Эндокринология



бет185/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

7.5 сурет. Әтүрлі инсулин дәрілерінің фармакококинетикасы:
а) монокомпонентті; б) стандартты инсулин қоспасы

7.5 сурет
Время, часы- Уақыт, сағаттар
Концентрация инсулина- Инсулин концентрациясы
Смесь 20% инсулина короткого действия и 80% инсулина НПХ- 20% қысқа әсерлі инсулин мен 80% НПХ инсулинінің қоспасы
Смесь 40% инсулина короткого действия и 60% инсулина НПХ- 40% қысқа әсерлі инсулин мен 60% НПХ инсулинінің қоспасы
Инъекция- Егу
Инсулин НПХ- НПХ инсулині
Инсулин короткого действия- Қысқа әсерлі инсулин



Монокомпонентті инсулин дәрілерінен басқа клиникалық тәжірибеде кең түрде стандартты қоспалар қолданылады, яғни қысқа немесе ультрақысқа әсерлі инсулинді орташа әсерлі инсулин дәрілерімен қосады. Мысалы, «Хумулин-M3» қоспасы бір флаконның құрамында 30% қарапайым инсулин мен 70% НПХ инсулині бар; «Новомикс-30» қоспасында: 30% инсулин аспарт және 70% инсулиннің кристаллдық протаминді суспензиясы; «Хумалог-Микс-25» қоспасында: 25 % инсулин лизпро және 75 % лизпро инсулинінің протаминді суспензиясы бар. Стандартты инсулин қоспаларының артықшылығы екі рет егуді бір егумен ауыстыру және қоспа компоненттері мөлшерінің нақты болуында, ал кемшілігі- қоспаның жеке компонентерін жеке-жеке мөлшерлей алмауда. Сондықтан, стандартты инсулин қоспаларын ҚД-2 терапиясында немесе дәстүрлі инсулинмен емдеуде (белгәленген инсулин мөлшерін тағайындау) қолданған орынды, ал қарқынды инсулиндік терапияда (гликемия көрсеткіші мен тағамдағы көмірсулар көлеміне тәуелді инсулин мөлшерін анықтау) монокомпонентті инсулин дәрілерін қолданған жөн.


Инсулиндік терапияның сәтті болуы үщін егу техникасын дұрыс орындау маңызды. Инсулинді енгізудің бірнеше жолдары белгілі. Ең қарапайым және тиімді әдісі- инсулин шприці арқылы егу. Шприц-қаламдар арқылы инсулинді егуді орындау өте ыңғайлы әдіс, ол инсулинмен (картридж) резервуары бар, мөлшерлеу жүйесі мен инжекторлы инеден тұратын комбинирленген құрал болып табылады.
Сүйемелдеуші терапия барысында (ҚД айқын декомпенсациясы немесе критикалық жағдайлар болмағанда) инсулин тері астына енгізіледі. Қысқа әсерлі инсулин екпесі іштегі тері асты шелмай қабатына, ал ұзартылған инсулин бөксе мен иықтың тері асты шелмай қабатына жасалады (7.6 а сурет). Егуді тері асты шелмай қабатына қолмен қысып ұстап, тереңдетіп, 45°бұрышпен орындайды (7.6 б сурет). Науқасқа липодистрофияның алдын алу мақсатында бір аймақта инсулин енгізгенде күнделікті егу орындарын ауыстырып отыру түсіндіріледі .
Тері асты депосынан инсулиннің жылдам абсорбциялануына мынадай түрткілер әсер етеді: инсулин мөлшері (мөлшерінің артуы абсорбциялану ұзақтығын жоғарылатады), егу орны (іш шелмайынан тез абсорбцияланады), сыртқы ортаның температурасы (егетін орынды жылыту немесе массаж жасау инсулин абсорбциясын жылдамдатады).
Көптеген науқастарда емнің жақсы нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында күрделілеу енгізу әдісі, яғни инсулин дозаторын немесе инсулинді үздіксіз тері асты шелмайына енгізіп отыратын жүйені қолдануға болады. Дозатор - инсулиннің берілу тәртібін реттейтін компьютерден, тері асты шелмайына енгізілетін миниатюрлі инеден және инсулин берілуін қамтамасыз ететін катетордан тұратын жүйеден құрастырылған портативті құрылғы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет