құрылысын талдағанда, мақсат тек байланысын, дәлелдеуін, шарықтау шегін
немесе кейіпкерлердің жасалу жолдарын, пейзаж, баяндауларын танып, білу
ғана емес, шығарманың бүтін дүние ретіндегі тұтастығын, оны баяндаудағы
автордың шеберлігін де білу керек.”
Көркем шығарманы оқығанда барлығы бірыңғай емес, әр алуан әдіс, әр
түрлі жолдармен құрылады. Көрсетейін деген өмір құбылыстарын қалай
суреттемек, композициясын қалай қиыстырмақ, қайткенде ол тартымды,
қызықты болады, міне осыларға байланысты мәселелер алдыңғы кезекте
тұрады. Жазушы шығармасында бір оқиғаны, оған қатысушы адамдарды және
олардың айналасын көрсете отырып, көбінесе осылардың барлығын өзі қалай
көрді, білді, оны ашып айтпайды. Шығарманың композициясында баяншының
рөлі үлкен. Оның маңызы мынадан көрінеді:
а) адамға, оқиғаға белгілі бір көзқарасы;
ә) айтылған оқиғаның тәртібі және оның характері;
б) оқиға жайындағы пікірмен байланысты түсіндірменің характері;
в) оқиғаны аңыздаудың характері.
Кез келген әдеби туындыда біз шынайы өмірден алынған ақиатты
сезінеміз. Әрине, ол болмысты сол күйінде суреттемейді. Әдебиет - өмірдің
шындығын, оқиғалар мен әрекеттерді, құбылыстарды сол күйінде емес,
жинақтай, көркемдей суреттейді. Яғни, әдебиеттегі өмір дегеніміз - өмірдің
бейнесі. Қандай көлемді шығарманың өзі өмірдің барлық қырын қамти
алмайды, яғни уақыт, кеңістік, әрекет жағынан шектеулі аяда қалады.
Сонымен, тұтастай алғанда, әдеби шығарма – үнемі қозғалыс үстінде болатын
адам өмірінің қандай да бір шектеулі ортадағы көркем бейнесі. Әдеби
шығарма сонымен бірге – нақты ұғым. Себебі, біз оны қолымызға алып
оқимыз, көзбен көреміз. Олай болса бір әдеби шығарма басқа өнер
туындысының өмірге келуіне де ықпал етеді. Сонда, біріншіден, әдеби
шығарма өмірдің бейнесі; екіншіден, ақиқат өмірдегі нақты зат болып
табылады.
Әдеби шығарманың өмірден орнын табу үшін қаламгердің оны жазып
шығуы жеткіліксіз, сонымен бірге оны оқырман қабылдауы керек. Яғни
қаламгер өз шығармасында оқырманның көкейіндегі мәселені тереңнен
қозғап, әдеби шығармада бейнеленген өмірді әр оқырман өз өміріндей жақын
қабылдап, “әдебиеттегі өмірге” жан-тәнімен араласып кететіндей,
сана-сезіміне әсер ете алуы керек. Бұл мәселелер мазмұн мен пішіннің
бірлігінен келіп жүзеге асады. Мазмұн – ақиқат өмірді танып-білу мен
сараптаудан, бейнелеуден туатын тұтастық. Бұлар өзімен-өзі жеке-дара қалып
қоймайды. Олар әдеби шығармада бейнеленген оқиғалардың, іс-әрекеттердің,
сезім-күйлердің өне бойында көрініс тауып отырады. Шығармадағы қандай да
бір бөлшектің тек көркем сөз арқылы ғана өмір сүретіні белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: