ӘОК: 94 [070](574) Қолжазба құқында



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата30.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#10622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
1.2 Ұлттық жастар ұйымдары мен олардың алғашқы басылымдары 
 
ХХ  ғасыр  басында  Қазақстан  жастар  арасында  бірнеше  ұйымдар 
қалыптасты.  Ең  алғашқы  ұйым  Омбы  қаласында  1914  жылы  «Бірлік»  деген 
атпен  қалыптасып  өз  бағдарламасын  жасады.  Бағдарламасында  алға  қойған 
мақсаттарын  «Қазақ  халқының  мәдени  һәм  әдеби  жағынан  ілгергі  қатардағы 
жұрттарға  қосу,  ұлтшылдық  сезімін  туғызу  һәм  ұлтты  сақтау»  деп  көрсете 
келе,  оған  жетуде  біріншіден,  жастар  арасында  ұлтты  сүю  сезімін  сіңдіру, 
екіншіден,  халық  әдебиетін  жинастыру  арқылы  әдеби  кітаптар  бастыру, 
үшіншіден,  театр  кітаптарын  шығару,  төртіншіден,  газет-журналдар  шығару, 
бесіншіден,  бастауыш,  орта  дәрежелі  мектептерге  оқулық кітаптар  жазу  және 
шәкірттерді  даярлайтын  курстар  ашу,  қаражатқа  мұқтаж  шәкірттерге 
қаржылай  көмек  көрсетуде  түрлі  ойын-сауықтар  ұйымдастыру,  алтыншыдан, 
төменгі  тап  өкілдерін  байлардың  тепкісінен  құтқару,  қазақ  әйелдеріне  теңдік 
әперу екендігін атап өтті.  
Бұл  «Бірлік»  ұйымын  Шәймерден  Әлжанов  басқарды.  «Бірлік»  ұйымы 
жайында  Сәкен  Сейфуллин  өзінің естелігінде:  «1913  жылы  Омбыда    ең  әуелі 
жасырынып  жастар  ұйымын  -  «Бірлікті»  ашқанымызда,  Шәймерденді  (Ш. 
Әлжановты  -  З.Б.  )  ұйымның  басқармасының  төрағасы  қылып  сайлап  едік. 
Шәймерден  сонда-ақ төңкерісшіл еді», - деп жазған болатын 

124, 69-б.].   
«Бірлік»  ұйымының  1916-1918  жылдары  «Балапан»  атты  қолжазбалық 
журналы  шығып  тұрды.  Журналдың  өмірге  қадам  басуында  үлкен  рөл 
атқарғандардың бірі - оның алғашқы редакторы Мағжан Жұмабаев. «Бірлік» 
ұйымының  бағытын  М.  Жұмабаевтың  «Балапан  қанат  қақты»  атты 
мақаласында айқын көрсетеді [125, 20-21-бб.].
 
 
 «Бірлік» қауымы  жалпы Ресей үстінде қалың қара бұлттың тегіс қаптап, 
жауыздық  найзағайы  жарқылдап  ойнап  тұрған  кезде  туды.  Кең  құлаш,  
салып,  еркін  демалу  үшін  ерік  болмады.  Екі  кісі  бас  қосып  кеңесуге  шама 
жоқ  еді.  Зор  қаладан  жиналуға  жер  таппай,  қырға  орманға  кетуші  едік.  Сол 
қалың  орманның  ішінде  жаңа  сырымызды,  мұңымызды,  зарымызды 
сөйлесуші  едік.  Қолымызда  пұл  да  жоқ  еді.  Оқуда  жүрген    өңшең  шәкірт 
қалтамыздағы  барымызды  тиындап  жиюшы  едік.  Бұл  күйде  жүргенде  істің 
аса  көркейіп  кетпейтіні  белгілі.  Бірақ  біздің  ниет  қарлығаштай    болса  да 
қазаққа  қызмет  ету  еді».  Осындай  мазмұндағы  бағдарламада  келітірлген 

 
41 
сөздер  қазақ  жастарының  мақсаттарының  ұлт  мүддесі  үшін  қызмет  ету 
екендігін көрсетеді.  
«Бірлік» ұйымының қызметі ғалым Т. Кәкішевтің «Мағжан және Сәкен» 
деп  аталған  еңбегінде  келітірілді.  Ол  бұл  еңбегінде  Ш.  Әлжанов  пен  С. 
Сейфуллиннің  «Бірлік»  ұйымын  құрып,  бірі  төраға,  ал  екіншісі  орынбасар 
болғандығын келтіреді.   
Жастар  ұйымы  туралы  ғылыми  зерттеу  жүргізген  Есқайрат  Хайдаров 
«Бірлік»  ұйымының  1916  жылдан  «Балапан»  атты  әдеби  журнал  бастырып 
тұрғандығын  айта  келе,  ұйым  мүшелерінің  оқуға  ынталы  жастарға  жәрдем 
көрсетіп отырғандығын көрсетеді 

126].   
Негізінен, 
Қазақстан 
жастар 
баспасөзiнiң 
тарихы 
қолжазба 
журналдардың хронологиялық жағынан алып қарағанда ең тұңғышы «Садақ» 
журналы болып табылады. 1906 жылы ашылған Уфадағы «Ғалия» медресесі 
жоғары  білім  беретін  оқу  орны  болып  есептелді.  Оның  оқу  мерзімі  алты 
жылға  созылды.  Алғашқы  үш  жылы  әзірлік,  ал  кейінгі  үш  жылы  жоғары 
білім  беру  болып  саналды.  Бұл  оқу  орнында  татар,  башқұрт,  қазақ,  қырғыз, 
әзірбайжан, өзбек, черкес, түркімен  жастары білім алды. «Ғалияның» өз ішкі 
тәртібі болып, медресе шәкірттері толықтай осы тәртіпке бағынды.   
Т.  Кәкішевтің  анықтауынша    бұл  медреседе  қазақтың  қырықтан  аса 
жігіттері білім алған.   Олардың  ішінен  Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, 
Нұғман Манаев, Бейімбет Майлин, Жиенғали Тілепбергенов, Зейнелғабиден 
Имажанов, 
Әбдірахман 
Мұстафин, 
Нұршатай 
Рахымбаев, 
Зияш 
Алдабергенов,  Әбдірашит  Әлімбаев,  Армия  Әшекеев,  Кәрім  Ешмұқамбетов, 
Нығметолла  Күзембаев,  Әбілғазы  Имамбеков,  Бекмұхамбет  Серкебаев, 
Ахметжан Күзембаев, Ғайса Тоқтарбеков, Шаһмардан Құмаров, Камалидден 
Жайсақов,  Ғаббас  Қоңқаев,  Нұржан  Еленов,  Хамза  Мәннан  Тұрғанбаев, 
Молдахмет  Жәнекешов,  Біләл  Сүлеев,  Мұстақым  Малдыбаев,  Ахмет 
Мәметов,  Жақып  Айманов,  Қажым  Басымов,  Мұстафа  Оразаев 

127,  17-18-
бб.].  
1913  жылы  медресенің  белсенді  шәкірті  Шахизада  Бабич  «Парлак» 
қолжазба журналын ұйымдастырып шығарып тұрды. Соған еліктеп башқұрт 
шәкірттері  «Ай»,  «Без»,  черкес  жастары  «Ләгу»  журналдарын  шығара 
бастайды.  Қазақтар  да  «Садақ»  қолжазба  журналын  шығаруды  қолға  алды. 
Медресенің  ішкі  тәртібі  бойынша,  журналдар  қолжазбалылығына  қарамай, 
кітапханаға өткізіліп мөр қойылады екен 

128, 15-б.].  
«Садақтың»  1913  жылы  бірнеше  нөмірі  басылып  шыққан.  Алайда 
кітапханада  жатқан  оның  екінші  нөмірін  татар  жастарының  ішінен  шыққан 
біреулер  «ол  неліктен  қазақ  тілінде  шығады,  медресе  татар  тілінде 
болғандықтан  татар  тілінен  басқаға  жол  жоқ»  деп  жыртып,  дәретханаға 
апарып  тастаса  керек.  Бұған  ызаланған  қазақ  шәкірттері  мен  татар  жастары 
арасында  біршама  қырғиқабақ  жағдай  туындаған.  Оның  үшінші  нөмірі  тек 
1915 жылдың 20 қарашасында әзер шығады. Міне, осыған орай  «Садақтың» 
шыққан  жылын  1915  жылдан  бастап  көрсетілсе  керек.  Ғалым  Т.  Кәкішев 
көрсеткендей,  сол  жылдың  23  желтоқсанында    «Қазақ»    газетіне  «Ғалия» 
медресесінің  34  шәкірті  қол  қойған  «Қазақ  тілінде  оқыту  жайынан»  деп 

 
42 
аталған  ашық  хат  басылған.  Онда  қазақша  оқулықтар  бола  тұрып,  ноғай 
тілінде жазылған оқулықтармен оқытуға қынжылыс білдірген.  
«Садақ»  журналының  алғашқы  сандарына  қатысты  болған  жәйттерден 
кейін  қазақ  жастары  мен  татар  жастарының  арасында  біршама  араздық 
орнаған.  Осы  себепке  орай  медреседе  жалпымедреселік  жиналыс  өткізіліп, 
оған  қазақ  зиялысы  Ахмет  Байтұрсынов  пен  Ғалымжан  Ибрагимов,  Мәжит 
Ғафури сияқты татар зиялылары қатысып, жастар  сөйлеп, олардың арасында 
татулық орнатуға әрекеттенген 

129].  
Филолог  -  ғалым  Дихан  Қамзабекұлы  «Алаш  жолындағы  жастардың 
«Садақ» журналы деп аталған мақаласында:  «Әр басылымның бағыты оның 
басында тұрғандардың  талғам-түсінігіне байланысты болып келеді. «Садақ» 
журналының ұйытқысы  - Бейімбет Майлыұлы мен Жиенғали Тілепбергенов 
еді. Екеуі де  қиялы ұшқыр, тілі кестелі, қазақ әдебиетін  көтерсем деген жас 
талап  жазушылар  болатын»,  -  деп  жаза  отырып,  бұл  екі  жастың 
шығармашылық жолы осы журналдан басталғандығын атап өткен 

130].   
Ол 1915 жылдың қарашасынан 1918 жылдың ақпанына дейiн - eкi жарым 
жыл  бойы  Уфадағы  «Ғалия»  медресесiнде  үзбей  шығып  тұpды.  Журналдың 
шығарушы редакторлары Бейiмбет Майлин, Жиенғали Тiлепбергенов болды 
[131, 129-130-бб.].  
Башқұрт  жазушысы  Сайфи  Құдаш  профессор  Тұрсынбек  Кәкішевпен 
кездескенде: «Садақты» қызықты шығаруға Бейімбет пен Жиенғали көп күш 
жұмсады,  тіпті  жұмасына  бір  шығарып  тұрған  кездері  де  болды»,  -  деген 
екен.  Ол  Б.  Майлин  осы  «Садаққа»  «Шұғаның  белгісі»  деген  новелласын 
«Шаңқан» деген атпен басып, журнал оқырмандарын қызықтырғандығын да 
айтқан 

132].  
Журналға  Б.  Майлиннің  редактор  болғандығын  оның  бетіне 
жарияланған «Жазушы: Бекет, бастырушылар көп» деген сөздің өзі дәлелдеп 
тұрғандай.   
Журнал  медресе  шәкiрттерiнiң  күшiмен  шығарылғандықтан,  оны  қазақ 
жастар басылымының алғашқы қарлығашы деп толық сеніммен айта аламыз. 
Өйткені,  қазақ  журналистикасының    Қ.  Бекхожин,  Т.  Қожакеев,  Т.  Кәкішев 
сынды  зерттеушілер  «Садақ»  журналының  бүкіл  қазақ  әдебиетi  мен 
журналистикасы тарихында алатын орнын айрықша атап көрсетеді. 
Журналдың  нені  көздегендігін  қазақ  баспасөз  тарихын  зерттеген  Х. 
Бекхожин:  «Журналдың  мақсаты  –  оқуға  келген  қазақ  жастарына  жол-жоба 
көрсетіп,  қалам  ұстауды,  сөз  жазуды  үйрету,  өткендегі  өмірдің  жақсылығы 
жағын өнеге етіп, жаманшылығынан бездіру»,- деп жаза отырып, журналдың 
бағыты  мәдени-ағартушылық  сипатта  болды  деп  тұжырымдаған.  Сондай-ақ 
ол  журнал  Абайдың  тәлім-тәрбиелік,  махаббат  жөніндегі  нақыл  сөздерін 
басып насихаттағандығын да келтіреді 

18, 52-б.].  
Осы  журналдың  тарихи  маңызы  туралы  Д.  Қамзабекұлы:  «Алаш 
қозғалысы  тұсындағы  мерзімді  басылымдардың  ішінде  ұлттың  жас  қайраты 
һәм  жалынды  жігері  шығарған  «Садақ»  (1915-1918)  және  «Балапан»  (1916-
1918) қолжазба журналдарының да орны ерекше.  

 
43 
Жәдитшіл  бағыт  ұстаған  «Медресе  Ғалияның»  (Уфа)  қазақ  шәкірттері 
шығарған 
«Садақ» 
қолжазба 
журналы 
жаңа 
серпінді 
руханият 
қалыптастыруға,  бұрынғының  тағылымды  жағын  меңгеруге  күш-жігер 
жұмсады»  деп жазады [130].  
Талантты  жастардың  әдебиеттегі  тырнақ  алды  туындылары  осында 
жарияланды.  «Садақ»  журналы  кейінгі  жылдары  толыққанды  жастар  газет  - 
журналдарын  шығаруда  тәжірибелік  маңызы  бар  рөль  атқарды,  ол  1918 
жылға дейін шығып тұрды. 
Журналдың екі жылдық мерекелік нөмірінде айтылғандай онда негізінен 
мынандай  мәселелерді  көтеруге  баса  назар  аударылатындығы  айтылады: 
«журналдың жинағы: 
1)  Бас  мақала;  2)  Мәшһүр  ерлер,  3)  Роман  (қиял  мен  уақиға),  4)  Ертегі 
(өнеге  берерлік  болуымен  қандай  ертегі  болсада  жарайды),  5)  Халық  өлеңі 
(бала  жұбату,  неше  түрлі  күлкі  өлең,  күлкі  тақпақтар  секілді),  6)  Ескі 
билердің  сөздері,  7)  Өлең,  8)  Күлкі бөлімі  (мәтбұғатқа  күлу  тұрмысқа  күлу, 
замана  жастарына  күлу,  9)  Істейтін  қызмет  борышымыз,  10)  Ішкі-тысқы 
хабарлар һәм басқалар [131, 127-130].  
Т.  Кәкішевтің    «Садақ»  атты  кітабында  осы  журналдың  1916  жылғы  4 
қарашада  шыққан  20  саны  туралы  мәліметтер  келтірілді.  Автор  онда 
журналдың  15  күн  сайын  шығып  тұратындығы,  «уақытша  шығарушысы 
Керей  де,  ал  бастырушылары  Мырзалар»  деп  жазылғандығын  келтіре 
отырып, бұл нөмірдің мазмұнын толық берген. Оның жазуынша «Садақтың» 
басты жазушылары Жекей мен Керей болған. Журналдың бірінші бетіне бас 
мақала  ретінде  Басқарманың  «Садақ»  оқушыларына»  деген  мақаласы,  одан 
кейін Жекейдің «Сәлемдесу», «Ескі сөз», «Ескерткіштен бір бөлек», Қысқасы 
қияметке  кетпес»,  «Халық  өлеңдері:  Жалған  досқа,  Намаз  батасы»,  ал 
Керейдің  «Өтініш»,  «Аңдамай  сөйлеген  ауырмай  өледі»,  Құдайбердінің 
«Құтты болсын», Есілдің «Ашық хат», Бөртенің «Қуанышты күн» және түрлі 
хабарлар, телеграмдар, басқалар туралы хабарлар жарияланған 

131, 8-9-бб.].   
Құдайберді  деген  автордың  «Құтты  болсын»  деп  аталған  материалы 
«Садақ»  журналының  бір  жастан  екіге  аяқ  басуын  құттықтауға  арналды. 
«Бұрын  көрмеген  соң  «Садақ»  журналын  көрейін  деп  оқу  залына  бардым. 
Журналдың  3-санын  алдырып  қарасам,  сыртына  Торан  бабамыздың 
балаларының  қолданған  құралының  рәсімі  жазылып  тұр  екен.  Ерлік,  қайрат 
көрсеткен  құралы  біраз  қиялға  түсіріп,  бір-екі  ауыз  өлең  жазуға  мәжбүр 
етті»,-  деп  журналға  арнап  жыр  шуақтарын  жазып,  таза  тәрбиемен  тез 
қатарға кірсе деген тілек айтады.  
Журналдың  1916  жылғы  18  қарашада  шыққан  21  нөмірінде 
Жиенғалидың    жолаушылап  қайтқаннан  кейін  «Бас  сөз»  бен  «Садақтың» 
көргенін  жазған.  Осы  нөмірде  Тарбағатай,  Тоқа,  Дөнен,  Сона  деген 
авторлардың материалдары басылған.  
Жиенғали  «Бас  сөзінде»  халық  арасына  тараған  өлең,  жұмбақ,  ертегі, 
тақпақ  сөз,  жаңылпаштардан  айырылып  қалмау  жағын  жаза  отырып, 
журналды 3-5 бөлімге бөліп, І- бөлікте – бас сөз (әдебиет жыры, сөздері), ІІ – 
бөлікте  –    роман  (оқиға,  қиял),  ІІІ-  бөлікте  –  халық  көркем  сөзі  (ертегі, 

 
44 
тақпақ, би сөздері, жұмбақ, мақал), ал ІV-бөлікте  – күлкі, V-бөлікте  – өлең 
(жазба  өлең,  халық  өлеңдері),  VI-бөлікте    –  айнаға  арналған  (театр) 
болатындығын айтқан 

131, 20-б.].   
Журнал  жер-жерден  келген  хабар-ошарларды  да  жариялап  отырған. 
Солардың  ішінен  журналға  материал  бергенде  шетінен  тігуге  орын 
қалдыруын және қазақ емлесімен жазуды  өтінген. Ал журналдың 22 санында 
журналды жарты айда емес, жетісіне бір рет шығаруға көмек көрсетпей, яғни 
жоғары  сынып  шәкірттері  немқұрайлы  қарап  отырғандығын,  журналға 
жарияланатын материалдардың жетіспейтіндігі жазылды.   
Біз  бұдан  «Садақ»  журналының  әдеби  мазмұнда  болғандығын 
аңғаруымызға  болады.    Оның  бетінде  Б.  Майлиннің  «Шұғаның  белгісі»,  Ж. 
Тілепбергеновтың 
«Жазғы 
көш», 
«Ырысты», 
Ә. 
Мұстафиннің 
«Тұрғынбайдың оқуы» және т.б. прозалық шығармалары жарияланды. Қазақ 
шәкірттері әдеби туындыларын бүркеншік есімдермен жариялаған. Мәселен,  
Б.  Майлин  «Бекет»  деген  есіммен  «Бас  сөз»,  «Өлең  туралы»,  «Күн  шықты» 
деген  дүниесін  жарияласа,  ал  Жиенғали  Тілепбергенов    «Жеке»,  «Тыныш», 
«Тыңдаушы»,  «Біреу»,  Зейнелғабиден  Имажанов  «Есіл»,  Әбдірахман 
Мұстафин «Шашты» деген бүркеншік есімдермен әңгіме, новелла, өлеңдерін 
басып отырды.  
Бейімбеттанушы  Тоқтар  Бейісқұлов  жазғандай,  сонымен  қатар  Б. 
Майлиннің  осы  «Садаққа»  «Қарсақ»,  «Толстой  қазақ»  деген  есімдермен  де 
шығармалары  жарияланса  керек.  Б.  Майлиннің  «Шұғаның  белгісі» 
журналдың үш нөміріне басылған 

127, 19-б.].  
«Садақ»  журналы  екінші  жылға  аяқ  басуына  орай  мерекелік  нөмір  де 
шығарған.  «Ішкі-тысқы  хабарлар  һәм  басқалар»  деген  бөлімінде  құтты 
болсын  айтқан  жеделхаттар  жариялап  отырған.  Мәселен,  оның  бетінен 
«Садақ» журналының екінші жасқа шығуына құтты болсын айтамыз һәм осы 
телеграммен  «Садақ»  журналының  бағыты  түзеліп,  дәрежесі  жоғарылап, 
ұлтына жақсы қызмет қылуына тілектес екенімізді білдіреміз!» деген немесе 
Өскемен  уезінен  келген  жеделхатта  «Садақ»  журналының    бірінші  жастан 
екінші  жасқа  шыққандығымен  бауы  берік,  жолы  ашық  болуын  тілеп,  құтты 
болсын  айтамыз.  Өскемен  уезі  қазақтары  атынан:  Дыран  Шариф»  делінген 
құттықтаулар басылды 

133, 53-б.]. Сонымен қатар журналға ел ішінде болып 
жатқан жағдайларды да хабарлауға тырысты.   
Журналға  шәкірттер  көп  жағдайда  бүркеншік  атпен  жариялап  отырған. 
Жекей,  Тарбағатай,  Тоқа,  Дөнен,  Сопа  және  т.б.  авторлар  әдеби  жанрда 
жазуға  тырысты.  Мұнда  махаббат,  оқу  жайлы      әртүрлі  әңгімелер,  өлеңдер 
басылып тұрды. Нұғман Манаевтың бұл журналдың 1915 жылғы сандарының 
бірінде    «Аяқталмаған  романнан  үзінді»  деген  қазақ  қыздарының  аянышты 
тағдырын  баяндаған,  оларды  қалың  малға  сатудан  азат  ету,  оқыту  жайын 
әңгімелейтін шағын туындысы жарияланған 

134, 130-б.].  
«Садақтың»  соңғы  саны    1918  жылдың    10  ақпанында  басылып,  онда 
журналға  осы  уақытқа  дейін    ат  салысып  келгендер  мен  бүркеншік 
есімдермен  жариялағандардың  аттары  нақты  аталып  берілді.  Журналдың 

 
45 
редакторы  болған  Жекей-Жиенғали  Тілепбергенов  журналдың  алғы  сөзінде 
«қанша  қимасақ  та  бір-бірімзден  көп  ұзамай  лажсыз  айырылғалы  тұрмыз. 
Соның  үшін  арамызда  жүріп  бас-көз  болған,  жөн-жоба  көрсеткен,  сасқанда 
ақыл  берген,  әдебиетке  жарлымызды    байытқан,  шекеу  шығып,  аяғын  асау 
басып жүргендерді жуасытып, қуып әкеліп үйірге тыққан қанаты күміс құмай 
«Садақ»  журналы  осы  нөмірден  соң  биылша  тоқтамақшы»  дей  келе,  келесі 
жылы жастар жалғастырар деген үміттің барлығын айтып, Кенған Ниязовтың 
қоштасу  өлеңімен  аяқтайды.  Қоштасу  ретінде  Сұлтан  Шоқаевтың  «Қара 
мылтық»  өлеңі  де  берілді.  Сонымен  қатар  осы  нөмірде  жұмбақтар  да 
басылды 

131, 254-258-бб.].    
«Ғалия»  медресесінде  оқыған  жастардың  өнегелік  сипаты,  олардың  
оқуға, мәдениетке ұмтылуы осы «Садақ» арқылы білуімізге болады.  
Міне  осылайша,  «Медресе  Ғалия»  өзінде  тәлім-тәрбие  алып  жатқан 
қазақ  жастарын  ұлттық  рухта  тәрбиелеудегі  ісі  өз  нәтижесін  берді,  қазақ 
басылымдарының  алғашқы  қарлығаштарының  бірі  болып  табылатын 
«Садақ»  журналы  жастардың  осы  ұлтын  сүйген  рухынан  туған  басылым 
болды.  
1917  жылдың  көктемінде  Жетісу  қазақ-қырғыздар  съезінде  Қазан 
қаласынан  әріп  алдырып,  қазақша  газет  шығару  ұйғарылды.  Бірақ 
революцияға  дейін  ол  ниет  іске  асырылмады.  1918  жылы  көктемде  өкімет 
билігі  большевиктердің  қолына  өткеннен  кейін  тұңғыш  «Қазақ»  газеті 
жабылып, оның баспаханасы тәркіленді.  
Оның орнына Торғай облысы депутаттары Кеңесінің үні аталған «Қазақ 
мұңы» газеті шығарылды. 1918 жылдың 16 сәуірінен бастап оның редакторы 
Нәзір  Төреқұлов  болды,  жасы  25  -  те  еді.  Жалпы  алғанда,  алғашқы  қазақ 
басылымдарын  шығарушылар  мен  редакция  қызметкерлері  негізінен 
жастардан тұрды [35,- 116 б.]. 
       
Газетті  шығарушылар  жастар  болғаннан  кейін  мұндай  басылымдарда 
өздерін  алаңдатып  жүрген  мәселелерге  көбірек  көңіл  бөлінді.  Мәселен, 
«Қазақ  мұңы»  өзінің  №1  және  №2  сандарында  Б.  Кулеевтің  Орынбордағы 
қазақ  жастарының  «Игілік»  қоғамының  қызметі  жайында  көлемді  мақаласы 
жарияланды. Газет қызметкерлері ел арасындағы мақал - мәтелдерді, қалжың 
- әжуа, шымшымаларды жинап, жариялап тұрды. Олар «Шешен болғың келсе 
-  сөз  үйрен»,  «Шебер  жазғың  келсе  –  тіл  үйрен»  рубрикаларымен 
жарияланған [135]. 
       Газеттің  алғашқы  сандарының  бірінде  «Қазақ  тарихы»  деген  мақала 
жарияланған,  онда  мынадай  ой  айтылады:  «Қияметке  шейін  қазақ  қазақ 
болып жасамақ, осы ғасырдың ғылыми жарығында қазақ көзін ашады, бетін 
түзесе,  өзінің  қазақшылығын  жоғалтпағандай  және  өзіміздің  әдет  -  ғұрыпқа 
сай  «қазақ  мәдениетін»  (қазахская  культура)  құрып,  бір  жағынан  «қазақ 
әдебиетін»  (казахская  литература)  тұрғызып,  қазақшылығын  сақтамақшы» 
[136]. Газеттің негізгі мақсаттарының бірі қазақ әдебиетін өркендету болған

«Қазақ»  газеті  қазақ  тарихында  өліара  тұста  тек  партия  ісімен  болмай, 
қазақ мәдениеті деңгейінің көтерілуіне де еңбек етті. Оның бағытын ұстанған 
бірнеше газет - журналдар шықты. Семейде «Сарыарқа», Ташкентте «Алаш», 

 
46 
соңынан «Бірлік туы», Бөкейлікте, Астраханьда «Урал», Ақмолда «Тіршілік». 
Бұл  газеттер  «Тіршіліктен»  басқасының  бәрі  бір  бетте  болды.  Бәрі 
Орынбордағы  «Қазақ»  газетінің  ықпалымен  жүрді...  Бәрінің  орталық  туы 
«Қазақ» газеті болды», - деп жазды С. Сейфуллин  [124,-229-236 бб.].  Яғни, 
1917 жылдың аласапыраны  «Қазақ» газеті бүкіл саяси ой  - жүйенің ағымын 
жолға салып, барша қазаққа көшелік көрсетіп отырғанын аңғару қиын емес. 
      «Қазақ» газеті» 1917 жылдың 9 қазанында, ал 10 қазанда «Сарыарқа» 
газетi  Қызылжар  қаласындағы  жастардың  «Талап»  атты  ұйымы  «Жаңа 
заман» қолжазба  журналын шығара бастағандығын хабарлады. «Сарыарақа» 
газетi өзiнiң 1918 ж. 5 қаңтардағы № 29 санында «Жаңа заман» журналының 
Бiләл  Малдыбайұлының  басқаруымен  алты  саны  жарық  көргендігін  жазды   
(Б. Майлин болуы мүмкін)  [137].  
Қазақтың ұлттық баспасөз тарихында алатын орны бар «Қазақ» газетінің 
бағытын  жалпы  жұртқа  жария  етуге  жәрдемдескен,  азаматтық  ой  -  сананы 
ілгерілетуге  септігі  тиген  газет  -  журналдардың  ішінде  «Жас  азамат»  атты 
басылымды  ерекше  атауға  болады.  Бұл  жаңа  басылым  ұлттың  тәуелсіздігін 
жоқтап,  отаршылдыққа  қарсы  тұрған  қазақ  жастарының  тұңғыш  қоғамдық  - 
саяси газеті. Бұл газет негізінен  1918 жылдың 5-13 мамырында аралығында 
Омбыда  болып  өткен  І-жалпықазақ  жастар  съезінен  кейін  құрылды.   
Тарихшы ғалым Н. Шаяхметов осы «Жас азамат» ұйымының құрылуы және 
басылымы жөнінде былай деп жазған: «І-ші жастар съезі нәтижесінде барлық 
Алаш жолындағы қазақ жастарын бір тәртіппен іс-әрекет жүргізу талабында 
біріктірілген  «Жас  азамат»  жастар  ұйымы  дүниеге  келуі  және  осы  жастар 
қауымдастығының  үні  «Жас  азамат»  газетінің  идеологиялық,  мәдени-ағарту 
салаларына  жаңа  қарқын  берді,  жаңа  леп  әкелді.  Жастар  съезде  көкейтесті 
мәселелерді  күн  тәртібіне  қоя  отырып,  оны  шешу  талабындағы  рухани 
ізденістерді қазақ жастарының саяси ой-жүйесінің өскендігін, әрекетшілдігін, 
ынтымағының  артқанын  көрсетіп  берді.  Қазақ  жастарының  «Жас  азамат» 
ұйымының  төңірегіне  ынтымақтасуы  жастар  қозғалысының  үлкен  белесі, 
жаңа  сапалық  деңгейге  көтерілгенінің  айқын  дәлелі  ретінде  қабылдауға 
тиіспіз.  Ал,  «Жас  азаматтың»  алтын  идеялы  әулие  мақсұты,  негізгі  жолы  – 
ұлт бостандығы, ұлт теңдігі» еді. Осы «алтын идеалды» баянды ету жолында 
қазақ  жастары  өздерінің  халық  алдындағы,  ұлт  болашағы  үшін 
жауапкершілігін терең сезінді» 

138].  
Бұл  қазақ  баспасөзінің  төлбасы  1918  жылдың  сәуір  айында  барлық 
жастар  ұйымдарын  біріктіріп,  басын  қосқан  ұйымның  органы  болып 
саналады.  Біріккен  «Жас  азамат»  ұйымының  төрағалығын  Мырзаұлы 
атқарып, ал С. Сәдуақасұлы, М. Сейітұлы, Т. Досымбекқызы, Ә. Бәйділдәұлы 
және  т.б.  жастар  мүше  болған 

134.-82-б.]
.  Газет  -  осы  ұйымның  тілі. 
Өздерінің 
осындай 
ұйым 
құрып, 
газет 
шығарудың 
қыр-сырын 
оқырмандарына  жолдаған  «Ашық  хатында»  ұйымның  кіндік  комитеті 
былайша жазды: «Ел көп тобырдың ортасында аяқ - асты бас қосайық деген 
пікір  туып  еді.  Бұл  пікірді туғызған  –  көкті  қаптаған  қара  бұлт  большевизм 
дауылы  еді.  Бұл  дауылдан  қырғыз  -  қазақ  елін  шамамыз  келгенше  аман 
сақтап  қалайық,  шамамыз  келгенше  тарих  алдында  кінәсіз  болармыз,  өлсек 

 
47 
бір  шұңқырда,  тірі  болсақ  бір  төбеде  боламыз  деген  мақсат  та  еді»  [139]. 
Қандай  батыл  пікір!    Сол  тұстағы  өктемшіл  саяси  биліктің құрығына,  қатаң 
тәртібіне қарамастан ашық жазылған үндеу.  
Шындығында  бұл  дауылдан  бұл  ұйым  да,  оның  үні  –  «Жас  азамат» 
газеті  де  құрбансыз  құтылған  жоқ.  Бұл  туралы  кезінде  С.  Сейфуллин: 
«Жалғыз-ақ  аз  болсын,  көп  болсын,  қолынан  келгенше  қайрат  көрсетіп 
жатқан  Алашорданың  жастары  екені  тәртіптерінен  көрінді.  Алашорданың 
жастар  ұйымы  барлық  Қазақстанның  ұлтжанды  жастарына  нұсқау  беріп, 
Қызылжарда «Жас азамат» газетін шығарып жатыр,  - деп жазса [124,- 87-91 
б.], Ж. Аймауытов: «Газет, журнал оқушыларына», - деген мақаласында орыс 
тіліндегі бір басылымның оқушылары болғандықтан қазақтың бір газеті мен 
бір  журналы  жабылып  қалыпты  деген  жалған  хабарына  қарсы:  «Бұл  хабар 
бекер!»,  «Жас  азамат»  күні  бүгінге  шейін  шығып  отыр.  Қаржы  жағынан  
кемдік  көріп,  тоқтай  ма  деген  кірбің  болып  еді.  Енді  тоқталмас  дейміз. 
Өйткені,  Омбы  жастары  әдебиет  кешінен  мың  сом,  Семей  жастары  5000 
сомдай  көмек  жіберіп  отыр.  Тағы  сондай  көтермелеушілер  табылатын 
көрінеді», - деп тойтарыс берген  [140]. 
 
С. 
Сәдуақасов 
«Трудовая 
Сибирь» 
журналына 
жарияланған 
мақаласында  жастар  басылымдарын  ішінде  алдымен  «Жас  азамат»  газетін 
атайды, оны  «орган младокиргизов» дейді. Яғни  «жас қазақтар  үні»  (немесе 
«жас алашшылар  үні») екендігін ерекше атап көрсетеді. Газет өзінің сипаты 
жағынан  саяси–қоғамдық,  экономикалық  басылым  болып  табылады  -  дейді. 
Газет  уақытша  Қызылжарда  шығады  деуіне  қарағанда,  С.  Сәдуақасов  «Жас 
азаматтың»  болашағына  үлкен  сеніммен  қарап,  алдағы  уақытта  оның 
жалпыұлттық  басылым  деңгейіне  көтеріліп,  ел  астанасында  шығатынына 
меңзесе керек. 
Екінші, жастар басылымы ретінде 1917 жылдан Алаш қаласында шығып 
тұратын  әдеби-қоғамдық,  ғылыми-экономикалық  мазмұндағы  «Абай» 
журналын атайды. Оның  «Жас азаматтан»  тағы бір айырмашылығы  -«фокус 
литературных  сил  младокиргизов»  деп  аталатын  әдеби  бағытын  баса 
көрсетеді».  Весьма  солидный  орган»  деп    мейілінше  байыпты  басылым 
екендігін ерекше атайды.  
Үшінші,  «Балапан»  журналын  атайды:  «Журнал...  выходит  в  Омске    с 
1916 года, единственный литературный орган, помещающий исключительно 
беллетриатические  рассказы».  Журналдың  қолжазба  күйінде  шығарылғанын 
айтпағанымен,  оның  бүкіл  қазақ  баспасөзінде  алатын  орнын  ерекше 
бағалайтындығын аңғартады  [141]. 
«Жас  азамат»  газетінің  алғашқы  нөмірі  1918  жылы  30  шілдеде 
Қызылжар  қаласында  жарық  көріп,  «Жас  тілек»  атты  бас  мақаламен 
ашылған.  Онда  газеттің  мақсат  -  мүддесі  айқын  көрсетілді:  «Өмір 
тәжірибесінің,  білімнің  аздығына  қарамай,  төрт  түлігі  сайланбай  тәуекел 
кемесіне  мінген,  ол  тұрмыстың  тартыс  -  талас  күрес  майданына  шықты. 
Болашақтың  күңгірттілігі,  саяси  -  ахуалдың  күн  сайын  құбылуы,  лаулаған 
қалың өрттей, кеселді дерттер, апаты күшті күндердің тууы, дүниенің болу  - 
болмауы,  әлдінің  майданға  ұмтылуы,  ұлттың  өмірлік  құқықтары  аяқ  астына 

 
48 
тапталып, зорлықтың қанды соруы «Жас азаматтың» иығына ауыр жүк салып 
отыр.  Қоғамдасып,  қолтықтасып,  күш  біріктіріп,  осы  ауыр  жүкті  тиісті 
орнына жеткізу – жастардың басты міндеті, үлкен борышы. «Жас азаматтың» 
алтын  идеалы,  әулие  мақсаты,  негізгі  жолы  –  ұлт  бостандығы,  ұлт  теңдігі» 
[142].  
Жастар  ұйымы  газетке  жариялаған  «Ашық  хат»  деген  мақаласында 
қырғыз-қазақ  елін  большевиктік  биліктен  аман  сақтап  қалу  үшін  бір  күшке 
бірігіп,  өктемшіл  саяси  биліктің  құрығына,  қатаң  тәртібіне  түспеуге  ашық 
түрде  шақырды.  Бұл  сол  кездегі  жастардың  кеңестік  саяси  билікке  батыл 
шыққан алғашқы жазылған үндеуі десек те болады.  
Газеттің  бірнеше  нөмірінде  Омбыдағы  Алаш  партиясы  бас  комитетінің 
«Алаш  азаматтарына!»  деген  ашық  хаты  басылды.  Онда  ел  ағаларының 
соңына  ерген  жастарға:  «Алаш  Орда  тігілді,  ақ  ту  көтерілді.  Енді  әркім 
шамасына  қарай  ұлтына  қызмет  етуге  тиіс»  -  дей  келе,  «Жастар!  Атқа  мін! 
Басқа жұрттар көрсін!» - деп ұран тастады [143].  
Мұндағы  келесі  бір  азулы  мақала  «Бүлінгеннен  бүлдіргі  алма»  -  деп 
аталады.  Авторы  «Ел  баласы»  -  Ол:  «большевиктер  орыс  зиялылары  мен 
жұмыскер  -  қарашенділердің  арасына  жік  түсірді,  бұл  ауру  бізге  жұғып 
жүрмесін»,  -  деген  ой  айтып,  елді  бірлікке  шақырды.  Бұдан  басқа  газетте 
елдің  ішкі,  сыртқы  жағдайымен  қатар  шет  ел  жаңалықтары  да  жиі 
жарияланып тұрды [144].  
«Жас азаматтағы» енді бір топ мақала жаңа өкімет, саясат ісіне арналған. 
Мысалы,  большевиктердің  іс  -  қимылы,  қарапайым  халықпен  екі  арадағы 
қарым  -  қатынас  туралы  Байділдә  Мырзаұлы  мен  Ғабділдә  Найзабекұлы 
өздерінің  «Бұны  не  дейміз?»  атты  мақаласында:  «Жетісу  жағында 
большевиктер қазақ болсын, қазақ - орыс болсын қойдай қырып, қанын судай 
ағызып жатыр, ең жақын Биіскіде емшектегі нәрестелерді мылтықтың ұшына 
шаншып,  қанын  ағызып  жатқанда,  біз  қасымыздағы  большевиктерді 
еркелетіп  отырған  жөніміз  қалай?...»,  -  деп  халыққа  сұрау  салады.  Осыған 
орай  автор  көрсетілмеген  «Саясат  күйі»  атты  мақалада  Ресейдегі  Уақытша 
үкімет пен Алаш Орда арасындағы мәселелер сөз болса, екінші бір мақалада 
«Уфада  Учредительское  собрание  мүшелері  мен  социал  -  революция 
партиясы (большевик партиясының сол қанаты) кіндік комитеті мүшелерінің 
абақтыға жабылғаны» айтылып, алаңдаушылық білдірілген  [145]. 
 «Жас 
азамат»  ұйымының  нені  мақсат  қылғандығын,  қандай 
жұмыстарды  атқарғандықтарын  газеттің  11  санында:  «Әзірге  комитеттің 
істеген жұмыстары: 1. «Жас азамат» газетінің аяққа басуына себепкер болды; 
2. Земствомен бірігіп Ақмола облысына қараған мұғалім-учительдер съезінің 
шақырылуына күш береді; 3. Омбыда екі айлық һәм екі жылдық курстардың 
ашылуына себепкер болды; 4. Бұл күнде Кіндік Комитет кітапхана ашуға қам 
қылып жатыр 

146].   
«Жас  азамат»  газеті  құрбансыз  құтылған  жоқ.  Бұл  туралы  кезінде  С. 
Сейфуллин:  «Жалғыз-ақ  аз  болсын,  көп  болсын,  қолынан  келгенше  қайрат 
көрсетіп  жатқан  Алашорданың  жастары  екені  тәртіптерінен  көрінді. 
Алашорданың  жастар  ұйымы  барлық  Қазақстанның  ұлтжанды  жастарына 

 
49 
нұсқау беріп, Қызылжарда «Жас азамат» газетін шығарып жатыр, - деп жазса 
[124, 368- б.], 
 
Ж.  Аймауытов:  «Газет,  журнал  оқушыларына»,  -  деген  мақаласында 
орыс тіліндегі бір басылымның оқушылары болғандықтан қазақтың бір газеті 
мен  бір  журналы  жабылып  қалыпты  деген  жалған  хабарына  қарсы:  «Бұл 
хабар  бекер!»,  «Жас  азамат»  күні  бүгінге  шейін  шығып  отыр.  Қаржы 
жағынан    кемдік  көріп,  тоқтай  ма  деген  кірбің  болып  еді.  Енді  тоқталмас 
дейміз.  Өйткені,  Омбы  жастары  әдебиет  кешінен  мың  сом,  Семей  жастары 
5000  сомдай  көмек  жіберіп  отыр.  Тағы  сондай  көтермелеушілер  табылатын 
көрінеді», - деп тойтарыс берген  [140].  
«Жас алаш» газетінің бастырушысы – Алаш серіктігі болды. 1-ден 11-ге 
дейін  «уақытша  шығарушы  Қошмұхамед  Кемеңгерұлы»,  12  нөмірінде 
«уақытша шығарушы үшін Біләл Малдыбайұлы», 13-ші нөмірден 16-ға дейін 
Біләл  Малдыбайұлы»,  17-ден  22-ге  дейін  «уақытша  шығарушы  – 
Қошмұхамед Кеменгерұлы» 

27, 84-б.].  
Бұл  газетке  жарияланған  мақалалардың  көпшілігі  авторсыз  берілді. 
Сонымен  қатар  кейбіреулері  бүркеншік  аттармен  де  берілді.  Оның  себебі 
Қырықбай  Аллаберген,  Жарылқасын  Нұсқабайұлы,  Файзолла  Оразайдың 
еңбегінде:  «Шынында  да  кезінде  «Жас  азамат»  газетінде  жарияланған 
материалдардың  көпшілігі  авторсыз    немесе  «бүркеншік»  аттармен  беріліп 
отырған.  Оның  әртүрлі  себептері  болуы  мүмкін.  Біріншіден,  көп 
мақалалардың  бір  автордың  қолымен  жазылуы  немесе  сол  кездегі  аумалы-
төкпелі  кезеңге  байланысты  кез  келген  автордың  сақтануынан  туындаған. 
Екіншіден,  1918-1919  жылдары  Қазақстанды  билеуге  қол  жеткізген 
большевиктер,  1920  жылы  қазақтар  мекендеген  Сібір,  Түркістан  аймағында 
да  жеңіске  жетті.  Соның  нәтижесінде  ұлт  теңдігін  жоқтағандар,  шынайы 
демократия үшін күрескендер қуғын-сүргінге ұшырады. Міне, осындай басты 
себептерге  байланысты  көптеген  материалдар  авторсыз  немесе  бүркеншік 
атттармен беріліп отырған», - деп түсіндірді 

27, 85-б.].  
«Жас  азамат»  жастарды  елдегі  ішкі  саяси  жағдайлармен  таныстыруға 
тырысты.  Сонымен  қатар  сыртқы,  шетел  жаңалықтарымен  де  хабардар  етіп 
отырды.  Әбділдә  Найзабекұлы  саяси  билікке  ұмтылған  большевиктердің 
халық  арасындағы    қатыгездік  әрекеттерін  ашық  сынға  алып,  олармен 
күресуден басқа амал жоқтығын келтірді 

145].  
Газетке  қазақ  зиялылары  М.  Дулатов,  М.  Жұмабаев,  Қ.  Кемеңгеров,           
Б.  Ержанов  және  т.б.  түрлі  тақырыптарда  мақалалары  жарық  көрді.  Алаш 
қозғалысының барысы жайында да материалдар жарияланды. Сонымен қатар 
газетке  жер  мәселесіне,  отаршылдық  саясатына  арналған  мақалалар  да 
басылды.  Газетке  шыққан  түрлі  жанрдағы  материалдар  сол  кездегі 
шындықты  айна-қатесіз  көрсетуімен  қатар,  жастарды  теңсіздік  жолындағы 
күреске шақырады, сол жолда өз бағыттарын табуды көрсетеді. 
1917  жылғы  Ақпан  төңкерісінен  кейін  Қазақстанда  да  түрлі  жастар 
одағы  мен  ұйымдары,  олардың  өз  басылымдары  құрыла  бастады.  Қазақ 
жастары  да  жалпы  еңбекшілер  секілді  жаңа  үкіметтен  өз  талаптары 
орындалып,  ғасырлар  бойы  бодандықта  болған  шет  аймақтағы  халықтарға 

 
50 
саяси құқықтар мен саяси, тіл, дін бостандығы беріледі деген үлкен сенімде 
болды.  Ал Уақытша үкімет патшаның ескі отарлау аппаратын сақтап қалуға 
бар  күшін  жұмсады.  Жер-жерде  жаңа  үкіметтің  органдары  –  атқарушы 
комитеттер,  азаматтық  комитеттер  т.б.  құрылды.  Сондай-ақ  өлкеде  бір 
мезгілде 
жұмысшылардың, 
шаруалардың, 
солдаттардың 
және 
мұсылмандардың депутаттары Кеңесін құруда кең етек алды. Революциялық 
қозғалыстың  ошағы  болған  Петербор,  Мәскеудің  және  басқа  да  Ресейдің  ірі 
қалаларындағы  жас  жұмысшылардың  ізімен  Қазақстанда  әртүрлі  бағыттағы 
жастар  ұйымы  жұмыс  істей  бастады.  Атап  айтар  болсақ,  Петропавл  және 
Түркістан  темір  жол  стансаларында  жұмысшы  жастардың  одақтары 
құрылды,  бірақ  олардың  негізгі  құрамы  орыс  жастары  болды.  Осындай 
одақтар  мен  ұйымдардың  ізін  ала  қазақ  жастары  да  өз  ұйымдарын  құруға 
ұмтылыс  жасады.  Мәселен,  1917  жылы  көктемде  Тұрар  Рысқұлов  Меркіде 
(Жамбыл 
облысы) 
«Қазақ 
жастарының 
революциялық 
одағын» 
ұйымдастырды. Ол оқушы жастар, интеллигенцияның демократияшыл бөлігі 
мен ауылдағы кәсіби мұғалімдер өкілдерін біріктірді. Одақтың бағдарламасы 
мен  жарғысы  болды.  Жастардың  бұл  ұйымы  Уақытша  Өкіметтің  жергілікті 
органдарына,  болыстар  мен  старшындарға  және  олардың  басқа  да 
жақтаушыларына қарсы күрес жүргізді [147].  
1917 жылы жазда Ақмолада пайда болған қазақ жастарының прогрестік 
одағы, оны ұйымдастырушылардың бірі С. Сейфулиннің айтуына қарағанда, 
бастапқы кезде мәдени-ағарту ісімен де айналысты. 
Қазақ  жастарының  одақтары  мен  үйірмелері  басқа  аймақтарда  да  пайда 
бола  бастады.  Оралда  «Жігер»,  Семейде  «Жанар»,  Орынборда  «Игілік», 
Петропавлда  «Талап»  т.б.  құрылды.  Олар  қазақ  жастарын  парасаттылыққа, 
қоғамдағы  әділетсіздік  пен  қанаушылық  әрекеттерге  ашық  түрде  қарсы 
тұруға шақырды.  
Семейде  1917  жылы  күзде  құрылып,  жұмыс  істей  бастаған  «Жанар» 
жастар  мәдени-ағартушылық  қоғамы  саяси  өмірге  белсене  араласып  қана 
қойған жоқ, жоғарыда аты аталып кеткен «Абай» журналын шығару ісіне де 
қомақты  үлес  қосты.  Сондай-ақ  «Жанар»    жастар  ұйымы  және  оның  тіліне 
айналған  «Абай»  журналы  негізінен  Алаш  азаматтарының  және  Алашорда 
үкіметінің  бағытын  қолдаған.  Бұған  себеп  қоғамдық  бірлестіктің 
ұйымдастырушысы  М.  Тұрғанбаевтың  ұстанған  қағидаларына  сай  болса 
керек деп ойлаймыз [148]. 
 Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Ақмолада революциялық жастар ұйымы 
1917  жылы  «Айна»  журналының  бірінші  санын  және  революциялық-
демократиялық  «Тіршілік»  газетін  шығарды.  Баспасөз  саласын  зерттеген 
ғалымдар  Х.Н.  Бекхожин,  С.Қ.  Қозыбаев,  С.С.  Матвиенколар  «Қазақстан 
журналистикасы тарихының очеркі» атты ғылыми зерттеулерінде «Тіршілік»  
газеті  Уақытша  үкімет  пен  «Алаш»  партиясының  үкіметке  қарсы  жүргізіп 
отырған  саясатын  сынға  алғандығын,  бұл  газетке  феодалдық  сарқыншақтар 
мен  қазақ  әйелдеріне  теңдік  беру  мәселесі  жөніндегі  материалдардың 
басылғандығын атап өткен болатын 

20, с. 27-28. ].  

 
51 
1918  жылдың  ақпанынан  «Тіршілік»  газеті  Ақмола  уездік  ревкомының 
органы, ал одан кейін Кеңес депутаттарының органы болды. Бұл осы өлкеде 
қазақ тіліндегі шыққан бірден-бір газет еді. Онда А. Асылбеков, Б. Серікбаев, 
С.  Сейфуллиндер  мақалаларын  жариялап  отырды.  Алайда  1918  жылдың  3 
маусымында  ақ  гвардияшылар  С.  Сейфуллинді  тұтқындауына  байланысты 
газет өмір сүруін тоқтатты 

20, с .31.].   
ХХ ғасырдың басында құрылған жастар ұйымдарының алдарына қойған 
мақсат-міндеттерін  жүзеге  асыруда  мерзімді  баспасөз  аса  қажетті.  Қазақ 
зиялылары  жастар  арасына  тез  тарайтын  қолжазба  журнал  шығаруды  қолға 
алып,  өздерін  толғандырып  жүрген  мәселелерді,  әдеби  шығармаларын 
жариялап  отырды.  Бұл  журналдар  бір  жағынан,  жастарды  оқу-білімге,    алға 
ұмтылысқа  жетелеген,  жастардың  басын  біріктірген  басылым  болса, 
екіншіден, әрбір жастың бойындағы талантын қағаз жүзінде жариялауға, оны 
жастар арасына танытуға жол ашты.    
Сонымен,  «Қазақ»,  «Алаш»  секілді  ұлттық  басылымдармен  қатар 
құрылған  «Балапан»,  «Садақ»,  «Жас  азамат»  сияқты  өзге  де  жастар 
басылымдары  аз  уақыт  қана  өмір  сүрседе  халық,  оның  ішінде  қазақ 
жастарының  рухани  санасында  сілкініс  туғызған  басылым  болды.  Осы  бір 
халықтың  болашағы  үшін  қызмет  еткен  ұлттық  басылымдар  мен  жастар 
баспасөзі  беттерінде  жарық  көрген  мақалалар  көкейтесті  мәселелер  –  оқу-
білімге  ұмтылу,  ғылым  жетістіктеріне  бой  ұсыну,  ұлттық  дербестік,  теңдік, 
ұлттық мүдде, ұлттық сана, өркениеттік дамуға қол жеткізу, сол арқылы дін, 
тіл    мәселелерді  көтерді.  Мұның  өзі  арпалысқа  толы  ХХ  ғасыр  басындағы 
қазақ  даласында  орын  алған  қоғамдық-саяси  өмірді  тануға,  оның  ішкі 
құрылымын,  сол  кездегі  қазақ  баспасөзінің  атқарған  қызметін  бағалауға 
мүмкіндік береді.  
  
 
 
 
 
 
 
 

 
52 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет