Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет20/37
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#6106
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37

 
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының 
дамыған,  көркемделген  түрі,  яғни  фольклорлық  көркем  проза.  Оның  мақсаты  – 
тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі 
кең:  ол  әрі  тәрбиелік,  әрі  көркем-эстетик.  Ертегінің  бүкіл  жанрлық  ерекшелігі  осы  екі 
сипатынан  көрінеді.  Сондықтан  ертегілік  прозаның  басты  міндеті  –  сюжетті  барынша 
тартымды  етіп,  көркемдеп,  әрлеп  баяндау.  Демек,  ертегі  шындыққа  бағытталмайды,  ал 
ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды [2, 33].  
Түрлері:
 
Ертегілері  жанрлық  әрі  сюжеттік  құрамы  жағынан  әр  алуан.  Ол  іштей  бірнеше 
жанрға  бөлінеді:  жануарлар  туралы  ертегілер;  қиялғажайып  ертегілер,  батырлық 
ертегілер; хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер. Мысалы, 
 

 
163 
Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке 
құрылған  ертегілер  де  бар.  Олардың  көбі  тарихи-типологиялық  жағдайда  пайда  болған, 
біразы тарихи-генетикалық, яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-
мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза 
ұлттық  та,  халықаралық  та,  көшпелі  сюжеттер  де  қатар  өмір  сүрген  [2].  Міне,  осындай 
ертегі түрлерімен таныстырып, белгілі бір тақырыпта жазылған ертегімен таныс болады. 
Шетелдік аудиторияда қандай да бір жаңа тақырыпты бастар алдында мәтінде кездесетін 
жаңа  сөздермен,  етістіктер  тобымен,  олардың  басқа  сөздермен  байланысына  назар 
аударып,  танысққан  соң  ғана  мәтінді  оқуға  көшеміз.  Мәтінді  оқуда  орындалатын  қазіргі 
уақытта  тіл  үйретуде  қолданылып  жүрген  тапсырмалар  түрлерін  қолданамыз.  Олар: 
мәтінге дейінгі, мәтін бойынша, мәтіннен кейінгі тапсырмалар т.б.  
Шешендік  сөздер  –  қоғам  өміріне,  табиғат  құбылыстарына  байланысты  терең  ой, 
бейнелі  шебер  тілмен  айтылған  халық  шығармасы,  тапқырлық  сөздер  мен  тұжырымдар 
қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  шағын  көлемдегі  дидактикалық  жанр.  Жанр  мазмұнына  қарай 
шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді [2]. Шешендік 
сөздердің  анықтамасымен  таныстырғаннан  кейін  қазақ  тарихында,  әдебиетінде  өмір 
сүрген атақты шешендермен, олардың айтқан ұлы, дана сөздерімен жақынырақ танысуға 
мүмкіндік  туады.  Олар:  Майқы  би,  Жиренше  шешен,  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би. 
Олар  туралы  қазіргі  әдебиетте  кездесетін,  ауызша  тараған  әңгімелер,  аңыздар  туралы 
мысалдар  келтіріп,  шешендердің  аузынан  шыққан  дана  сөздерді  ұғынып,  оның 
мағынасына  терең  үңілуге  ұмтылдырамыз.  Әрбір  тақырыпты  өтуде  көрнекілік  құралдар 
қолдану  тиімді  әдістердің  бірінен  саналады.  Сабақ  шетелдік  аудиторияда  жүретіндіктен 
оларға көзбен көріп, құлақпен тыңдап, ұстап сезінетін материалдар молынан болғаны жөн. 
Сол  арқылы  шетелдік  студент  тақырыпты  нақтылы  түсіне  алады.  Мұндай 
көрнекіліктердің,  слайд-шоулардың  тағы  бір  пайдасы  –  алған  білімді  бекіту  болып 
табылады. Мысалы, 
 
 
 
Ауыз  әдебиетінің  келесі  бір  түрі  –  айтыс.  Айтыс  –  ауыз  әдебиетінде  ежелден 
қалыптасқан  поэзиялық  жанр,  топ  алдында  қолма-қол  суырып  салып  айтылатын  сөз 
сайысы,  жыр  жарысы.  Айтыс  –  синкреттік  жанр,  ол  тұрмыс-салт  жырларынан  бастау 
алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, 
драмалық сипаттар мол ұшырасады [1].  
Айтыс  –  халық  ауыз  әдебиетінің  ерекше  бір  түрі.  Сонымен  бірге  аудиторияда 
айтыстың  түрлерін  топтастырып,  слайд  түрінде  көрсетіп  таныстырамыз.  Және  де  қазіргі 
заманғы  айтыстың  түрлерімен  салыстырып  көрсетіп,  аудио-визуалды  материалдар 
қолданамыз.  
 

 
164 
 
 
Айтыс  туралы  тақырыпты  бекіткен  соң,  тіл  үйренушілерді  өз  ойын  ортаға  салу, 
пікірін білдіру сынды монологтық тапсырмалар орындауды ұсынамыз. Яғни тыңдаушы өз 
елінде  осы  айтыс  өнеріне  ұқсас  келетін  ауыз  әдебиетінің  түрімен  таныстырып,  оның 
қазіргі  уақытта  халық  арасында  кең  тараған  немесе  тарамағандығын,  сонымен  қоса  бұл 
өнер түрінің жойылған жойылмағандығын айтып өтеді. Осындай тапсырма түрлері оның 
жаңа  тықырып  бойынша  алған  білімін  шыңдап,  есінде  мықтап  сақталуына  ықпалын 
тигізеді. 
Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар – лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға 
желісі  бірін-бірі  құлай  сүйген  екі  жас  арасындағы  махаббатқа  құрылады.  Көпшілігінің 
оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен 
аяқталады.  Лиро-эпостық  жырларларда  халықтың  тұрмыс-салт,  әдетғұрпы,  нанымсенімі, 
көңілкүйі  көбірек  суреттеледі.  Лиро-эпостық  жырларда  кейіпкерлер  батырлар  емес, 
карапайым  адамдар.  Екі  жастың  бір-біріне  деген  сүйіспешілігін  жырлайтын  эпостарда, 
негізінен,  махаббат  отына  жанған  қыз  бен  жігіттің  қосыла  алмай,  трагедияға  ұшыраған 
тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе  – ата-аналардың 
қарсылығы  немесе  қызға  ғашық  басқа  жігіттің  жауыздығы,  не  болмаса  екі  рудың 
араздығы болып көрсетіледі [1]. 
Ғашықтық  жырлар  көп  вариантты  болып  келеді.  Оның  себебі,  көп  замандар  бұл 
жырлар  ауыздан-ауызға  тарап,  біреуден  біреу  жаттап  алу  арқылы  кейінгі  ұрпаққа  жетіп 
баспаға іліккен. 
Қазақ  халқының  лиро-эпостық  жырлары:  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»,  «Қыз  Жібек», 
Айман-Шолпан», «Күлше қыз», «Құл мен қыз», «Мақпал қыз», «Есім-Зылиқа». 
Бұл  бөлімде  де  техниканың  көмегіне  жүгініп,  көрнекілік  материалдар  әзірленіп 
қолданылады.  Сонымен  бірге  мәтін  бойынша  жұмыс  кеңінен  жүргізіледі.  Тіл 
үйренушілерге қиындық тудыратын сөздер мен сөз тіркестерінің мәні ашылып, контексте 
беретін мағынасына тереңірек үңіліп, қарапайым мысалдар келтіріледі.  
Мұндай  тапсырмалар  тіл  үйренушінің  ойын  еркін,  нақты  жеткізуіне,  пәнді  оқуда 
алған  білімін  пайдалануға,  мәтінді  қандай  дәрежеде  түсінгендігін  тексеруге  үйретеді. 
Осындай  жүйеде  құрастырылған  мәтіндер  мен  берілген  тапсырмаларды  қазақ  тілін 
үйренуші  шетел  азаматтарымен  бірге,  қазақ  тілін  үйреніп  жатқан  барлық  саладағы 
оқырмандарға ұсынуға болады.  
Кез келген шығарманы оқыту барысында мәтінді дұрыс талдай және мәтінмен дұрыс 
жұмыс жүргізе алу сауаттылық пен шеберлікті талап етеді. Осы қасиеттер болғанда ғана 
сабақтың алдына қойған мақсаттарына оңай әрі дұрыс жетуге болады. 
 
 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
1
 
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 2001. – 230 б. 
2
 
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1974. – 201 б. 

 
165 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  современные  методы  преподавания  казахской  литературы,  а 
именно  устного  народного  творчества.  Устное  народное  творчество  –  это  духовное  наследие, 
бесценный источник и богатство каждого народа. Наряду с указанными эффективными методами 
обучения  анализируются  некоторые  виды  упражнений  при  работе  с  текстами,  рассматривается 
использование  широкого  спектра  современных  технических  средств.  Все  эти  действия 
способствуют  формированию  у  обучаемых  коммуникативных  и  аналитических  навыков  для 
полноценного и глубокого понимания студентами представленных текстов. Вместе с этим широко 
рассматривается сравнительный метод обучения в аспектном преподавании казахской литературы 
в иностранной аудитории, так как этот подход способствует правильному и точному пониманию 
прочитанного  текста.  А  так  же  в  данной  статье  на  примере  слайд-шоу  презентации 
рассматриваются трудности восприятия устного народного творчества. 
 
RESUME 
 
In  the  article  modern  methods  of  teaching  the  Kazakh  literature  namely  folklore  are  considered. 
Folklore is a spiritual heritage, an invaluable source and wealth of each people. Along with the specified 
effective methods of training some types of exercises during the work with texts are analyzed, the use of a 
wide  range  of  modern  technical  means  is  considered.  All  these  actions  promote  the  formation  at  the 
trainee communicative and analytical skills for full-fledged and deep understanding of the presented texts 
by the students. Together with it, the comparative method of training in the aspect of teaching the Kazakh 
literature  to  the  foreign  audience,  as  this  approach  promotes  the  correct  and  exact  understanding  of  the 
read  texts,  is  widely  considered.  And  also  in  this  article  on  the  example  of  slideshow  presentation  the 
difficulties of the folklore perception are considered. 

 
166 
ӘОЖ 316.6:[297:327.3] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.С. Муликова 
Еуразия гуманитарлық 
институты, магистр 
 
А.Б. Құсаинов 
Өскемен қаласының №3 кешкі 
мектебі, оқытушы 
Оқушыларда 
экологиялық 
белсенділік 
қалыптастыруды 
зерттеудің 
психологиялық 
ерекшеліктері 
 
 
Аннотация 
Мақалада
 
мектеп 
оқушыларының 
экологиялық  белсенділігін  қалыптастырудың 
психологиялық қыры зерделенген. Табиғи ортада 
болатын  субъективті  қарым-қатынастың  негізгі 
компоненттері  мен  параметрлері  бойынша 
экологиялық 
белсенділікті 
қалыптастыруға 
бағытталған 
экопсихологиялық 
зерттеу 
әдістерінің ерекшеліктері қарастырылған.  
Түйін  сөздер:  экологиялық  белсенділік, 
экологиялық 
бағдар,
 
мектеп 
оқушылары, 
субъективті  қарым-қатынас,  экопсихологиялық 
диагностикалау әдістері. 
 
 
Экологиялық 
белсенділік
 
ұғымын 
дәйектеуде  әлеуметтік-психологиялық,  әдістеме-
лік 
тұрғыда 
оған 
жуық 
психологиялық 
категориялар  мен  түсініктерге  сүйенуді  қажет 
етеді.  Әлем  бейнесі-индивидтің  өзі  туралы, 
басқалар жайлы, қоршаған орта туралы біртұтас, 
көпдеңгейлі жүйенің көрінісі десек, осы жүйедегі 
бірден-бір  деңгей  табиғатқа  тиесілі  екендігі 
белгілі.  Себебі,  табиғат-қоршаған  орта  ақиқаты-
ның  маңызды  компоненті.  Объективті  ақиқатты 
сипаттайтын  бұл  бейне,  екінші  жағынан, 
субъективті  де,  өйткені  әрбір  индивид  өзінің 
белсенділігі  мен  қандай  да  бір  ықпалы  арқылы
 
оны белгілі бір деңгейде өзгертіп қабылдайды.  
Күнделікті  тіршілікте  табиғи  орта  және 
оның  нысандарымен  қарым-қатынаста  болатын 
адамның  тұлғалық  мінез-құлық  ерекшеліктеріне 
байланысты  бір  нысанға  бірдей  жағдайда 
реакциясының әртүрлі болуының психологиялық 
жағына  қарапайым  мысал  келтіруден  ойымызды 
бастайық.  Жол  торабынан  өтіп  бара  жатқан 
қоңызды  байқаған  бір  топ  баланың  әр  түрлі 
қылық  көрсету  нұсқаларын  келтіруге  болады:  1) 
қоңызды  мыжып  кету  –  агрессивті  қарым-
қатынас;  2)  қанаттарын  жұлып  тастау  немесе 
жіпке  байлап  айналдыру  –  садизм;  3)  қорапшаға 
салып  сақтап,  басқа  баламен  реті  келсе  ұсақ 
заттарға  айырбастау  –  прагматикалық;  4)  инеге 
қадап  кептіру  –  еліктеу  (мектепте  көрген 
энтомологиялық  жиынтықтардағы  кептірмелер 
сияқты);  5)  үйге  әкеліп,  қоңызды күту  үшін  шөп 
салынған  ыдысқа  орналастырып  баптау  – 
практикалық  қарым-қатынас;  6)  қоңызға  мұқият 
шүйлігіп  зерделеп,  қалай  аталатынын   анықтап,  

 
167 
кітаптардан  ол  туралы  мәліметтермен  танысу  –  танымдық  қарым-қатынас;  7)  қоңызға 
қарап сүйсініп, босатып жіберу – эстетикалық мінез-құлық; 8) жолдағы қоңызды алып көк 
шөпке қарай жіберу – этикалық қарым-қатынас; 9) қоңызға мән бермеу – индифферентті 
қарым-қатынас т.с.с. Баланың табиғат нысанына қарым-қатынасынан көрінген бұл жағдай 
ондағы  қалыптасқан  экологиялық  мінез-құлқын  білдіреді.  Демек,  психикалық  қарым-
қатынасты  тұлғаның  іс-әрекеттері  мен  қылықтарының  жеке  мінездемесін  сипаттайтын, 
белсенді таңдап алынған ұстаным ретінде қарастырылады [1]. 
Қалыптасқан  субъективті  қарым-қатынас  жүйесіндегі  адамның  қылықтары  мен 
әрекеттерінің  детерминділігін  және  әдіснамалық  аппаратын  дәйектеген  Б.Ф.Ломов, 
тәрбиелік  іс-әрекеттің  тиімділігі,  ең  бастысы,  тұлғаның  субъективті  қарым-қатынасын 
қалыптастыру  мен  дамытуды  қамтамасыз  ете  алатындығымен  сипатталатындығына 
тоқталады  [2].  «Субъективті  қарым-қатынас»  ұғымы,  «бағдар»,  «тұлғалық  мәнділік», 
«аттитюд» ұғымдарымен сабақтас. Тұлғаның орталық модификациясын ашатын «бағдар» 
ұғымы  тұлғалық-мәнділік  қоғами  орныққан  мағынасымен  өзара  байланыстылығын; 
аттитюд  –
 
межелеген  әлеуметтік  бағдар  бойынша  субъективтілікті  білдірсе,  субъективті 
қарым-қатынас тұлғаның субъективті әлемінің діңгегі іспеттес. 
Айтылған  тұжырымдар  мен  пайымдаулардың  сабақтастығында  келесі  әдіснамалық 
мәселе туындайды: шын мәнісінде табиғатта болатын қарым-қатынастың қайсысын тиімді 
деуге болады және оны психологиялық тұрғыдан қалай сипаттайды?..  
Субъективті  қарым-қатынасты  зерттеу  назарына  алған  ресейлік  психологтер 
С.Д.Дерябо  мен  В.А.Ясвин  алдыңғы  зерттеушілердің  еңбектерін  арқау  етіп  тиімді 
өлшеудің параметрлік тың жүйесін ұсынып, оны:  «Тұлғаның қатысы бар барлық қарым-
қатынастар  объективті  бола  бермейді,  тұлға  үшін  олар  сөзсіз  «субъективті  бояуда» 
қабылданады»,  -  деп  негіздеген  [3].
 
Сонымен,  субъективті  қарым-қатынасының  негізі
 
тұлға қажеттіліктерінің әлем нысандары мен құбылыстарынан әсерленуі болып табылады. 
Субъективті қарым-қатынас мынадай параметрлермен сипатталады: 
-
 
мазмұнды-құрылымдық  –  ауқымдылық  параметрі:  қажеттіліктердің  қандай 
объектілер мен құбылыстардан әсерленуін білдіреді; 
-
 
динамикалы-құрылымдық – қарқындылық параметрі: субъективті қарым-қатынас 
қандай салаларды және қандай деңгейде байқалуын көрсетеді; 
-
 
саналы  меңгеру  дәрежесі:  тұлғаның  табиғат  нысандары  мен  құбылыстарына 
әсерлену  қажеттілігі  қаншалықты  мөлшерде  екендігі,  яғни  тұлға  осыған  қатысты 
қаншалықты өзіне есеп бере алатындығын аңғартады. 
Субъективті  қарым-қатынас  жануарлар,  құстар  немесе  өсімдіктер  әлеміне  әр  түрлі 
пәрменде байқалуы мүмкін. Әлдекімге жай ғана құстар туралы тарихи оқиғаларды тыңдау 
жағымды  әсер  етеді,  егер  осымен  ғана  шектелсе  –  қарым-қатынас  қарқындылығының 
төмендігін аңғарамыз. Ал енді бір «фанат» сол құсқа ерекше қызығушылық танытатыны 
сонша,  ол  туралы  неғұрлым  көп  мағлұматтар  алып,  оны  зерттеу  мақсатымен  мыңдаған 
шақырым  жерлерге  барып,  әр  түрлі  қиындықтар  мен  кедергілерден  өтеді.  Бұл  – 
қарқындылық деңгейінің жоғарылығын білдіреді. 
Соңғысы, адамдар өздерінің жануарлар мен құстарға құштарлығын әртүрлі деңгейде 
саналы байқауы мүмкін: кейбіреуі бұл үшін өзіне соншалықты есеп беріп, мән бермейді. 
Ал  енді  біреулер  зоологияны  сүйікті  кәсібіне  айналдырып,  өмірінің  мәні  етеді.
 
Субъективті  қарым-қатынастың  психологиялық,  әрі  педагогикалық  мінездемесін  беруде 
әсіресе қарқындылық  параметрі көрсеткіштерін қарастыру  маңызды.  Бұл біздің көтерген 
мәселеміз  экологиялық  белсенділікті  қалыптастыруға  жуығырақ,  өйткені  қарқындылық 
табиғи ортаға қарым-қатынастың қандай салада және қандай деңгейде байқалатындығын 
неғұрлым дәлірек анықтайды. 
Орта  буын  оқушыларының  экологиялық  белсенділігінің  қалыптасуын  зерттеуге 
келесі  экопсихологиялық  әдістер  таңдап  алынды:  С.Д.Дерябо  және  В.А.Ясвиннің 

 
168 
«Натурафил»  әдісі;  Тұлғаның  экологиялық  бағдарын  диагностикалаудың  вербальды 
ассоциативті әдісі (ЭБҚП); «Альтернатива» әдісі. 
С.Д.Дерябо және В.А.Ясвиннің
 
адамның табиғатқа субъективті қарым-қатынасының 
қарқындылығын  диагностикалау  әдістеріне  қысқаша  сипаттама
 
беруге  болады. 
Авторлардың  қарқынды  қарым-қатынас  дегені  «оның  қандай  салада  немесе  қандай 
деңгейде  байқалатын  қарым-қатынасын  көрсететін  динамикалық-құрылымдылық 
сипаттамасы»  болып  табылмақ  [4,  5].
 
Мысалы,  «Натурафил»  сауалнамасы  теориялық 
талданған  қарқындылықтың  4  құраушыларына  сәйкес  4  негізгі  шкалалардан  тұрады: 
перцептивті-аффективтік шкала (ПА), когнитивті шкала (К), практикалық (ПК), қылықтық 
шкала (Қ). 
1)
 
Перцептивті-аффективті  шкала  табиғи  ортаға  қарым-қатынасты  қамтитын 
эстетикалық, этикалық, витальді сипаттағы тұлға «эталондарының» аффктивті нышандар 
жүйесіндегі өзгерістер деңгейін диагностикалауға бағытталған. 
2)  Когнитивті  шкала  сананың  құрамдас  бөлігі  ретінде  тұлғаның  еркіндігін, 
тәуелсіздігі мен өзін қоршаған ортаның жағымсыз факторларына тұрақтылығын қамтитын 
қасиеттері,  қабілеттерімен  жүзеге  асатын  білімдер  жүйесі  болып  табылады.  Сондықтан 
когнитивті  шкала  табиғат  нысандарымен  қарым-қатынаста  сол  нысандар  туралы 
мәліметтер іздеу, дәйектеу, өңдеуге дайындығынан байқалатын танымдық белсенділік пен 
түрткілер өзгерісінің деңгейін диагностикалайды. 
3)  Тәжірибелік  шкала  табиғи  орта  және  оның  нысандарымен  прагматикалық  емес, 
тәжірибелік  байланысқа  даярлығы  мен  ұмтылысынан  байқалатын  іс  жүзіндегі 
экологиялық 
іс-әрекетінің 
бағыттылығы 
мен 
оған 
итермелейтін 
түрткілерді 
диагностикалайды. 
4) Қылықтық шкала тұлғаның табиғатпен қарым-қатынасы және оның өзгерістеріне 
сәйкес  көрініс  беретін  белсенділік  пен  қылықтарындағы  өзгерістерді  диагностикалауға 
арналған. 
Перцептивті-аффективтілік  компоненттің  даму  деңгейі  жоғары  адам  нысандармен 
өзара  қарым-қатынаста  оларды  неғұрлым  терең  «сезінуге»,  «байқауға»,  «тыңдай  білуге» 
қабілетті. 
Мысалы,  егер  «қарапайым»  адам  бұл-бұл  әуенін  жай  ғана  естіген  болса,  нағыз 
әуесқойлар әуеннің оннан аса түрлерін ажырата білуге қабілетті екен. Адамның табиғатты 
эстетикалық  қабылдауына  талдау  жасаған  Д.Лукач  оның  маңызды  әлеуметтік  деңгейін 
атап өтеді.  
Зерттеушінің  пікірінше,  тұлғада  табиғат  нысандарымен  қатынаста  әрқашан  өзіндік 
бағалау  мүмкіндігі  басым  тұрады.  Өмірде  кездесетін  адекватты  емес  әлеуметтік 
эстетикалық  стереотиптерден  «эталондардан»  еркін,  ада  болу  да  перцептивті-
аффективтілік  компоненттің  даму  деңгейінің  көрсеткішін  анықтайды.  Мысалы, 
стереотиптер  «ұсқынсыз  бақаларға»,  «тұрпайы  көртышқандарға»  немесе  «түршігерлік 
қырықаяқтарға»  т.с.с.  болған  қарым-қатынастарды  жатқызуға  болады.  Мұндай  жағдайда 
адамның «зұлым» жыланның әсем қозғалысынан сұлулықты көре білуі, оның экологиялық 
икемділігіне  сүйсіне  білуі  сияқты  қабілеттері  де  оның  табиғатқа  субъективті  қарым-
қатынасының перцептивті-аффективтілік даму деңгейін аңғартады. 
Екіншіден,  субъективті  қарым-қатынастың  перцептивті-аффективті  компонентінің 
қалыптасу  деңгейі  эмпатия  және  теңдестіру
 
арқылы  жүзеге  асатын  нысандарға  болған 
витальды  қатынастың  ықыластылығымен
 
сипатталады.  Мысалы,  кейбіреулер  боранды 
қыстың  аязында  кіреберісте  бүрісіп  тұрған  итті  байқағанда  жанашырлық  сезімде  болса, 
енді  бірі  тіпті  елемеген  сыңай  танытады,  яғни  адам  табиғи  нысанмен  байланыста 
эмпатияға және өзін оның орнына қоя білу, ұқсатып салыстыруға қабілетті.  
Үшіншіден,  перцептивті-аффективтілік  компонент  қарым-қатынас  нысандарын 
этикалық  игерумен  сипатталады.  Басым  көпшілігіміз  табиғатқа  байланысты  қарым-
қатынаста оларға ерікті немесе ерікті емес адами моральды өлшемдерді қолдануға бейім. 

 
169 
Мысалы,  біз  өз  балапандарын  бөтен  ұяларға  тастап  кете  баратын  көкектің  «өнегесіз» 
қылығын  моральды  тұрғыда  теріс  бағаламай  қоймаймыз,  сонымен  қатар  балапаны  бар 
орыннан
 
жыртқышты  аулақтату  үшін  жаралы  кейіп  танытып  жата  қалатын  құрдың 
«мейірбандықпен өзін
 
құрбан етуін» құрметпен бағалаймыз. 
Ең  қызықтысы  сол,  кейбір  жағдайларда  табиғат  әлемін  қабылдаудың  этикалық 
аспектісі  витальды  сипатқа  кереғар  болу  жағдайлары  да  кездесіп  жатады.  Мысалы,  біз 
құрбанын  «азаптап»  жатқан  жыртқышты  байқасақ,  оның  қылығын  садистік  өлтірушілік 
деп  талқылап,  эмоциялық  жағымсыз  қарым-қатынас  танытамыз.  Бұл  тұста  жыртқыштың 
витальды  көрінісіне  қатысты  эмпатия  мен  теңдестіру  артта  қалды,  өйткені  біз  құрбан 
болған жануарға қатысты процестермен оны ығыстырып тастадық және бұл жағдайдың – 
табиғи заңдылық екендігін ескермейміз. 
Қылық – бұл әрдайым әлеуметтік мінез-құлық бірлігі деген анықтама бере отырып, 
Ломов  тұлғаның  өзіндік  субъективті  қарым-қатынасын  танытушы  осы  қылық  болып 
табылады,-деп  топшылайды  [2].  Яғни  практикалық  компонент  –  бұл  «өзім  үшін», 
қылықтық  компонент  –  «басқалар  үшін»  дегенді  меңзейді.  Мысалы,  үйдегі  мысықты 
тамақтандыру  –  практикалық  әрекет,  сырттағы  бөтен  мысыққа  тамақ  беру  –  қылық; 
демалыс  күндері  бау-бақшада  қазба  жұмыстарымен  шұғылдану  –
 
практикалық  әрекет, 
арнайы саябаққа барып, ағаш түбін
 
үйілген қоқыстардан тазарту – қылық. 
Белсенділікке талдау жасаған С.Д.Смирнов, оны материалдық тасымалдаушыларды 
ұйымдастырудың  күрделі  үдемелі  функциялары  ретінде  қарастырып,  «белсенділіктің 
прогрессивті  өзгерісінің  маңызды  бағыты  бейімделу,  икемделу  үдерісінен  жүйе 
тіршілігінің  сыртқы  жағдайларын  белсенді  құру  мен  түрлендіру  үдерісіне  өту  болып 
табылады  [6].  Бұл  жүйенің  ішкі  анықтығын  дамыту  мен  сақтауға  ұмтылу  қажет»-  деген 
ойына сүйене отырып, біз оның маңыздылығын экологиялық белсенділікті қалыптастыру 
мәселесінде
 
практикалық тұрғыда ұстану қажеттілігін аңғардық. 
Белсенділік  жеке  басқа  тән,  маңызды  бір  қасиет  болып  саналады.  Белсенділік
 
психиканың  сапа  көрсеткіші  ретінде  қажырлылықты,  ынталылықты,
 
жігерлілікті, 
тынымсыздықты білдіреді [7].  
Бүгінгі  күні  өмір  темпі,  даму  жылдамдығына  ілесу  адам  бойындағы  белсенділік 
қуаттарын  арттыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оның  дамып,  қалыптасуы  мектеп 
қабырғасында  оқу  үрдісінде  және  сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстарында  іске  асады.
 
Осы 
орайда, оқушыларға экологиялық білім
 
берудің негізгі міндеті олардың бойында табиғатқа 
деген  оңтайлы,  лайықты  субъективті  қарым-қатынасты  дамыту,  табиғатты  құндылық 
ретінде  бағалауға  ықпалдасу  болып  табылады.  Бұл  тұрғыда,
 
«қарым-қатынас» 
категориясы экологиялық тәрбиенің біртұтас жүйесін құраушы рөлді атқаратынын ескеру
 
аса маңызды деп есептейміз.  
 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет