанда, Ұранымыз: «Алаш!» болғанда. Алты сан 
Алаш, жеті сан қазақ, Тоқсан екі баулы Қыпшақ, Он 
екі баулы өзбек. Тоғыз таңбалы Арғын. Сан таңбалы 
Абылай, Қол (Құл) таңбалы Бөкей. Есім ханның ескі 
жолы, Қасым ханның қасқа жолы».

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
98
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
«Абылай аспаған сары бел» аталған мәнісі», 
(1-6  нұсқалар)  -  мұны  қанатты  сөз  ретінде 
қабылдаған дұрыс. Абылай хан халықтың қуатын, 
құдіретін  сұңғылалықпен  түсінгендіктен  туған 
даналық тағылым. Хан қара бұқарамен есептесіп, 
санасып «Бес Мейрам» деген елден аса алмадым!» 
деп мойындаған екен. Бұл уақиғаның тарихы былай: 
Абылай хан Қаздауысты Қазыбек бидің еліндегі 
бір асқа қатынасқан. Сонда Шаншардың желбас 
бозбалалары:  «Анау  тұрған  ханның  басындағы 
бөркін  қағып  түсірсе,  не  қаһар  қылар?»  −  деп, 
Қаздауысты Қазыбек бидің інісі, «Мөртаңдайлы 
Балапан» ханның ту сыртынан барып, шыбықпен 
бөркін  қағып  түсірген.  Бұған  хан  міз  қақпаған. 
Бөрік жерге домалаған күйде қала берген. 
Ай  алмасып,  сынаптай  жылжып  жылдар 
өткенде,  Қызылжар  жәрмеңкесінде  Абылай  хан 
Қаздауысты  Қазыбектің  немересі  Жанайды, 
Төртуылдан  Ботақанды  байлап−матап  ұстайды. 
Абылай  хан  тірідей  көрге  түсіреді.  Ол  «көрге 
кірген тірі шықпайды» деп, өзінен өзі долданып, 
жүрегі  жарылып  өледі.  Қаздауысты  Қазыбектің 
ұлы  Бекболат  би  мен  Едіге  би  атқа  қонып,  Бес 
Мейрамның баласына, Орта жүзге ат шаптырып, 
«Абылайды шабамыз!» деп, жар салады.
Бекболат  би:  «Абылайдың  басын  алмасам, 
не қара қазанын қақ айырмасам, әкем Қазыбектің 
аруағы ұрсын!» − дейді. Күлік: Шобалай баласы 
Жаңабатыр  би  баласы  Жанақ  арқылы  сәлем 
айтыпты: «Бекболат пен Едігеге сәлем де! Ханын 
жаулаған халық оңбаған. «Ханын жаулаған қара 
оңбайды, Хан қисайса, бәрі оңбайды!» − деген. 
«Халық қадірін білмесе, хан тартпақшы жазасын!! 
Хан қадірін білмесе, халық тартпақшы сазасын!» 
− деген. «Абылаймен ұрыс, соғыс қыламын!» − 
демесін. Бітім сөйлесіп, жарассын! Арашашы бол!» 
– деп жіберді. 
Жасанған қол ханның Көкшетаудағы қоймасын 
тарыдай  ақтарып−төңкеріп,  сиыр  атаулысын 
сойып,  туларын  қандасып,  мәре−сәре  болып 
жатқанда  Бекболат  би  мен  Едіге  би  Орманшы 
Ақсарының Шотанасын Абылай ханға елшілікке 
жібереді, ол былайша сөйлейді: «Мейрам болып 
атқа қонды, үш мың кісі қол келді! Бақ деген бір қу 
таяқ. Оған сүйеніш болуға ырыс керек, құт керек. 
Көдедей көп сарттың ортасында, хан болатұғын 
болсаң, көзің көрмеді ме, қолың тимеді ме? Дүние 
бұзылса, Бұхараға сияды, Бұхара бұзылса, дүниеге 
сыймайды» − деп еді. Бұхараға сыймай, жалаң аяқ, 
жалаң бұт қашып келіп едің! Қара басың қаңғып 
жүріп, Сарыарқаға сыймағаның ба? «Ер толқыса, 
ел  сүйейді,  су  толқыса,  жар  сүйейді!»  −  деген. 
«Ел толқыған су емес пе?! Лақтың ойнақтағанына 
құлаған жар суға сүйеу болуға жарай ма? Байлауда 
өлген Ботақанның құнын берсін, Жанайды босатсын! 
Мың кісінің жолына бас−басына «жетім» бастатқан 
«тоғыз» және мың кісінің жолына бас−басына түйе 
бастатқан «тоғыз» берсін! Қалған мың кісіге мың 
ат, мың шапан берсін! Бұған көнбесе, тұрысатұғын 
жерін айтсын!» – деген. 
Сонымен желкілдеген ту да, жер қайысқан қол 
да жоқ. Абылай хан мен Балтакерей Тұрсынбай 
батыр,  Бекболат,  Едіге  билер,  атақты  Бекше 
мерген,  Жаңабатыр  бидің  баласы  Жанақ,  бір 
жақтан жас Көтеш ақын бір−бірлерін ұшырасып 
бітімге келіп, тыныш тауыпты. Хан қарашасымен 
қауышып,  масайрап  табысқан.  Ел  аузында 
«Абылай аспаған сарт бел» − деп атанған мәнісі 
осылай еді, − дейді. Бұған Абылай ханның Орта 
жүз туралы лебізі айғақ.
Мәшһүр Жүсіп билік-шешендік сөздерді хатқа 
түсірумен бірге, өзі де асқан шешен болған. «Болды 
екен  Мәшһүр  шешен  қандайында,  Басылған 
құдірет  мөрі  таңдайында»,  «Аузымнан  шыққан 
сөзім  таңдай  атқан,  Сондықтан  талай  жанды 
таңырқатқан» деген лебіздері айғақ. Ол – шешен 
сөздің тек-төркініне де барлау жасаған. Ол былай 
деп жазды: «Әр адам сөйлеген сөзін  – арамын алып 
тастап, адалын сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеген 
сөздің де қаны, жыны аралас болса, тыңдаушының 
мейірі қанбайды. Егер де қаннан, жыннан айырып, 
сап  сүттей  қылып  сөйлесе,  ол  сөзге  құлақтың 
құрышы қанады». Немесе: «Адамда ауыз тілі бар: 
«Қал тілі» - дейді. Көңіл тілі бар: «Хал тілі» - дейді. 
Оның ар жағында рух тілі бар: «Жан тілі» - дейді. 
Оның  ар  жағында  сыр  тілі  бар:  «Сапар  тілі»  - 
дейді». Тегінде, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерінің киесі 
мен қасиетін терең түсінген. Оның «біздің қазақ 
тілінің ішінде періштелердің бір сөйлеген сөзі жүр» 
деген пікірінде ғаламат сыр бар. Сайып келгенде, 
Мәшһүр Жүсіптің шешендік өнердің тарихы мен 
теориясы хақындағы ой-толғамдары өзектілігімен, 
көкейкестілігімен, тереңдігімен өзгешеленеді.
*******************
Мәшһүр Жүсіп Көпеев және дін. Көрнекті 
ақын,  тарихшы-этнограф,  ағартушы,  жиһангез-

99
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
саяхатшы,  дала  данасы,  көріпкел,  публицист, 
табиғаттанушы,  фольклор  жинаушысы,  ғұлама-
хакім Мәшһүр Жүсіп 9 жасында толқынды топтың 
алдында «Қозы Көрпеш – Бая сұлу», «Ер Тарғын», 
«4  жігіттің  өлеңі»  жырларын  көсемше  толғап 
мәнісімен  жатқа  заулатып  айтқан.  Тіл  білімінің 
негіздерін, атап айтқанда, грамматика, морфология, 
синтаксис,  логика  тармақтары  бойынша  жүйелі 
білім алған. «Толғадым тоғызымда толағайдай» 
деуі  тұп-тура  шындық.  «Мәшһүрде  тоқтау, 
жалығу, еріну, мүдіру, кідіру болмайды. Жарық 
шамдай жайнап, мөлдіреп аққан бұлақтай қайнап, 
тасыған  судай  төгілдіріп,  маржандай  тізілдіріп, 
бұлбұлдай сайрап, тыңдаушылардың көңілі әбден 
жайрап,  таңырқантып,  тамсантып,  мейірлерін 
қандырады». (Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. Т.8. 
Павлодар, 2006, 309-бет).
Мәшһүр  Жүсіптің  атағын  естіп,  сонан  соң 
өнерпаздығына куәгер болған ел ұстарлық өнер-
білімі  мен  ақыл  айласы  асқан  дуанбасы  Мұса 
Шорманұлы: «Өз заманында адамзаттың сырттаны, 
жігіттің сұлтаны атанып, халыққа мәшһүр болатын 
жан екен» - деп, ілтипат көрсеткен екен. 
Қамар  хазіреттің  Бибісі  Мария  мүбарак 
қолымен  қызының  басындағы  бөркінің  қадаған 
үкісінен бір шоқ үкі алып таққан екен. Ел аузында 
«Көпейдің  бір  баласы  –  сайрап  тұрған  бұлбұл. 
Ағып тұрған бұлақ, жанып тұрған шырақ» деген 
қанатты оралым сақталған. 
Мәшһүр Жүсіп 1863-1868 жылдарда Баянауыл 
медресесінде  Нәжметдин  молдадан,  1868-1872 
жылдарда Хамерреддин (Қамар) хазіреттен оқып, 
араб, парсы, шағатай және түркі тілдерін үйренеді. 
Шығыс елінің мәдениеті мен ғылымына қанығып 
сусындайды.  Қазақтың  ескілікті  ауыз  әдебиеті 
нұсқаларын  жинақтап,  жүйеге  түсіріп,  хатқа 
түсіреді. 
Шүкірлік бергеніңе, Құдай патша,
Он бесте шаптым жеке жүйрік атша!
Бір күндер ұйқтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша! 
–  дегенінен  оның  ақындық  серпін-тегеурінін, 
рухани  кемел  қабілетін,  дүниетану  даралығын 
көруге болады. 
1872-1874  жылдарда  Бұқарадағы  Көкілташ 
медресесінде жан-жақты білім алады. Көрегендік, 
болжампаздық  қасиеттерге  ие  бола  бастайды. 
Ой-пікірлерімізді тұздықтай түсу үшін, Мәшһүр 
Жүсіптің  адами  болмысына,  өміртарихына 
қатысты мынадай деректерді келтіргеніміз дұрыс 
болар.
–  Жұма  намазы  күні  үстінде  қара  шапаны, 
қолында аса таяғы бар ақ сақалды адам алдымнан 
кес-кестей береді. Сәлем бердім. Сәлемімді аларда 
аса таяғын жерге шанша салды. Ұшында еш темірі 
жоқ таяқ жерге қадалып, сәл дірілдегендей болды. 
Іле  таяғын  қолына  алып,  өзімді  үш  айналып, 
таяғымен әр жерімнен түрткіледі де: «72, 73» - деп, 
кері айналып жүре берді, – дейді. 
Тағы да мына бір Мәшһүр Жүсіптің басынан 
өткен тосын жайды айтпасқа болмас. 
– Бір күні монша іздеп келе жатыр ем, бір ақ 
сақалды адам кез бола кетіп: «Жүр, балам, мына 
жерде монша бар» - деп ерте жөнелді. Көп ұзамай-
ақ кешірек, көзге қораштау бір моншаға әкеліп, 
мені шомылдыра бастады. Арқа – басымды ысып, 
кәнігі  бір  моншашы  іспеттес  қимыл  жасайды. 
Ойладым, осыны кәсіп еткен бір пақыр болар деп. 
Ақша ұсынып едім. Алмады. Құдайы шайхы адам 
болды  ғой  деп,  киініп  алып  біраз  жүріп  барып 
артыма қарасам, әлгі жерде тұрған не монша жоқ, 
қария да көз алдымда ғайып болған.
Сөйтіп  таңғажайып  оқиғаны  ұстазыма 
таңырқана отырып баяндаған едім, о кісі былай деді:
«Құдай жарылқаған екен. Ол Қожабауеһдиннің 
моншасының ескі орны еді. Сені шомылдырған сол 
адамның өзі болар. Бұдан былай аузыңнан шыққан 
сөздің бәрі лепес, қабыл болады».
Мәшһүр Жүсіптің өзі де: 
Аузына кейбір жанның қыдыр дарып,
Ие бар тұратұғын кеңес салып.
Атқанда тигіземін оғымды ақтан,
Оғым көп жанып жатқан тіл мен жақтан
– деп толғанады. 
Мәшһүр  Жүсіп  Көкілпаш  медресесін 
тәмамдап елге қайтарда сабақтастары, ұстаздары 
Балқаш көліне дейін жеткізіпті. Сонда олар: «Бізге 
Сарыарқадан енді Мәшһүрдей шәкірт келіп дәріс 
алмас»  –  дейді  екен.  (Бұл  деректер  Сүйіндік 
Шәрәпиденұлы Көпеевтің «Мәшһүр Жүсіп өмірі» 
кітабынан (Павлодар, 2000) алынды).
Ол  1874-1876  жылдарда  ұстаздықпен 
шұғылданады. 1880 жылдардан бастап Мәшһүр 
Жүсіптің  шежірелік  деректерді,  ұлт  тарихына 
қатысты  мәліметтерді  тиянақты  түрде  жинауға 
кіріседі. Көсем сөздер туындатады. 1880-1885 «Дала 
уалаяты» газетіне, 1887 жылы Ташкент қаласынан 
шығатын газеттерге, 1911-1912 жылдарда «Айқап» 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
100
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
журналына материалдар ұсынады. «Дала уалаяты» 
газеті  Мәшһүр  Жүсіптің  шығармашылық  өнері 
жөнінде мынадай пікір білдірген: «Сөзі қара сөзбен 
болса да, өлеңмен болса да дәмді болып көрінеді. 
Көпеевтің  сөзінен  сөз  танушыларға  ғибрат  көп 
табылып тұр» (1890, №19).
Мәшһүр  Жүсіп  1881  жылы  Мейрам  қажы 
Жанайдарұлымен  танысады.  Ол  өз  заманының 
айтулы білімпазы болған. Орыс тілін жетік білген. 
Шығыс  халықтарының  және  қазақ  халқының 
атақты би-шешендерін, ақындарын, батырларын, 
хандарын,  тарихи-әдеби  жәдігерлерін  жиып, 
жүйелеп, зерделеген. Мейрам қажы Жанайдарұлына 
өз  заманында  Мекке,  Мәдина,  араб  жұртының 
жиһангездері,  Ташкент,  Түркістан,  Бұхара 
шаһарларынан  шыққан  ғұламалары  арнайы 
келіп,  тарих  пен  әдебиет  мұраларын  жинаған. 
В.В.Радловтың жиған-терген дүниелерін қадірлеген. 
Мәшһүр Жүсіп Шығыстың ұлы ойшылдары, 
оқымыстылары, сөз зергерлері, әсіресе, Авиценна, 
Сократ,  Әбілғазы,  Фирдоуси,  Науаи,  Сағди, 
Низами,  Таптазани,  Ғазали,  Нақшыбанди 
шығармашылығын зерделеп, зерттеп оқыған. 
Елдің «Бәрекелді-ай, туысымыздай бар екен!» 
деуінде ақиқат шындық бар. 
Мейрам  Жанайдарұлының  кітапханасында 
1870  жылы  Петербургте  жарық  көрген 
В.В.Радловтың кітабын көріп, көшірмесін алады. 
Ол әйгілі Саққұлақ шешен шежіреші Қаракесек 
Бердалы  қожв,  Аққошқар  Сайдалы,  Абылай 
хан  әулеттерінің,  Қоңырқұлжа  Құдаймендин 
ұрпақтарының аузынан жазып алады.
«Болат  майрылмайды,  асыл  жасымайды, 
қайратты  қажымайды»  деген  сөз  асылы,  ой 
асылы  бар.  Ендеше  Мәшһүр  Жүсіп  те  таным-
пайымын,  білім-білігін  тереңдету  мақсатында  2 
рет 1887 жылы Бұқара қаласына келеді. Осынау 
сапары  Қожа  Ахмет  Йасауи  кесенесін  көріп, 
тарихына  үңіледі.  Ташкент  шаһарында  Сыздық 
Кенесарыұлымен  дидарласып,  Хана  Кененің 
жорықтары  жайындағы  мәліметтерді  хатқа 
түсіреді. Сонымен қатар Майлықожа , Күдеріқожа, 
Ақмолда, Дайыр, Молдағали ақындармен жүздесіп, 
кейбіреулерімен айтысады да.
1889-1891 жылдарда Кіші жүз елінде Жәңгір 
төремен,  атақты  батыр  Науша  Қаржауұлының 
шөбересі  Қадырмен  сұхбаттасады.  Науша, 
Жәңгірхан,  Исатай-Махамбет,  Шернияз,  Тама 
Сарыбас  мерген  турасында  яки  тұлғатануға 
қатысты  мағлұматтарды,  ру-тайпа  таңбаларын, 
ұрандарын,  шежірелік-жылнамалық  жүйесін 
сипаттап,  ол  1895,  1907  жылдарда  Бұқара, 
Самарқанд,  Түркістан,  Ташкент  қалаларына 
келіп, әдеби-ғылыми шығармашылығын одан әрі 
өркендету, толықтыру, көркейту мақсатында білім, 
ырыс, игілік кәусарынан сусындайды. 
1907 жылы Қазан қаласындағы Хұсайыновтар 
баспаханасынан  «Хал-ахуал»,  «Тірлікке  көп 
жасағандықтан  көрген  бір  тамашамыз», 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» дейтін кітаптары 
жарияланады.
«Дінтағылымы» атты жазбаларында «мидың 
бес  қызметкері»  яғни  бес  сезім  мүшесі  («Хауас 
хамса»),  жігіттік  және  кәрілік  жас  уақыты  яки 
иненің жасуындай міні жоқ Құдайдың шеберлігі 
білімпаздықпен сөйленеді. Көңіл, нәпсі, қанағат, 
дене, көз, мұрын, құлақ, ауыз, қол, аяқ тәрізді дене 
мүшелеріне лайықты сипаттама береді. Мысалы, 
дене – шаһар, құлақ – телеграф, ауыз – телефон, 
аяқ – пароход...
«Егер қанағат байлығы берілсе, сол байлықтың 
арқасымен пенде Құдайды табады» - дейді. 
Я болмаса «Жеті семіз сиыр мен жеті жасыл 
бидай – жігіттің жас уақыты», «Жеті арық сиыр 
мен жеті қуарған бидай – кәрілік уақыты» дейтін 
ұғымдарды  ғылыми  айналымға  қосады.  Кәрілік 
дегеніміз  таршылық,  қоршылық,  жарлылық, 
зарлылық. Оның көріністері: 1) ашу, 2) шаһуат, 
3)  тәкаппарлық,  4)  күншілдік,  5)  хырыс  дүние, 
6)  өтегендік,  7)  кекшіл,  кінәшіл.  Ал  адамның 
болмысында 1) хикмет, 2) ғылым, 3) қанағат, 4) 
сабыр, 5) руза, 6) шажағат, 7) тағат болса, онда 
жақсы  мінездердің  арқасында  «денесі  Мысыр 
шаһары» іспеттес. Мәшһүр Жүсіптің көрсетуінше, 
«айтушы  Құдайдың  өзі  де,  не  сөйлесем,  соның 
сөзі» дейді.
Мәшһүр Жүсіптің діни-сопылық дүниетанымы 
мейлінше терең. «Ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең» 
таусылмайтын  сөз  бар.  «Ақырет  жабдығы» 
толғамында сөйлеуші мен тыңдарман арасындағы 
өзара қарым-қатысты Шайхы Әбілхасымның уағыз 
айту үстіндегі күйіне орай ойлар өрбітуі, яғни «жан 
ділмен, шын көңілмен» сөйленуі қажеттігі айтылады. 
Түркілік  сопылық  мәдениетті  жетік  меңгерген 
Мәшһүр  Жүсіптің:  «Көңіл  деген  үй  сықылды 
нәрсе.  Оның  ішіне  кіретұғын  иесі  –  Жаратушы 
Құдай  һәм  Құдайдың  пікір-зікірі»  –  дегенінде, 
діл,  ождан,  рухани  тазалық  жайын,  әсіресе, 

101

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет