Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет51/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   143
Амилнитрит-Amulii nitris. Ақ-сары түсті ,оңай қозғалатын, сұйықтық,жеміс иісті, майлы,дәмді. Қан тамырларының түйілуіне , қояншық тәріздес сіреспеде, цианидпен уланғанда ингаляциялау әдісімен қолданылады. 2-7 минут бойына әсер етеді, ішкізілмейді.
Натрий нитриті (азот қышқылды натрий)-Natrii nitris. Ақ немесе сарғыш түсті кристалды ұнтақ,суда оңай ериді. Амилнитрит сияқты әсер етеді, бірақ әсер етудің алғашқы белгілері ішкізілгенде 10-15 минуттан кейін ғана және вена тамырына енгізілгенде 5-8 минуттан кейін ғана пайда болады. Амилнитриттен гөрі баяуырақ , бірақ едәуір ұзағырақ (1-2 сағат)әсер етеді.
Қолданылуы амилнитриттікі сияқты. Ішкізілу мөлшері: жылқығы- 1,0-1,5 г, итке 0,05-,0,2 г. Сақтықпен сақтайды.("Б" тізімі бойынша).
Антиотрофин-Antiotrophinum. Ұйқы безінің ұлпасынан алынған судағы сығынды,инсулинмен ажыратылған. Түссіз,мөлдір сұйық. Қан тамырларын кеңейтеді,соның нәтижесінде қан қысымы төмендетеді.Қан тамырларының түйілуінде және эндометритте қолданылады. Тері астына және бүлшық етке енгізіледі. Қолдану мөлшері жылқы мен сиырға 5-10 мл.
Сальсолин гидрохлориді- Salsolini hydrochloritum.Сора тұқымдасына жататын альколоид,иіссіз , дәмі ащы ,кейде әлсіз сары реңді кристалды ұнтақ. Судың 14 бөлігінде ериді. Ыстыққа төзімді. "Б " тізімі бойынша сақталады.
Препарат қан тамырларын кеңейтіп , қысымды төмендетеді. Стрихинмен және строфантинмен уланганда қолданылады. Тері астына қолдану мөлшері :шошқаға 0,04-0,06г; итке 0,01-0,063г.
Спазмолитин(дифацил)- Spasmolutinum. Суда жақсы еритін, ақ түсті кристалды ұнтақ. "Б" тізімі бойынша сақталады. Қарын қатпаршасының түйілуінде, ішек түйілуінде,әр түрлі шаншуларда өте белсенді спазмолитикалық дірң. Сонымен бірге ол жүйке ганглиерін тежейді, атропин тәрізді және жергілікті анестезиалаушы әсер етеді. Мөлшері: жылқығы 1,0-4,0 г, итке 0,2-0,3г.
Қан тамырларын кеңейтетін дәрі ретінде жоғарыда аталған препараттардан басқа папаверин, дибазол,хлорацизин,персантин,нитранол және басқа препараттар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет