Сабақ Тақырыбы: «Десмургия»


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі- 30 минут



бет2/4
Дата10.12.2022
өлшемі88,13 Kb.
#56312
түріСабақ
1   2   3   4
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі- 30 минут
Десмургия тақырыбына арналған видеоролик .
Десмургия тақырыбы бойынша слайд-презентация.


Десмургия


Десмургия дегеніміз – таңғыш байлау және қолдану турады ілім. Таңғыш- адам денесіне емдік мақсатта таңылған материал. Таңғыштар адамның жарасын, сынықты т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Әрбір медицина қызметкері таңудың түрлерін білуі керек, кез келген уақытта, кез келген жерде, жағдайда дереу көмек көрсетіп, қан тоқтатып, жараны байлау үшін таңғышты қолдана білуі тиіс.


Таңғыш жасалған материалына қарай жұмсақ және қатты болып бөлінеді. Қолдану мақсатына қарай:


Қорғайтын таңғыш болады- ол жараны инфекция түсуден қорғайды.
Қысатын таңғыш – қан тоқтату үшін дененің бір жеріне қысым жасайды.
Қозғалтпайтын таңғыш- иммобилизациялайтын- сынықты не шыққан буынды қозғалтпай науқасты тасымалдау, емдеу кезінде пайдаланады.
Ауа жібермейтін – окклюзиялық таңғыш- плевра қуысы жарақаттанған кезде салынады.
Коррекциялайтын-түзейтін таңғыш- дененің дұрыс емес біткен жерлерін түзейді, мыс, гипс жаға мойны қисық болып туған балаға салынады.
Тартатын, созатын таңғыш- сынықты емдеуде қолданылады.
Таңғыш ретінде дәкеден істелген бинт, мақта, эластик бинт, торлы-түтікше бинт, мақта-мата материалын қолданады. Материал ретінде – ағаш, гипс, металл, пластмасса, клей т.б. қолданады.


Жұмсақ таңғыштар: бинт, үшбұрыш орамал, клей, праща, эластик, торлы түтікше. Қатты таңғыштар: шина, гипс, пластмасса, клеол, желім.



Жұмсақ таңғыштар 2 бөліктен тұрады:


жараны жабатын стерильді салфетка.
оны бекітетін таңғыш материал.


Көбіне таңғыш ретінде бинтті пайдаланады. Оның спиральді, орап байлау, жорғалата байлау, 8-тәрізді байлау, айқастырып байлау т.б. түрлері бар.


Үшбұрыш (косынка) орамал- бас, аяқ, қол жарақаттанған кезде таңылады. Праща- бастың шығыңқы тұстарына: мұрын, иек, маңдай, желке тұсқа салынады. Жеке таңу пакеті (ИПП)- дайын стерильді пакетке салынған бинт, 2 жұмсақ уыс мақтасы бар, пакет іш жағынан резинамен тысталған. Бинт, бір уыс мақта аралас сырылған 2 бөлігі жараны жабуға, сыртқы тысы кеуде жарасын бітеуге қолданылады. Клейлі (желімді) таңғыш – жараны инфекциядан қорғау үшін таңылады. Салфетканы жараға клейлі таңғышпен желімдеп бекітуге болады.


Кейбір науқастарды сүйегі сынып, буыны шыққан кезде тасымалдау кезінде жарақат алған жерін қозғалтпайтын ету керек. Ол үшін иммобилизациялық тасымалдау шиналарын пайдаланады. Мұндай адамды фельдшер жалғыз не екі адам болып, үш адам болып қолмен тасымалдауға болады. немесе коляскамен, каталкамен, зембілмен тасымалдауға болады. қандай әдіспен тасымалдаса да мына ережелер сақталуы керек:


Шина оқиға болған жерде санылады. Әуелі жарасы таңылып, содан кейін шина салынуы керек.
Шина зақымдалған тұстағы көрші 3 буынды, кем дегенде 2 буынды бекітуі тиіс. Тоқпан жілік сынғанда және ортан жілік сынғанда міндетті түрде көрші 3 буын бекітіледі.
Науқасты өте ақырын тасымалдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет