Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін


-1-бап. Жеке педагогтік қызмет



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата12.03.2017
өлшемі0,98 Mb.
#8795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет 

      1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып 

табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды. 

      Ескерту. 5-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен. 

 

38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы 

      1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын білім беру 

бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады. 

      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алған 

білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге 

бағытталған. 

      2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу 

бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады. 

      3. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде 

практиканың базасы ретінде ұйымдары айқындайды, олармен практиканы өткізудің 

келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді. 

      Шарттарда білім беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың 

және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады. 

      4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың 

базасы болып табылатын ұйымдарда көзделеді және жасасылған шарттармен 

айқындалады. 

      5. Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар білім алушылардың 

кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттардың 

үлгілік нысаны

 негізінде 

жасасылады. 



      6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың екінші курсынан 

бастап кәсіптік практикадан өту міндетті. Кәсіптік практиканың мазмұны мен базасы 

мамандықтың бейіні мен білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес айқындалады. 

      7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың 

кәсіптік практикасына қолданылмайды. 

      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 

№ 398-V

 Заңымен (алғашқы ресми 



жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

 

39-бап. Білім туралы құжаттар 

      1. Қазақстан Республикасында білімі туралы құжаттардың мына түрлері қолданылады: 

      РҚАО-ның ескертпесі!

 

      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 



№ 501-V

 Заңымен (01.01.2021 

бастап 

қолданысқа



 енгізіледі).

 

      1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар; 



      2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары; 

      3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар. 

      Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті 

жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік 

үлгідегі құжаттарға теңестіріледі. 

      Білім туралы құжаттардың барлық түрлерінің қорғаныш белгілері болады. 

      2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім 

туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі 

білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады. 

      РҚАО-ның ескертпесі!

 

      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 



№ 398-V

 Заңымен (01.01.2017 

бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады).

 

      РҚАО-ның ескертпесі!



 

      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 

№ 398-V

 Заңымен (01.01.2020 



бастап қолданысқа енгізіледі).

 

      РҚАО-ның ескертпесі!



 

      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 

№ 501-V

 Заңымен (01.01.2021 



бастап 

қолданысқа

 енгізіледі).

 

      РҚАО-ның ескертпесі!



 

      3-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 

№ 

398-V


 Заңымен.

 

      3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік 



үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 

бағдарламалары бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім 

беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және 


мемлекеттік аттестатаудан өткен, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 

білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға 

лицензиясы бар және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе 

аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді. 

      Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім 

беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

      РҚАО-ның ескертпесі!

 

      39-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 09.04.2016 



№ 501-V

 Заңымен 

(01.01.2021 бастап 

қолданысқа

 енгізіледі).

 

      4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру 



ұйымдары береді. 

      Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды 

толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды. 

      РҚАО-ның ескертпесі!

 

      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 



№ 398-V

 Заңымен (01.01.2020 

бастап қолданысқа енгізіледі).

 

      РҚАО-ның ескертпесі!



 

      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 

№ 501-V

 Заңымен (01.01.2021 



бастап 

қолданысқа

 енгізіледі).

 

      РҚАО-ның ескертпесі!



 

      5-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 

№ 

398-V


 Заңымен.

 

      5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты: 



      1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы; 

      2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары 

бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге 

құқылы. 


      Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын 

талаптарды білім беру ұйымы айқындайды. 

      6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға 

белгіленген үлгідегі

 анықтама беріледі. 

      7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан 

Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады. 

      Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде Қазақстан Республикасы 

азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын 

нострификациялау және оларға тиісті куәліктер беру білім беру саласындағы уәкілетті 

орган 

айқындаған



 тәртіппен жүзеге асырылады. 

      8. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының 

азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары 


берген білім туралы құжаттар тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ 

Қазақстан Республикасында танылады. 

      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 

№ 398-V


 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

 

6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 

40-бап. Білім беру ұйымдары 

      1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе 

бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, 

тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, 

сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды 

тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу 

бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады. 

      2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы: 

      1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – егер 

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензия алған сәттен бастап 

және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру 

немесе оны жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап; 

      2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – заңды 

тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды. 

      3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін – 

хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының 

заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып 

тасталған кезден бастап тоқтатылады. 

      2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде 

бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот 

тәртібімен таратылады. 

      Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының 

білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия алу туралы материалдарын қарау 

мерзіміне тоқтата тұрады. 

      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру 

ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы 

Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті 

үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің 

үлгілік

 ережелері ескеріле отырып, оның 



жарғыларында көрсетіледі. 

      4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының 

мынадай үлгілері болуы мүмкін: 

      1) мектепке дейінгі ұйымдар; 



      2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары; 

      3) техникалық және кәсіптік білім беру; 

      4) орта білімнен кейінгі білім беру; 

      5) жоғары білім беру; 

      6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; 

      7) мамандандырылған білім беру ұйымдары; 

      8) арнайы білім беру ұйымдары; 

      9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім 

беру ұйымдары; 

      10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары; 

      11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары. 

      Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті 

орган 

бекітеді


      5. Медициналық білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан 

Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын 

клиникалық базасы бар болған кезде ғана жұмыс істеуі мүмкін. 

      Клиникалық базалар туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 

бекітеді


      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 

N 395-IV

 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 

№ 

487-ІV



 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 

енгiзiледi), 2011.07.15 

N 461-IV

 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 

№ 

203-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); 21.07.2015 

№ 337-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 



күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 

№ 398-V


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

40-1-бап. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі 

      Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны: 

      1) бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын әзірлеуге және іске 

асыруға; 

      2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы, аралық 

және қорытынды аттестаттау қағидаларын айқындауға; 



      3) профессор-оқытушылар құрамына білім алушылардың арақатынасын осы Заңның 

52-бабының 8-тармағында белгіленген нормалар шегінде белгілеуге;  

      4) педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік 

сипаттамаларын белгілеуге; 

      5) білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын бекітуге; 

      6) өз бетінше әзірлеген оқу жүктемесінің нормалары, еңбекке ақы төлеу нысандары 

мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы. 

      Ескерту. 6-тарау 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 

№ 398-V

 Заңымен 



(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі). 

 

41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы 

      1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының 

азаматтық 

заңнамасында

 көзделген талаптардан басқа, мыналарды: 

      1) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін; 

      2) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін; 

      3) білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін 

(тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін); 

      4) білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды 

аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін; 

      4-1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздерін және тәртібін; 

      5) ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін; 

      6) білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) 

олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін 

қамтуға тиіс. 

      2. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан 

Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін. 

      3. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының 

заңнамасында

 

белгіленген тәртіппен бекітіледі. 



      Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 

№ 

398-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату 


      1. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 

Республикасының 

заңнамасына

 сәйкес жүзеге асырылады. 

      2. Білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған 

немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды 

оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына 

ауыстыруға

 шаралар қолданады. 

      Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 

№ 398-V

 Заңымен (алғашқы ресми 



жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

 

43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті 

      1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі 

білім беру ұйымдарының қызметі туралы 

үлгілік

 ережелер мен білім беру ұйымдарының 



жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды 

іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес 

болады. 

      2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, 

ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді. 

      3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар: 

      1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту; 

      2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту; 

      2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту; 

      2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен 

тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін: 

      алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік 

кешендерінің, құралдары мен қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық 

жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы; 

      алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар 

ету; 


      3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе бiлiм беру 

қызметiмен айналысуға берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, 

тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру; 

      4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын 

және қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу; 

      5) ұлттық бірыңғай тестілеу мен жұмысшы кадрлардың және орта буын 

мамандарының мамандықтары бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім 

алушылардың үлгерімін 

ағымдық бақылауды

, аралық және қорытынды аттестатталуын 

жүргізу; 


      6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы 

қызметкерлерге Қазақстан Республикасының 

заңнамасында

 белгіленген тәртіппен 

лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де 

ынталандыратын төлемдер белгілеу; 

      7) Қазақстан Республикасының 

заңнамасында

 

белгіленген



 тәртіппен кадрлардың 

біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету; 

      8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен 

жабдықтау; 

      9) Қазақстан Республикасының 

заңнамасында

 белгіленген тәртіппен ақылы негізде 

тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну; 

      10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында 

белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту; 

      11) білім алушыларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз 

ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды 

қамтамасыз ету; 

      12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан 

Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық 

қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету; 

      13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету 

жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету; 

      14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне 

жәрдемдесу; 

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық 

есептілікті табыс ету; 

      16) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 

күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 

      17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға "бакалавр" және "магистр" 

дәрежелерін беру; 

      18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады. 

      4. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 

№ 398-V

 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 



күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      5. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 

№ 398-V

 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 



күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім 

беру ұйымдары: 

      1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады; 



      2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының 

заңнамасына

 сәйкес 

атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын 

ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады; 

      3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу 

бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды; 

      4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді; 

      5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық 

педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді; 

      6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен 

ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-

рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып 

шығарады; 

      7) имандылық-рухани даму саласында педагог жұмыскерлерді қайта даярлауды және 

олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады; 

      8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. 

      Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV

 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 

553-IV



 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі), 21.05.2013 

№ 93-V

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн 



өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 

№ 398-V


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару 

      1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті 

үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің 

үлгілік


 ережелері мен білім беру ұйымының 

жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге 

асырылады. 

      2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады. 

      3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібін Қазақстан 

Республикасының Президенті 

айқындайтын

 жекелеген мемлекеттік жоғары оқу 

орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан 

Республикасының 

заңнамасында

 белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және 

лауазымнан босатылады. 

      Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға 

тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының 

тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті 

бекітеді

      Мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және 



қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, мемлекеттік мекеме 

ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға 

конкурстық негізде тағайындалады. 

      4. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 

күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

      5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан 

Республикасының заңнамасында 

белгіленген

 тәртіппен аттестаттаудан өтеді. 

      Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан 

босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларының 

аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті 

айқындайды

      6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (медициналық және фармацевтік білім беру 



ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша бас 

бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. 

      7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім 

беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және 

ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады. 

      8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса 

атқаруға болмайды. 

      9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. 

      Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, 

жұмысты ұйымдастырудың 

үлгілік ережелерін

 білім беру саласындағы 

уәкілетті орган

 

бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (



ғылыми кеңес

), 


қамқоршылық кеңес

педагогтік



әдістемелік

 (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және басқа да нысандар бола 

алады. 


      9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару 

органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі 

келісу бойынша кіреді. 

      10. Осы бап қадағалау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік 

кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына 

"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 

Заңында

 белгіленген 



ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. 

      Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 

N 414-IV

 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 

№ 

130-V


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); 21.07.2015 

№ 337-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 



күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 

№ 398-V


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет