Баянауылда экологиялық туризмді дамыту
Өңірдегі туристік инфрақұрылымның нашар дамуы мен қызмет көрсету ұйымдарының бүгінгі талаптарға емес қызметі салдарынан бұл сала кенже қалды. Жуықта ғана облыстағы туризм саласын 2010-2012 жылдары кластерлік дамытудың жобасы қабылданды. Баянауылдағы ұлттық паркте орналасқан табиғи әлеуеттерді пайдаланып, аталмыш ауданды туристік орталыққа айналдыруды көздеген бұл жоба өміршең саналуда. Облыс әкімі бағдарламаның іске асуына айрықша назар аударып отыр. Межеленген мақсат орындалса, аудан жазғы демалыс уақытында тәулігіне 12 мың туристке дейін өткізе алу қабілетіне ие болмақшы. Өңірлік бренд болып қалыптасатын Баянауылда туризм дамыса, жергілікті экономика өсiп-өркендеп, әлеуметтiк ахуалдың жақсаруына ықпал етедi.
Баянауылда экологиялық туризмді дамытуға арналған бірнеше табиғи ескерткіштерді көрсетуге болады. Мысалыға:
Мемлекеттік қаумал — Қызылтау
Мемлекеттік қаумал — Қызылтау — Баянауыл ауданының оңтүстік-батысында, Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан. Жалпы аумағы 60 000 га. Сирек кездесетін жануарлар ме олардың мекенін қорғау мен жануарлардың түрлерін шығару мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи аумақ жүйесіндегі орны – бірқалыпты белдеудің далалық ландшафттық аймағы, бетегелі даланың оңтүстік аумақшасы, Қазақ платосы және ұсақ шоқылар жері, Баянауыл-Қарқаралы округы, Баянауыл ауданы.
Зоологиялық қаумал — Ертіс жағалауы
«Ертіс жағалауы» мемлекеттік зоологиялық қаумалы сол жақ жағалаудың 1-ден 10-12 км-ге дейінгі жерін, ал оң жақ жағалаудың 4-тен 6 км-ге дейінгі жерін алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 27 маусымынан №877 «Мемлекеттік қорықшалар мен республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері туралы» қаулысымен «Ертіс жағалауы» қаумалы (кешенді) бекітілді. Ертіс жағалауы Павлодар облысының территориясында, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Жазықты оң жақ жағалаудағы Объ-Ертіс өзенаралығы (Құлынды) мен сол жақ жағалаудағы Ертіс маңындағы далаларға бөледі. «Ертіс жағалауы» қаумалының аумағы 377133 га. жер болса, қорғалған аумағы жоқ. Өзен жағалауы Батыс Сібірдің орманды аумағының оңтүстігін және далалық жерін толықтай қамтиды. Бұл 3 мың км жерге дейін жетеді. Ертістің қазіргі жағалауы биіктігі 7-8 метрге жететін алқапты құрайды, Павлодар облысының батыс шекарасына қарай 87 метрге жетеді, шығыс шекара аумағында – 112 м. Рельефтің дамуы бойынша Ертіс жағалауы көптеген протоколдарға, ескі арналарға, құмды аумақтарға толы [4,5,6].
Шарбақты ауданындағы Маралды көлінің жерасты байлықтары
Павлодар облысы халықаралық курорт дәрежесіне сай келе алатын аймақтардың көптігімен ерекшеленеді. Тұзды Маралды көлінің сазы мен шипалы суы көптеген ауруларды емдей алады. Ертеректе Павлода облысының территориясында көптеген санаторийлер мен профилакторийлер болған. Павлодар облысының кейбір көлдері тек жергілікті халықтың ғана емес, шет жерлердегі қонақтардың да әулие орындарына айналған. Ең көп назарға Ямышевское, Маралды және Мойылды көлдері ие. Маралды көлінің жерасты сазының қасиеттері әлі де соңына дейін зерттелмеген. Оларың әсер ету спектрі өте кең. Маралды көлінің шипалы сазы жыл сайын көптеген бас июшілерін табады. Көлдің түбіндегі температура су бетіндегі температурадан 10-15 градусқа жоғары. Маралды көлінің сазы рвматизм мен буын ауруларын емдей алады, және, болжамдарға сәйкес, шипалы саз қоры 100 мың метр кубке жетеді. Одан басқа, көл түбінде көгілдір косметикалық саздың бар екендігі анықталған.
Шалдай орманы
Шалдай орманы – Павлодар өңірінің басты назар аударарлық орындарының бірі. Бұл табиғи ескерткіштің масштабы тек Павлодар өңірімен шектелмейді, оның масштабы планеталық деуге де болады – ғарыштан жасалған фотосуреттерде орманның созылыңқы таспасы (жүздеген километр) Объ пен Ертіс өзенаралығында өте әсерлі көрінеді. Осындай орман таспалары бесеу, бірақ олардың арасында тек екеуі ғана ресей-қазақстандың шекараны кесіп өтіп, Ертіске қарай созылады: біреуі кішірігім ғана, Семей қаласының маңында, екіншісі – Павлодар облысында. Кейбір пікірлер бойынша, таспалы ормандар көне мұздық солтүстік-шығысқа қарай қозғалып, ормансыз далаға ағаштардың тұқымын әкелген. Шалдай таспалы орманында жергілікті тиіндердің түрі – телеутка – тиінімен танымал. Бұл тиін түрі өте кең таралған, кішкене көгілдірленген терісін кеңестік кезде Италияға дейін жіберген.
«Қаз қайтуы» табиғи ескерткіші
Ескерткіш Павлодар облысында, Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында, Павлодар қаласының солтүстігінде, темір жол көпірінен 500 м оңтүстікке қарай орналасқан. Ескерткіш 1928 жылы мәскеулік палеонтолог Ю.А. Орловпен ашылғаннан кейін, бұл жерде 1929-1930 жылдары палеонтологиялық қазбалар жүргізілген. Қазба нәтижесінде бірнеше мың сүйек қалдықтары табылған, бұл сүйектер плиоцен-миоцен кезеңіндегі жануарларға (қазіргі африкалық фаунаның ата тегі) тән болатын. Палеонтологиялық институт шағын ғана жерге қазба жүргізген кезде бұғының 20 түрі, керіктің 40 түрі, мүйізтұмсықтың 130 түрі, гиппариондардың 200 түрі және т.б. тапқан. Палеонтологиялық жаңалық «Қаз қайтуы» ескерткішіне палеозоолог мамандардың үлкен назарын аудартты. Өкінішке орай, табылған барлық палеоматериал ғалымдармен бірге олардың зерттеу институттарына кетіп қалды, себебі, біріншіден, Павлодарда ол кзедері өлкетанулық мұражай болмады, ал екіншіден, палеонтологиялық қалдықтарды сақтауды қамтамасыз ететін ғылыми ұйым болмады. Орловтың бастамасын 1960 жылы ҚазССР ҒА Зоология институтының палеобиология бөлімінің экспелициясы жалғастырды. Електен ортаңғы және төменг қабаттарды жуып-шаю кезінде омыртқалылардың үлкен коллекциясы табылды. Олардың арасында қояндар, шақылдақтар, қосаяқтаржәне кішкентай құстар болды. Ескерткіш қала аумағында болғандықтан, «Қаз қайтуы» ескерткішіне павлодарлықтардың да, қала қонақтарының да тарапынан келушілер саны өте көп. «Қаз қайтуы» неоген дәуірі жануарларының ең танымал және эталонды жерлену орны болып саналады. «Қаз қайтуы» бойынша әлемдегі барлық осы дәуір жерленулері салыстырылады. Қазіргі күні қазба жұмыстары жерінде ашық аспан астындағы мұражай кейпіндегі саябақ кешені жоспарануда, кез келген адам қазба жұмыстарының өту үрдісін бақылай алатын болады [2].
Осы аталған объектілерді үлкен қаржы жұмсап туристерге арналған барлық қызмет көрсету түрлерін жетілдіретін болсақ, бұл өлкені үлкен табыс көзіне айналдыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |