Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Экожүйе өзгерісі. Әртүрлі түрлердің  эволюциялық жиынтығы (коэволюция)



бет224/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   231
28. Экожүйе өзгерісі. Әртүрлі түрлердің  эволюциялық жиынтығы (коэволюция).

 

Экожүйенің құрылымы және төзімділігі. Экожүйе өзгерісі. Экологиялық сукцессиялар.    Ғасырлық сукцессиялар. Аралдық экожүйе эволюциясы. Экожүйенің түрлік құрамының динамикасы. Экожүйені жинақтау.

  

Экожүйенің құрылымы және төзімділігі. Биогеоценоз 100-ден бірнеше мыңға дейін баратын түрлерден тұруы мүмкін. Тірі компоненттері аз болған түрлер, сәйкесінше экожүйесі әлсіз және төзімсіз болып келеді, мысалы, арктикалық тундраның экожүйесі және жоғары таумен шөл даланың эко жүйелері.  Көп компонетті экожүйелер төзімділігі де аз компонентті экожүйелер сияқты әлсіз болуы да мүмкін. Себебі экожүйенің төзімділігі оның көп компонентті, не аз компонеттілігіне емес, экологиялық жағдайлар ықпалына төзімділігіне байланысты. Мысалы, қазіргі заманғы антропагенді жүктеу кезінде экожүйе қысқа циклді түрге ие болып, бір жерден екінші орынға тез-тез орын ауыстыратын болған соң, кездойсоқ жағдайларға төтеп бере алатын түрге енеді.

Ендеше, табиғи экожүйелер төзімділігін және бірқалыптылығын сақтай алатын қасиетке ие. Экожүйе төзімділігінің эволюция төзімділігінен айырмашылығы: оның өзгерістер әсеріне бірдей қарамайтындығында. Экожүйе өзінің көптеген компоненттерінің – популяция түрлерінің  әрқайсысының қозғалысына қарай құрылады. Экожүйенің бірқалыптылығы түрлердің физикалық фактор кезінде өзара әрекеттесуінен болуы мүмкін. Биогеоценоздың бірқалыптылығы оның жеке компоненттерінің бірқалыптылығына байланысты болмайды. Кез-келген экожүйе компоненттері өз бетінше тіршілік етуші, ықпал етуші, бір трофикалық деңгейде бір-бірімен әрекеттесе алатын бола алады. Қорыта айтқанда, биогеоценоз тұрған ортасына тәуелді және оның дамуы компоненттерінің үнемі бір-бірімен байланыстылығының арқасында болады. экожүйеге енетін  әртүрлі түрлер өзіндік төзімділігі және бірқалыптылығы арқылы функциональды комплекс құрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет