Эндокринология


Өсу гормоны (ӨГ, соматотропин)



бет15/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   285
Өсу гормоны (ӨГ, соматотропин) — бауырда өсу гормоны ықпалынан синтезделетін инсулин тәрізді өсу фактор-1 (ИТФ-1) арқылы тіндер мен мүшелерге әсер көрсететін полипептидті гормон. ӨГ жас балалар мен жасөспірімдерде сүйектердің ұзына бойына өсуін ынталандырады (негізінен ұзын түтікті сүйекті). Сонымен қатар, ӨГ ақуыз синтезін және азоттың ағзада сақталуын ынталандырады, липолиздік және натрийуретикалық әсер көрсетеді. Ағзаға ӨГ физиологиялық мөлшерін енгізу қысқа әсерлі инсулин тәрізді әсер (гликемияны төмендетеді), кейін контринсулярлы әсер береді. ӨГ синтезі мен секрециясы екі гипоталамустық нейропептидтермен реттеледі- ӨГ рилизинг-гормоны (соматолиберин, ӨГ-РГ) және соматостатин. Тәулік бойы ӨГ деңгейі қан сарысуында төмен болады, шың дәрежеге тек тағам қабылдағаннан кейін жетсе, деңгейі ұйқы кезінде үдемелі түрде жоғарылайды. Өсіп келе жатқан балаларда ӨГ интегральды тәуліктік өндірілуі ересек адамдармен салыстырғанда жоғары болады.
Лютеиндеуші гормон (ЛГ) аналық бездерде овуляцияны және тека жасушалармен адрогендердің синтезін ынталандырады, ал аталық бездерде Лейдиг жасушаларымен тестостерон өндірілуін реттейді.
Фолликуластимулдеуші гормон (ФСГ) аналық бездерде гранулеза жасушаларының өсуін және эстроген секрециясын ынталандырады, ал аталық бездерде тестостеронмен бірге сперматогенезді ынталандырады ( 5.1.және 6.1 бөлімді қараңыз).
Адренокортикотропты гормон (АКТГ, кортикотропин) бүйрек үсті безінің қыртысты затында кортизол мен андрогендер өндірілуін ынталандырады (4.1 бөлімді қараңыз).
Тиреотропты гормонның (ТТГ) басты қызметі қалқанша без гормонының синтезін және секрециясын ынталандыру және тиреоциттерге трофикалық әсер көрсету болып табылады (3.1 бөлімді қараңыз).
Нейрогипофиз - гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлы ядроларының аксондарынан тұратын, дербес автономды жүйе.
Вазопрессин (аргинин-вазопрессин, антидиурездік гормон, АДГ) 9 аминқышқылдан тұратын ақуыз. АДГ рецепторлары бүйрек нефрондарының дистальды түтікшелерінде орналасады, оның белсенуі су реабсорбциясының күшеюіне әкеледі. Физиологиялық жағдайда АДГ секрециясы гипоталамустың осморецепторларымен реттеледі: қан сарысуының гиперосмолярлығы АДГ секрециясын ынталандырады. Сонымен қатар, гиповолемия және артериялық гипотензия АДГ секрециясын тікелей емес ынталандырушылар болып табылады.
Окситоцин вазопрессин секілді 9 аминқышқылдан тұрады, бірақ одан екі аминқышқылының қалдықтарымен ерекшеленеді. Окситоцин жатыр бұлшықетіне әсер ету арқылы оның жиырылу күшін күшейтеді, нәтижесінде босану кезіндегі және босанудан кейінгі жатыр жиырылуын қамтамасыз етеді. Окситоцин сүт бездері альвеолаларының миоэпителиоциттерінің жиырылуын ынталандырып, сүт жолдарына сүттің түсуіне жағдай жасайды. Окситоцин секрециясының физиологиялық ынталандырушысы әйел жыныс жолдарының кеңеюі мен емізу болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет