Технология және биоресурстар факультеті


№9  ДӘРІС.  Дәрістің тақырыбы



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата20.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4559
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

№9  ДӘРІС. 

Дәрістің тақырыбыЕт ұлпасы 

 

Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  ет  ұлпасының  құрылысымен  және  олардың  даму 

процестерімен,  сондай-ақ,  жануарлар  организмінде  кездесетін  түрлерімен,  құрылысымен 

таныстыру. 

Түйінді  сөздер:  миоцит,  миосимпласт,  көлденең  жолақ,  актин,  миозин,  анастомоз, 

гистогенез.  



Иллюстрация – ет ұлпасы құрылысы туралы таблицалар, түрлері, біріңғай салалы, 

көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек ет ұлпасының құрылысы (таблицалар, 

слайдтар). 

 

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 

1. Жалпы сипаттама.  

2. Ет ұлпасының түрлері  

3. Ет ұлпасының шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі. 

 

Дәрістің мазмұны: 

 

 

1-сұрақ.  Ет  ұлпалары  —  жануарлар  организмнің  қоршаған  ортадағы  қимыл  – 

қозғалысын,  сондай  – ақ  дене  мүшелері  мен  мүшелер  жүйелерінің  ерікті  (қаңқа  бұлшық 

еттер)  және  еріксіз  (ішкі  мүшелер  мен  тамырлар  қабырғаларындағы  етті  қабықтар  мен 

қабаттар)салыстырмалы  қозғалыстарын  іс  жүзіне  асырады.  Ет  ұлпаларының  жиырылу, 

ширығу,  босаңсусияқты  қызметтері  жүйке  ұлпасының  қызметімен  тікелей  байланысты 

жүреді және жүйке ұлпасының басшылығымен іс жүзіне асады. Ет ұлпалары өкілдерінің 

ортақ белгілері – олардың ұқсас эмбриондық торшалар – миобласттардан дамуы және ет 

торшалары (миоциттер) мен ет талшықтарында (симпласт) жиырылу процесін қамтамасыз 

ететінарнайы органеллалар – миофибриллалардың (арнайыжіпшелер) болуы. Актин және 

миозин  белоктары  молекулаларынан  құралған  миофибриллалардың  жиырылу  процесі  – 

аталмыш  белоктар  молекулалардың  өзара  әсерлесуі  нәтижесінде  және  басқа  да  белоктар 

мен  кальций  ионының  қатысуымен  жүреді.  Жиырылу  –  энергияны  көп  мөлшерде  қажет 



ететін  процесс.сондықтан,  миоциттер  мен  ет  талшықтарыцитоплазмасында  энергияның 

алмасуын  қамтамасыз  ететін  цитологиялық  құрылымдар  (митохондриялар,  гликоген, 

миоглобин) көптеп кездеседі. 

2-сұрақ. Құрылысына, қызметіне, шығу тегіне және орналасу орнына байланысты ет 

ұлпалары:  бірыңғай  салалы  бүлшық  ет  ұлпасы;  көлденең  салалы  бұлшық  ет  ұлпасы;  

жүрек бүлшық ет ұлпасы. 

3-сұрақ. Біріңғай салалы жолақсыз ет ұлпасын пішіні ұршық тәріздес ұзынша келген 

ет  торшалары  –  миоциттер  құрайды.  Олар  еріксіз  жиырылады.  Аталмыш  ұлпа  ішкі 

мүшелердің,  қан  және  лимфа  тамырларының,  без  өзектерінің,  көкбауырдың,  терінің, 

еріксіз  жиырылатын  етті  қабықтары  мен  қабаттарын  түзеді.  Миоциттердің  мөлшері 

мүшелердің құрылысы мен физиологиялық жағдайларына байланысты өзгеріп (ұзындығы 

20  –  500мкм,  ені  6  –  20мкм)  отырады.  Олардың  ұзынша  келген  ядролары  торшалардың 

ортаңғы  жуандау  келген  тұсында,  ал  органеллалары  және  гликоген  түйіршіктері  ядро 

маңындағы  цитоплазмада  орналасады.  Миоцит  цитоплазмасында  жиырылу  процесін  іс 

жүзіне асыратын белокты жіпшелер – миофибриллалар торшаның ұзын бойымен бойлай 

орналасады.  Олар  кезегімен  орналасқан  актин  және  миозин  миофиламенттерінен 

құралған. Миозин миофиламенттері  актин миофиламенттеріне қарағанда 3  – 4  есе жуан. 

Жиырылу  процесі  кезінде  аталған  миофиламенттер  бір  –  біріне  жанаса  еніп,  қысқарады. 

Миоциттер сыртынан екі қабат қабықшамен қапталған. Олар: миоци плазмолеммасы және 

оның сыртындағы негіздік жарғақ. Бұлардың аралығында ені 15  – 20нм кеңістік қалады. 

Миоциттер  бір  –  бірімен  тым  жіңішке  коллаген  және  эластин  талшықтарымен 

(эндомизий)  байланысқан.  Ондаған  миоциттер  бір  –  бірімен  тығыз  (десмосома,  нексус, 

тығыз  байланыс)  дәнекерлене  байланысып,  біріңғай  салалы  ет  ұлпасының  құрылымдық 

бірлігі – миоциттер шоғырларын жасайды. Олардың арасында ет ұлпасын қректендіретін 

және  оның  қызметін  реттейтін  қан,  лимфа  тамырлары  мен  жүйкелер  өтетін, 

дәнекерұлпалық аралықтар (перимизий) қалады. Ет қабаттары сыртынан дәнекерұлпалық 

(эпимизий)  қапшықпен  қапталған.  Мүшелер  қабырғаларындағы  біріңғай  салалы  ет 

ұлпасының  қабықтары  мен  қабаттары  құрылысы  жағынан  паренхималы  құрылымдарға 

жатады. Олардың паренхимасын – миоциттер, ал стромасын борпылдақ дәнекер ұлпалық 

аралықтар  (эпимизий,  эндомизий,  перимизий)  құрайды.  Миоциттер  бөлініп,  көбеюге 

бейім. Біріңғай салалы ет ұлпасы мезенхимада дамиды.  

Көлденең  жолақты  ет  ұлпасы  –  қаңқа  бұлшық  ет  және  жүрек  бұлшық  ет  ұлпасы 

болып екіге бөлінеді.  

 Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы  – қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің 

алдыңғы  бөлігінің,  көмекейдің,  көз  алмасының,  құлақтың,  көкеттің  бұлшық  еттерін 

құрайды.  Ол  ет  талшықтары  –  миосимпласттардан  тұрады.  Миосимпласт  сыртынан 

сарколеммамен қапталған. Ол өз кезегінде екі қабат қабықтан: плазмолемма және негіздік 

жарғақтан  тұрады.  Сопақша  келген  мыңдаған  ядролары  миосимплсттың  шеткі  жағында, 

сарколеммаастында жатады. Жалпы органеллалар ядролар маңайында орналасады. 

Миосимпласттарда  агранулалы  эндоплазмалық  тор  жақсы  жетіліп,  бір  –  бірімен 

ілмектері  арқылы  жалғасып  жатады.  Бұларды  саркоплазмалық  тор  деп  атайды. 

Митохондриялар  миофибриллалардың  аралықтарында  орналасады.  Миосимпласт 

саркоплазмасында  энергия  көзі  қызметін  атқаратын  гликоген,  липидтер  және  тыныс  алу 

пигменті миоглобин болады. Миофибриллалар миосимпласт цитоплазмасында ұзынынан 

орналасады. Олар ретімен және кезегімен орналасқан жиырылғыш белоктар – актин және 

миозин  жіпшелерінен  құралған.  Оларды  бекітіп  тұратын  құрылымдар  –  телофрагмалар 

және  мезофрагмаларды  титин  және  нибулин  белоктары  құрайды.  Телофрагманы 

миосимпластқа  көлденең  орналасып,  плазмолеммамен  байланысқан  белок  молекулалары 

торы  құрайды.  Миофибриллалардағы  телофрагманы  z  –  сызығы  деп  атайды.  Оның 

қалыңдығы  100нм.  Миофибрилланың  көрші  екі  телофрагма  аралығындағы  бөлігін  – 

саркомер  деп  атайды.  Саркомердің  қақ  ортасында  М  –  сызығы  мезофрагма  орналасады. 

Мезофрагма  да  жоғарыда  аталған  белоктардан  түзілген.  Мезофрагмадан  телофрагмаға 



қарай  миозин  миофиламенті,  ал  телофрагмада  мезофрагмаға  қарай  актин  миофиламенті 

бағытталып  кездесіп,  бір  –  біріне  жанаса  кіріп,  біраз  аралықта  параллельді  орналасып, 

кірмелер  түзеді.  Диаметрі  10нм,  ұзындығы  1,5мкм  әрбір  миозин  филаментін,  диаметрі 

5нм,  ұзындығы  1мкм  алты  актин  филаменті  қоршап  жатады.  Тек  миозин  филаментінен 

құралған  М  –  сызығының  екі  жағындағы  ақшыл  аймақты  Н  –  жолақ  деп  атайды. 

Телофрагма  аймағында  миосимпласт  плазмолеммасы  ішке  қарай  қатпарлана  еніп, 

көлденең түтікшелер (Т – түтікшелер) түзеді. Олардың құрамына негіздік жарғақ та кіреді. 

Актин  миофиламенттері  изотропты  (І)  ақшыл  дискілерді,  миозин  миофиламенттері 

анизотропты (А) күңгірт дискілерді құрайды. Осы ақшыл және күңгірт дискілер кезектесе 

орналасып,  миофибриллалардағы  миосимпласттың  (ет  талшықтарының)  көлденең 

жолақтарын  жасайды.  Себебі,  миосимпласттағы  барлық  миофибриллалардың  кезектесе 

орналасқан  ақшыл  және  күңгірт  дискілері  бір  деңгейде  жататын,  ет  талшықтарының 

көлденең  жолақтарын  түзеді.  Ет  ұлпасының  көлденең  жолақты  деп  аталуы  осыған 

байланысты.  Көлденең  жолақты  ет  ұлпасы  өздігінен  жиырылады.  Миосимпласттар  бір  – 

бірімен  жұқа  дәнекер  ұлпалық  аралықтар  (эндомизий)  арқылы  байланысып,  ет 

талшықтарының  шоғырларын  түзеді.  Ет  талшықтары  шоғырлары  бір  –  бірімен  өзара 

жалпақтау  дәнекер  ұлпалық  аралықтармен  (перимизий)  байланысып,  бұлшық  еттерді 

құрайды.  Бұлшық  ет  ұлпалары  сыртынан  дәнекер  ұлпалық  қабықпен  (эпимизий) 

қапталған. Құрылысы жағынан бұлшық еттер паренхималы мүше. Оның паренхимасын – 

ет  талшықтары,  ал  олардың  аралығындағы  қан,  лимфа  тамырлары  мен  жүйке  шетін 

дәнекер ұлпалық аралықтар мен ет қабығы – бұлшық еттің стромасын құрайды.  

Көлденең  жолақты  жүрек  ет  ұлпасы  –  жүректің  миокард  қабығын  құрайтын 

торшалар  –  кардиомиоциттерден  тұрады.  Кардиомиоциттер  қызметіне  байланысты  екі 

түрлі  жұмысшы  және  өткізгіш  кардиомиоциттер  болып  бөлінеді.  Жұмысшы,  немесе 

жиырылғыш кардиомиоциттердің ұзындығы 100 – 150мкм, қалыңдығы 10 – 20мкм, пішіні 

цилиндр  тәрізді  болып  келеді.  Кардиомиоциттер  бір  –  бірімен  торшалар  ұштарындағы 

сарколемманың  саусақ  тәрізді  өсінділері  арқылы  тізбектеле  байланысып,  ұзынынан 

орналасқан ет талшықтары тәрізді құрылымдар түзеді. Кардиомиоциттер ұштарының бір – 

бірімен қатпарлана байланысқан жерін  – ендірме дискілер деп атайды. Кардиомиоциттің 

сопақша келген ядросы торшаның орталық бөлігінде, ал оның екі ұштары маңында жалпы 

органеллалар  орналасады.  Агранулалы  эндоплазмалық  тор  плазмолемма  астында 

орналасып,  цистерналар  түзеді.  Миоглобиндер  кардиоцит  цитоплазмасында  біркелкі 

таралған, қосындылардан гликоген және липид тамшылары кездеседі. Миофибриллалары 

кардиомиоциттердің  шеткі  жағында  жатады.  Құрылысы  бұлшық  ет  талшықтары 

миофибриллаларының  құрылысына  ұқсас.  Көлденең  жолақты  бұлшық  ет  ұлпасы  еріксіз 

жиырылады. 

Өткізгіш  кардиомиоциттер  мөлшері  жағынан  жұмысшы  кардиомиоциттерге 

қарағанда  ірі  келеді.  Олардың  ұзындығы  100мкм,  қалыңдығы  50мкм.  Цитоплазмасында 

жалпы органеллалардың барлығы да бар. Бірақ, миофибриллалары аз болады  және олар 

торшаның  шеткі  жағында  орналасады.  Торша  плазмолеммасы  Т  –  түтікшелер  жүйесін 

түзбейді.  Өткізгіш  кардиомиоциттер  бір  –  бірімен  тек  ұштарымен  ғана  емес,  бүйір 

беттеріндегі  аралық  өсінділері  арқылы  да  байланысады.  Ендірме  дискілердің  құрылысы 

қарапайым  келеді.  Плазмолемманың  саусақ  тәрізді  өсінділері  және  олардың 

аралықтарындағы  десмосомалар  мен  нексустар  жұмысшы  кардиомиоциттерге  қарағанда 

нашар жетілген. Өткізгіш кардиомиоциттердің негізгі қызметі – жүйкелер арқылы келген 

қозу толқындарын жұмысшы кардиомиоциттерге жеткізу. Бұл кардиомиоциттер жүректің 

жүйке  ет  өткізгіш  жүйесін  құрайды.  Арнайы  жиырылғыш  ұлпаларға  сүт,  сілекей,  тер 

бездерінің  миоэпителиоциттері,  көздің  нұрлы  қабығының  миопигментоцитері,  көз 

қарашығының тарылтқыш миоциттері жатады. Миоэпителиоциттер – пішіні себет тәрізді 

көп өсінділі торшалар. Олар аталған бездер соңғы бөлімін сыртынан себет тәрізді қаптап 

жиырылып, қуысындағы сөлдің бөлінуін қамтамасыз етеді. 


Бұл  процесті  олардың  цитоплазмасындағы  жиырылғыш  белоктардан  құралған 

миофиламенттер  іс  жүзіне  асырады.  Қалған  ұлпалардың  құрылысы  біріңғай  салалы 

жолақсыз ет ұлпасының миоциттеріне ұқсас.  

Біріңғай  салалы  ет  ұлпасы  –  мезенхимадан,  көлденең  жолақты  ет  ұлпасы  – 

мезодерманың  миотомынан,  көлденең  жолақтыжүрек  ет  ұлпасы  –  мезодерманың 

сплахнотомынан,  миоэпителиоциттер  мен  көздің  нұрлы  қабығы  және  көз  қарашығын 

тарылтқыш миоциттері – эктодермадан дамиды. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1. Ет ұлпасының  жалпы сипаттамасы, шығу тегі, қызметі 

2. Ет  ұлпалары: құрылысы, денедегі орны, маңызы. 

3. Біріңғай салалы ет ұлпасының құрылысындағы ерекшеліктер. 

4.  Көлденең  жолқаты  қаңқа  және  көлденең  жолақты  ет  ұлпасының 

айырмашылықтары 

 

Ұсынылған әдебиеттер: 

1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 127 - 161 

беттер. 

 

 



№10 ДӘРІС. 

Дәрістің тақырыбы: Жүйке ұлпасы 

 

Дәрістің  мақсаты:  студенттерді  жүйке  ұлпасының  шығу  тегімен,  құрылысымен, 

жануарлар денелеріндегі орналасу орындарымен және атқаратын қызметімен таныстыру. 



Түйінді  сөздер:  жүйке  ұлпасы,  нейроцит,  нейроглия,  жүйке  талшығы,  жүйке  ұшы, 

рефлекторлық доға.   



Иллюстрация:  нейроциттер,  нейроглия,  жүйке  талшығы,  рефлекторлық  доға 

(таблицалар, слайдтар).  



 

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 

1.  Жүйке ұлпасының жалпы сипаттама.  

2. Жүйке ұлпасының түрлері, шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі.  

3. Нейроглия. Рефлекторлық  доға. 

 

Дәрістің мазмұны: 

 

1 – сұрақ.  Жүйке ұлпасы – жоғары дәрежеде жетілген, маманданған құрылым. Ол 

жүйке жүйесі мүшелерінің негізін құрайды. Жүйке ұлпасы қоршаған сыртқы ортадан және 

организмнің ішкі ортасынан келетін тітіркеністерді қабылдап, олардың әсерлерінен қозып, 

осының нәтижесінде пайда болған жүйке толқындарын орындаушы мүшелерге жеткізеді, 

сондай-ақ  дененің  әсер  етуші  тітіркеністерге  жауап  реакциясын  ұйымдастырады.  Демек, 

жүйке  ұлпасы  организм  мүшелерінің  қызметтерін  үйлестіріп,  оларды  біріктіріп  біртұтас 

етіді де, оны қоршаған ортамен байланыстырады.  

Жүйке  ұлпасын  нейроциттер  және  жүйкелік  глия  (нейроглия)  құрайды..  Жүйке 

ұлпасының негізгі қызметтерін (тітіркеністерді қабылдау, жүйке толқындарын түзу және 

өткізу) нейроциттер (жүйке жасушалары) атқарады. 



Нейроглия – нейроциттер үшін тіректік, трофикалық,  оқшаулау, секреторлық, қорғаныс 

қызметтерін атқарады. Жүйке ұлпасы нейроэктодермадан дамиды. 



Нейроциттер (Н) - молшері – 4 -130 мкм, өсінділі жасушалар. Н өсінділерінің үзындығы 

–  1,5  -  2м  –  ге  дейін  болады.  Н  –  дендриттерден  (тітіркеністі  сырттан  қабылдайтын 

нейроциттер  өсінділері),  перикарионнан  (ядросы  орналасқан  жасушаның  денесі  – 


нейроплазмадан,  нейролеммадан  және  ядродан  тұрады)  және  аксоннан  (нейроцит 

денесінен  тітіркеністі  алып  шығып,  басқа  нейроциттер  дендриттеріне  немесе 

перикариодарына,  болмаса  орындаушы  мүшелерге  жеткізеді)  тұрады.  Құрылысына 

байланысты  (өсінділерінің  санынасәйкес)  нейроциттер:  униполярлы  нейроциттер 



(бірөсінділі  нейроциттер),  биполярлы  нейроциттер  (екі  өсінділі  нейроциттер)

мультиполярлы  нейроциттер  (көпөсінділі  нейроциттер),  ал  қызметіне  байланысты  -  

рецепторлы  (афферентті,  сезімтал)  нейроциттер,  ассоциативті  (байланыстырғыш) 

нейроциттер  және  эффекторлы  (эфферентті,  қозғалтқыш)  нейроциттер  болып 

бөлінеді..  Рецепторлы  нейроциттер  жұлын  мен  мидың  сұр  затында,  вегетативті  екінші 

эффекторлы нейроциттер - жұлын мен мидың сезімтал жүйке ганглийлерде, ассоциативті 

және  қозғалтқыш  сомалық  нейроциттер  –  жұлын  мен  мидың    сұр  затында,  вегетативті  

екінші  эффекторлы  нейроциттер  –  вегетативті  ганглийлерде  орналасады.  Эмбриондық 

кезеңде нейроциттер бір өсінділі нейробластардан дамиды. 

2-сұрақ. Жүйкелік глия (нейроглия): макроглия және микроглия болып бөлінеді. 

Макроглия  –  эпендимоциттер,  астроциттер,  олигодендроциттер.  Астроциттер  – 

протоплазмалық  (қысқа  сәулелі)  және  талшықты  (ұзын  сәулелі  -  30-40  өсінді)  болып 

бөлінеді.  Олигодендроциттер  –  неврилемма,  леммоцит.  Микроглия  –  глиялық  

макрофаг,  моноцит  туындысы,  мезенхимадан  дамиды.  Жүйке  талшықтары  - 

қабықтармен  қапталған  нейроциттер  өсінділері.  Миелинсіз  (үлпексіз)  жүйке 

талшықтары  –  біліктілік  цилиндрден  және  нейролеммоциттерден  тұрады.  Олардың 

диаметрі  –  0,5-2  мкм,  жүйке  толқынын  –  0,6-0,8  м/сек  жылдақпен  өткізеді.  Бұлардың 

біліктік  цилиндрі  –  тым  жіңішке  –  15-40  нм.  Миелінді  (үлпекті)  жүйке  талшықтары 

(МЖТ)  –  жүйке  жүйесінің  сомалық  бөлігінде  орналасады.  Диаметрі  –  7-20  мкм,  жүйке 

толқынын  –  100-120  м/сек  жылдамдықпен  өткізеді.  Бұлардың  біліктік  цилиндрі 

сыртынан  олигодендроциттік  леммоциттермен  қапталған.  Мезаксон  –  ақшыл  келген 

липиді  (8-12нм)  және  қара  түсті  белокты  плазмолемма  қабаттарының  оралымдарынан 

тұрады (цитоплазмасыз). Неврилемма (жүйке қабығы) – леммоциттердің цитоплазмасы 

сығылған  сыртқы  ядролы  бөлігі  (бұрынғы  Шванн  қабығы).  Ал  мезаксон  –  миелінді 

қабықты түзеді. Түйінді үзілме (Ранвье үзілмесі) – көрші леммоциттер шекарасындағы 

миелинді жүйке талшығының тек неврилеммадан тұрады (миелинсіз) бөлігі. МЖТ-ның 

екі  түйінді  үзілме  аралығындағы  миелинді  қабық  орналасқан  бөлігін  түйінаралық 



сегмент (бөлік) деп атайды. Мезаксон оралымдарының аралықтарында қиғаш орналасқан 

цитоплазма қалдығын миелин кертігі (Лантерман кертігі) деп атайды.  



Жүйке ұштары: сезімтал, қозғалтқыш, нейроциттераралық соңғы аппараттар.  

Сезімтал жүйке ұштары немесе рецепторлар - организмдедегі орналасу орындары 

мен  қабылданатын  тітіркеністердің  табиғатына  байланысты:  экстерорецепторлар 



(сыртқы 

рецепторлар), 

интерорецепторлар 

(ішкі 

рецепторлар) 

және 


проприорецепторлар  (аралық  рецепторлар)  болып  бөлінеді.    Сезімтал  жүйке  ұштары 

арнайы маманданудың нәтижесінде тек өздеріне тән тітіркеністерді қабылдайды. Осыған 

сәйкес  рецепторлар:  механорецепторлар,  терморецепторлар,  барорецепторлар, 

хеморецепторлар,  фоторецепторлар  болып  ажыратылады.  Н  дендриттерінің  соңғы 

ұштарының  құрылысына  байланысты  рецепторлар:  жалаңаш  сезімтал  және  қапталған 

сезімтал жүйке ұштары болып бөлінеді.  

Жалаңаш  рецепторлар  –  Н  дендриттерінің  ешқкндай  қабықтармен  қапталмаған 

жалаңаш  соңғы  ұштары.  Бұлар  эпителий  және  дәнекер  ұлпаларда  (сиыр  мен  қойдың 

қаңсарлары  және  жылқы  еріндері  эпидермисінде,  тері  түктері  фолликулдары  маңындағы 

дәнекер  ұлпасында)  кездеседі.  Жалаңаш  рецепторлар  жүйкелендіретін  құрылымдарды 

сыртынан шырмай (жекеленген тармақтар, шумақ немесе ілмек тәрізді) қаптап жатады.  

Қапталған  сезімтал  рецепторлар  (ҚСР)  –  (Н  дендриттерінің  соңғы  тармақтары) 

сыртынан  сезімтал  қабықтармен  немесе  қапшықтармен  қапталған.  ҚСР  -  өз  кезегінде 



қапшықталмаған рецепторлар және қапшықталған рецепторлар болып бөлінеді.   

Қапталған  қапшықталмаған  рецепторлар  (Ққр)  –  сыртынан  тек  сезгіш 

эпителиоциттермен немесе глиоциттермен қапталған (Меркел дискісі - тегіршегі), арнайы 

қапшықтармен  қапталмаған.  Ққр  –  тері  эпидермисі  аралықтарындағы  сезімтал  жүйке 

ұштары  глиоциттермен  қапталмаған  (қысымдық  тітіркеністерді  қабылдайды).  Сезгіш 



тегіршектер шошқаның жалпақ танауында көптеп кездеседі.  

Қапталған  қапшықталған  рецепторлар  (Ққапр)  –  (Н  дендриттерінің  соңғы 

тармақтары)  сыртынан  жұқа  глиялық  қабықпен  қатар,  оның  сыртындағы  қабатталған 

дәнекер ұлпалық тақташадан тұратын қапшықпен қосымша қапталған.  Ққапр-ге: сезгіш 

денешіктер  (Мейснер  денешігі),  тақташалық  денешіктер  (Фатер-Пачини  денешігі), 

жыныстық  қатынас  мүшелеріндегі  денешіктер  (Догель  денешігі),  баданаша 

денешіктер  (Гольдж-Маццони  денешігі),  соңғы  колбалар  (Краузе  колбасы),  жүйке-ет 

ұршықтары  жатады.  Фатер-Пачини  денешігі:  сезімтал  жүйке  ұшы,  ішкі  бадана 

(глиоциттік қабық), сыртқы дәнекер ұлпалық қапшық.   



Қозғалтқыш  жүйке  ұштары  (эффекторлар)  -  жалаңаш  эффекторлар  түрінде 

(бірыңғай  салалы  ет  ұлпасы  миоциттерінде,  гландулоциттерде)  және  жүйке-ет  синапсы 

түрінде (бұлшық ет талшықтарында).  

3-сұрақ.  Жүйке-ет  синапсы  (қозғалтқыш  түймеше,  моторлы  бляшка)  -    1. 

Синапсалды  жарғақ    (Н  аксоны  соңғы  тармағының  неврилеммасы),  2.  Синапссоңы 

жарғақ  (бұлшық  ет  талшығының  плазмолеммасы  –  жанасу  беті  көптеген  қатпарлар 

түзеді),  3.  Синапс  саңлауы  (ені  50  нм).  Бір  қозғалтқыш  Н  аксонының  соңғы  ұштары 

(терминальдары)  2000  –ға  дейін  бұлшық  ет  талшықтарымен  синапс  жасайды.  Бір 

нейроцит  тармақтары  және  2000  бұлшық  ет  талшықтары  бірігіп,  жүйке-ет  қозғалтқыш 



бірлігін (мион) түзеді. 

Синапс (лат. байланыс) -  жүйке толқындарын (импульстерін) бір бағытта өткізетін 

нейроциттераралық немесе  нейроциттер мен  орындаушы мүшелер  аралықтарындағы 

жанасымды  байланыс.  Синапстың  түрлері:  1.  Аксо-дендриттік  синапс,  2.  Аксо-

сомалық  синапс,  3.  Аксо-аксондық  синапс,  4.  Дендро-сомалық  синапс,  5.  Дендро-

дендриттік синапс.  Бір Н өсінділері  көптеген синапстар түзеді  (мысалы, мишықтың бір 

алмұртша  нейроциті  аксонының  соңғы  ұштары  басқа  нейроциттер  бөліктерімен  200 

мыңдай  байланыстар  түзеді).  Синапс  –  екі  синапс  төмпешігінен  (полюсінен)  тұрады:  1. 

Синапсалды  төмпешік  (бірінші  нейроцит  нейролеммасы  -  синапсалды  жарғақ, 

нейроплазмасында  митохондриялар,  медиаторлар  көпіршіктері 

болады),  2. 

синапссоңы  төмпешік  (екінші  нейроцит  немесе  орындаушы  мүше  плазмолеммасы  - 

Синапссоңы  жарғақ  –  митохондриялар,  медиатор  көпіршіктері  болмайды),  3.  Синапс 

саңлауы  (ені  20  нм  ).  Синапс  –  жүйке  толқындарын  бір  бағытта  өткізеді,  қозу  мен 

тежелу үдерістерін реттеп отырады.      

Рефлекторлық  доға  (РД)  –  организмдегі  жүйке  жүйесінің  негізгі  қызметтері  – 

рефлекстерді  іс  жүзіне  асырады.  РД  –  сезімтал,  байланыстырғыш  (бір  немесе  бірнеше) 

және қозғалтқыш нейроциттердің (аксондарының соңғы ұштары орындаушы мүшелермен 

жалғасады) тізбегі. Ғылыми мәліметерге сүйенсек, бір нейроциттің дендриттері 4 мыңнан 

астам  басқа  нейроциттермен,  ал  оның  аксонының  соңғы  тармақтары  –  27  мың  басқа 

нейроциттермен синапстық байланыстар түзеді екен. РД – күрделі құрылым.  

 

 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Жүйке ұлпасының жалпы сипаттамасы, құрылысы, днендегі орны және 

маңызы. 


2.

 

Нейроциттердің құрылысы мен қызметіне байланысты жіктелуі. 



3.

 

Нейроглия (жүйкелік глия), олардың түрлері, құрылысы, денедегі орны 



және маңызы. 

4.

 



Жүйке талшықтары, олардың түрлері және құрылысы. 

5.

 

Қызметі мен құрлысына байланысты жүйке ұштарының жіктелуі. 



6.

 

Рефлекторлық доға, оның түрлері және құрылысы. 



 

Ұсынылған әдебиеттер: 

1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 162 - 182 

беттер. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет