Сабаққа қатысушы сабақты талдауда төмендегіше негізгі бөлімдер қарастыруы қажет:
Сабақ мақсаттарын талдау.
Сабақ құрылымы мен ұйымдастыруын талдау.
Сабақ мазмұнын талдау.
Сабақты өткізу әдісін талдау.
Оқушылардың іс-әрекеті мен тәртібін талдау.
Білім, білік, дағдыларының сапасы
Оқушылардың алған үй тапсырмасын талдау.
Сабақтың оқу-тәрбие мақсаттарына жету деңгейін бағалау.
САБАҚТЫ ӨЗІНДІК ТАЛДАУ
- Талданып жатқан сабақтың оқытылып жатқан тақырыпта алатын орны;
- Сабақ мақсаты мен міндеттерін негіздеу, жоспарланған іс-әрекеттердің орындалу деңгейі;
- Сыныпқа мінездеме беріп, қолданылған оқу материалдарын таңдау себебін түсіндіру;
- Оқушылар орындаған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне педагогикалық, психологиялық баға беру, оқушылардың сабақтағы өзбетінше ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерді түсіндіру, осы тәсілдердің сабақ мақсатына, құрылымына, қойылға білімділік, тәрбиелік міндеттеріне сәйкестігін дәлелдеу;
- Мұғалімнің сабаққа (оның кезеңдеріне) қанағаттануы немесе қанағаттанбауы. Аталған кемшіліктерді жою жолында іске асырылатын іс-шаралар, сабақта қол жеткізген жағымды нәтижелерге баға беру, түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |