Торғай ақындарының



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата26.01.2017
өлшемі0,79 Mb.
#2761
1   2   3   4   5   6   7

ТҮЙІН 
 
 
ХІХ ғасырда замандар бойы қазақ халқының рухани қажетін өтеп келген 
жыраулар  поэзиясы  тарих  сахнасынан  кетіп,  олардың  орнына  ақындар 
поэзиясы  келді.  Халықтың  мұң-мұқтажын  жырлаған  ақындар  елдің  құрметіне 
бөленіп,  халықтың  қадірлі,  ардақты  адамдарына  айналды.  Ақындардың  тарих 
сахнасына  шығуына  Ресейдің  отаршылдық  саясатының  да  әсері  болды. 
Қазақстанға  жүргізілген  отарлау  мақсатындағы  әртүрлі  қоғамдық-әлеуметтік, 
саяси-эконмикалық  реформалардың  нәтижесінде  хандық  билік  жойылды.  Ел 
басқару жүйесі өзгерді. Ел ішіндегі келеңсіз жайттар ақындардың тақырыбына 
айналды. Өткен өмірді аңсау, азаттықты көксеу, отаршылдықты сынау, болыс-
билерді  әжуалау  ақындар  шығармашылығының  негізгі  арқауы  болды. 
Жекелеген ақындардың ролі арта бастады. Кейіннен ол ақындардың маңайында 
ақындық мектептер қалыптасты.  
Қазақ  жерінің  әр  аймағында  қалыптасқан  ақындық  мектептер  бір-бірінен 
шығармашылығындағы  әдеби  дәстүрі  мен,  көркемдік  ерекшеліктерімен 
айрықшаланды.  Осындай  ақындық  мектептің  бірі  ХІХ  ғасырдың  70-жылдары 
Торғай  өңірінде  қалыптасты.  Бұл  мектептің  қалыптасуына  Уақ  Жұмабай 
Шалабайұлы,  Таңат  Сейдахмет  Бейсенұлы,  Есенжол  Жанұзақұлы,  Әбіқай 
Нұртазаұлы сияқты ақындар мұрындық болды.  
Торғай  ақындық  мектебінің  дамуында  ұлы  ағартушы  Ыбырай 
Алтынсариннің  есімін  де  атап  өтуге  тиістіміз.  Сол  кезеңде  Торғай  өңірінде 
қызмет  еткен  ұлы  ағартушы  Торғай  ақындарына  ақыл-кеңес  беріп  отырғаны 
туралы деректер көп. Ыбырай Алтынсарин Торғай ақындық мектебінің кейбір 
өкілдерінің шығармаларын өзінің атақты "Қазақ хрестоматиясы" атты еңбегінде 
жариялады. 
Торғай ақындық мектебінің бастау көзі болып қазақтың ауыз әдебиеті және 
жыраулар  поэзиясы,  ХІХ  ғасырдың  басындағы  ақындар  шығармашылығы 
табылады. 
Торғай 
ақындары 
шығармашылығының 
дамуына 
әдеби 
байланыстардың да ықпалы болды. Торғай ақындық мектебі көршілес ақындық 
мектептермен  –  батыс  Қазақстандағы  жыраулық  дәстүрдегі  ақындық  ортамен, 
сыр  сүлейлерімен,  Арқадағы  ақындық  мектеппен  үнемі  әдеби  байланыста 
болған.  
Торғай  ақындарының  әдеби  дәстүрі  мен  көркемдік  ерекшеліктері 
жұмысымыздың ақындық мектеп өкілдерінің шығармаларының көркемдігі мен 
өлең құрылысын талдауға арналған екінші бөлімінде талданып көрсетілді. 
      Торғай  ақындық  мектебінің  ұстаздары  Уақ  Жұмабай,  Сейдахмет,  Есенжол, 
Әбіқай  ақындар  шығармашылығының  негізгі  тақырыптары  Ресей  отарындағы 
халықтың  зар-мұңы,  болыс-билердің  қарапайым  жұртқа  істеген  зорлық-
зомбылығы  мен  езгісі  болып  келеді.  Бұл  тақырыптар  олардың  айтыстары  мен 
әр  жерде  суырып  салып  айтқан  жырларына  арқау  болған.  Сонымен  бірге  бұл 
ақындар  Алаш  көсемдері  Ахмет  Байтұрсынұлы  мен  Міржақып  Дулатовтың 
ақындығын қалыптастырудағы алғашқы мектеп ролін атқарды. 
      Торғай  ақындық  мектебінің  әдеби  дәстүрін  ХХ  ғасырдың  алғашқы 
ширегінде  Файзолла  Сатыбалдыұлы,  Әлмұхаммед  Оспанұлы,  Құбаша 

 
110 
Шалбайұлы,  Қарпық  Шолақұлы,  Шаңдыаяқ,  Уәлі,  Аяп  ақындар,  Алтыбас 
Ақмолда,  Қашқынбай  Қазұлы,  Омар  Шипин,  Күдері  Жолдыбаев,  Нұрхан 
Ахметбеков,  Сәт  Есенбаевтар  жалғастырды.  Олар  ақындық  мектептің  әдеби 
дәстүрін дамыта отырып оны жаңа сапаға көтерді.  
Торғай  ақындық  мектебі  өкілдері  осы  кезеңде  мынадай  үш  сипатта 
дамыды:   
1.  Шығармаларын  суырып-салып  тек  ауызша  шығарып,таратқан  ақындар 
шығармашылығы.  Бұл  топқа  жататын  ақындар  Уақ  Жұмабай  Шалабайұлы, 
Сейдахмет  Бейсенұлы,  Есенжол  Жанұзақұлы,  Әбіқай  Нұртазаұлы,  Қарпық 
Шолақұлы, Алтыбас Ақмолда, Шаңдыаяқ, Уәлі, Аяп ақындар және Қашқынбай 
Қазұлы  сияқты  ақындар  өз  шығармаларын  суырып-салып  шығарып,  домбыра 
сүйемелдеуімен  өздері  орындап,  таратқан.  Сондықтан  да  бұл  ақындардың 
шығармалары  әр  жерде,  әр  түрлі  жағдайларға  байланысты  айтылған  экспромт 
өлеңдер мен толғаулар түрінде келеді. 
2.  Шығармаларын  тек  жазып  шығарған  ақындар  шығармашылығы.  Бұл 
топтың  өкілдері  Файзолла  Сатыбалдыұлы,  Әлмұхаммед  Оспанұлы,  Құбаша 
Шалбайұлы  сияқты  сауатты  ақындар  болды.  Олар  шығыс  және  орыс  әдебиеті 
үлгілерімен  жақсы  таныс  болды  және  Торғай  ақындық  мектебінде  жазба 
әдебиет дәстүрін қалыптастырушылар болып табылады. 
3.  Шығармаларын  суырып-салып  та,  жазып  та  шығарған  ақындар 
шығармашылығы.  Бұл  топқа  Күдері  Жолдыбаев,  Омар  Шипин,  Нұрхан 
Ахметбеков, Сәт Есенбаев, Әбдірахман Иманқұлұлы сияқты халық ақындарын 
жатқызуға  болады.  Бұл  ақындар  халықтық  ауыз  әдебиетінің  дәстүрлері  мен 
жазба  әдебиет  дәстүрлерін  ұштастыра  отырып,    оларды  қатар  алып  жүрді. 
Жазба әдебиет дәстүрінде құрылымы күрделі эпикалық туындылар берсе, ауыз 
әдебиеті  дәстүрлерін,  яғни  импровизаторлық  өнерін  1916  жылғы  Ұлт-азаттық 
көтеріліс  кезеңінде  жауынгерлер  мен  сарбаздардың  рухын  көтеріп,  қайрат, 
жігер  беру  мақсатында  пайдаланыды  (Күдері,  Омар,  Сәт,  Әбдірахман). 
Сонымен бірге аталған ақындар айтыс өнерінің дамуына да үлкен үлес қосты. 
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Торғай ақындық мектебіне жаңа сипат беріп, 
жазба  әдебиет  дәстүрін  дамытуда  Файзолла  Сатыбалдыұлы,  Әлмұхаммед 
Оспанұлы  және  Құбаша  Шалбайұлының  шығармашылығы  маңызды  роль 
атқарды.  Олар  бір  жағынан  халық  арасына  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет 
Байтұрсынұлы,  Міржақып  Дулатұлы  бастаған  "Алаш"  қозғалысының 
идеяларын таратып, көмегін беріп отырды. Бұл ақындар сол кезеңдегі "Айқап", 
"Қазақ"  секілді  мерзімді  басылымдарда  мақалалары  мен  шығармаларын 
жариялады.  Олар  өз  шығармаларында  отаршылдық  езгіні  сынап,  қазақтың  өз 
алдына жеке, дербес мемлекет болуы керек деген идеяны қозғап отырды.  
Файзолла  Сатыбалдыұлы  кеңес  өкіметінің  саясатын  өле-өлгенше  сынап 
өтті. Сол себепті де бұл ақындардың өмірінің көп бөлігі абақтыда, айдауда, жер 
аударылуда  –  қуғын-сүргінде  өтті.  Алайда  бұл  ақындар  азаттық  пен 
бостандыққа деген сенімдерін жоғалтпай, оптимизммен ғұмыр кешті.  
1916  жылғы  Ұлт-азаттық  көтеріліске  жаңаша  көзқараспен  қарап,  оның 
кеңес  заманында  бұрмаланып  жазылған  тарихының    ақиқатын  анықтап, 
ақтаңдақ беттерін қалпына  келтіруде  Файзолла  Сатыбалдыұлының  "Әбдіғапар 

 
111 
хан"  поэмасының  орны  ерекше.  Бұл  поэмада  ақын  тарихи  шындықты 
бұрмаламай,  өзі  куәсі  болған  көтеріліс  оқиғаларын  сөз  арқауы  еткен. 
Дастанның өзі де сол кезде бұрмаланған тарихи ақиқаттың шындығын көрсету 
мақсатында  жазылған.  Бұл  поэмада  1916  жылғы  Ұлт-азаттық  көтерілістің 
мазмұны мен мақсат-мүддесі айқын жазылған. Кеңес заманы қара күйе жағып, 
атын  өшірмек  болған  Әбдіғапар,  Кейкі  сияқты  тұлғалардың  тарихи  орны 
көрсетілген. 
Қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің дәстүрлерін ұштастырып, қатар 
ұстанған  халық  ақындары  Күдері  Жолдыбаев,  Омар  Шипин,  Әбдірахман 
Иманқұлұлы,  Нұрхан  Ахметбеков,  Сәт  Есенбаев  сияқты  ақындардың 
шығармалары да әдебиетіміздің дамуына зор үлес қосты. Олардың 1916 жылғы 
көтеріліс  тақырыбына  жазған  дастан-толғаулары  қазақ  халық  поэзиясын 
эпикалық туындылармен толықтырып қана қойған жоқ, сонымен бірге сапалық 
жағынан да біршама алға жылжытты. Аталған тақырыптан басқа тақырыптарға 
жазған  көлемді  поэмалары  халық  ауыз  әдебиеті  мен  қазақтың  профессионал 
жазба  поэзиясының  арасындағы  "алтын  аралық"  болды.  Сонымен  бірге  бұл 
ақындар – Омар Шипин, Нұрхан Ахметбеков, Сәт Есенбаевтар айтыс өнерінің 
кеңес заманындағы дамуына мол үлес қосты. 
Торғай  ақындық  мектебі  өкілдері  шығармашылығы  Ахмет  Байтұрсынұлы 
мен  Міржақып  Дулатов  ақындығының  алғашқы  тәрбие  мектебі  болды.  Қазақ 
әдебиетінің  көрнекті  өкілдері  Қайнекей  Жармағамбетов,  Сырбай  Мәуленов, 
Ғафу  Қайырбеков,  Ақан  Нұрманов,  Мұхамеджан  Дүзенов,  Шәміл 
Мұхамеджанов,  Кеңшілік  Мырзабеков,  Қойшығара  Салғара,  Қоғабай 
Сәрсекеев,  Төлен  Әбдік,  Серік  Тұрғынбеков,  Серікбай  Оспанов,  т.б.  осы 
ақындық мектеп ақындарының шығармаларымен ауызданып өсті. 
Қорыта айтқанда,  ХІХ  ғасырдың  70-жылдары  мен  ХХ  ғасырдың  алғашқы 
жартысында  өмір  сүрген,  көркемдік  ерекшеліктерімен,  өзіндік  әдеби 
дәстүрлерімен  ерекшеленген  Торғай  ақындық  мектебінің  қазақ  әдебиетінің 
тарихында  өзіндік  орны  бар.  Бұл  мектеп  өкілдері  өз  шығармашылықтарымен 
қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосты.       
 
 
 
 

 
112 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1
 
 Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1956. – 340 б. 
2
 
 Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры.  – Астана: Күлтегін, 2002. – 
250 б. 
3
 
 Бектемісов Н. Ахмет ұшқан алтын ұя. – Астана: Елорда,    2001. – 200 б. 
4
 
 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. 
5
 
 Байтұрсынов А. Жоқтау. – Алматы: Жазушы, 1993. –  180 б. 
6
 
 Мәуленов С. Сыр мен жыр. – Алматы: Жалын, 1991. – 260 б. 
7
 
 Оспанов С. Ахметтің өскен ортасы // Қостанай таңы. 2002, 21 маусым. 
8
 
 Ахметбеков Н. Жұмабай ақын // Большевиктік жол. 1947, 12 сентябрь. 
9
 
 Егеубаев А. Сөз жүйесі. – Алматы: Жазушы, 1985. – 272 б. 
10
 
Жыр-дария. – Ақтау, 1995. – 594 б. 
11
 
Нысанбай  жырау  Кенесары  –  Наурызбай  //  Қазақ  әдебиеті,  1991, 
№3. 
12
 
Тарихи жырлар. – Алматы: Жазушы, 1996. – 300 б. 
13
 
Әлмағамбетов  Б.  Таңат  Сейдахмет  ақын  //  Торғай  таңы.  1993,  6 
наурыз. 
14
 
Өтебаев  Е.  Жазушы  папкасындағы  жырлар  //  Лениншіл  жас.  1969, 
29 март. 
15
 
Жұмалиев  Қ.  ХУІІ  –  ХІХ  ғасырлардағы  қазақ  әдебиеті.  –  Алматы: 
Қазмемкөркемәдеббас., 1958. – 360 б. 
16
 
Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: 1986. – 398 б. 
17
 
Әшімбаев С. Ақиқатқа іңкәрлік. – Алматы: Ана тілі, 1997. –  252 б. 
18
 
Нұртазаұлы Ә. Тас мешін // Қазақ әдебиеті. 1990, 28 қыркүйек. 
19
 
Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б. 
20
 
Екі  мың  жылдық  дала  жыры.  –  Алматы:  Қазақ  энциклопедиясы, 
2000. – 752 б. 
21
 
Оспанов С. Әбіқай ақын // Торғай таңы. 1991, 5 қаңтар. 
22
 
Тұрғынбеков С. Әбіқай ақын // Қазақ әдебиеті. 1990,                   28 
қыркүйек. 
23
 
Негимов  С.  Ақын–жыраулар  поэзиясының  бейнелілігі.  –  Алматы: 
Ғылым, 1991. – 200 б. 
24
 
Жұртбай Т. Сүресөз. – Алматы: Экономика, 2005. – 400 б. 
25
 
Әдебиеттану.  Құраст.  М.Мырзахметов,  А.Дайырова.  –  Алматы: 
Мектеп, 1972. – 175 б. 
26
 
Әл-Фараби.  Әлеуметтік-этикалық  трактаттар.  –  Алматы:  Ғылым, 
1975. – 200 б. 
27
 
Нұрғалиев  Р.  Арқау.  Екі  томдық  таңдамалы  шығармалары.  –
Алматы: Жазушы, 1991. – 572 б. 
28
 
Ахметов  З.  Поэзия  шыңы  –  даналық.  –  Астана:  Фолиант,            
2002. – 408 б. 
29
 
Ысқақов Қ. Таңдамалы шығармалары. ІІ том.  –- Алматы: Жазушы, 
1994. – 608 б. 

 
113 
30
 
Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. – Алматы: Ана тілі, 1998. 
– 256 б. 
31
 
Келімбетов  Н.  Көркемдік  дәстүр  жалғастығы.  –  Астана:  Елорда, 
2000. – 288 б. 
32
 
Базарбаев М. Көрікті ойдан – көркем сөз. – Алматы: Рауан, 1994. – 
367 б. 
33
 
Дәстүр мен жаңашылдық. – Алматы, Ғылым, 1980. – 260 б. 
34
 
Дерібсалин  Ә.  Дәстүр  мен  жалғастық  дәстүр  және  ХХ  ғасыр 
басындағы қазақ поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1976. – 246 б. 
35
 
Әуезов  М.  Шығармалар. 12  томдық.  – Алматы: Жазушы,      1967.  – 
536 б. 
36
 
Қабдолов З. Сөз өнері. –  Алматы: Мектеп, 1982. – 366 б. 
37
 
Жұмалиев  Қ.  Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері  және  Абай 
поэзисының тілі. –  Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1960. – 363 б. 
38
 
Қазақстан тарихы. Очерктер. –  Алматы, Дәуір, 1994. – 445 б. 
39
 
Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. –  Астана: Фолиант, 2003. – 208 б. 
40
 
Құнанбаев А. Шығармалары. –  Алматы: Жалын, 1995. – 384 б. 
41
 
Қаратаев  М.  Таңдамалы  шығармалар.  3-том.  –  Алматы:  Жазушы, 
1974. – 368 б. 
42
 
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш.  – Алматы: Атамұра,   2003.  – 
208 б. 
43
 
Сатыбалдыұлы Ф. Ай, заман-ай, заман-ай. – Арқалық, 1993. – 90 б. 
44
 
Кенжеахметов С. Ежелгі Торғай тарихынан деректер // Торғай таңы. 
1991, 11 қаңтар. 
45
 
Қапаста жазылған хаттар. – Алматы: Жалын, 1992. – 245 б. 
46
 
Кенжалин  Ж.  Шындықты  шырақ  етіп  ұстаңыз.  –  Алматы: 
Қазақстан, 1998. – 235 б. 
47
 
Оспанұлы Ә. Аманат. – Арқалық, 1993. – 100 б. 
48
 
Әмірханов Ғ., Мұсабаев Х. Әлмұхаммед Оспанұлы // Торғай таңы. 
1991, 26 сәуір. 
49
 
Субханбердина  Ү.  Қазақ  халқының  атамұралары.  Мазмұндалған 
библиографиялық көрсеткіш. – Алматы: ҚР ҒА М.О.Әуезов атындағы әдебиет 
және өнер институты, 1999. – 834 б. 
50
 
Дала  уалаятының  газеті.  Құраст.  Сұбханбердина  Ү.  –  Алматы: 
Ғылым, 1994. – 815 б. 
51
 
Мұқанов С. Қазақтың ХУІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан 
очерктер. – Алматы: Арыс, 2002. – 272 б. 
52
 
Қазақтың қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1973. – 110 б. 
53
 
Оспанұлы  С.  Ахметтің  өскен  ортасы  //  Қостанай  таңы.  2002,  16 
сәуір. 
54
 
Боздағым. Құраст. Т. Арынов. – Алматы: Жазушы, 1990. –   250 б. 
55
 
Абдуллин Ә. Қарпық ақын // Торғай таңы. 1996, 26 мамыр. 
56
 
Уәлитегі И. Бабамыз – бекзат, данышпан. – Қостанай, 1998. – 180 б. 
57
 
Тұрысбек Р. Сөз сарасы. – Алматы: Қазбілімжабдықтау, 1996. – 148 
б. 

 
114 
58
 
Сұлтанбек пен Бәтима. – Арқалық, 1993. – 76 б. 
59
 
Әлім Қ. Міржақыптың оралуы. – Астана: Фолиант, 2002. – 214 б. 
60
 
Ергөбеков  Қ.  "Адасқандар"  ақиқаты  //  Алматы  ақшамы.  1990,  24 
сәуір. 
61
 
Мұқанов С. Мөлдір махаббат. – Алматы: Жазушы, 1959. –  380 б. 
62
 
Қозыбаев М. Әмір Әбдіғапар // Торғай таңы. 1994, 11 маусым. 
63
 
Бөкейханов Ә. 1916 жыл // Қазақ әдебиеті. 1990, 3 тамыз. 
64
 
Кенжеахметов  С.  Туған  жерге  ту  тіккен  //  Торғай  таңы.  1991,  12 
шілде. 
65
 
Сүлейменов М. Әбдіғапар хан. – Арқалық, 1996. – 250 б. 
66
 
Сатыбалдыұлы Ф. Әбдіғапар хан // Торғай таңы. 1992, 12 қыркүйек. 
67
 
Әсіпов С. Топжарған. – Алматы: Жазушы, 1980. – 320 б. 
68
 
Абдуллин  Ә.  Ақындардың  дүлдүлі  //  Торғай  таңы.  1994,  24 
желтоқсан. 
69
 
Әбікеев  С.  Үш  дүлдүлдің  алдын  көрдім  //  Торғай  таңы.  1993,  18 
желтоқсан. 
70
 
Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1967. – 642 б. 
71
 
Ахметбеков Н. Жасауыл қырғыны. – Алматы: Жазушы, 1972. – 580 
б. 
72
 
Абдуллина  А.  Нұрхан  Ахметбековтің  әдеби  мұрасы.  –  Арқалық, 
2003. – 80 б. 
73
 
Абдуллина А. Өлеңде тоят таппас // Қостанай таңы. 1993, 5 қазан. 
74
 
Кенжеахметұлы С. Асыл мұра // Торғай таңы. 1992, 30 маусым. 
75
 
Кенжеахметұлы С. Ел ықыласы зор // Торғай таңы. 1991, 8 тамыз. 
76
 
Байғабылов Т. Жұлдызы кешігіп туған ақын // Торғай таңы. 1992, 9 
шілде. 
77
 
Мәуленов С. Аты – аңызда, өлеңі – ауызда. // Жұлдыз. 1983, №12. – 
28-б. 
78
 
Қайырбеков Ғ. Топжарған // Халық кеңесі. 1993, 13 қараша. 
79
 
Тұрғынбеков С. Нұрханның нұрлы шуағы // Қазақ әдебиеті. 1983, 24 
декабрь. 
80
 
Әлім Қ. Ел-жұрты еркелеткен ақын еді // Егемен Қазақстан. 2002, 11 
қараша. 
81
 
Әлмағамбетов  Б.,  Таубайұлы  Ғ.  Ардақты  ақын  атамыз  //Ақ  жол. 
1992, 1 тамыз. 
82
 
Алдабергенұлы  Қ.  Нұрхан  аманаты  //  Қостанай  таңы.  2002,  30 
шілде. 
83
 
Шипин О. Амангелді батыр. – Алматы: Жалын, 1985. – 380 б. 
84
 
Шипин О Дастандар. – Алматы: Жазушы, 1989. – 450 б. 
85
 
Алматов Х. Ақын мұрасы – Халық мұрасы // Торғай таңы. 1983, 20 
август. 
86
 
Дүйсенов М. Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты. 
– Алматы: Ғылым, 1982. – 180 б. 
87
 
Жармұхаммедов  М.  Сарбаз  поэзия.  –  Алматы:  Қазақстан,    1981.  – 
168 б. 

 
115 
88
 
Әсіпов С. Ақын даусы. – Алматы: Жазушы, 1983. – 186 б. 
89
 
Шәріп А. Қазақ поэзиясы және Ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. 
– 336 б. 
90
 
Қадыров  Ж.  Солтүстік  Қазақстан  өңіріндегі  ақындық  дәстүр 
жалғастығы. Фил. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін жазылған дисс. авторефераты. 
– Алматы: 2001. – 26 б. 
91
 
Ештанаев  Ғ.  Доскей  Әлімбайұлы  және  Орталық  Қазақстандағы 
ақындық  дәстүр.  Фил.  ғыл.  канд.  дәрежесін  алу  үшін  жазылған  дисс. 
авторефераты. – Алматы: 1998. – 26 б. 
92
 
Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. – Алматы: 1999. – 204 б. 
93
 
Көкейкесті әдебиеттану – 1. құраст. Р.Нұрғали. – Астана: Фолиант, 
2001. – 360 б. 
94
 
Көкейкесті  әдебиеттану  –  2.  құраст.  Р.Нұрғали.  –  Астана:  ЕҰУ 
баспаханасы, 2002. – 206 б. 
95
 
Көкейкесті  әдебиеттану  –  3.  құраст.  Р.Нұрғали.  –  Астана:  ЕҰУ 
баспаханасы, 2003. – 300 б. 
96
 
Көкейкесті  әдебиеттану  –  4.  құраст.  Р.Нұрғали.  –  Астана:  ЕҰУ 
баспаханасы, 2004. – 232 б. 
97
 
Көкейкесті  әдебиеттану.  Бесінші  кітап.  Құраст.  Р.Нұрғали.  – 
Астана: ЕҰУ баспаханасы, 2005. – 336 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
116 
 
МАЗМҰНЫ 
 
 
СӨЗ БАСЫ...........................................................................................................5 
 
БІРІНШІ ТАРАУ 
АҚЫНДЫҚ МЕКТЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ................................7 
 
ЕКІНШІ ТАРАУ  
ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫНЫҢ ӘДЕБИ ДӘСТҮРІ...........................................53 
 
ҮШІНШІ ТАРАУ   
КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ......................................................74 
 
ТҮЙІН..............................................................................................................109 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................112 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
117 
ӨМІРДЕРЕК 
 
 
Қалиев  Айбек  1978  жылы  19  ақпанда  бұрынғы  Торғай  облысы, 
Жангелдин  ауданы,  Тәуіш  ауылында  дүниеге  келген.  1994  жылы  Қаратүбек 
орта  мектебін,  1998  жылы  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  университетінің 
филология  факультетін  үздік  бітірген.    1998-2001  жылдар  аралығында 
С.Сейфуллин  атындағы  Ақмола  аграрлық  университетінің  қазақ  тілі 
кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген. 2001 жылдан бері Л.Н.Гумилев 
атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  қазақ  әдебиеті  кафедрасында 
оқытушы  болып  қызмет  атқарады.  Филология  ғылымдарының  кандидаты. 
Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет