Тақырып № Гүл морфологиясы. Андроцей мен гинецей. Гүл шоғырының түрлері


Феллема, феллоген, қыртыс қалай пайда болады?



бет8/12
Дата18.02.2023
өлшемі40,35 Kb.
#69015
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
5. Феллема, феллоген, қыртыс қалай пайда болады? 
Феллоген эпидерма клеткаларының тангентальді жолымен жөне эпидермаға төселе немесе терең орналасқан қабықтың паренхим алық клеткалары бөлінгеңде пайда болады Мысалы еменде - Queicus, жөкеде - Тіііа, пшеде - Ceiacus, қызыл пшеде — Ceiacus erythzucarla, қазтамақта - Geranium және басқа да көптеген өсімдіктерде феллоген қабық паренхимасының сыртқы клеткаларынан; аршада - Juniperus, үшқатта - Lonicera, қарақатта - Ribes қабықтың ең ішкі клеткаларынан; алмүртта - Pyms, талда - Salix, шегенде - Saibus, шөңгіште Viburnum (шеңгел жидек) эпидерма клеткасынан пайда болады. Феллоген клеткалары қайта-қайта бөлінеді. Оның сыртқа қарай орналасатын клеткалары тез қыртыстанып, өлі жабыңдық ұлпа - тозға немесе феллемаға (грек, “феллос ” - тоз, қыртыс) айналады. Ал енді ішкі қабаты тірі қалады да, феллодерманы түзеді. Феллодерма клеткалары өздерінщ қызметі мен қүрылысы жағынан астындағы қабық паренхималарымен тіптен ұқсас болады. Бірақ феллодерма клеткалары дұрыс радиальды орналасуымен ерекшеленеді де, бүлардың шығу тегінің екінші дәрежелі екендігін дәлелдейді. Бұл үш ұлпа - тоз (феллема), түзуші ұлпа - феллоген және феллодерма - күрделі жабыңцық ұлпа перидерма түзеді. Сыртқы тоз клеткалар қатары жаңадан пайда болтан клеткалар қысымынан бүйірлері қатты қысыңқы, жабысыңқы келеді. Клеткаларының орналасуы дұрыс, радиальды.
Қыртыс феллогеннің белсенділігінен пайда болады.Ең алғашқыда феллоген - тоз камбийі, бірінші және екінші қабықтың ұллаларында, орталық шеңберге бағыттала қалыптасады.Қыртыс тоз жөне өлі паренхима кезектесе орналасқан, көп қабатты өлі ұлпа.Қыртыстың қабаттарында бұл екеуінен басқа тін талшықтарын, бұзылған шайыр жолдарын, електі түтіктерді, тасты клеткаларды және т.б. байқауға болады.


Тақырып №4 Түпкілікті ұлпалар: Өткізгіш және механикалық ұлпалар
Сұрақнама:
1.Механикалық ұлпаның қай түрі күрделіге жатады?
Склеренхима (грек, “скдерос” - қатты, “энхима”- қүйылган) - арқаулық үлпаның негізгі түрі. Бұл өсімдіктің остік мүшелерінің беріктігін қамтамасыз етеді. Склеренхиманың екі түрі болады - талшық және склереидтер. Талшық клеткалары пішіні прозенхималық. Олардың ұзындығы 1-2 мм-ден кейде 400 мм дейін болса, диаметрі 1 мм-дің жүзден бір бөлігіндей ғана болады. Демек, талшықтардың ұзыңдығы өзінің енінен бірнеше жүз есеге дейін артық болады. Клетка қабықшалары қалың және қабатты. Клетка қуысы тарыла келе, тар канал тәріздес болып, көлденең кесіндісінде нүкте пішінді болады. Клетка қабықшалары көп жағдайда сүректенеді. Тек кейбір өсімдіктер түрінде склеренхималарының клеткалары сүректенбейді немесе баяу сүректеледі. Бұл жағдайда клетка қабықшалары қалындағанмен, целлюлозды қалпында қалады да, олар өте берік және созымдылығын, майысқақтығын жоғалтпайды. Мұндай талшықтар - зығырда, сорада, кенепте, кендір және басқа да өсімдіктерде болуы мүмкін. Склеренхималық клеткалардың қабықшасы болаттың беріктігіне жақын, төзімділік қасиетке ие. Олар кейде динамикалық салмаққа қарсы тұру қасиеті жағынан, болаттан артық болады да, қалдықты деформация болмайды. Бұл қасиет тек клетка қабырғаларының материалы мен ғана емес, қарапайым талшықтардың құрамымен, өзара орналасуына байланысты. Талшықтар өсімдіктердіц остік мүшелерінде, сабағында және тамырында болады. Бұдан басқа олар өткізгіш шоқтардың құрамына енеді. Көптеген өсімдіктердің алғашқы қабығында немесе перициклінде талшықтар шеңбер түзе орналасады. Склеренхима клеткалары толық қалыптасқаннан соң, олардың тірі құрамдары өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет