Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 55-беті 
 
55 
 
білім  беру  тапсырысы  (тапсырыс  берілген  жағдайда)  бойынша  магистратураға  қабылдау 
туралы бұйрықтың көшірмелерін ұсынады. 
Қосымша  
Бағалаудың 100 балдық шəкілі бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі 
 
Бағалаудың 100 балдық шəкілі бойынша балдар 
Бағалаудың 4 балдық шəкілі бойынша 
балдар 
95-100 
Өте жақсы (5) 
90-94 
85-89 
Жақсы (4) 
80-84 
75-79 
70-74 
Қанағаттанарлық (3) 
65-69 
60-64 
55-59 
50-54 
30-49 
Қанағаттанарлықсыз *(2) 
0-29 
 
*бейінді  магистратурада  «қанағаттанарлықсыз»  бағасына  0-ден  29-ға  дейінгі  балл  сəйкес 
келеді. 
 
 
 
2.3  БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫ  АУЫСТЫРУ  ЖƏНЕ  ҚАЙТА  ҚАБЫЛДАУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1 Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеттің (бұдан əрі - университет) білім 
алушыларды  ауыстыру  жəне  қайта  қабылдау  ережелері  (бұдан  əрі  -  Ереже)  «Білім  туралы» 
2007  жылғы  27  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы  Заңының  5-бабының 16)  тармақшасына, 
Қазақстан  Республикасы Білім  жəне  ғылым  министрінің  2015  жылғы  20  қаңтардағы  №19 
бұйрығымен бекітіліп, 2015 жылғы 5 қазандағы №591 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыру 
енгізілген«Білім  алушыларды  білім  беру  ұйымдарының  үлгілері  бойынша  ауыстыру  жəне 
қайта қабылдау қағидаларына» сəйкес əзірленген. 
1.2  Ереже  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетке  білім  алушыларды 
жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша ауыстырудың жəне 
қайта қабылдаудың тəртібін айқындайды. 
1.3 Білім алушыларды курстан курсқа, басқа жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру ұйымдарына, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік 
бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру 
гранты бойынша оқуға ауыстыру жүзеге асырылады. 
Ескерту. Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға 
ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен 
бекітілген  Жоғары  білім  алуға  ақы  төлеу  үшін  білім  беру  грантын  беру ережесіне  сəйкес 
білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады. 
1.4  Күндізгі  жəне  кешкі  оқу  нысанында  білім  алушылардың  ауыстыру  жəне  қайта 
қабылдау  туралы  өтініштерін  университет  ректоры  жазғы  жəне  қысқы  демалыс  кезеңінде, 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 56-беті 
 
56 
 
бірақ  кезекті  академиялық  кезең  басталғанға  дейін  бес  жұмыс  күнінен  кешіктірмей 
қарастырады. 
1.5 Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру жəне қайта қабылдау туралы 
өтініштерін  университет  ректоры  бір  ай  ішінде,  бірақ  қабылдаушы  білім  беру  ұйымының 
кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қарастырады. 
1.6  Білім  алушыларды  ауыстыру  немесе  қайта  қабылдау  кезінде  олардың  өткен 
академиялық  кезеңдерде  оқыған  жұмыс  оқу  жоспарларындағы  пəндердің  академиялық 
айырмашылығы айқындалады. 
1.7  Жұмыс  оқу  жоспарларының  пəндеріндегі  академиялық  айырмашылықты 
университет  транскриптте  немесе  білім  алуды  аяқтамаған  тұлғаларға  берілетін  анықтамада 
(бұдан əрі -  анықтама) көрсетілген оқыған пəндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен 
академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды. 
1.8  Білім  алушы  шетелдік  білім  беру  ұйымынан  ауыстырылған  немесе  қайта 
қабылданған  кезде  меңгерілген  оқу  бағдарламалары  туралы  құжат  (академиялық  анықтама 
немесе транскрипт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008 
жылғы  10  қаңтардағы  №8 бұйрығымен  бекітілген,  Нормативтік  құқықтық  актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген Білім туралы құжаттарды тану жəне 
нострификациялау 
ережесінде 
белгіленген 
тəртіппен 
Қазақстан 
Республикасында 
нострификациялау  рəсімінен  өтуі  тиіс  білім  берудің  алдыңғы  деңгейін  аяқтағаны  туралы 
құжат ұсынылады. 
1.9  Шетелдік  ЖОО-дан  ауыстыру  немесе  қайта  қабылдау  кезінде  Қазақстан 
Республикасында  жалпы  орта  (орта  жалпы)  немесе  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  алған 
тұлғалар  да  балы  белгіленген  өту  балынан  төмен  емес  ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  (бұдан 
əрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан əрі - КТ) сертификатын ұсынады.ҰБТ мен КТ-
ға  қатыспаған  немесе  өту  балын  алмаған  тұлғалар  бұйрық  шыққанға  дейін  КТ  тапсырады. 
КТ-ға  қатысу  үшін  өтініштерді  қабылдауды  жоғары  оқу  орындарының  қабылдау 
комиссиялары  5-12  тамызда  жəне  5-12  қаңтарда  жүргізеді.  Кешенді  тестілеу  20-24  тамызда 
жəне 20-24 қаңтарда өткізіледі. 
1.10 Жұмыс оқу жоспары пəндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім 
алушы осы пəндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне 
қатысады,  ағымдағы  бақылаудың  барлық  түрін  тапсырады,  қорытынды  бақылауға 
жіберілгендігі туралы рұқсат алады. 
1.11  Егер  академиялық  айырмашылық  пəндері  ағымдағы  академиялық  кезеңнің  оқу 
сабақтарының  кестесіне  енгізілмеген  жағдайда,  білім  алушы  оларға  жазғы  семестрге 
жазылады. 
Ескерту.  Мерзімі  6  аптаны  құрайтындықтан,  жазғы  семестрде  2-3  пəннен  артық  
жоспарланбауы  тиіс  жəне  оқу  семестр  бойында  жүктеменің  күндізгі  оқу  нысаны  бойынша 
18-22,  кешкі  оқу  нысаны  бойынша  12-15,  сырттай  оқу  нысаны  бойынша  9-12  кредиттен 
аспауы қатаң бақылануы тиіс. 
1.12  Жазғы  семестрде  жойылмаған  жұмыс  оқу  жоспары  пəндеріндегі  академиялық 
айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі. 
 
2  Білім алушыларды ауыстыру жəне қайта қабылдау ережелері 
2.1 Егер Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеттің(бұдан əрі  – АƏИУ) білім 
алушылары  жеке  оқу  жоспарына  сəйкес  меңгеріп  жатқан  бағдарламасының  бірінші 
академиялық  кезеңін  толық  аяқтаса,  олар оқудан  шығарылғаннан  кейін  ауыса  алады  немесе 
қайта қабылдана алады. 
Оқу  ақысын  төлемегені  үшін  оқудан  шығарылған  ақылы  негізде  оқитын  білім  алушы 
қарызын  өтеген  жағдайда,  оқудан  шығарылған  күннен  бастап  төрт  аптаның  ішіндеоқуға 
қайта қабылдана алады.Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 57-беті 
 
57 
 
келген  оқыту  нысанына,  кез  келген  мамандыққа  жəне  кез  келген  жоғары  оқу  орнына  ауыса 
немесе қайта қабылдана алады. 
2.2  Білім  алушыны  бір  мамандықтан  екіншісіне,  бір  оқыту  нысанынан  екіншісіне 
ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады. 
2.3  Білім  алушыны  ауыстыру  немесе  қайта  қабылдау  кезінде  олардың  əрі  қарай  оқу 
курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады.  
2.4 Білім алу кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында əскери 
міндетін өтеуге шақырылған білім алушылар тиісті оқу курсына қайта қабылданады.       
2.5  Бұл  ретте  АƏИУ  ағымдағы  оқу  жылы  ішінде  тапсыруға  қажетті  пререквизиттер 
тізбесін анықтайды. 
2.6  Меңгерілген  кредиттерді  қайта  есептеу  білім  беру  бағдарламаларын,  меңгерілген 
пəндер  тізбесінің  мазмұнын,  олардың  көлемін,  алынған  білімді,  білікті,  дағдылар  мен 
құзыреттерді, сондай-ақ оқыту нəтижелерін салыстыру негізінде жүргізіледі. 
2.7  Оқу  пəндері  бойынша  меңгерілген  кредиттерді  қайта  тапсыру  кезінде  қорытынды 
бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді. 
Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрінің  2011  жылғы  20  сəуірдегі 
№152 бұйрығымен  бекітілген,  Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу 
тізілімінде  №6976  болып  тіркелген  Оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  оқу 
процесін  ұйымдастырудың  қағидаларына  сəйкес  сынақ  ең  төменгі  D  (1,0;  50-54%)  жəне  ең 
жоғарғы  A  (4,0;  95-100%)  аралығындағы  диапазонда  төрт  балдық  жүйе  бойынша  сандық 
эквивалентке  сəйкес  білім  алушының  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  əріптік  жүйесіне 
теңестіріледі. 
2.8  Білім  алушыларды  курстан-курсқа  ауыстыру  оқу  жылының  қорытындылары 
бойынша  (аралық  аттестаттау)  жазғы  семестр  нəтижелерін  жəне  алынған  орташа  үлгерім 
балдарын (GPA - Grade Point Average) ескере отырып жүзеге асырылады. 
2.9  Білім  алушының  АƏИУ-де  белгіленген  ауысу  балынан  төмен  емес  үлгерімнің 
орташа  балына  (GPA  -  Grade  Point  Average)  қол  жеткізуі  білім  алушыны  курстан  курсқа 
ауыстырудың міндетті шарты болып табылады. 
2.10  Білім  алушыны  курстан  курсқа  ауыстыру  АƏИУ  ректорының  бұйрығымен 
ресімделеді. 
2.11  Белгіленген  ауысу  балына  қол  жеткізген  жəне  келесі  курсқа  ауыстырылған  білім 
беру  гранты  немесе  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы (бұдан  əрі  –  мемлекеттік  тапсырыс) 
бойынша  білім  алушылар  академиялық  қарызы  бар  болған  жағдайда  білім  беру  грантын 
немесе мемлекеттік тапсырыс орнын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды. 
2.12  Білім  беру  гранты  бойынша  білім  алушы  бір  жоғары  оқу  орнынан  екіншісіне  бір 
курсқа төмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін. 
2.13  Білім  беру  гранты  бойынша  білім  алатын  студент  білім  беру  грантын  сақтай 
отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады. 
2.14 Магистранттарбасқа ЖОО-ға тек ақылынегіздеауысаалады. 
2.15  Студенттер  мен  магистранттардыАƏИУ-ден  ұлттық  ЖОО-ларғa  ауыстыру  тек 
ақылы негізде ғана жүзеге асырылады. 
Бұл  ретте  студенттің  ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  немесе  кешенді  тестілеудің 
сертификатындағы  балл  саны  50-тан  төмен  болмауы  жəне  орташа  үлгерім  балы  (GPA  - 
GradePointAverage)  аталған  ұлттық  ЖОО-дағы  белгіленген  ауысу  балынан  төмен  болмауы 
тиіс. 
2.16 Білім алушыны курстан курсқа, бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан 
екіншісіне,университетке ақылы негізде ауыстыру жəне қайта қабылдау рəсімін АƏИУдербес 
белгілейді жəне оның академиялық саясатында көрсетілуі тиіс. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 58-беті 
 
58 
 
Бұл  ретте  білім  алушының  жеке  іс-қағазында  бакалаврат  үшін  -  ҰБТ  немесе  КТ 
тапсырғаны туралы сертификат, магистратура үшін - түсу емтихандарын тапсырғаны туралы 
сертификат болуы тиіс. 
2.17  Білім  алушыны  басқа  ЖОО-дан  АƏИУ-ге  ауыстыру  рəсімі  мынадай  тəртіппен 
жүзеге асырылады: 
-  АƏИУ-ге  ауысуға  ниет  білдірген  білім  алушы  өзі  оқыған  ЖОО  басшысының  атына 
ауысу туралы еркін нысанда өтініш  береді жəне ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім 
алып, қызығушылық танытқан АƏИУ ректорына өтініш білдіреді; 
-  АƏИУ  ректорының  атына  жазылған  ауысу  туралы  өтінішке  оқу  ісі  жөніндегі 
проректор  мен  офис-тіркеуші  қол  қойған,  мөрмен  бекітілген  транскрипттің,  білім  беру 
гранты  иегері  куəлігінің,  оқыған  ЖОО  басшысыныңатына  жазылған  өтініштің  (ЖОО 
басшысы қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс; 
-  факультет  деканы  (институт  директоры)  ұсынылған  құжаттардың  негізінде  оқу 
жоспарларындағы 
пəндер 
айырмашылықтарын 
айқындайды 
жəне 
меңгерілген 
пререквизиттерге  сəйкес  оқу  курсын  белгілейді,  білім  беру  бағдарламасына  сəйкес 
меңгерілген  кредиттерді  қайта  есептейді  жəне  тіркеу  бөлімімен  келісім  бойынша  білім 
алушының жеке оқу жоспарын бекітеді. 
Қажеттілігіне  қарай  факультет  деканының  ұсынысы  бойынша мамандық  дайындайтын 
кафедра  меңгерушілері  таңдау  пəндерінің  атаулары  əртүрлі  болғанымен  мазмұндары  бірдей 
пəндерді  теңестіріп  жəне  бұл  туралы  мəліметті  “Пəн  айырмашылықтарындағы  таңдау 
пəндерін теңестіру парағына” ендіріп, қол қойылған нұсқасын факультет деканына ұсынады. 
Егер таңдау пəндерінің мазмұндары бірдей болғанымен кредит санында айырмашылық 
болғанда (білім алушының игерген таңдау пəнінің кредит санынан осы университетте игеруі 
тиіс  пəнінің  кредит  саны  артық  болса),  онда  білім  алушы  сол  пəн  бойынша  жетпейтін 
кредиттерін игеріп, қорытынды аттестаттаудан өтуі тиіс. 
Факультет  деканы  (жоғары  оқу  орынан  кейінгі  білім  бөлімі  меңгерушісі),  офис-
тіркеуші, оқу жəне инновациялық технологиялар жөніндегі жөніндегі (ғылыми-зерттеу істері 
жəне  халықаралық  байланыстар  жөніндегі)  проректор,  АƏИУ  ректорықол  қойған 
бұрыштамаларға сəйкес білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады. 
2.18  Білім  алушыны  АƏИУ-ден  басқа  ЖОО-ға  ауыстыру  рəсімі  мынадай  тəртіппен 
жүзеге асырылады:  
-  басқа  ЖОО-ға  ауысуға  ниет  білдірген  білім  алушы  АƏИУ  ректорының  атына  ауысу 
туралы еркін нысанда өтініш  береді жəне ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, 
қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді; 
-  қабылдаушы  ЖОО  басшысының  атына  жазылған  ауысу  туралы  өтінішке  оқу  жəне 
инновациялық  технологиялар  жөніндегі  (ғылыми-зерттеу  істері  жəне  халықаралық 
байланыстар  жөніндегі)  проректор  мен  офис-тіркеуші  қол  қойған,  мөрмен  бекітілген 
транскрипттің,  білім  беру  гранты  иегері  куəлігінің,  оқыған  АƏИУ  ректорының  атына 
жазылған өтініштің (ректор қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс; 
-  факультет  деканы  (институт  директоры)  ұсынылған  құжаттардың  негізінде  оқу 
жоспарларындағы 
пəндер 
айырмашылықтарын 
айқындайды 
жəне 
меңгерілген 
пререквизиттерге  сəйкес  оқу  курсын  белгілейді,  білім  беру  бағдарламасына  сəйкес 
меңгерілген  кредиттерді  қайта  есептейді  жəне  тіркеу  бөлімімен  келісім  бойынша  білім 
алушының жеке оқу жоспарын бекітеді; 
-  факультет  деканы  (институт  директоры), офис-тіркеуші,  оқу  ісі  жөніндегі  проректор, 
ЖОО басшысы қол қойған бұрыштамаларға сəйкес білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық 
шығарады.  
 
2.19  Білім  алушылар  қатарына  қайта  қабылдау  ақылы  негізде  ғана  жүзеге  асырылады. 
       Қайта  қабылдау  рəсімін  АƏИУ  дербес  анықтайды.  Бұл  ретте  білім  алушы  АƏИУ 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 59-беті 
 
59 
 
ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді.  Қайта қабылдану туралы өтінішке 
Анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі. 
2.20  Білім  алушы  ауысатын  ЖОО-ның  басшысы  бұйрық  шыққан  күннен  бастап  үш 
жұмыс  күні  ішінде  білім  алушы  бұрын  оқыған  ЖОО-ға  оның  жеке  іс  қағаздарын  жіберу 
туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға білім алушыны ауысу тəртібімен қабылдау туралы 
бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі. 
2.21  Білім  алушы  бұрын  оқыған  ЖОО-ның  басшысы  мұндай  сұрауды  алғаннан  кейін 
«(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген мазмұндағы оқудан шығару 
туралы бұйрық шығарады жəне бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні  ішінде білім 
алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекенжайына жолдайды.Білім алушы 
оқыған  ЖОО-да  транскрипттің  көшірмесі,  сынақ  кітапшасы,  студенттік  билет  жəне 
жіберілетін құжаттардың тізімдемесі қалады. 
2.22  Білім  алушыны  басқа  ЖОО-дан  АƏИУ-ге  білім  беру  гранты  негізінде  ауыстыру 
кезінде АƏИУ ректоры білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін оның атына 
жазылған білім беру гранты куəлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уəкілетті 
органға  жəне  тиісті  бюджеттік  бағдарлама  əкімшісіне  АƏИУ-дің  қаржыландыру  көлемін 
түзету үшін ұсынады. 
2.23  Оқу  кезеңінде  пайда  болған  ауру  нəтижесінде  берілген  мамандықта  оқуға  тыйым 
салынғаны  туралы  дəрігерлік-консультативтік  комиссияның  қорытындысы  бар  білім  беру 
гранты  бойынша  білім  алушы  бір  мамандықтан  екіншісіне  білім  беру  тапсырысы  бойынша 
бос орынға ауысады. 
 
 
2.4 БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1. Жалпы ережелер 
1.  Осы  Осы  Аймақтық    əлеуметтік-инновациялық  университетте(бұдан  əрі   
университет)  білім  алушыларға  академиялық  демалыс  беру  ережелері  (бұдан  əрі  -  Ереже) 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, ҚРБҒМ 2014 
жылғы  4желтоқсандағы  №506  қаулысымен  бекітілген  «Білім  беру  ұйымдарында  білім 
алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларына» сəйкес əзірленген. 
1.  Академиялық  демалыс    университетте    білім  алушылар  (студенттер  мен 
магистранттар) медициналық айғақтар бойынша жəне өзге де ерекше жағдайларда өз оқуын 
уақытша тоқтата тұратын кезең. 
2.   Академиялық  демалысты  ресімдеу  үшін  білім  алушы  университет  ректорының 
атына  өтініш  береді  жəне  осы  Ереженің   6-тармақшасында  қарастырылған  құжаттарды 
тапсырады. 
3.   Білім алушыға академиялық демалыс мынадай: 
1) сырқатына  бойынша  ұзақтығы  6  айдан  12  айға  дейін  амбулаториялық-емханалық 
ұйым  жанындағы  дəрігерлік-консультациялық  комиссияның  (бұдан  əрі 
  ДКК) 
қорытындысы; 
2)  ұзақтығы  36  айдан  аспайтын  туберкулезбен  ауырған  жағдайда  туберкулезге  қарсы 
медициналық  ұйымның  Орталықтандырылған  дəрігерлік-консультациялық  комиссияның 
(бұдан əрі - ОДКК) қорытындысы; 
3)  əскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде; 
4)  босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін беріледі. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 60-беті 
 
60 
 
4.  Университет ректоры үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде білім 
алушыға басталу жəне аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы 
бұйрық шығарады. 
5.  Осы  бағдарламаны  қаржыландырудың  тиісті  сомасы  мен  мерзімдерін  түзету  үшін 
университет ректоры білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру 
туралы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігіне үш 
жұмыс күні ішінде жолдайды. 
6.  Білім  алушы  академиялық  демалыстан  шыққан  соң  университет  ректорының  атына 
өтініш  береді  жəне  ауруына  байланысты  академиялық  демалыста  жүрген  білім  алушы  осы 
мамандық  бойынша  білімін  жалғастыру  мүмкіндігі  туралы  қорытындымен  қоса  науқасты 
қараған денсаулық сақтау ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасын 
тапсырады. 
7.  Ұсынылған  құжаттардың  негізінде  университет  ректорының  үш  жұмыс  күнінің 
ішінде  мамандығын,  курсын  жəне  тобын  көрсете  отырып,  білім  алушының  академиялық 
демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады. 
8.  Осы  бағдарламаны  қаржыландырудың  тиісті  сомасы  мен  мерзімдерін  түзету  үшін 
мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы академиялық демалыстан келген кезде 
университет  аталған  бұйрықтың  көшірмесін  үш  жұмыс  күнінің  ішінде  Қазақстан 
Республикасы Білім жəне ғылым министрлігіне жолдайды. 
9.  Университет 
ректоры 
ұсынылған 
құжаттардың 
негізінде 
оқу 
жұмыс 
жоспарларындағы  пəндердің  айырмашылығын,  оқу  курсын  анықтайды  жəне  офис 
регистратормен келісе отырып, білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді. 
10.  Академиялық  демалыстан  келген  соң  білім  алушы  оқуын  аталған  демалысты 
ресімдеген курстан (жəне академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады. 
11.  Егер академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу  уақыты 
академиялық  кезеңнің  басталуына  немесе  аяқталуына  сəйкес  келмесе,  білім  алушы  жеке 
кесте  бойынша  барлық  оқу  тапсырмаларын  орындап,  рейтингке  рұқсат  алу  үшін  қажетті 
балдарды  жинайды  немесе  жазғы  семестрде  айырмашылықтар  пайда  болған  пəндерге 
жазылады. 
12.  Білім  алушы  айырмашылықтарды  жою  үшін  ағымдағы  оқу  жұмысымен  қатар 
академиялық  кезеңде  барлық  сабақ  түрлеріне  қатысады,  сол  пəн  бойынша  оқу  жұмыс 
жоспарында  қарастырылған  ағымдағы  жəне  кезеңдік бақылаудың  барлық  түрлерін 
тапсырады,  рұқсат  алады  жəне  академиялық  күнтізбеге  сəйкес  білім  алушыларды  аралық 
аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады. 
 
 
 
2.5  КРЕДИТТІК  ОҚЫТУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ  БОЙЫНША  ОҚУ  ҮДЕРІСІІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1. Жалпы ережелер 
1.Осы  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетте  «Оқытудың  кредиттік 
технологиясы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру  ережелері»  (бұдан  əрі  -  Ереже)  «Білім 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы 
Білім жəне ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сəуірдегі  №152 бұйрығымен бекітіліп,  2014 
жылғы 2 маусымдағы №198 жəне 2016 жылғы 28 қаңтардағы №90 бұйрықтарымен өзгерістер 
ендірілген  «Оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру 
қағидаларына» сай əзірленді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 61-беті 
 
61 
 
2.Ұлттық  білім  берудің  білім  беру  бағдарламаларын  халықаралық  тану,  білім  беру 
ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-
ақ  білім  беру  сапасын  арттыру  жəне  білім  берудің  барлық  деңгейлерінің  сабақтастығын 
қамтамасыз ету үшін университетте бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады. 
3.Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің 
біріздендірілген  өлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану  арқылы,  білім  алушының  пəндерді 
таңдауы жəне реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады. 
4.Кредиттік  оқыту  технологиясы  кезінде  оқу  жұмысының  еңбек  сыйымдылығының 
есебі  кредит  арқылы  өлшенетін  оқытылатын  материалдың  көлемі  бойынша  жүзеге 
асырылады. 
5.Кредиттік  оқыту  технологиясы  білім  берудің  барлық  деңгейлері  бойынша  бұрын 
меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады. 
6. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 
1)  академиялық  еркіндік  -  білім  беру  үрдісінің  субъектілеріне  оларды  таңдау  бойынша 
жиынтық  пəндерден,  оқытудың  қосымша  түрлерінен  білім  мазмұнын  дербес  анықтау  үшін 
жəне  білім  алушылардың,  оқытушылардың  шығармашылық  дамуына  жəне  оқытудың 
инновациялық технологиялары мен əдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру 
қызметін  ұйымдастыру  үшін  ұсынылатын  білім  беру  процесі  субъектілерінің  өкілеттіктер 
жиынтығы; 
2)  академиялық  кезең  (Теrm)  -  үш  нысанның  біреуін  таңдайтын  өз  білім  беру 
ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан; 
3)  академиялық  күнтізбе  (Асаdеmіс  Саlеndar)  -  оқу  жылы  бойына  демалыс  күндерін 
(каникулдар  мен  мерекелерді)  көрсете  отырып,  оқу  жəне  бақылау  іс-шараларын,  кəсіби 
практикаларды өткізу күнтізбесі; 
4) академиялық мобильдік - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі 
бір  академиялық  кезеңге:  семестр  немесе  оқу  жылына  өзге  жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде 
немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде 
тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер 
жүргізу үшін ауыстыру; 
5)  академиялық  сағаткесте  бойынша оқу  сабақтардың  (аудиториялық  жұмыс)  барлық 
түрлері немесе жеке бекітілген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс 
жұмысының уақыты; 
6)  белсенді  үлестірмелі  материалдар  (КҮМ)  (Hand-оuts) -  білім  алушының  тақырыпты 
шығармашылықпен  табысты  меңгеру  үшін  оқу  сабақтарында  таратылатын  көрнекі 
безендірілген материалдар (дəріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз 
бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар); 
7) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде 
бір пəннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру 
сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рəсім; 
8)  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  (Qualification  Eхamination)  -  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  қарастырылған  оқу  пəндерінің  игеру  дəрежесін 
немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рəсім; 
9)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістігі  -  білім  алушылардың  оқу  үдерісінде  алатын 
жəне  жеке  тұлғаның  қол  жеткізген  даму  деңгейін  көрсететін  білімі,  іскерліктері  мен 
дағдылары, құзыреті; 
10)  білім  алушылардың оқудағы  жетістіктерін  бақылау  - жоғары оқу  орындары  дербес 
анықтайтын  бақылау  мен  аттестаттаудың  əртүрлі  нысандары  арқылы  (ағымдық,  межелік, 
қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет