Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

 
 
 
ӘОК 338.89+338.981 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Умбеталиева А.Д.-оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Нарықтық  экономиканың  бақыланбайтын,  стихиялық  күштері  құрушы 
сипаттамалармен  қатар,  нарықтық  жүйені  бұзатын  жоюшы  бастамалары  да  бар. 
Егер  мемлекет  нарықтық  механизмді  реттемесе,  онда  оның  қызметіне  рынок 
еркіндігін  фикцияға  айналдыратын  монопольді  типтегі  кӛптеген  ұйымдық  – 
экономикалық  жүйелер  араласуы  мүмкін.  Ал  мұндай  бірігулерден  қорғалмаған 
рынок  ӛзінің  ең  басты  қызметінің  бірі  –  тұтынушылардың  қажеттілігін 
қанағаттандыруды  атқармай,  ұсынысты  шектейтін,  бағаларды  монопольды 
жоғарылату, ресурстарды рационалды пайдаланудың ынтасының тӛмендеуі және 
т.б.  салдарын  туғызатын  рынокта  жалғыз  ӛндірушінің  болуына  алып  келеді. 
Осыдан  келе  оның  дамуының  тарихы  терең  болған  сайын,  соғұрылым  ол 
мемлекет тарапынан реттеуді қажет етеді деген еркін нарықтың ерекшкліктерінің 
бірі туындайды.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
136 
Табиғи  монополияларды  реттеудің  негізгі  тапсырмасы  бұл  ӛндірілетін 
игіліктерге  бағалардың  ӛсуі  үшін  және  бағалардың  ӛсуіне  алып  келетін  ӛндіріс 
кӛлеміне  жасанды  шектеуге  кедергілер  құру  болып  табылады.  Сонымен  бірге 
табиғи моноплияны мемлекеттік реттеу қажеттілігі жалғыз ӛндірушінің нарықтық 
билікке  келгеннен  кейін  қоғам  тарапынан  ресурстарды  тиімсіз  бӛлуде  проблема 
құрайтын ӛзінің шығындарын бернеше еседен асып түсетін бағаларды белгілеуді 
реттеуден туындайды.  
Табиғи монополия қызметін мемлекеттік реттеудегі сұрақтар экономикалық 
дамудың құрылымдық саясатында басты орындарының бірінде. Басқарудың жаңа 
жүйесін  құру  барысында  мемлекеттік  реттеу  әдістерінің  экономикалық 
қатынастармен  үйлесуі,  сұраныс  пен  ұсыныс  тепе  теңдігіндегі  баға  ролі  күшейе 
береді.  Қазіргі  кездегі  табиғи  монополия  жағдайында  тӛлемге  қабілетті  сұраныс 
ұсынысты  анықтайды.  Сонымен  бірге,  монополия  ӛніміне  сұраныс  бола  береді, 
сәкесінше  монополиялық  бағаның  пайда  болуы  мүмкін  және  бұл  ӛсуді 
ӛндірушілердің монополизмін алып тастау арқылы ұстау мүмкін емес. Сондықтан 
мұнда мемлекеттік реттеу міндетті түрде болу керек.  
Сонымен қатар табиғи монополияға олардың пайдасын максимилизациялау 
үшін бағалық дискриминациясын жүргізуге мүмкіндік береді.  
Табиғи  монополия  саласындағы  компаниялардың  қызметін  мемлекеттік 
реттеудің қиындығы, олардың бір жағынан кез  – келген шаруашылық жүргізуші 
субъектілер сияқты ӛзінің қызметiнің басты мақсаты пайда болып  табылады. Ал 
екінші жағынан олардың рыноктағы монополиялық жағдайы мен экономика үшін 
стратегиялық  мәні  және  мемлекеттің  қауіпсіздік  мүдделеріне  сай  халық  пен 
мемлекет  мүдделерінің  басымдық  бағыттары  болып  табылатын  саясат  жүргізу 
керек. Бұл екі түрлі қасиет табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеудегі 
ерекше әдістің жасалуын қажет етеді. 
Табиғи монополияларды реттеудің қазіргі кездегі  әдісі Дж.Гэлбрейт айтқан 
«жоспарлы  жүйенің»  құрамды  бӛлігі  болып  табылатын  табиғи  монополияға 
сәйкес  құрылу  керек.  Оның  құрамына  қазіргі  кездегі  жоғары  дамыған 
экономикада  ірі  корпорациялар  кіреді.  Олардың  іс  әрекетінің  заңдылықтары 
қазіргі  кездегі  экономикада  бағынышты  орын  алатын  нарықтық  экономиканың 
дәстүрлі  қызмет  ету  заңдылықтарынан  айрықша.  Рынок  ӛзімен  ӛзі  «жоспарлы 
жүйені» бақылап және басқара алмайды. Бұл қызметтерді тек қана мемлекет пен 
қоғам  іске  асыра  алады.  Табиғи  монополияларға  қатысты  мұндай  бақылау 
табысты бӛлу бағалармен шығындарға байланысты болу керек.  
Табиғи  монополияларды  мемлекеттік  реттеу  бағалық  саясат,  есептесу 
қатынастарын,  баға  құру,  ӛткізу  мәселелерін  қоса  берілген  субъектілердің 
экономикалық саясаттағы мемлекет мүдделерінің басымды бағыттарын кӛрсетеді. 
Себебі табиғи монополиялардың қызметі республика экономикасының және оның 
барлық  аймақтарын  тікелей  әсер  еткендіктен  мемлекеттің  мүддесі  табиғи 
монополия  субъектілерінің  саясатында  ӛзін  айқындау  керек.  Табиғи 
монополиялардың республикалық деңгейдегі классикалық мысалы ретінде мұнай, 
газ,  және  электроэнергияны  беру,  теміржол  арқылы  тасымалдаумен  қатар 
байланыстың  жекелеген  түрлері,  ал  аймақтық  деңгейде  канализация,  жылу  және 
сумен қамтуды және т.б. қоса коммуналды қызметтер жатады.    
Кӛптеген  мемлекеттерде  соңғы  жылдары  мемлекеттік  реттеудің  сферасы 
мен  масштабы  технологиялық  жаңартулармен  байланысты  және  сәйкес  келетін 
нарықтарды  реттеумен  құрылуының  жаңа  әдістерінің  пайда  болуының 
нәтижесінде  елеулі  қысқарды.  Єкімшілдік-әміршілдік  экономикада  барлық 
бағалар  жоспарлы  тәртіппен  белгіленіп    табиғи  монополияларға  қатысты 
салаларды  арнайы  бӛлумен  проблемалар  болған  жоқ.  Экономиканың  рыноктық 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
137 
қатынастарға  ӛтуі  табиғи  монополияларды  реттеудің  белгілі  –  бір  әдістерін 
қолдану 
қажеттілігін 
тудырды. 
Табиғи 
монополизм 
технологиялық 
монополизмнің  әртүрлілігі  бола  тұра  ерекше  табиғи  ресурстарды  қолдану 
нәтижесінде  немесе  экономиканың  барлық  салалары  үшін  ӛмірлік  қажетті 
тауарларды  ӛндіру  процессінде  айқындалуы  болып  табылады.  Осымен  қатар 
шектелген  кәсіпорындар  саны  немесе  бір  ғана  кәсіпорынның  қажеттілігін 
қанағаттандыра алатын белгілі - бір ӛнімге сұраныстың болуы кезінде қолданатын 
ерекше технологиямен шартталған технологиялық монополизм пайда болады.  
Шаруашылық 
жүргізудің 
нарықтық 
механизмі 
дамыған 
барлық 
мемлекеттерде 
шешілетін 
экономикалық 
тапсырмалардың 
ерекшелігіне 
байланысты  мемлекеттік  реттеу  құралдарымен  толықтырылады.  Рыноктық 
экономиканы  құру  барысында  мемлекеттің  экономикалық  дамуының    болу 
тұрақтылығы келесі талаптарды орындауысыз болу мүмкін емес: 
-
 
Макроэкономикалық  тұрақтылықты  қоса  саяси  жағдайдың  тұрақтылығын 
ұстап тұру; 
-
 
әлеуметтік сфера базасының тепе-теңдігін ұстап тұру; 
-
 
мемлекет,  бәсеке  және  қоршаған  орта  мүддесін  қорғауға  бағытталған 
рыноктық заңдар мен заңдардың негізгі пакетін қабылдау; 
Әлемдік тәжірибе кӛрсеткендей мемлекеттің экономикалық қызметін толық 
қайыруға бағытталу рефрмалардың потенциалды тиімділігін тӛмендетумен қатар 
ұлттық шаруашылықтың тікелей жоғалтуларына алып келеді. 
Мемлекеттік  реттеу  деңгейі  экономиканың  жекешелендіру  дәрежесіне 
тікелей байланысты. Ең алдымен бұл коммуналды немесе мемлекеттік меншіктегі 
табиғи монополия кәсіпорнының шаруашылық қызметіне тән.  
Монополиялардың  қызмет  кӛрсету  шығындары  мәлім  болғандықтан, 
міндетті мемлекеттік реттелу қажет. 
Табиғи  монополияларды  мемлекеттік  реттеу  ӛзінің  қызметінің  үш  бағытын 
қосатын, жалпы бір жүйені қарастырады: 
-
 
табиғи  монополия  сферасы  кәсіпорындарының  құрылымы  мен  меншік 
нысынын анықтау; 
-
 
монопольді рыноқта ӛзін - ӛзі ұстау ережелерін қою; 
-
 
табиғи монополияларды бағалық реттеу; 
2008  жылғы  6  ақпан  Президентіміз  Нурсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  
халыққа  жолдаған  ―Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру-  мемлекеттік 
саясаттың басты мақсаты‖ атты жолдауында: 
Бірінші  -  ӛндіруші  сектор  ретінде.  Мұнай  –газ  саласындағы  басты  бағыт  – 
мемлекеттің  халықаралық  мұнай  және  энергетика  рыноктарына  ықпалды  және 
жауапты  қатысушы  ретіндегі  ұстанымын  күшейту.  Бұл  үшін  біз  энергетика 
саласының  стратегиялық  маңызды  буындарына  мемлекеттің  ықпалын 
дайектілікпен  күшейтеміз.  Біз  қазірдің  ӛзінде  Қашаған,  Құмкӛл  мұнай  кең 
орындарын, Богатырь кӛмір разрезін, т.б. игеруде қазақстандық үлесті ұлғайттық. 
Электроэнергиясын 
барлық 
жерде 
бірдей 
үнемдеуге 
біздің 
кәсіпорындарымыз  бен  азаматтарымыз  әлі  кірісе  қойған  жоқ.  Арзан  энергияның 
сарқыра бастағаның ашық айтуға тиіспіз аз тӛлегіміз келсе кӛп үнемдеу керек. Бұл 
әркімнің ӛз қамы болуы қажет. Үкімет осы жұмысты кеңінен қолға  алуы тиіс. 
Нарықтық  экономикасы  дамыған  мемлекеттерде  табиғи  монополияларды 
реттеудің  қазіргі  кездегі  концепциясы  бойынша  жалғыз  экономикалық  субъект 
белгілі  –  бір  тауарды  немесе  қызметті  ӛндірген  кезде  ұқсас  кәсіпорындардың 
бәсекесі  технологиялық  немесе  экономикалық  себептерге  байланысты  мүмкін 
болмайтын  және  үлесті  шығындардың  тӛмендеуімен  сипатталатын  жалғыз 
субъектінің  ӛндіріс  кӛлемінің  ӛсуі  жағдайында  мемлекеттік  реттеу  орынды 
болады  делінген,  табиғи  монополия  тарапынан  зиян  келтіруін  тоқтату  үшін, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
138 
олардың  қызметін  мемлекеттік  реттеу  керек.  Әдетте,  оларға  басқа  компанияға 
қарағанда пайда нормасын бірнеше есе жоғары алуға мүмкіндік береді. 
Сонымен  табиғи  монополия  аясындағы  қызметті  мемлекеттік  бақылау  мен 
реттеудің  қ±қықтық  негіздерін  белгілеу  қажет  жєне  т±тынушылар  мен  табиғи 
монополия  субъектілері  м‰дделерінің  теңдестірілуіне  қол  жеткізу  негізгі 
мақсаттың бірі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
2008  жылғы  6  ақпан  Президентіміз  Нурсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  
халыққа  жолдаған  ―Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру-  мемлекеттік 
саясаттың басты мақсаты‖ жолдауы 
2.
 
Э. Х.Чемберлин Теория монопольной конкуренций /Под. ред. Ю. Я. Ольсевича- 
Москва: Экономика 1996. 361с. 
3.
 
 Я.А.Аубакиров 
«Казахстанская 
модель 
рыночных 
преобразований:  
социально-экономические и правовые аспекты». Алматы: Қазақ  уневерситеті, 
2003. 
4.
 
Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение. /Под ред. М. 
Б. Кенжегузина. Алматы, 1997 
5.
 
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы –2006 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл    мақала  табиғи  монополияларды  мемлекеттік  реттеу  мәселесіне 
арналған,  жеке  алған  тұтынушылар  мен  табиғи  монополия  субъектілері 
м‰дделерінің теңдестірілуі қарастырылған. 
РЕЗЮМЕ 
Данная  статья  посвящена  государственному  регулированию  естественных 
монополий,  в  частности  уравнению  интересов  потребителей  и  субъектов 
естественных монополий. 
 
 
 
 
ӘОК 371.389+336.2+33 
САЛЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ 
 
Ыбышова С.Т. - оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Нұр Отан» ҰДП-ның саяси кеңесінің 
кеңейтілген  мәжілісінде  «Ӛзіңе  талаппен,  айналаңа  шыншылдықпен,  еліңе 
сеніммен  қарау  -  ӛсіп  келе  жатқан  ұрпақты  тәрбиелеудің  негізгі  кӛзі»,-  деп  атап 
кӛрсеткен.  Сондықтан,  еркін  бәсекеге  негізделген  шаруашылықтың  жаңа  түріне 
байланысты  қалыптасқан,  қазіргі  заманғы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда 
оқушыларды экономикалық тәрбиелеу мәселесінің ӛзектілігі артып отыр.  
Экономикалық тәрбие дегеніміз ежелгі заманнан келе жатқан экономикалық 
және тарихи-педагогикалық тәжірибені меңгеру және ол экономикалық ілімдерді 
жеке  қажеттілікке  айландыру  процессі  мен  нәтижесі  болып  табылады. 
Экономикалық  тәрбиелілік  кез  келген  мақсатты  іс-әрекеттің,  қазіргі  заманғы 
адамның мәдени келбетінің негізгі бӛлігі болып табылады.  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
139 
Қазіргі кезде қазақстан білім беру жүйесінде жан-жақты дамыған, экономика 
жағынан  сауатты,  мәдениетті,  іскер  ұрпақ  даярлауға  үлкен  ден  қойылуда. 
Экономикалық  мәдениет  ӛте  кең  ұғым.  Ол  –  экономика  саласында  адам  мен 
қоршаған  ортаның  ара  қатынасын  реттейтін  мәдениеттің  құрамдас  бӛлігі  болып 
табылады.  
Экономикалық  тәрбиенің  құндылық,  бағыт-бағдарлық  және  моральдік 
маңызының  күшеюі,  адамды  экономикалық  белсенділіктің  бастаушысы,  іс 
шығарушы ретінде қарастыру, мәдени-тарихи педагогикаға ауысу экономикалық 
тәрбиенің  мәні  мен  мақсатына  деген  кӛз  қарасты  мүлдем  ӛзгертті.  Осыған 
байланысты  қазіргі  заманғы  зерттеушілер  жеке  тұлғаның  экономикалық 
мәдениетін 
қалыптастыруды 
мәдени-экономикалық 
құндылықтарды 
қалыптастыратын  және  адамның  қоғамдық  дамуының  әмбебеп  формасы  болып 
табылатын  жеке  тұлғаның  экономика  саласындағы  іс-әрекетінің  формасы  мен 
нәтижесі деп түсіндірді. 
Экономикалық мәдениет ӛте аз зерттелген сала болып табылады, ал қазіргі 
заманғы  педагогика  осындай  кӛп  қырлы  ұғымды  түсіндіруге  талпынуда.  Ресей 
және  басқа  да  Шығыс  Елдерінің  тәжірибесі  кӛрсеткендей,  нарыққа  ӛту 
жағдайында  «кӛлеңкелі  экономика»  айтарлықтай  ӛсіп  келеді.  Сондықтан  осы 
жағдай  оқушылардың  шыншыл,  этикалық,  іскерлік  экономика  туралы  ұғымын 
қалыптастыруды  талап  етеді.  Экономикалық  мәдениеттің  қалыптасуы  әр  қашан 
ӛндіріспен, қайта бӛлумен, айырбаспен, тұтынумен сәйкес келе бермейді: бірде ол 
жоғары да аталғандарға сәйкес келуі мүмкін, ал кей жағдайжа аталғандардың әр 
бір  фазасының  дамуынан  қалып  отыруы  мүмкін.  Қылмысты,  «кӛлеңкелі» 
экономикаға,  кӛбінесе,  экономика  жӛнінде  дұрыс  түсінігі  қалыптаспаған 
жасӛспірімдер тартылады. Сондықтан, экономикалық білім мен тәрбие алдын-ала 
жүргізілуі  қажет.  Осыған  байланысты  қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің 
басымды  бағыттарының  бірі  жеке  тұлғаның  экономикалық  мәдениетін 
қалыптастыру мақсатындағы экономикалық білім. 
Қоғамның  әлеуметтік  тапсырысын  орындау  оқыту  және  тәрбиелеу,  білім 
мазмұны,  оқыту  әдістері,  педагогикалық  құралдандыру  сияқты  кӛптеген 
мәселелерді  шешуді  талап  етеді.  Осыдан  барып  педагогикалық  баспаларда 
оқушыларды экономикалық дайындаудың мақсаты және экономикалық білім мен 
тәрбиенің мазмұны туралы пікір-таластар кӛптеп шыға бастады. Бүкіл елдегі және 
әр бір аймақтардағы әр түрлі экономика жағдайындағы азаматтардың менталитеті 
мен  білімдарлығы  арасындағы  байланыс  ерекше  зерттеле  басталды. 
Экономикалық  мәдениет  адамның  бүкіл  ӛмірінің  барлық  саласына  қатысты. 
Әсіресе,  оның  салықтық  қатынастар  саласындағы  маңызы  ерекше.  Ӛйткені  ол 
жалпы  мәдениеттің  басқа  элементтеріне  қарағанда  адамның  мінез-құлқын 
басқаруда  ерекше  рол  атқарады.  Оқушылардың  экономикалық  тәрбиесінің 
аспектілерінің  бірі  ретінде,  біз,  салықтық  мәдениетті  қалыптастыруды 
қарастырамыз. Салықтық мәдениетті субъктінің салықтық қатынастарды сезінуін, 
салықтық  әрекетке  белсенді  қатысуын,  салықты  тӛлеудің  қажеттілігін  және 
тиімділігін түсінуін және салық тӛлеушінің жағымды кейіпкерін қалыптастыруды 
білдіретін адамның жеке тұрмыстық аспектілерін ашып кӛрсететін жеке тұлғаның 
жалпы  және  экономикалық  мәдениетінің  біркелкі  жүйесі  ретінде  түсіндіруге 
болады.  
Жасӛспірімдер  үшін  салық  мәдениетінің  жоғары  деңгейде  дамуына  тән 
қасиет  салық  салу  саласындағы  терең  білім  болып  табылады,  яғни,  салық 
жүйесінің қолданылуына экономикалық  және әлеуметтік жағынан себепші  болу; 
салық қызметінің заңдылықтары, жалпы салық салу құрылымының ӛзін баса анық 
түсіндіру  қажет,  салықтың  негізгі  түрлерін,  оларды  қолданылудан  асып  тастау 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
140 
тәртібін, бюджетке түскен түсімді, салық тӛлеушілердің құқығы мен міндеттерін, 
оның елдің әрбір жағдайын қамтамасыз етудегі рӛлін жете түсіндіру керек.  
Бала  болашақта  тек  қана  саналы  да,  адал  салық  тӛлеуші  ғана  болмай,  осы 
салада  ӛзін-ӛзі  жетілдіріп,  айналасындағыларға  үлгі  болып,  салық  жүйесінің  әрі 
иегері, әрі оны іске асырушы болуы шарт. 
Сыртқы  -  әсерлі  шығармашылық  қызмет  –  жеке  тұлғаның  жалпы 
экономикалық  мәдениетін  арттыру  үшін  салық  жүйесінің  маңыздылығын 
түсінумен байланысты. 
Мектепте  экономикалық  тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  оқушылардың 
салық  мәдениетін  қалыптастырудың  тиімді  шарттары  толық  қамтамасыз 
етілмейді. Мектеп экономикалық ақпараттардың қайнар кӛзі болып табылмайды, 
оның  әсіресе,  салық  сферасында  оқушылар  үшін  тәжірибе  жинақтауға 
жетерліктей  мүмкіншілігі  жоқ.  Сондықтан  біз  жасӛспірімдерге  қосымша 
экономикалық білім беруіміз керек.  
Қазіргі таңда қарапайым жалақы алатын және салық инспекциясымен бетпе-
бет кездесіп кӛрмеген адамдар ӛздерін кӛбінесе салықтӛлеуші ретінде сезінбейді. 
Бұл  дегеніміз  еліміздің  тұрғындары  түбегейлі  бұрынғы  заманнан  қабылданған 
саяси  құндылықтарды  бүгінгі  күнге  дейін  түсіне  бермейді  дегенді  білдіреді.  Ал 
саяси  құндылықтардың  біріне  «салықтар  –  қоғам  мен  мемлекеттің  байлығының 
негізі»  деген  парадигманы  жатқызуға  болады.  Адамдар,  оларды  тапқан 
табысының  айтарлықтай  бӛлігінен  айыра  отырып,  салық  тӛлеуге  неліктен 
мәжбүрлейтіндігін  түсіне  бермейді.  Сондықтан,  салық  тӛлеуден  бас  тартатын 
адамда  ӛздерінің  «жүйені»  алдағандығына  мақтаныш  сезімі  қалыптасқан. 
Осындай  жағдайлар    адамдардың  жеке  ӛмірінде  де,  кәсіпкерлік  іс-әрекетінде  де 
кездеседі. Ӛкінішке орай, қоғам кӛбінесе, заңмен бекітілген салықты тӛлеуден бас 
тартатындарды  қолдайды.  Сондықтан,  қазіргі  таңда,  экономикалық  тәрбиелеудің 
ӛзекті  мәселелерінің  бірі  –  азаматтардың  салықтық  мәдениетін  қалыптастыру 
болып табылады.  
Салықты тӛлеу әдеті кез келген әдет сияқты бала шақтан қалыптасуы қажет. 
Бірақ,  салықтық  мәдениеттің  қалыптасу  процессі  -  ӛзін-ӛзі  мәдени  дараландыру 
процессінің,  мәдени  әлемге  кірігудің  алғы  шарты  болып  табылатын,  жеке 
тұлғаның интенсивті әлеуметтік жетілуімен сипатталады.  
Бір  жағынан  жасӛспірімнің  «ересектік»  сезімін  қанағаттандыратын 
экономикалық ұатынастар бойынша тәжірибесі, қандай да бір экономикалық кӛз 
қарасы болады.  
Ал  екінші  жағынан  аталған  жас  аралығында    жсаӛспірімнің  мораль,  этика 
мәселелеріне  деген  қызығушылығы  артады,  ӛзінің  және  басқа  адамдардың 
психологиялық  уайымына  деген  қызығушылығы  дамиды.  Ал  бұл  процесс 
салықтық  қатынастардың  экономикалық  және  әлеуметтік  аспектілерінің  ӛзара 
тығыз  байланысын  сезінудің  алғы  шарты  болып  табылады.  Салықтың  қоғамдық 
қажеттілігі мен экономикалық тиімділігін түсінумен негізделген салықтық мінез-
құлық – салықтық мәдениеті жоғары адамды сипаттайтын ерекшеліктің бірі. 
Жасӛспірімдердің салықтық мәдениетін зерттеу үшін салықтық мәдениетті, 
біріншіден,  салықтың  мәдениеттің  когнитивті,  құндылықты,  себеп-салдарлық 
сияқты  компоненттерін  зерттеп,  дамыту  арқылы,  екіншіден,  салық  мәдениетінің 
функцияларын  жеке  тұлғаның  компоненті  ретінде  жүзеге  асыру  арқылы 
қарастыру  тиімді.  Осындай  функцияларға  танымдық-болжамдық,  гуманистік, 
нормативті-реттеуші, 
пәндік-практикалық, 
рефлекстік-шығармашылық 
функцияларды жатқызуға болады. 
Танымдық-болжамдық  функция  бойынша  салық  салу  механизмін 
зерттеудегі  салық  мәдениетінің  жетістіктері,  оның  мемлекеттің  азаматтарды 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
141 
әлеуметтік  қорғау  қызметіндегі  маңызы  аталған  феноменнің  экономикалық 
заңдылықтарын  оқып-танудағы  жаңа  әдістер  ретінде  қолданылады.  Ӛзін-ӛзі 
танумен, салықтық қатынастар механизмін меңгерумен сипатталады. 
Аталған  функция  мақсатты  бағытталған  іс-әрекеттің  негізгі  бағытын,  оның 
идеалын  анықтайды.  Салықтық  мәдениет  жетістікке  жету  деңгейін  түсіндіре 
отырып,  құрамына  үздік  салық  тӛлеушінің  образын  енгізеді.  Аталған  тұлғалық 
білімді  жүзеге  асыру  механизмі  идеалды  қалыптастырып,  оны  іс  жүзінде  жүзеге 
асыру арқылы ашылды.  
Салық  мәдениетінің  гуманистік  функциясы  салық  жүйесін  мемлекеттің 
азаматтардың  әлеуметтік  қорғалуын,  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  әрекеттің 
тиімді механизмі ретінде қабылдаумен тікелей байланысты. 
Аталған аспектідегі салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі әр адамның 
құндылығы мен қайталанбайтындығын түсініп, қабылдаумен байланысты. 
Гуманистік  функция  гуманизмге  бейімделу  және  салықтық  қатынастардың 
барлық қатысушыларымен бірлесумен тығыз байланысты.  
Салық  мәдениетінің  нормативті-реттеуші  функциясы  салық  іс-әрекеттің 
бүтіндігін, сапалығын, жетілдірілгендігін қамтамасыз етеді. 
Қарастырылып  отырған  тұлғалық  білімді  жүзеге  асыру  механизмі  әр  бір 
адаммен  құрастырылған  оның  әрекетін  реттеп  отыратын  нормалар  мен 
критерийлер әлеуметтік бағыттардан жүйесін білдірді. 
Аталған  функция  қоғамдағы  моральды  тәрбиелік  қатынастар  қағидасына 
негізделген  бекітілген  салықтық  заңдылықтарды  сақтауды,  салық  заңдылықтары 
аясындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады. 
Пәндік  практикалық  функция  бойынша  салық  мәдениеті  пәнінің  мазмұны 
зор және ол практикаға бағытталған. Адам ӛз ӛмірінде салықтық қатынастардың 
не  кӛзі  ретінде,  не  қоғамдық  қорлардың  тұтынушысы  ретінде  субъектісі  болып 
табылады.  Салықтық  мәдениеттің  пәндік-практикалық  тұрғыдағы  қызмет  ету 
механизмін  пәнге  байланысты  адам  әр  түрлі  мақсат  қатысымен  түсіндіруге 
байланысты.  
Салық  мәдениетінің  рефлекстік  шығармашылық  функциясы  адамның  ӛзін 
салықтық қатынастардың субъектісі ретінде түсінуі, білуімен анықталады. 
Психологиялық – философиялық талдау бойынша рефлекстілік-бұл адамның 
ӛмір сүру формасын басқа формалардан ерекшелендіретін адами қасиет. 
Сондықтан,  салық  мәдениетінің  рефлекциясы  мінез-құлық  сызбасын  қайта 
құрастыруға,  салық  ақпараттарын  жинастыру  процессіне  бақылау  жасау 
нормативі мен механизмінің санасында пайда болуына әкеледі.  
Салық  мәдениеттің  қалыптасу  процессін  құрудың  негізінің  бірі  ретінде 
салық  мәдениетінің  даму  деңгейі  мен  процесінің  позициялары  мен  оны  түсіну 
болып табылады. 
Салық  мәдениетінің  деңгейін  анықтау  үшін  оның  құрылымдық    (жеке 
компоненттердің  қалыптасуын  бағалау)  және  функционалды  жалпы  алғанда 
(салық  мәдениетнің  даму  деңгейі)  критерийлерін  қолдануға  болады.  Осы 
тұрғыдан жасӛстіріпді мәдениетінің дамуының тӛрт деңгейін болып  қарастыруға 
болады. (бастапқа, оқиғалы, ойлы, құрастырушы). 
Жас  ӛспірімдердің  салықтық  мәдениетінің  даму  деңгейін  және  процессін, 
мәнін  білу  оны  қалыптастыру  бойынша  жұмыс  мақсатын  нақты  жоспарлауға 
мүмкіндік  береді.  Процесс  бӛлшектеріндегі  жоспарланған    мақсаттардың 
біріздігін қадамдардың бірізділігі ретінде болуы керек.  
  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
142 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Выступление  Н.А.Назарбаева  на  расширенном  Политсовете  НДП  ―Нур  Отан‖ 
от 17 января 2008 года. 
2.
 
Альмухамбетов  Б.  Экономическое  образование  в  Республике  Казахстан: 
состояние, проблемы и пути решения. //Основы экономики. №5, 2004 
3.
 
Тупанчесвки Н. Последствия уклонения от уплаты от налогов и превентивные 
мерв  как  способ  защиты  от  уклонения.  //Вестник  Московского  университета. 
Серия №11, №6, 2000 
4.
 
Атыгаев  З.,  Бекбердиев  Б.  Налоговый  контроль  в  современных  условиях.  // 
Қаржы-қаражат. №7-8, 2000 
5.
 
Розов  В.К.  Методика  экономического  воспитания  школьников:  Учеб.пособие 
по спец.курсу для студентов пед.вузов.-М., 1985. 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  жас  ӛспірімдердің  салықтық  мәдениетінің  даму  деңгейін  және 
процессін,  мәнін  білу  оны  қалыптастыру  бойынша  жұмыс  мақсатын  нақты 
жоспарлауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  мақалада  салықтық  мәдениеттің 
экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық үрдістері қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
Статья посвящена проблеме формирования налоговой культуры у учащихся 
общеобразовательных  школ  в  системе  экономического  образования,  как 
составного элемента экономической культуры. А также в статье рассматриваются 
экономический,  социальный,  информационный  и  правовые  аспекты  налоговой 
культуры. 
 
 
 
 
 
 
Э К О Н О М И К А   Ж Ә Н Е   М Е Н Е Д Ж М Е Н Т 
 
 
 
УДК 330.35 (574)+321.74                                                   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет