Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Макро және микросуретке түсірудің ерекшелігін сипаттау



бет65/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79
102. Макро және микросуретке түсірудің ерекшелігін сипаттау. Криминалистикалық объектілерді зерттеген кезде бейнелеушілік суретке түсіру əдістерімен қатар зерттеулік фотография əдістері де кеңінен қолданылады. Бұл əдістер көбінесе зертханалық жағдайларда оның ішінде криминалистикалық сараптамаларды жүргізу кезінде қолданылады. Соттық-сараптамалық əдіс бойынша суретке түсіргенде фотографияның жалпы əдістері мен қатар сараптамалық зерттеулер үшін жасалынған арнаулы əдістер қолданылады. Фотосуреттерді ұлғайтып түсіру арқылы объектінің үлкейтілген суретін алуға болады. Фотосуреттердің ұлғайтылған суретін алу
үшін макро жəне микро суретке түсіру əдістерін қолданады.
Макро суретке түсіру əдісі – кішкентай заттарды, олардың детальдарын, іздерді үлкейтіп немесе сол қалпында түсіруге мүмкіндік береді. Бұрын макрофотография көбінесе «Зенит» фотоаппаратына ұлғайтқыш сақиналарды жалғап түсіру арқылы жүргізілді. Ұлғайтқыш сақиналар фотоаппараттың фокустық ара қашықтығын ұзартып, түсірілетін объектілерді үлкейіп көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі қолданылып жүрген сандық фотоаппараттарда макросуретке түсіруге мүмкіндік беретін функциясы бар
арнаулы тетігі бар.
Микро суретке түсіру – микроскоптың оптикалық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Тəжірибеде микро суретке түсіру үшін арнаулы ФМН-2 маркалы микрофото қондырғылар қолданылады.Бұл əдісті қолдану арқылы зерттеудегі объектіні он есе үлкейте отырып, оның көзге көрінбейтін белгілерін суретке түсіріп бекітуге болады. Зерттеу объектілерінің ерекшеліктеріне қарай биологиялық, металлографиялық жəне басқа да микроскоптар пайдаланылады. Осы микроскоптарды қолдану арқылы саусақ іздерін, мөрдің, штамптың көшірмелерін, машинкаға басылған мəтіндерді 4-5 есе ұлғайта отырып суретке түсіреді. Оқтағы, гильзадағы іздер, кесу - шабу іздерін 20-30 есе үлкейтіп, ал қағаз, картон, мата талшықтарын, микроскопиялық бөлінділерді 200-300 есе үлкейтіп суретке түсіреді. Микросуретке түсіру спектрдің көзге көрінбейтін сəулелерінде де жүргізілуі мүмкін. Бұл үшін МУФ-3 (ультракүлгін микроскопы) жəне МИК-1
(инфрақызыл микроскопы) маркалы арнаулы микроскоптар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет