Эндокринология



бет115/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Манифестация жасы

Папиллярлы

70-80%

30-50 жас

Фолликулярлы

15%

40-50 жас

Медуллярлы

5%

Спорадикалық: 50–60 жас
Отбасылық: 40–50 жас
КЭН-2 кезінде: 10–30 жас

Анапластикалық

<5%

60-80 жас



Клиникалық көрінісі
Қазіргі таңда басым жағдайда ҚБО пальпация және ҚБ УДЗ-сі нәтижесінде анықталған науқастарға ЖИАБ-ны жүргізу мәліметтері бойынша анықталады. ҚБО-ның гистологиялық жеке түрлерінің ерекшеліктері төмендегі кестеде көрсетілген (3.34 кесте).


3.34 кесте. ҚБО жеке гистологиялық түрлерінің клиникалық көріністерінің ерекшеліктері



ҚБО

Клиникалық ерекшеліктері

Папиллярлы

Баяу дамиды, бір сатыда он жылдан астам дамуы мүмкін. Мультифокальды 30 % жағдайда. Науқастардың 95 % жағдайында зақымдану мойын шекарасынан асып өтпейді, науқастардың 15–20% мойын лимфа түйіндеріне метастаз береді. Лимфогенді метастаз беру тән.

Фолликулярлы

Агрессивті, жиі өкпеге гематогенді метастаз береді.

Медуллярлы

ҚБ С-жасушаларының мультифокальды гиперплазиясы тән. Үдемелі дамиды; метастаз беру сатысында жиі дамитын симптом — диарея (30 %). Кальцитонин деңгейі жоғарылайды (гипокальциемия дамымайды), басқа гормондар сирек жағдайда жоғарылайды (эктопирленген Кушинг синдромының дамуымен АКТГ).

Анапластикалық

Тез инфильтративті өседі, кеңірдек, ірі қантамырларды қоршап, респираторлы симптоматиканың дамуына жол ашады.

Түйінді жемсаумен сырқаттанған науқастардың анамнезін және клиникалық көрінісін зерттеу барысында анықталған түйіннің қатер қаупін жоғарылататын төмендегі белгілерге ерекше назар аудару қажет:


• анамнезінде бас пен мойынның сәулененуі;
• туыстарында дамыған медуллярлы обыр немесе ҚЭН-2;
• 20 жастан кіші немесе 70 жастан жоғары жас шамасы;
• ер адамдар;
• түйінді түзілістің жылдам өсуі;
• түйіннің тығыз немесе қатты консистенциясы;
мойын лимфаденопатиясы;
• түйінді түзіліс ығысуының болмауы;
• үнемі дауыстың қарлығуы, дисфония, дисфагия немесе ентікпе.
Сирек жағдайда ҚБО, әсіресе жоғары дифференцирленген ҚБО кеш метастаз берумен манифестацияланады, әдетте алдымен мойын лифаденопатиясы дамып, кейіннен УДЗ бойынша ҚБО анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет