Есеналиева жанар е с е н


  Когнитивтік  лингвистиканың  пайда  болуының



Pdf көрінісі
бет79/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97
1.  Когнитивтік  лингвистиканың  пайда  болуының 
өзегі, негізі  болған, оған алғышарт болған зерттеулер. Тілді 
антропоцентристік парадигма  бағытында зерттеудің бір саласы 
–  ұлттық  мәдениетімен,  салт-дәстүрімен  рухани  болмысымен 
сабақтастыра  қарастыру.  Осы  бағыттың  басты  көрінісі  тіл 
білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану 
тәрізді салалармен негізделді.
Бұл  мәселемен  шұғылданған  ғалымдар  жалпы,  қазақ 
ғылымында когнитивистика жайында көзқарас      білдіргендер      
деп    Ә. Қайдар, Е.  Жанпейісов,  М.  Копыленко, Р.Сыздықова,  
Ж.  Манкеева  сияқты  ғалымдарды  атауға  болады,  өйткені  бұл 
ғалымдар этнолингвистика шеңберінде концептілер туралы да 
пікірлер айтқан.
Ұлттық  тілді  әрбір  этностың  дүниетанымымен,  ұлттық 
мәдениетімен,  өткен  тарихымен,  салт-дәстүрлерімен  бірлікте 
қарау мәселесі тіл ғылымында ерекше өріс алып келе жатқан 
когнитивтік  лингвистика  сияқты    жаңа  бағыттың  тууына 
себепші    болды.  Қазіргі  кезеңде  тіл  ғылымы  жаңа 
антропоцентристік бағытта дамып келеді. Жалпы зерттеулердің 
көпшілігінде  тілдің  құрылымдық  жүйесіне  мән  беріліп  келсе, 
қазіргі кезде тілді жаңаша кешенді түрде зерттеу, соның ішінде 
танымдық бағытқа баса назар аударылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет