Түрдің құрылымы. Түр құрылымы оның популяциялардағы биологиялық әрекеттердiң күрделiгiне дәлел екендiгi бiзге мәлiм. Ықшам популяциядан бастап барлық популяциялар күрделi тiршiлiкте болады. Бұл күрделiлiк бiр сыпыра жағдайлармен: 1) популяцияның құрылысымен әр жылдағы өзгергiштiгiне; 2) популяцияның генетикалық ерекшелiгiне; 3) сыртқы ортаның әсерiне; 4) сыртқы жағдайлардың өзгерiсi мен популяцияның реакциясына қарап анықталады.
Жоғарыда, қарапайым эволюциялық бірлік ретінде популяция ішінде де генетикалық туыстығы бар шағын топтарды ажыруатуға болады. Жануарлар мен адам популяцияларында ондай топтарды демдер деп, ал өсімдіктерде- биотоптар деп атайды. Табиғатта популяция деңгейінен жоғары тіршілік құрылымдар болады, олар жануарлада – нәсілдер, түр тармақтары делінсе, өсімдіктерде-экотиптер және түр тармақтары деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |