Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: қаратпа сөздер; қыстырма сөздер; одағай сөздер



бет3/5
Дата28.06.2022
өлшемі32,31 Kb.
#37360
1   2   3   4   5
Қыстырма сөз - сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. Қыстырма сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Кей реттерде сөйлем түріндегі қыстырма сөз кездеседі. Бір қызықты жай - Абай поэзиясында да, прозасында да қыстырма сөз өте аз ұшырасады. Әдетте, мәдениетті сөйлеу, жазу дәстүрінде қыстырма сөзді көп қолдана бермеген де дұрыс. Тілдің эстетикасын өте терең ұғынған және халық тілінің байлығын еркін игерген Абай Қыстырма сөзді орыңды-орынсыз көп пайдаланудың қисынсыздығын жақсы білген. Тағы бір қызық жай - Абай шығармаларында қыстырма сөз «біл» сөзінің қатысуымен жұмсалып отырады: «Кім біледі, Сен кәпір, Баяңдыдан сендің бе? Әлде айналып, кім білер, Боталы түйе секілді Қорадан шықпай өлдің бе», «Ақынды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын кердім», «Мен білемін, қайтейін. Мұндай асыл тумайды», «...Әзіде білмей ме. Көп сөйлеп созбайын». Әдеттегідей, А. туыңдыларындағы Қыстырма сөз айтылған ойына автордың сенімін, күдігін, жорамалын т.б. көзқарасын аңғартады
Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, моральдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар: жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді. (М. Әуезов). Сөйлей бер, ақ домбырам, дүмбірлеген (Жамбыл). Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос (Махамбет). Қаратпа сөздерді А. Байтұрсынұлы "Тіл — құралында" бұратана сөздердің қатарына жатқызған

Одағай сөздер.


Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған.
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет