Монғол дәуіріндегі және одан кейінгі кезеңдегі этникалық процесстердің ерекшеліктері. Монғол шапқыншылығы мен үстемдігі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан шаруашылығы дамуының экономикалық негізін бұзуы, бұл аудандардың бірігу процессін тежеді, өзара және іргелес жатқан кең-байтақ дала халқымен шаруашылық, этникалық және мәдени байланыстарын тиянақсыздыққа ұшыратты, халқын құлдыққа мәжбүр етті. Жаулап алынған елдердің көшпелі және жартылай көшпелі халқы Шыңғыс ұлдарының ұлыстары құрамына еніп, жергілікті халықтың рулық-тайпалық құрылымы бойынша ондық, жүздік, мыңдықтарға бөлінді, мұның өзі рулық бөлінушілікті ұзақ уақыт сақтап қалуға әсер еткен маңызды фактордың бірі болды. Жошы ұлысы (кейіннен Алтын Орда) Ертіс пен Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ жерлерін иеленді. Алайда бірте-бірте шаруашылық өмір қалпына келе бастады. Қазақстанның оңтүстігінде қалалар тұрғызыла бастады. Бұрынғы отырықшы мәдени аймақтардағы жер шаруашылықтары қалпына келтірілді, тауар айырбас кеңейді, әртүрлі облыстар халықтар шаруашылықтары қалпына келе бастады. Бұл рулардың, ру бірлестіктерінің, басқа да этносаяси топтардың өзара қарым қатынасын қамтамасыз етті. Бұл процесстер Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мен Моғолстан мемлекеттерінің пайда болу және нығаю тарихымен байланысты. Осы мемлекеттердің шеңберінде Монғол ұлыстарына қарағанда Шығыс қыпшақ және Жетісу халықтарының саяси, шаруашылық және әлеуметтік дамуы үшін өте ыңғайлы жағдайлар туды, барлық қоғамдық өмір нысандарындағы өзара қарым-қатынаспен өзара әрекеттестік пайда болды.
Рулардың этникалық территориясын саяси түрде біріктіре отырып, Алтын Орда мен Шағатай мемлекетіндегі өзара жанжал мен соғыстың нәтижесінде пайда болған кіші ұлыстар мен иеліктер, осы аталған мемлекеттер өзіне кірген рулармен ру бірлестіктеріне территориялық және саяси бірлікті, экономикалық мәдениетті әр аудан халықтарының бейбіт тіршілігін дамыту мүмкіндігін қамтамасыз еткен ең этникалық себептелген мемлекеттік ұйым болып табылды. Рулардың халық болып қалыптасуының маңызды шарты сол шаруашылықтың, шаруашылық байланыстарының дамуы болып табылатындағы белгілі. Нақ осы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы кезінде отырықшы – жер шаруашылығы және қала мәдениеті аралас территориясыменен шаруашылық байланыстары аса қажеттілікпен орнады. Шаруашылық, сондай-ақ, этномәдениетілік, этносаяси тұрғыда халықтардың тұрақты байланысының арқасында біріңғай экономикалық аймақ жасалды. Жақын этностар өкілдерінің сондай-ақ, басқа да этникалық топтардың арасында тұрмыстық қарым-қатынастар орнатыла бастады.
XIV-XV ғғ. І жартысында Ақ Орда кезеңінде, көшпелі өзбектер мемлекетінде Қазақстан территориясында рулардың этникалық құрамы тұрақталады, жергілікті және орын ауыстырған түрік, монғол руларының көптеген айырмашылықтары азаяды, әр ру бірлестіктерінің этникалық белгілерінің артықтығы қалыптасады. Бұл мемлекеттер халықтарының құрамы бойынша негізінде полиэтникалық болды. Ақ Орда хандығының этникалық құрамы: Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті, ноғай ордасы негізінде ұқсас бірдей болды). Онда сол кездегі жазбалардан белгілі “өзбек”, қыпшақ, үйсін, қоңырат, керей, маңғыт, арғын, қарлық, қаңлы, найман деген этносаяси терминмен белгілі түрік тілді рулар өмір сүрген. Бұдан басқа бүркіт қият, отаршы, жат, шынбай, кенегес дұрман, қарлауыт, таймас, шабдахлы, мажар, ойрат деген руларды да атайды. Бұл рулардың көбісі қазақтың кіші және орта жүздерінде бар. Ал XV-XVI ғғ. Орта Азияға өзбек деген ат өтіп кетті. Ноғай Ордасында қыпшақ, қаңлы, найман, үйсін, қoңырат рулары, маңғыт, алшын, қытай, тама, ас деген рулармен қатар ноғай халықтығының құрамына кірді. Бұлардың бәрі түрік және түріктенген рулар мен тайпалар болды.
Орта Азия Қазақстанның түрік халықтарына ортақ және ХІІІ-XIV ғғ. болған оқиғаларға байланысты осы үлкен территорияда шашылып араласып кеткен тайпалар болды. Бұл халықтар Орта ғасырдың даму дәуірінде бір мезгілде қалыптасты. Бұл қалыптасу оңаша емес, этникалық топтардың тығыз қатынасы мемлекеттік бірлестіктердің саяси байланыстары, халықтардың шаруашылық және мәдени өзара қарым-қатынасы арқасында қалыптасты. Этносаяси даму процессі осы мемлекеттердегі өзбектер, ноғайлар, қарақалпақтар, сібір татарлары, қазақтар үшін белгілі дәрежеде артық болды.