Ерте көшпелілер дәуіріндегі ұлы дала өркениеті ерте темір дәуірі б з. б. Vіііғ- б з. VІ ғ



бет3/5
Дата21.09.2023
өлшемі6,24 Mb.
#109456
1   2   3   4   5
Сақ-тиграхаудалар
Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс даласында көшіп-қонып жүрген болуы керек (олардың қатарында әйгілі «Алтын адам» болуы да мүмкін).
Дахтар мен массагеттер
Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын мекендеп, тайпалық одақ құрған. Дахтардан парн тайпасы (парфян) бөлініп шығып, кейін олар Иранда Аршакидтер империясын (Парфия) құрды.
Исседондар
Солтүстік және Орталық Қазақстанда оқшауланып тіршілік кешті. Тасмола мәдениетін қалдырды
Аргиппей
Арал теңізінің солтүстік-шығысы,Сарыарқаның солтүстік батысы, Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстан жерлерін мекендеген
Аримаспа
Шығыс Қазақстан, Алтай өңірі Павлодар мен Шығыс Қазақстанның басым бөлігін мекендеген.
САҚ ЖЕРЛЕУ ОРЫНДАРЫ
Сақтар алғашқы нағыз көшпелі малшылар болды. Олар арба үстіне орналасқан баспаналарымен бірге көшіп жүрген. Сақтар көшпелі өмір сүргендіктен,
ешқандай қоныстар салмады. Олардың мәдениеті мен әлеуметтік жіктелуі туралы жерлеу орындары қорғандар (қорғандар тобы және басқалар) бойынша Шығыс Қазақстандағы Майемер мен Шілікті, Жетісудағы Бесшатыр мен Есік пікір қалыптасты. Қазақстан аумағынан жүздеген сақ қорғандары табылды. Олардың ең ежелгісі б.з.б. VIII ғасырларға жатады
Ірі қорғандардың диаметрі 100 м-ге, ал биіктігі 17 м-ге дейін жетті (Бесшатыр). Олардың ішіндегі жерлеу орындары Тянь-Шань қарағайының бөренелерінен жасалды.
Алматы маңынан «Жетісу михрабы» деп аталатын сақтардың құрбандық табағы табылған
САҚТАРДЫҢ ТАСМОЛА МӘДЕНИЕТІ (б.з.б. VII-III ғғ.)
Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағына таралды.
Тасмолалық сақтардың (исседондықтар болуы мүмкін) жерлеу құрылыстары мәйітті жерлейтін үлкен қорған мен оның мінген атын көметін жапсарлас шағын қорғаннан тұрады (Екі жерлеу орыны). Шағын қорғаннан шығысқа бағытталып, ұзындығы 20 м-ден 200 м-ге жететін екі доға тектес тас тізбектер тізіледі. Мұндай «мұртты» қорғандар тасмолалық мәдениеттің өзіндік ерекшелігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет