Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

Қ о р қ ь г п ы  
дәдәм
  деп 
атан: 
• 
У
— Қорқыт  туар кезінде
 
/V"'/ 
) у
  х
Қараспанды  су алған,
Қара жерді  қүм  алған.
Ол туарда  ел қорқңп,
Туған  соң,  әбден  қуанған,
  —

деп халық өлеңін  оқығанына куә  болғаным  бар.
-   Қорқыт  ата  қазақ  жерінде,  Қызылорда  облысы,
Сырдарйя  өзенінің  бойында өмір  сүрген,  -  дедім әңгімені
сабақтап. 
• 
’ 
^
-   О,  дүрыс,  бауыр,  "Оғызнама"  жыры  қандай  ортақ
болса,  дәдәм  Қорқыт  та  сондай  ортақ.  Бәріміз  де  Түран 
ойпатынан  тараған  нәсілміз,  -   деп  бакулік  қаламдас 
өзінің  тарихқа  деген  әділ  де  кең  пейіл  көзқарасымен
ТӘНТІ  е т т і. 
.-V' 
.  • 
Щ  • 
■ 
■ ■ ■ ' ■ ■  
1  
•  
^
  !
-   Оғыз  -   Қыпшақ  дәуіріндегі  өмір  сүрген  Қорқыт 
атаның  әкесі  К,арақожа,  шешесі  Қыпшақ  қызы  еді,  —
  деп 
жазады  Әбілғазы  Баһадүр.  Шежіре  де  мұны  ж оққа 
шығармайды.  Ол  туарда  "алай-түлей  боран  соғып,  нөсер 
төгіп,  найзағай  ойнап,  айналаны  қара  түнек  түмшалап 
тастады"  дейді.  Бұл  деректі  академик  ғалым,  марқұм 
Әлкей  Марғұлан  да  қуаттайды.  "Қорқыттың  анасы 
толғатқан  сәтте  табиғат  та  қоса  қиналды.  К,аратауды 
мұнар  басты.  Кейіннен  халық  бұл  күнді  "Қараспан"  деп 
атап  кетті.  Ел  қатты  үрейленіп,  қорыққан  соң,  сәбидщ 
есімін  Қорқыт деп  қойған",  -  деп тұжырым  айтады.
В.М.Жирмунскийдің  зерттеуі  бойынша,  Қорқыт  ата  -  
күйшілік  өнерімен  халық  поэзиясының  піріне  айналған 
тұлға.  Кейбір  деректерде  К,орқыт  ата  өз  заманында 
Иналхан,  Дойылхан,  Көл-Еркі,  Тұманхан,  Қоңлы-Қожа 
сынды  төрт-бес  ханның  бас  уәзірлік  қызметін  атқарып, 
ел  басқару  билігіне  араласқан  данагөй  қария  ретінде
сипатталады.
Тағы  бір  қы зы қ  дерек,  халық  жырында  Қорқыт  ата 
музыка  аспабы  -   қобызды  тұңғыш  жасаушы  ретінде 
көрінеді.  Оның  айғағындай  қазірде  бізге  Қорқыт  атаның 
"Арыстанбаб", 
"Аққу". 
"Ұлардың  ұлуы",  "Кілем  жайғанГ, 
"Әуіпбай", 
"Қорқыттың  күйі", 
"Желмая", 
"Елім-ай", 
"Тарғыл  тана"  сынды  қобызға  арналған  күйлері  жетіп
отыр.
Айтматов.
  Желмаясына  мініп,  өлімнен  қашқан 
Қорқыт  аттап  басқан  сайын,  өзінің  қазылып  жатқан 
көрінің  үстінен 
шыға 
береді. 
"К,айда 
барсаң  да, 
К,орқыттың  көрі"  деген  мәтел  содан  қалған  екен  деседі
кәрі  құлақ қариялар.
Шаханов.
  Осы  орайда  халқымыздың  көне  тарихынан
төрт  кітап  жазып,  елеулі  еңбек  сіңіріп  жүрген  жазушы, 
тарихшы  азаматымыз  Қойшығара  Салғараұлының  мы- 
нандай  бір  жаңалықты  қы зы қ  ойын  айта  кетпеске  бол- 
мас.  Ол  "Көмбе"  роман-эссесінде  осы  Қорқыт  ата  мен 
әлгі  қытай жылнамасындағы Тоныкөк  екеуін  бір  адам  деп

дәлелдеп,  соған  тұтас  бір  тарау  арнайды.  Бұрын  ешкім 
айтпаған,  әрі  тосын,  әрі  батыл  пікір.  Көшпелілердің  екі 
дана  қартының  өмір  жолдарын  салыстыра  қарағанда, 
шынында  да,  екеуін  бір  адам  дерлік  бірін-бірі  қайталар 
ұқсастықтар  жетерлік  екен.  Екеуінің  қызмет  еткен  хан- 
дарының  балаларының  саны  да,  істеген  әрекеттері  де, 
өздерінің  хандарымен  арақатынасының  жағдайы  да  -  
бәрі-бәрі  бірдей.  Бар  айырмашылық  -   Қорқытты  Сыр 
бойында,  Тоныкөкті  Монғолияда  өлген  десек,  оның  да 
себеп-салдарын  ғылыми  тұрғыда  нанымды  етіп  сурет- 
тейді.  Расында,  Қорқыт  мазарының  бірнешеу  болуы,  со- 
ның  бәрінде  Қорқыт  жатыр  деу  көңілге  күдік  туғызбай 
ма?!  Шын  Қорқыттың  сүйегі  қай  мазарда?  Дербент- 
тегісінде  ме,  Түркиядағысында  ма,  жоқ,  әлде  Сырдың 
бойында  ма?  Оны  ашып,  зерттеп,  ақиқатына  жеткен
тағы ешкім жоқ.
Қорқыт  атаның  IX  ғасырда  Сырдарияның  жағасына
салынған  сегіз  қырлы,  іші  түрлі  ою-өрнекпен  безен- 
дірілген  зиратын  XIX  ғасырда  тасыған  өзен  суы  шайып 
кеткен.  Ал  табытын  жергілікті  халық  өзге  қырат  басына 
көшірген.  1980  жылдары  алматылық  архитектор  Бек 
Ыбыраевтың  жобасы  бойынша  Қорқыт  бабаның  басына 
көне  музыкалық  аспабымыз  -   қыл  қобызды  бейнелеген 
зор  ескерткіш  орнатылды.  Оған  мұрындық  болған 
Қызылорда  облысыг  Қармақшы  ауданының  сол  кездегі 
бірінші  хатшысы,  халық  мұрасының  жанашыры,  елге 
сыйлы  азамат,  марқұм  Елеу Көшербаев еді.
Шіке,  досыңыз  Әбдджәміл  Нұрпейісовтың  үйінде 
қонақта  болғанымызда  дастарқан  басында  әдеміше  кел­
ген  Қырымбек  Көшербаев  деген  қара  торы  жігіт  отырып 
еді  ғой.  Сол  -   Елеу  ақсақалдың  ұлы.  Қазір  Қазақстан 
Республикасы  Министрлер  Кабинетінде  қызмет  істейді. 
Бұл  ескерткіштің  ғажайып  бір  ерекшелігі  —
  жел  тұрса 
болды,  Қорқытты  жоқтағандай  уілдеп,  қобыз  сарынын
қыр астынан  естіртеді.
Кррқыт  бабаның  қалғып  кеткен  рухын  кейінгі
ұрпақтары осылай  оятты.
Тағы  бір  даңқты  жерлесіміз  Бейбарыс  сұлтан  жайын­
да әңгіме'қозғасақ деймін.
Ол туралы  Қазақ  Совет  Энциклопедиясында  мынадай 
дерек  бар:  "Нөсілі  —
  қазақ.  Маңғыстау  өңірін  жайлаған 
Беріш  тайпасының  баласы.  Әкесінің  есімі  —
  Жамақ.  Ше- 
шесінің  ныспысы  —
  Әйек.  Монғол  шапқыншылығы 
кезінде  түтқынға  түскен  он  жасар  Бейбарыс  Дамаскіде 
800 дирхамға  құлдыққа сатылды".

И.Филынтинский 
өз 
еңбегінде: 
"Көшпелі 
түркі 
қыпшақтарын  К,ара  теңіз  жағалауында  түтқынға  алған 
монғолдар  итальян  көпестеріне  құлдыққа  сатты.  Ал  олар 
мұны 
Египет  сұлтандарына  жөнелтті.  Ж ас  тұтқындарды 
ислам  дініне  енгізіп,  мұсылмандарға  ортақ  ат  берді, 
әскери  өнерге  баулып,  сарай  жасағына  алды  ,  — деп 
ж а ­
зады... 

: ■>V  - 
** 
Осы 
Египет  сұлтандарына  еріксіз  сатылып,  жалшы
күйін  кешкендердің  бірі  Бейбарыс-ты.  Құлдыққа  түскен
бала  мамлюктердің қатарын толықтырды.
Айтматов.
  Бейбарыстың  хатшысы  Мұхий  ад-Дин 
ибн  Әбд  аз-Захир  жазған  "Бейбарыс  сұлтанның  өмірнама- 
сы"  атты  еңбекте:  "Парасатты  мемлекет  қайраткері, 
ержүрек әскербасының тұсында жүзжылдық аласапыран 
меи  өзара  қырқысудан  кейін,  уақытша  болса  да,  Египет 
пен  Сирияда  тәртіп  орнады.  Өзінің  жер  өңдеу  мен  сау- 
даға  ерекше  көңіл  бөлуінің  арқасында  елдің  тұрмыс- 
жағдайын  ерекше  жақсартты.  Оның  (Бейбарыстың) 
әскери  жорығы  да  ұлы  жеңістерге  жетті.  Ол  "Крест  жо- 
рығына" 
тосқауыл 
қойып, 
оларды 
қайта 
бет 
қаратпайтындай  етті.  Бағдаттағы  сияқты,  үлкен  мемле- 
кетті  ойрандайтын  монғол  шапқыншылығын  Египетке 
жеткізбей,  тойтарыс  берді",  — деп,  Бейбарыстың  Египет
тағына отырған  шағын  суреттейді.
Құл  боп  келген  он  жасар  бала  ғүмыры  көріп-білмеген
араб  елінің  билік  тізгінін  қайтып  қолына  алды?  Міне, 
мәселе.
Шаханов.
  Бейбарыс  әмірші  болған  тұста да  араб  тілін 
үйренбепті.  Қ азақ  Совет  Энциклопедиясының  2-том,  82- 
бетінде:  "Бейбарыс  өмірінің  ақырына  дейін  ,  негізінен, 
ана  тілі  -   қыпшақ  тілінде  сөйлеген.  Египет  пен  Азиядағы 
араб  тілдес  халықтармен  тілмәш  арқылы  сөйлескен",  —
деген түсініктеме  беріледі.
Бейбарыс  Франк  короліне  қарсы  соғыста  мамлюк-
тердің  ішінен  суырылып  шығып,  батырлығымен  айрықша
көзге  түседі.  Кейіннен  жасақтың  сардары  атанады.
Шаһар  ішіндегі  ұры-қарыны,  қарақшыны  ұстап,  қатаң
тәртіп  орнатып,  билеушінің  Сарайына  жансыз  боп  кірген
Хуан  тақуаның  қылмысын  әшкерелеп,  небір  оқ  пен  от-
тың  ортасынан  аман  өтіп,  өскерге  бас  қолбасшылыққа
тағайындалады.  Құлдықтан  құтылып,  басына  бостандық
алған  соң,  Төжбақыт  есімді  қыпшақ  қызына  үйленіп,
Сайд,  Ахмет есімді  қос  ұл сүйеді.
Арабтар  мен  күрдтердің  қалауымен  таққа  отырған 
Бейбарыс  өзінің  сұлтандық  мөрі  соғылған  алғашқы  үш-

бу  хатты  ата  жұрты  -   қыпшақ  даласын  билеп  отырған 
әміршісі,  Алтын  Орданың ханы  Беркеге жөнелтеді.
Сұлтанның  туған  жерге  деген  сағынышы  жүрек 
қаны,  көз  жасымен  жазылған деседі жылнамашылар.
Айтматов.
  Арабтардың  әміршісі  атанған  Бейбарыс 
кейіннен  Кіші  Азиядағы  селжүктерді,  Арменияны,  бер- 
берлерді  өзіне  қаратып,  өмір  бойы  найзасын  тіреп  келген 
франктердің  шіркеу  қамалын  түгелдей  тас-талқан  еткен. 
Бұл  кезең  құлдық  пен  езгіні  көп  көрген  араб  ха^қының 
еңсе  көтерген тұсы еді.
Шаханов.
  Дұрысы  солай.  Бейбарыстың  алғашқы  хаты 
Берке  ханның  қолына  1261  жылы  тиген.  Ал  келер  жылы 
мамлюк султаны Рум арқылы Алтын Ордаға елші жіберген.
Әлемге  аты  аңыз  боп  тараған  Бейбарыс  ақыры  өзінің 
уәзірі  Қалауынның  қарбызға  қосып  берген  уынан  1277 
жылы  қапияда қаза тапты.
Айтматов.
  Мынау  пәнидің  жалғандығына  көзі  жет- 
кен  ол  дүние  шыр  көбелек  айналып,  ең  соңғы  иек  қағар 
сәтінде:  "Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  өз  елінде  ұлтан 
болған  артық екен" десе керек.
Шаханов.
  Шіке,  заманында  Бейбарыстың  тағдырын 
қайталаған,  жаугершілік  кезеңде  еріксіз  жат  жерге  кетіп, 
Африка  мен  Арабияны,  Кіші  Азия  мен  Еуропаны  кезген, 
әр өлкеден  қыпшақ,  мамлюктер деп  ат алған  түркі тектес 
халықтардың  ұрпақтары  баршылық.  Мысыр  сұлтан- 
дарының  жеке  жасағы  болған  мамлюктер  сұлтан  тағына 
өз  қандасы  -   Орта  Азиядан  құлдыққа  түсіп  барған 
Убақты да отырғызып  еді ғой.
Айтматов.
  Мысырда  ұзақ  мерзім  билік  құрған  мам­
люк ұрпағының тақтан түсіп,  қайтадан  аса сенімді сақшыға 
айналуына бірден-бір  себепкер  Наполеон  Бонапарт-ты.  Мы- 
сьфды  жаулап  алған  император  Мұрат-бейді  сұлтан  деп 
танығанымен,  негізгі  билік  тізгінін  өз  генералы  Клебердің 
қолына  ұстатады.  Іпггей  жауласқан  мамлюк  сұлтаны  мен 
француз  генералы 
а қ ы р ы  
бір-бірінің  көзін  жойып  тынды... 
Мамлюктердің  көзсіз  ерлігі  мен  адалдығына  қызыққан  На­
полеон  оларды  Мысырдан  арнайы  алып  келіп,  өзін  жеке 
күзететін атты гвардиялық эскадрон ғып ұстапты.
Шаханов.
  Қазақтың  аса  дарынды  перзенті,  адуынды 
ақын  Олжас  Сүлейменовтің  кезінде  үлкен  дау-дамай 
туғызған  "Аз  и  Я"  атты  кітабында  бір  ғажайып  оқиға
былайша баяндалады:
“Мен 
мамлюктердің 
азапты 
тіршілігінің 
соңғы
белгісін,  корсикалық алтын  бүркіттің қанатының астында 
құрып  бітуін өз  көзіммен  көрдім.

...  Мөскеу  түбіндегі  шаңды  Кунцево  мен  Фили  орна- 
ласқан  Сетун  жотасының  алма  бақтарына  қайта  орала- 
мын. 
Сетун 
қонысының 
баяулап 
жылжи 
өткен 
күндерінің  бірінде  ғажайып  ок,иғаға  тап  болдым.  Кезінде 
Мөскеуге  қарай  Наполеон  жүріп  өткен  жолға таяу жерде 
ор  қазып  жатқан  жұмысшылар  жер  қойнауынан  белпсіз 
үш  табыт  тауып  алып,  үйілген  топырақтың  шетіне 
еңкейтіп  қойды.  Уақыт  мүжіп,  мүлде  қарайып  кеткен 
табыттардың  бет  тақтайын  ашып  қалғанда, 
Сетун 
қонысының тұрғындары  жарқыраған  мундирімен  көміл-
ген  мөйіттерді  көрді...
Қарайып  кеткен  бет-әлпет  күлімсіреген  биязы  кейпін 
сақтап  қалған,  оны  ойылып,  жидіп  түскен  кірпік  пен  қас 
бүлдіріп-ақ  түр.  Мәйіттердің  көздері  шапырапггы,  ж ақ 
сүйектері шығыңқы,  жалпақтау екені  байқалады.
Әскери 
киімдеріне 
қарап, 
бұларды 
мамлюк 
сақшылары  деп  тануға  болады.  Наполеон  Поклонная 
тауына  шабуыл жасағанда,  бұлар  императорға  қорғаныш
болып жүрсе  керек-ау...
Мәйіттің  бүгілген  қара  саусағынан  қыпшақ  таңбасы
бейнеленген  ата-бабалардың  көгілдір  келген  жалпақ
жүзігі  көрінді.  Бәлкім,  бұл  бізге  мүжілген  ірге  кірпппі 
мен  әсерлі  аңыздары  ғана  қалған  қыпшақтардың  ежелгі 
астанасы 
Отырардың 
тұнжыраған 
місекерлерінің
қолынан  шыққан да болар.
Мәңгі жасайтын халықтың осы  бір  сақинасы  шөл мен 
шөлейттен  бастац  Мажар  даласына,  Генуя  бекіністеріне, 
Мысыр  пирамидаларына,  Венецияның  дым  тастарьша, 
ақырында,  Мәскеу  түбінің  қара  топырақтарына  дейін 
жүріп  өткен  қаншама  мықты  жандардың  бидай  өңдес 
қара торы  саусақтарына киілмеді дейсің?"
Айтматов.
  Тоталитарлық  жүйе  тұсында  табыттағы 
бабаларын  танып,  жоқтаған  Олжастың  бұл  еңбегі  әр  кез
алғыстауға лайық.
Кешегі  өткен  Бабыр  шаһ  пен  Ұлықбектің  өзі  неге
тұрады?
Үндістандағы  ¥лы  Моғолдар  империясының  негізін 
қалаған  ақын,  тарихшы  әрі  асқан  философ  Бабыр  шаһ  — 
оған  дейін  Әндіжан  мен  Опггың  билеушісі  болған-ды. 
Бабырдың  сансыз  жорықтары,  Ауған  елі  мен  Үндістанды 
билеп,  ұлы  шаһ  дәрежесіне  көтерілуі  он  бір  жасында 
жетім  қалған  оның  жан-жақты  қуатгы  дарынынан  хабар
бермей ме? 
"""'"Ч.
Иә,  әлем тарихшылары мен  қаламгерлері Бабыр  шаһтың
ерлігі жайлы қаншама құнды шығармалар берді.

Оның өз  қолымен  жазған,  қазірде дүние  жүзінің  көп- 
теген  тіліне  аударылған  "Бабырнама"  атты  атақты 
шығармасы әлі  күнге тарихи  мәнін жойған жоқ.
Шаханов.
  Алуан  аңыздардың  өлкесіне  айналған  Ош 
жеріндегі  Сүлайман  тауында  Бабырдың  үйі  әлі  күнге 
сақтаулы  түр.  Қасиет  тұтып,  тәу  етіп  барғандарға  шы- 
рақшысы  құран  оқып,  өткен  дәуірлердің  небір  қызықты 
хикаяларын 
шертеді. 
Пәкстан 
үкіметінің  Премьер- 
министрі,  мұсылман  елдерінен  шыққан  белгілі  саяси 
қайраткер, 
Бабырдың 
ұрпағы 
Беназир 
Бхутто 
Қырғызстанға  келген  сапарында  бабалар  жүріп  өткен 
өңірге  барып,  бас  иіп,  перзенттік  парызын өтеп  қайтпады
ма?
Ал,  енді  Әмір  Темірдің  аты  әлем  тарихында  ұлы 
қолбасшылығы,  жорықтарымен  қалса,  оның  немересі 
Ұлықбектің  есімі  ғүлама  ғалымдығымен  күллі  дүние 
жүзіне  мәлім  ғой.  “Тегі  жақсы тек  озар"  деген,  атасының 
жолын  үстанған  ғалым  заманында  Мөуреннаһр  сынды 
алып  өлкені  отыз  сегіз  жыл  бойы  билегенмен,  бар  күш- 
жігерін  ғылым  жолына  арнады.  Айналасындағы  көрші 
елдердің бәрі бір-біріне  жаушы  шаптырып,  жиі-жиі соғыс 
ашып  жатқанда,  Самарқанттан  обсерватория  ашып,  ас- 
пан  әлемін  зерттеп,  ұлы  еңбектер  жазудың  өзі,  қай  за- 
манның көзімен  қарасақ та,  ұлылық еді.
Айтматов.
  Иран  мен  Осман  империясына,  Қытай 
мен  Румға  дейінгі  елдердің  барша  ғалымдарының  басын 
қосып,  математика,  жаратылыстану,  геометрия  саласында 
айтулы 
жаңалықтар 
ашып, 
өнер 
мен 
өдебиет, 
мәдениетгің  іргетасын  қалауы  Ұлықбек  атын  мәңгілікке 
қалдырды.  Бір  ғана  астрономия  саласындағы  ғажайып 
туындысы  "Зийджның"  өзі неге түрады!
Түрік  мәдениетінің  көш  басында  тұрған  ұлы  ғалым- 
ның  55  жасында  тақ  таласының  құрбаны  болған  қандай 
өкініш!
Бастапқы 
әңгімемізге 
қайта 
оралсақ, 
алғашқы 
дәуірдегі  дүниені  жаңа  таныған  өтпелі  кезеңді,  орта 
ғасырлардағы  аламан-асыр  шапқыншылық  заманды  бас- 
тан  кешкен  өлем  халқы  кейінгі  екі  ғасырдан  бері  тарихи 
ата 
қонысына 
түпкілікті 
орныға 
бастады. 
Бір 
таңғаларлығы  -   дүниежүзілік  үстемдікке  ұмтылған 
халықтар  -   ағылшындар  мен  француздар,  испандар  мен 
арабтар,  монғолдар  мен  мұсылман  тайпалары  өзге  топы- 
рак,,  жат  өлкеде  қанша  ғасыр  билік  құрса  да,  түпкі 
нөтижеде  өз  ата  жұртына  ғана  ие  болып  қалды.  Осымен 
жер  бөлісі  аяқталды.  Үстемдік  атаулы  озбырлықпен,

қантөгіспен  келсе,  баянды  болмайтынын  өмірдің  өзі
дәлелдеп шықты.
Дегенмен тарихта к,арама-к,айшылык, та жок, емес.
Мәселен,  Христофор  Колумб  алғаш  ашқан  (дұрысы 
алғаш  апткан  үндістер)  құрлық  — Американың  түпкі  иесі 
12  миллион  үндістер  ғой.  Қазір  олар  бұратанаға  айналған 
ж оқ  па?  Заманында  қазақ  пен  қырғыз  былай  тұрсын, 
іргелі  ел  Ресей  мен  Қытайдың  өзіне  сес  көрсеткен  аи- 
бынды  Ж оңғария  ше?  Осының  өзінде  әлі  күнге  зерттел- 
мей  жатқан  тарихи  қарым-қатынас  пен  тарихи  сананың 
құпиясы  бар  деп  білемін.  Шындығын  айтсак,,  үндістердің 
басты трагедиясы рулық деңгейден  аса алмауында жатты. 
Сол  себепті  елдік  үғымы  қалыптасып  қалған  әрі  көк 
темірдің тіліне жетік құранды әулеттен  жеңіліс тапты.
Шаханов.
  Шіке,  түркі  тілдес  халықтардың  шығу  тегі 
мен  олардың  аты  әйгілі  ортақ  тұлғаларына  тоқталып 
өттік.  Ендігі  жерде  бауырлас  қырғыз. бен  қазақтың  арғы- 
бергі  тарихын  ой  көзімен  шолсақ...  Мәселен,  жылнама 
бойынша,  Баласағыннан  Белек,  Белектен  Құлтеке  хақан, 
одан  Хақас  туған  дейді.  Хақастың  екі  баласы  болған. 
Алашхан  мен  Таласхан.  Алаш  қазақты,  Талас  қырғызды
билейді.
Айтматов.
  Қ азақ  пен  қырғыздың  тарихы  там- 
тұмдап  болса да  кезінде  жазылған.  Көбі  қағазға  емес,  тас 
бетіне.  Орхон  -   Енесей  жазбалары  -   осының  айғағы. 
Әттең,  көбінің  қадіріне  жетпедік.  Сынды,  бүлінді.  Кейбірі 
зерттеймін  дей  келген  әлдекімдердің  қанжығасына  бөк- 
теріліп,  Санкт-Петербургке,  сонау  Англия  мен  Герма-
нияға дейін  ұзап  кетті.
Шаханов.
  Дұрыс  айтасыз,  Санкт-Петербургтеп  Эр-
митажда  болғанымда,  өткен  ғасырда  Семей  өлкесінен
әкелінген  бір  балбал  мен  Маңғыстау  даласынан  жет-
кізілген  бедерлі  жазуы  бар  сынтасты  көріп,  Көзімнің
құмарын  қандырғанмын.
Айтматов.
  Эмір  Темір  Көрегеннің  бөлізшіге  таск,а 
қашатып  жаздырған  жазуы да сол Эрмитажда.
Шаханов.
  Жоғалтқанымызды  түгендейтін,  шашқаны-
мызды  жинайтын  кезең  келді.  Тарих  дегеніміз  -   уақыт 
пен  оқиғалар  тізбегі.  Түп  иесі  — халық.  Сондықтан  оған 
баға  бергенде,  бүгінгінің  көзімен  емес,  сол өткен  дөуірдің 
ізімен  жүріп,  қадіріне  жеткен  абзал.  Алдымен  айтайын 
дегенім,  өзіңізге  мөлім,  'Кырғыз,  қазақ  бір  туған  деген 
мәтел  боп  кеткен  тіркес  бар.  Оны  біз  шығарған  жоқпыз. 
Осыдан  әлденеше  ғасыр  бұрын  бабаларымыздың  бабала-
рының  аузынан  шыққан  лебіз.  Ел  басына  қандай  қиын

күн туса да,  осы  бір  ауыз  өсиет сүрінсек -  сүйеніш,  жан- 
тайсақ  —  таяныш  болды.  Бірақ  ел  ішінен  бір  тентек 
шықпай тұра ма?  Сол тентек:  "Ау,  қырғыз  бен  қазақ қай 
ғасырда  бір  атадан  жаралып,  бір  кемпірдің етегінен  өрбіп 
жүр?  Қайсысың  кіндігін  кесіп  едіңдер?  Бірі  Енесейді 
жайлаған,  екіншісі  Сьф  бойында,  Алтай  мен  Атырау  ай- 
мағында  қойын  айдаған  жұрт  емес  пе?  Көне  тарих  не 
дейді?  Дөлелің қайсы?" — деп  қызыл өңеш  болуға бар.
Айтматов.
  Өзің  айтқан  тамырсыздықтан  сақтасын. 
Қырғыздың  арғы  аталары  ғұндар  дәуірінде  — біздің  зама- 
нымызға  дейінгі  III  ғасырда  осы  Орта  Азияны  ата  қоныс 
еткен.  Енесей  бойына бертінде  қоныс  а/ударды.
Шаханов.
  Шіке,  "Ақ  кеме"  повесінде  жау  қолынан 
сытылып  шығып,  Енесей  бойынан  бұғыға  мініп,  Алатауға 
келетін  қырғыздың  ұлы  мен  қызы  жайында  бір  аңызды 
жазып  едіңіз.  Аңыздың  астарында  ақиқат  жатыр. 
Қырғыздар  Сібірге  не себептен ауа көшкен?
Айтматов.
  Ж ер  бетіндегі  ұлылы-кішілі  халықтардың 
жуан  ортасында  мемлекет  атанып,  тірлік  кешіп  жатқан 
қырғыз  деген  халықтың  бел  баласы  болған  соң,  өзінді 
жаратқан  ана  мен  бабаның,  тау  мен  даланың  кешегісін 
білмекке  құмартасың.  Небір  тұяқ  дүбірі  мен  ғасыр 
шаңының  астында  қалған  көне  тарихтың  сарғыш  бетгері, 
сарытап  жазулары  дөуірден-дәуір  қуалатып  әкетеді. 
Қытай  мен  арабтың,  парсы  мен  орыстың,  неміс  пен 
ағылшынның  т.б.  жылнамалары  мен  жазбаларын  па- 
рақтаған  адамға  сағым  мен  мұнар  ішінен  қолы  жағадан 
кетпеген, 
аузы 
тобадан 
кеппеген 
қырғыздың 
ақ 
қалпағының төбесі анда-санда бір  көрініп  қалады.
Шаханов.
  Гректер  "херкис",  "хергис",  арабтар  мен 
парсылар  "кергис”,  "хиргис",  "хырхыр",  қытайлар  "гянь- 
гунь”,  "гэгунь",  "цигу",  "кигу"  деп  атағанмен,  бәрі  бүгінгі
қырғыз  атанған бір халық қой.
Айтматов.
  Иө.  Көрші  елдермен  бірде  тату,  бірде 
қату  отырған  К,ытай  жылнамасына  қырғыз  деген  атау 
тұңғыш  рет  біздің дәуірімізге дейінгі  III  ғасырдың  аяғын- 
да  жазылған.  Бұдан  Шығыс  Алатаудың  Бөро-Хоро  жота- 
сын  комкеріп  жатқан  аумақта сол кездің өзінде  ел болып, 
ұйысып отырған  қырғыз деген  халық бар  екенін  білеміз.
"2001  жылы  (біздің дөуірімізге  дейін)  Оғыз  хан  өз  ор- 
дасын  батысқа көшіріп,  Гянь-чуньдықтар  шапты",  —
  дейді
жылнама.
Осы  деректерге  қарағанда,  қырғыз  этнонимі  түркі 
тектес  халықтардың  ішінен  ең  алдымен  пайда  болған 
деген тұжырым жасатады.

Демек,  қырғыз  этносы  алғаш  біздің дәуірімізге  дейінгі 
екі  мыңыншы  жылдықта  Орта  Азияда  бас  құрап,  тірлік
кешкен. 
і
Осындай  тұжырымға  келуің  мұң  екен,  екінші  сұрақ
көлденеңдейді.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі  бір  мың  жыл-
дықта  Минусин  ойындағы  Енесей  қырғыздары  қайдан
көшіп  квліп  еді?  Олар  Орта  Азия  к,ырғыздарының
ұрпағы ма,  әлде  өз  алдына жеке  отау тіккен халық па ?
Осы  сауал  ғасырлар  бойы  небір  ғалымдарды  тұиы ққа
тіреп  келе  жатыр.  Енесей  қырғыздары  жайында  парсы
тарихшысы  Гардизи:  "Бұл  қырғыздар,  үндістер  тәрізді,
өлгөн  адамды  өртейді.  Олардың  ұғымында  от  — өң  таза
нәрсе.  Жын-шайтан  жоламайды.  Өлгендерді  өртесе,  бар-
лык  күнәдан  ақталады  деп  сенеді",  — деп  сипаттайды.  Ал
қытай  тарихшылары  "Енесей  қырғыздарының  шашы
сары,  көзі  көк"  деп  мінездеме  береді.
"Орта  Азияда  ұлт  болып  құралған  және  ғұндардың
бір  бұтағы  болып  табылатын  қырғыз  тайпалары  Еуропа
нәсілдес  динлин  деген  халыкдіен  ассимиляцияға  түскен.
Динлиндер  темір  өндірудің,  ал  қырғыздар  ұсталық  пен
қару-жарақ  соғудың  шебері  е д і " -   деп  жазады  алғашқы
дәуір жылнамашылары.
"Славяндармен  араласқан  қырғыздардың  арасында
әлі  күнге  қызғылт  шапггы,  ақ  өңділер  жиі  кездеседі",  — 
деп  кеткен  орта  ғасырда  өмір  сүрген  араб  жиһангезі  әл-
ЙдрИСИ. 

•  .  Н М  <
Ал  қазіргі  қырғыз  халқының  көпшілігі  монголоидтар
екені екібастан  белгілі.
Тоныкөк  жазбаларында  "Алдымен  чик  және  аз  ха-
лықтарын 
бағындырдық. 
К,ырғыздарды 
түн 
ішінде
ұйқыда  бастық...  Найзамен  жол  анггық  деген  жолдар
бар.  Ал  көне  дәуірде  чик  және  аз  халықтары  қазіргі  Тува
жерінде  түрған.  Білге  қаған  Қүлтегін  бүл  екі  үлысты  бас
идірген  соң,  Саян  асуы  арқылы  Минусин  ойындағы
қырғыздарға шабуылдаған.
Қайткен  күнде де,  Орта Азия  жерінде де,  Енесей  өзені 
бойында да  қырғыз  деген  ұлттың  болғандығы  рас.  Менің 
ойымша, 
жаугершілік 
заманда, 
ат 
жалында, 
түйе 
қомында  жүрген  ортаазиялық  қырғыздарды  Енесей  мен 
Абақан  бойына не  себептен  барды,  араға әлденеше  ғасыр 
салып  ата  жұрты  —  Алатау  бөктеріне  қалайша  қайтып 
оралды деп талас-тартыс тудырудың жөні жоқ.
Ұлы  тоғысу  заманында,  кейінгі  жаугершілік  кезеңде 
сақ  пен  ғұнның  ұрпақтары  сонау  Рим  мен  Ватиканға 
дейін,  Карпат  таулары  мен  Азов  теңізіне  дейін  дендеп

барған  жоқ  па  еді?  Шыңғыс  ханның  әскерімен  соғыс 
салып,  ауа  көшкен  Қотан  хан  бастаған  қыпшақтар 
қазіргі  Венгрия  жеріне  қоныстанып  қалған.  Осыдан  он 
ғасыр  бұрын  Тұран  ойпатынан  кеткен  түріктер  Мәрмөр 
теңізінің  жағаеына  барып,  Осман  империясын  құрып, 
іргелі  ел  болып  отыр.  Түрік  тектес  елдің  бір  бұтағы  —
 
гагауздар  ата  жұртынан  алыс  Молдавияның  жерінде  күн 
кешуде.  Угор-Фин  тайпасының  Дешті  Қыпшақ  жерін 
жайлағанын  неге  ұмытамыз?  Манастың  әкесі  Жақып 
осыдан  он  ғасыр  бұрын  Алатаудан  Алтайға  ауып  барып, 
ел-жұртына  кейіннен  оралмай  ма?  "Манастың"  кеңістік- 
географиялық  сюжетінің  өзі  нак,  сол  қырғыз  халқының 
Сібірден  Алатау  өңіріне  оралуынан  тұрады  ғой.  Немесе, 
мәселен,  тіпті  Кеңес  дәуірінің  өзінде  түрікмендердің 
үлкен  бір  бөлігі  Амур  өлкесіне  көшіріліп,  сонда  түпкілікті
қалып  қойған ж оқ па?
Атамекеннен  тағдырдың  жетегінде  адым  ұзатып,  ау- 
лаққа  кеткен  осы  халықтар  туған  өлкесіне  араға  ғасыр- 
лар  салып,  қайтып  оралса,  бұлар  бір  халық  па,  ж оқ  әлде 
екі түрлі нөсіл ме деп,  айтыса кетуіміз  керек пе?
Болашақта 
біздің 
алдымыздағы 
зор 
міндет 
-  
қырғыздар  Енесей  бойына  қандай  себеппен  көшіп  барды 
және  Алатау  бойына  қай  ғасырда  кері  ат  басын  бұрды 
деген  сауалдардың шешімін табу.
Осы  дәуіріміздің  VI  -   VII  ғасырларындағы  қырғыз 
халқы  Орта  Азиядан  бастап  Тұрфан  жазирасына  дейінгі, 
Тувадан  Саян  таулары,  Енесей  өзеніне  дейінгі  аралықта 
шашырай  қоныстанғаны,  ¥лы  Жібек  жолының  бойында 
Қытаймен  сауда-сатгық  қарым-қатынасты  ерекше  да-
мытқаны анық.
“Қырғыздар  билеушісін  ажо  деп  атайды.  Ажо  басын-
да  алтыннан  соғылған  алуан  өрнекті  тәжі  киіп  отырады. 
Қорғаны  Енесей  бойында.  К,атаң  күзеті  бар",  — деген  әл-
Идриси жиһангез.
Шаханов.__"Әй_дейтін_ажа,_қой_дейтін_қожа_ж_оқ”_де­_ген_қазақ_мәтеліндегі_ажа_осы_ажодан_қалған_шығар.__Айтматов.'>Шаханов.
  "Әй  дейтін  ажа,  қой  дейтін  қожа  ж оқ”  де­
ген  қазақ мәтеліндегі ажа осы  ажодан  қалған  шығар.
Айтматов.
  Тағы  бір  қарама-қайшы  нәрсе:  осы  VII 
ғасырда  Орта  Азиядағы  қырғыздардың  билеушісі  Барыс- 
бек  жайлы  да  қызықты  деректер  бар.  Демек,  арасы 
мыңдаған  шақырым  екі  өлкеде  қоныстанған  қырғыз  би- 
леушілерінің  титулы  бірдей  болғанына  қарағанда,  бұл  —
 
бөлініп-жарылмаған  бір  халық.  Анығын  айтсақ,  шашы-
ранды ел.
"Орта  ғасырлардағы  дүние  жүзі  тарихы"  энциклопедия- 
сы  мен  С.Е.Малов,  Р.Л.Кызласов  пен  Г.Е.Грумм-Гржимайло
9-235

сынды  ғалымдардың  зерттеу  еңбектеріне  ден  қойсақ,  Ене­
сей  бойындағы  қырғыздар  мен  хакастар  бір  ұлтгың өрбіген 
екі  тайпасы  екендігіне  көз  жеткіземіз.  "Хакас"  термині 
"қырғыз"  этнониміне эквивалент ретінде қолданылған.
IX  —  X  ғасырларда  хакас  тайпасы  Минусин  ойпаты 
мен  Абакан  өзені  бойында  қалып,  Енесей  қырғыздары 
Еайқалдан  Ертіске,  Тайгадан  Шығыс  Түркістанға  дейінгі 
аралыққа  қоныс  аударады.  Ауа  көшкендері  Алтай  мен 
Ж оңғар жерін жайлаған. 
я
Қимақ-қыпшақ  бірлестігіне  өткен,  түрік-монғол  тай- 
паларымен  қан  араластырған  қырғыз  ұлты  монғол 
шапқыншылығынан  кейін  қасиетті  Алатау  баурайын 
түпкілікті  қонысына айналдырады.
Орта  Азияда  өмірге  келіп,  Сібірді  кезген,  хакасы 
қалып,  Алатауға  қырғызы  келген,  бетегесі  кетіп,  белі 
қалған,  бектері  кетіп,  елі  қалған,  өткен  күндерінің  өзі 
ж оқ  та,  елесі  көп  бүгінгі  егеменді  елдің  қысқа-қайырым 
шежіресі  осындай.
Шаханов.
  Шіке,  қырғыз  атауы  қайдан  шықты?
Айтматов.
  Оғыздың  ұлы  -   Тағынхан,  Тағынханның 
бес  баласының бірі -  Қырғыз.
Ал  басқа  жорамал,  бұл  өзі  енді  менің  жеке  пікірім, 
оны  қабылдауға  да,  қабылдамауға  да  болады:  қыр  -   тау, 
қырқа,  ал  огуз  (өгіз)  — түркі  этносының  басты  бөлктері- 
нің  бірі,  сонда  қырғыз  -   “қыр  Оғүзы",  яғни  ‘‘қыр(тау) 
өгізі"  болып  шықпай  ма?
Шаханов.
  Мүмкін-ақ.  Әрі  қарай  жүрелік.  Халық,  ұлт 
деген  үғымды  ұстап  тұратын  — ошақтың  үш  бұты  сынды
-   жер,  тіл  және  мәдениет  деген  қазыналы  арналар  бар. 
Құдайға  шүкір,  қазақ  пен  қырғыз  әлем  картасынан  орын 
алды.  Көне  тілін,  көшпелілер  мәдениетін  жасады.  Әлемдік 
өркениеттің  жуан  ортасында  жүрген  әр  ел  өзінің  өткені 
мен  бүгінінің  арасына  алтын  көпір  салып,  рухани 
қазынасы  мен тарихи жадын  жалғастырмаса,  келешегінің 
алдында  беті  қызарары  хақ.  Сіз  қырғыз  тарихын 
қозғағанда,  ғылымда  қалыптасқан  тұжырымды  және  өз 
түсінігіңізді  айтып  өттіңіз.  Иә,  белгілі  тұрақ-мекені,  тілі, 
мәдениеті  қалыптасқан  әр  ұлт  өзінің  қай  ғасырдан  бері 
қандай  атты  иеленіп  келгенінен  жаңылмаса керек.
Қайбір  жылы  Шотландияның  Глазго  университетінде 
өткен  поэзия  кешімде: 
1
-  
Русь өзенінің  бойынан  тараған  соң,  орыс  халқы  осы 
атауды  иеленген.  Ал  қазақ  деген  сөздің  этимологиясы 
нені  білдіреді?  Бұл  атты  ұлтыңыз  қай  ғасырда  иеленген?
-  деп  бір  студент сауал тастады.

Бұл  жалғыз  маған  ғана  емес,  күллі  қазақ  ұлтының 
тарихшы  ғалымдары  мен  әдебиетшілеріне,  тіпті  күллі 
зиялысының  алдына тартылған  сауал  сияқты  боп  көрінді. 
Өйткені  күні  бүгінге  дейін  осы  проблема  бізде  бір  ізге 
түскен жоқ.
Айтматов.
  Көп  жағдайда  көшпелілер  тарихының 
әліппесі  аңызға  байланып  жатады.  Қазақ  сөзінің  шығу 
төркіні жайлы  қандай  аңыз  естігенің бар?
Шаханов.
  Ел  арасына  кеңінен  тараған  бір  аңыз 
Қалша  Қадыр  батыр  жайында  сыр  шертеді.  Бағзы  бір 
жаугершілік  заманда  соңындағы  үркердей  жүртын 
дұшпанынан  қорғап,  талай  жорықтар  мен  алапат 
шайқастарды  бастан  кешкен  батыр  ауыр  жараланып, 
елсіз  далада  атынан  құлайды.  Басын  сүйеп,  аузына  су 
тамызар  адамға  зар  болып,  жапанда  жалғыз  жатқан 
Қалша Қадыр  жан тәсілім  етуге  тақағанда,  аспанда бір  ақ 
қаз  (аққу)  қиналған  ерге  сусын  ұсынып,  шөлін  басып, 
бір  көлдің  жағасына демеп  жеткізеді.  Алуан  түрлі  шөптер- 
ден  дәрі  жасап,  емдеп,  жарасын  жазады.  Сырқатынан 
айыққан  Қалша  Қадыр  бір  күні  таң  алдында  оянса,  жа- 
нында  ақ қаз  (аққу)  жоқ,  бір  періште  мүсін  ақ  қыз  отыр 
дейді.  Бақса,  бұл  —  батырға  қаздың  терісін  жамылып 
ұшып  келген  қыз  екен.  Тағдыр  қосып,  екеуі  сол  көлдің 
басында  некелі  болады  да,  артынша  бір  ұл  дүниеге  ке- 
леді.  Ақ  қаздан  туған  соң,  тұңғыштарына  соның 
қүрметіне  Қаз-ақ  деп  есім  берген  екен.  Қазақтан 
Ақарыс,  Бекарыс  жөне  Жанарыс  атты  үш  үл  өрбиді. 
Шежіреге  ден  қойсақ,  Ақарыстан  -   ¥лы  жүз,  Жанарыс- 
тан  -   Орта  жүз,  Бекарыстан  -   Кіші  жүз  тайпалары  та- 
раған дейді  аңыз.
Аңыздың  аты  аңыз  десек  те,  қазақ  руларының  ішінде 
әлі  күнге  Қаз  деген  ру  бар.  Ал  ертеде  Балқапггы 
қазақтар  "Қаз  көлі"  деп  атаған.  Тіпті  сол  тұста  "Қаз 
қаласы" деген  қала да орын тепкен.
Кейбір  мұсылман  халықтары  секілді,  қазақтар  да 
қазды, 
өсіресе  аққуды  киелі  деп  есептеп, 
атуға, 
жөбірлеуге 
қатаң 
тыйым 
салған. 
Шаман 
дінінің 
сарқыншағы  -   бақсылар  асай-мүсейін  асынып,  басына 
аққудың терісін  киіп,  оған  сиынатын  болған.  Ал  аққудың 
қауырсындарын  қастер  тұтып,  жас  баланың  бас  киіміне, 
өңіріне тағып  қою дөстүрі өлі күнге дейін  бар.
Айтматов.
  Абайдың  қос  томдық  жинағын  қолыма 
алып  қарап  отырсам,  осы  қазақ  деген  атаудың  жөне 
қырғыз  бен  қазақ халқының  қайдан  шыққандығы  жайлы 
қүлаққа  қонар  құнды  пікір  білдіріпті.

Заманында  Орта  Азияны  жаулаған  араб  халифаты 
ізінше  қалың қолмөн  қазіргі  қазак^даласына  келіп  кірген. 
Жалпы,  арабтар  көшпелі  елді  "хибай  ,  хұзағу  деп  атай- 
тын.  Туйелі  қазақтарды  көрген  олар:  өй,  бұлар  да  өзіміз* 
дегі  көшпелі тайпа — хүзағу сынды  халык, екен.  Квң дала- 
сында  емін-еркін  көшкені  өуелеп  ұшқан  ақ  қазға 
ұқсайды  деп,  таңырқаса  керек.  Сонымен  қаз-ақ  атауы 
қалыптасқан.  Бүрын  өздврін  ұлыс  деп  к,ана  атайтын 
халық  енді  жаңа  атауға  мойынсұнып,  қазаққа  айналып-
ты,  дейді ақын атамыз.
Шаханов.
  Өткен  ғасырда  Шыңғыс  тауының  бау-
райында  жатып,  дүниенің  мың  мөрте  құбылысын  ой  көзі-
мен  шолған  ақынның  терең  білімі  мен  танымына  төнті
болмай  қалмайсың.  Осы  еңбегінде  ол хакас  халқы,  қытаи
тарихы,  қазақтар  мен  қырғыздардың  шығу  тегі,  ата
қонысы  жайлы  көң  мағлұмат  бврөді.  Мысал  квлтірө  ке-
тейін:
"Дін  исламға кіре  алмай  қалған,  осы  күнде  Күншығыс 
Сібірінде  қазақтың  ағайындары  бар.  Тілінен,  әдетінен, 
түсінен  туыстығы  анық  көрініп  тұр-  Әсіресе,  Енесейскі 
губірнеде  Минусинскі уезде  "ясашынай татар"  атында  бір 
халық  бар.  Қазақты  өздеріне  ағайын  тұтады  дейді  және 
бір тұқымдас  екендігіне  көрген  кісі таласпайды..."
Абайдың  бұл  жерде  Енесей  бойын  жайлаған  діні 
басқа да,  түбі  бір  хакас  бауырларымыз  жайлы  сөз  қозғап 
отырғаны  белгілі.  Одан  әрмен  ол  былайша  ой  са-
бақтайды:
"Тағы  еш  қазақ  қырғыз  бен  қазақтың  бір  тұқымдас 
екендігіне  таласпайды.  Сол  қьфғыздарды  қытайлар 
брут"  деп  атайды,  өз  тауарһхларында  оның  себебін,  не- 
ліктен  қытайлар  "брут"  дегенін  еш  білдім  дегенді  көрме- 
дім",  -  дей  келе,  қазақ пен  қырғыздың Алатау баурайына
қалай қоныс  аударғанын баяндайды.
Ұлы  ақынның  қытай  тарихымен  таныстығы  және
"Манас"  эпосын  тыңдағандығы,  одан  өзінше  әділ  пайым 
жасағандығы 
көрінеді. 
Өйткені 
"Манас" 
эпосында 
қытайлар  мен  қалмақтардың  қырғыз  жұртын  ылғи  да 
"бруттар" дёп,  кемсіте  атайтыны  айтылады.
Абай  сонымен  қатар  қазақ  пен  қырғыздың  есте  ж оқ 
ерте  заманнан  бері  енші  бөліспеген  бір  халық  екендігін 
тайға таңба  басқандай  етіп  жазады  да,  екеуінің  Минусин 
ойпаты  маңында  бауырлары  қалды  дегенді  алаң  көңілмен
құлақ қағыс  ете  кетеді.
Ел  іыгінде  тарихи  шындыққа  біртабан  жақын  келетін
тағы  бір  аңыз  бар.  Мұнда  "қазақ",  "алаш"  және  үш  ж үз

деген  ұғымдардың  шығу  төркіні  баяндалады.  Ертеде  Сыр 
бойында  қалың  елді  Қызыл  Арыстан  деген  хан  билейді. 
Хан  айналасындағы  көрші жұртпен  бірде тату,  бірде  қату 
күн  кешеді.  Бірде  кегі  кеткен  түстіктегі  елді  жасағын 
қаптатып  барып,  шауып  алып,  көп  олжаға  кенеледі. 
Қолға  айдай  сұлу көркі  бар  бір  ару қыз  түскен  екен,  оны 
Қызыл  Арыстанның  өзі  әйелдікке  алады.  Күндердің  бір 
күнінде өлгі  қыз толғатып,  үсті-басы  түгел ала  ұл табады. 
Хан  мен  қалың  елі  қатты  шошынып,  мұны  жамандыққа 
балап,  баладан  тез  арада  құтылуды  ойлайды.  Ханның 
бәйбішесі  нәрестені  құндақтап,  дарияның  суына  тастап 
жіберіңдер  деп,  жасауылдарға  бұйырады.  Тумай  жатып 
елді  шошытқан  бала  толқыннан  толқын  қуалап,  ағып 
келе  жатып,  дария  бойынан  балық  аулап  отырған  кедей 
шалға  жолығады.  Бір  перзентке  зар  болып  жүрген  шал 
баланы  құдай  берді  деп,  қуанып,  құрым  үйіне  алып  ке- 
леді.  Ала  бала  шал  мен  кемпірдің  бауырында  "Алаш"  де­
ген  атпен  өсіп,  келе-келе  ақылдылығы  һәм  батырлығы- 
ның арқасында  ел-жұртты  аузына  қаратады.
Алаштың даңқын  естіген  әкесі  Қызыл  Арыстан  өзінің 
кезінде  жасаған  қатыгездігіне  бармақ  шайнап,  өкінеді. 
Ордасына  әкелмекші  болғанмен,  жанындағы  Майқы 
бидің  ақылын  тыңдап,  Алапггың  жанына  аулының  үш 
жүз  жігітін  қосып  беріп,  бөлек  шығарады.  Өңшең  ер 
жүрек  жігіттер  түрлі  жорықтар  жасап,  жерін  кеңейтеді, 
ел қатарына  қосылады.  Алашты  ақ киізге  салып,  хан  көте- 
реді.  Жігіттердің  бірлігі  мен  ерлігіне  алыстан  көз  тігіп, 
қызыққандар:  бұлар  еркін  адамдар,  яғни  "қазақтар"  деп 
атап  кетіпті.  Сөйтіп,  үш  жүз  жігіт  бас  қосып,  қазақ 
атанған  елден  халқымыздың  үш  жүзі  тараған  екен  дейді. 
Көнекөз  қариялар  әлі  күнге  дейін  "атамыз  -   Алаш,  аты- 
мыз — қазақ" деп  отырады.
Алаш  ханның  аты  қазақ  тарихшысы  Қадырғали  Жа- 
лайыридің,  Рашид  ад-Дин  мен  Әбілғазы  Баһадүрдің 
еңбектерінде  де  жиі  кездеседі.  Кейінгі  екі  автордың  де- 
ректеріне  сүйенсек,  Алаш  ханның  жазғы  жайлауы 
Ұлытау  мен  Кішітауда,  ал  қыстауы  Қарақұм  мен  Борсық 
құмдарында  екен.  Ұлытау  жерінде  "Алаша  ханның  орда- 
сы”  деген  ауқымды  сарайдың  орны,  Қаракеңгір  өзенінің 
бойында  "Алаша  ханның күмбезі" деген  кешен  бар.
Айтматов.
  Қисынды  дерек  екен.  Ал  Кавказды  жай- 
лаған  ноғай  ағайындар  "қазақ"  деген  сөзді  қазірге  дейін 
"еркін",  "ер  жүрек"  деген  мағынада  қолданып  келеді. 
Тіпті  көп  алысқа  бармай-ақ,  кейінгі  ғасырларда  Ресей 
империясының  қүзырына  мойынсұнғысы  келмеген  орыс

мүжықтары  бөлек  кетіп,  Сібір,  Дон,  Орал  бойында  еркін 
жүріп-тұрып,  "казак"  деген  атты  иеленген  ж оқ  па?  Яғни 
олардың  ұғымында  "қазақ"  деген  сөз 
ерікті  , 
бас 
имейтін"  дегенді  білдіреді.  Көптеген  көрші  елдердщ 
мақал-мәтелдерінің  ұқсастығы  секілді,  осы  қазақ  пен 
"казак"  атауында  сыртқы  түрі  жағынан  ғана  емес,  ішкі
мазмұн  ұйқастығы да жатқан  шығар.
Өйткені  Ш.Уәлиханов  "қазақ"  деген  сөзді  әскери  тер- 
минге  жатқызып,  "ер  жүрек",  "батыл"  деген  мәнде  пай- 
даланса,  атақты  ғалым  В.В.Радлов  тәуелсіз  ,  ер  жүрек 
ал  А.Н.Самойлович  "батыл",  "еркін  адам"  баламасында
қолданған.
Шаханов.
  Ж.ұңгоның  II  ғасырдағы  тарихи  дерек- 
терінде  "Арал  мен  Каспий  теңізінің  маңында  "хаса  , 
"каса"  деген  тайпалар  көшіп  жүрді"  десе^ Орта  Азия  та­
рихшысы  Рузбехан:  "Қазақтар  өзінің  жойқын  ерлігімен, 
алып  күшімен  барлық  елге  мәлім  болды.  Олардың 
қайтпайтын  ер  жүрек  мінезі  араб  тіліндегі  еңбектерде
көп  жазылған",  — деп  мәлімдейді.
Демек,  қазақ  сөзінің  шығу  төркіні  сол  атауды  иелен­
ген  ұлттың  сыртқы  ерекшелігіне, 
еркіндік  сүйгіш 
мінезіне  тікелей  байланысты  деген  байлам  айтуға  негіз
бар.
Бұған  бір  дәлел.  Қазақстанның  Оңтүстік  өлкесінде 
"Ескендір  қайтқан  тебе"  деген  үлкен  белес  бар.  Ескендір 
деп  отырғаны  —  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  IV  ға- 
сырдың  30-жылдары  грек  әскерін  бастап,  парсы  патшасы 
III  Дари  Кодомонның  қолын  талқандап,  Орта  Азияға  ба­
сып  кіретін  Александр  Македонский.  Әйгілі  қолбасшы 
Самарқантты  бағындырып,  Сырдариядан  өтер  тұста  осы 
өңір  көшпелілерінің  өршеленген  қарсылығына  кездесіп, 
кері  қайтады.  Ару қыздың сүйгеніне  арнап  шығарған:
Ергенге  тасты  үнтап  кел,
Ескі  әніңді  иіырқап  кел.
"Ескендір қайтқан  төбеден",
Есетін  жел  боп  бүрк,ап  кел,  -
деген  флеңі  әлі  күнге  ел  жадында.  Бәлкім,  бұл  кейінгі 
дәуірлердің  туындысы  шығар.  Ал  "Ескендір  қайтқан  төбе' 
атауы  содан  бері  араға  аттай  24  ғасыр  түссе  де,  сол  ілкі
қаз-қалпында  айтылып  келеді.
Ж ыл  санауымызға  дейінгі  VII—IV  ғасырларда  Мидия, 
Ассирия  және  Персия  сынды  экономикасы,  сауда- 
саттығы  өркендеген  елдермен  тығыз  қарым-қатынас

жасасып 
келген 
ежелп 
сақтарды 
атақты 
ғалым
А.Н.Бернштам  казак, халкының түп  атасы  еді деген  кесім
айтады.  Бұл  пікірді  көне  дәуірді  зерттеген  тарихшылар
мен  этнограф,  археологтер  мен  антрополог  ғалымдардың 
көбі  қолдайды.
Сақтан  кейін  тарих  бетінде  батыс  түрік  (6  —  8- 
ғасырлар),  түркеш-қарлық  (8  —
  10-ғасырлар)  және  қимақ- 
қыпшақ  (10 — 12-ғасырлар)  қағандығы деген  атпен  қалған 
қазақ  халқы  XIII  ғасырда  Ақ  Орда  мемлекетінің  қол  ас- 
тына  біріккенге  дейін  небір  шапқыншылықтар  мен 
қанды  жорықтарды  бастан  өткерген.  Ақ  Орда  мемлекеті 
қазіргі  Қазақстан  жерін  түгелдей  қамтып  жатқан. 
Қазақ  Совет  Энциклопедиясының"  1-томындағы:  "Алты 
сан  алаштың  ол  кездегі  қоныстанған  жері  -   Алтай  мен 
Каспий  теңізінің  аралығы,  бір  шеті Тобыл мен  Сыр  бойы, 
Жетісу  өлкесі.  XIII  ғасырдың  екінші  жартысында  бұлар 
одақ болған  ізімен  Алтын  Ордадан  бөлініп,  Ақ  Орда  атты 
мемлекеті  болған"  деген  жолдар  —  осы  сөзіміздің 
бұлтартпас дәлелі.
Ал  Ақ  Орда  мемлекеті  ыдыраған  соң,  Шайбани 
ұрпағынан  ірге  ажыратқан  Жәнібек  пен  Керейдің  қазақ 
хандығының  негізін  құрағаны  тарихтан  мәлім.  Осы  енші 
бөлісудің  алдында  қазақ  халқының  негізі  қандай  тайпа- 
лардан  тұрғаны  және  олардың  қай  өңірді  қоныстанғаны 
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  "Тарих-и-Рашиди"  атты 
еңбегінде  нақты  баяндалады.  ХІУ-ХУ ғасырда  наймандар 
Ұлытаудан  Есілге  дейінгі  аралықты,  ал  қоңыраттар  мен 
қышиақтар  Түркістан  мен  Қаратау  өңірін,  арғындар 
Ертіс  бойы  мен  Орталық  Қазақстан,  Сырдария  жерін, 
керейлер  Тарбағатай,  Ертіс,  Ом,  Зайсан  және  Тобыл  өзен- 
дері  төңірегін,  дулаттар  Іле,  Шу,  Таласты,  қаңлылар  мен 
үйсіндер  Жетісуды,  ал  алшындар  Еділ,  Ж айық  пен  Кас­
пий  теңізінің  жағалауын  мекендеген.  Демек,  Шіке,  сақ 
тайпаларының  орнын  қазіргі  қазақ  халқының  негізін 
қүрап  отырған  бірлестіктер  басқанын  көреміз.  Бұдан 
шығатын  қорытынды:  аумалы-төкпелі  заманда  аты  өзгер- 
генмен  де,  заты  сол  қалпында  қалған  тұтастай  бір  халық 
тым  құрығанда  25  -   27  ғасырдан  бері  туған  топырағында 
табан  аудармай  отыр  деп  батыл  айта  аламыз.  Солардың 
бірі  -   тағдырдың  талқысында,  Ж ұбан  Молдағалиев 
айтқандай,  "мың өліп,  мың тірілген"  бүгінгі  қазақ елі.
Біз  көп  жағдайда  өзімізді  өзіміз  тұқыртып  келдік. 
"Қазақтың  жауы  -   қазақ"  депті  ұлы  Абай.  Бұл  сөзден 
қырғыз  да  қашып  құтылмас.  Тоталитарлық  жүйенің 
түсында  Орталыққа  жағыну  үтпін, 
Қазақстан  мен

Қырғызстан  халқының  1913  жылы  2  —  3  проценп  ғана 
сауатты  еді;  Кеңес  өкіметінің  арқасында  жазу-сызуды 
түгелдей 
меңгердік  дегенді 
бізге 
ешкім 
желкелеп 
айтқызған  жок,.  Өзіміз  мінбвргв  жарысып  шығып, 
жүрекжарды  қуанышпвн  жариялап  жүрдік.  Надандык,, 
құлдық  психологияның  қамытына  өзіміз  барып  мойын 
ұсындық.  Қалғанымыз  жабыла  қошеметтеп,  қол соқтық.
Айтматов.
  Иө,  алды  Каир  мен Дамаскіден,  Марокко- 
дан,  соңы  Қазаннан,  Ташкент  пен  Бүхарадан  діни  оқу 
тауысып,  "Құран  кәрімді"  ж атқа  соққан,  мүсылманша 
сауатты,  ауылда  бала  оқытып,  дүйім  елді  ағартумен  айна- 
лысқан  кешегі  молдалар  ол  тізімге  неге  ілінбейді?  Олар- 
дан  сауат  ашып,  х аттан ы ған   шәкірттерді  қай  есепке 
қосамыз ?  2 - 3   процент  деп  жүргеніміз  -   кезінде  орыс- 
ша  оқуға  қол  жеткізгендер.  Бірақ  шығыстық  білімі  бар, 
араб жазуын  игергендер есептің сыртында  қалып  қойды.
Көне  дәуірлерде  біздің  халықта  да  ж азу  болған.
"Әттең!"  дегеннен әрі аса алмайсың.
Өзің  сипаттап  берген  Есік  қорғанынан  табылған  ал­
тын  киімді  сардардың  күміс  тостағанының  түбіне  жа- 
зылған  беймәлім  жазу  біздің  дәуірімізге  дейінгі  бесінші 
ғасырдың  мұрасы  деп  мойындалды.  Ал  Монғолия 
жерінен  табылған  ғүндардың  таңбасымен  таңбаланған 
мойынға  тағатын  алқадағы  "сеңгір  деген  сөз  түркі  ха- 
лықтарынікі  екендігі  —  дәлелденген  шындық.  Біздің 
дәуірімізге  дейінгі  192-жылы  жазылған  Тарихи  естелік 
кітабы"  атты  қытай  шежіресінде:  "Мете  Тәңір  қүты 
дәуіріне  келгенде  ғұндар  күшейіп,  ж азу қолдануды  жолға 
қойған,  сол  арқылы  соңғыларға  үлкен  мұра  қалдырған"
деген нақты дерек бар.
Шаханов.
  Мұның өзі -  түркі  руникасының бұл күнде
мәдениеті  өркендеген  Батыс  Еуропаның  көптеген  ел- 
дерінің  жазуынан  бұрын  өмірге  келгендігінің  бір  дәлелі. 
Ол  Сібір  өлкесінен  бастап  Дешті  Қыпшақ,  одан  Орта 
Азияға  дбйін  созылып  жатқан  алып  мвмлөкөттің  қажвтін 
өтеп  тұрған.  Түркі  қағанаты  тұсында  еларалық  қарым- 
қатынастың 
өшпес 
құралына 
айналған, 
ұрпақтан 
ұрпаққа  қызмет  еткен  руника  ілкі  дәуірдвгі  хабар-ошар 
алмасудың  заңдастырылған  құралы  болған  еді.  Осы 
әріптермен  жазылған  Орхон  —  Енесей  ескерткіштерінің 
Қазақстан  мен  Қырғызстаннан  көптеп  табылуы  тарихи 
ақтаңдақтарымыздың орнын толтыруға мүмкіндік берді.
Айтматов.
  Енесей  мен  Тува  жерінен  қырғыз  халқы 
мен  оның  тіліне  қатысты  120  жазба  ескерткішінің  табы­
луы  ғылым  үшін  олжаға  айналды.  Талас  қаласының

шығыс  ж ақ  тұсында  сақталып  қалған  руникалық  ес- 
керткіштердің  өр  әрпінде  тарихи  жадынан  ажырап  қала 
жаздаған халқымыздың ғажайып шежіресі жатыр.
Шаханов.
  Бірде  қазақ  әдебиетінің  классигі  Ғабит 
Мүсірепов  маған:
-   Түркі  қағанаты  VI  — VIII  ғасырларда  не  себептен 
ыдырады?  — деген сауал қойды.
-  Жаудың  күші  басым  түсті,  жер  көлемі  үлкен,  елдің 
ауызбірлігі  кем  болды,  —  деп  дәлелдер  айта  бастап  ем, 
Ғабең  жауабыма  қанағаттанбаған  сыңай  танытып,  басын 
кербез  шайқады.
-   Негізінен,  дұрыс.  Алайда,  ең  бастысын  айтпай 
тұрсың,  —  деп,  өзі  әңгімені  сабақтап  әкетті.  —
  Түрік 
қағанаты  қарсы  келген  жауға  әскерін  қарсы  қоя 
білгенімен,  мәдениетін  қарсы  қоя  алмады.
Иә,  бұл  дүниеде  рухани  құлдықтан  өткен  қорлық 
жоқ.  Басқыншы  елдің  тілі  мен  ділін  қабылдап,  мәдениеті 
мен  өнерін,  салты  мен  дәстүрін  мойындап,  өз  ұлтының 
бар  бояуы,  болмыс-бедерінен  айырылып  қалған  халықтар 
жер бетінде аз  ба?
Кәнігі  жау  отарлап  алған  елін  рухани  құлдыққа  салу 
үшін  жерін  иелену,  дінін  ауыстыру,  тілін  ұмыттыру  сын­
ды  басты-басты  үш  түрлі  амал-әрекетке  барады  екен. 
Мүның аты — тарихи жадыны өшіру деген сөз.
Бір  ғана  латын  жазуын  ендіру  әрекеттерінің  біздің 
ұлттық  даму  ерекшелігіміз  жолына  қаншалық  бөгет  жа- 
сап,  баяулатқанын  еске алсақ та жеткілікті.
Тарихи 
жады 
дегеннен 
шығады, 
арғы 
ата- 
бабаларымыз  ойма  жазуды  ойлап  тауып,  түркі  халқының 
мөдениеті  мен  өнерін  өрістетіп,  тілін  дамытып,  шежіресін 
тасқа  қашатып  отырғанда,  осы  игіліктің  бәрінен  айыры­
лып,  құралақан  қалуының түп төркіні қайда жатыр ?
Айтматов.
  Мен  бұған  онша  келісе  қоймаймын.  Латын 
жазуы бізге осы  күнгі жазулардың үйлесімді түрін бере алар 
еді.  Қырғыз  бен  қазақтьщ,  жалпы түркі тектес  халықтардың 
тарихи жадына,  жазуы  мен мөдениетіне соңғы  12 — 13 ғасыр- 
дың ііпінде жан-жақтан қысым жасалып отырды.
Атап-атап  айтсақ,  араб  халифаты  634  жыл  мен  710 
жылдың  аралығында  Сирия  мен  Иранды,  Иерусалим  мен 
Ауғанды,  Орта  Азия  мен  Румды,  Арменияны,  Египет  пен 
Батые  Еуропаны  түтелдей  жаулап  алып,  ислам  дініне 
кіргізуге,  жазуын  енгізуге  ұмтылды.  715  жылы  Түркістан 
өлкесі  арабтардың  үстемдігіне  өтті.  Қүтайба  атты 
қолбасшының  қатыгездігін  тарихшы  Наршаһи  "Бұхара 
тарихы"  кітабында:  "Кім  соғысқа  жарайды,  бөрін  түгел

өлтірді.  Тірі  қалғандарын  тұтқынға  алды...  Құтайба 
мешіттер  орнатып,  кәпірлік  және  отқа  табынушылық 
рухтағы  шығармаларды да жойды",  — деп  жазды.
Әмудария  өзенін  өрлей  салынған  уш  жүзден  астам 
қала  мен  елді  мекенді  арабтардың  жермен-жексен  ет- 
кенін,  жергілікті  халықтың  тілі  мен  дінін,  жазуын,  әдет- 
ғүрпын  түбегейлі  жойып  жіберуге  күш  салғанын  ұлы 
Бируни  ызаға булығып  отырып,  еске  алады.
Шаханов.
  Арабтар  елді  рухани  қүлдыққа  салудың те­
те  жолы  алдымен  байырғы  дінін  ауыстыру,  сосын  ж а­
зуын  қүрту  деп  білген  ғой.  Олар  ғылыми  трактаттарды, 
астрономия 
мен 
философияның 
негізін 
зерттеген 
кітаптарды,  тарихи  жазбаларды  отқа  жаққан.  Зират  ба- 
сындағы  жазуларды,  ескерткіштің  бетіндегі  таңбаларды
қырып  өшірген.
Айтматов.
  Сөйтіп,  ғұн,  түрік,  хорезм  жазуын  түп 
орнымен  жойған  араб  басқыншылары  келесі  кезекте 
халықтың  рухани  мәдениетін,  яғни  салт-дәстүрін  алмас- 
тыру,  жер  атауларын  өзгерту,  кісі  есімдерін  арабшалап 
қойғызу,  Наурыз  мерекесінің  орнына  құрбан  айтты 
кіргізуге  айрықша  күш  салған. 
1930  жылға  дейін 
қолданылған  28  әріпті  араб  жазуы  түркі  халықтарына
осылай  келген.
Оған  дейінгі  барша  тарихымыз  жадымыздан  өпггі. 
Ойма  жазу  сақталып,  аман  қалғанда,  қырғыз  бен  қазақ 
қай  ғасырда  дүниеге  келді,  қырғыз  Енесей  бойына 
қашан  көшіп,  қай  дәуірде  қайтып  оралып  еді  деп  бас 
қатырып отырмас  едік.
Менің  ойымша,  әлемдік  тартылыс  заңы  сияқты,  та- 
рихта да өзіндік  бұлтартпас  зандылық  бар.  Жалпы,  соғыс 
екі  этностың  арасында  өте  ме,  жоқ,  әлде  екі  діни 
сенімдегі  халықтардың  ортасында  бола  ма,  — бәрібір  ерте 
ме,  кеш  Пе,  тепе-тендік үстемдік құрмай  қоймайды.
Мұны  айтып  отьфған  себебім  —  Шығыстан  Батысқа 
бағытталған 
Шыңғыс 
ханның 
жойқын 
шапқын- 
шылығының  алдында  Батыстан  Шығысқа  аттанысқан 
әйгілі  "Крест  жорығы"  ұйымдасқан.  Алғашқысы  әлем 
халықтарына  екі  ғасыр,  ал  кейінгісі  үш  ғасыр  дүрбелең 
әкелді...  Орта  ғасырларда  осы  екі  шапқыншылықтан  өтк- 
ен  соғыс,  қанды  майдан  болмаған  шығар,  сірә.
Бір-бірінен  алшақ  жатқан  екі  аймақтың  ол  түста  да­
му,  өркендеу дәрежесі әр  қилы  болатын.  XI  — XII  ғасырда 
Шығыс  елдерінің  тұрмыс  деңгейі  барынша  жоғары  әрі 
әдебиеті  мен  ғылымы  кең  қанат  жайған,  табиғи  байлығы 
айрықша  мол  еді.  Әлеуметтік  жағдайдың  бұлайша

қалыптасуы  Батые  Еуропа  феодалдарын  тыныш  ұйықтат- 
пады.  Аста-төк  байлыққа  кенелген  бұл  өлкелер  оларға 
жердің  жұмағындай  боп  елестеді.  Алыстан  арбаған 
Нілден,  Тигр  мен  Ефраттан  және  Шығыстың  басқа 
да  өзендерінен  ат  суару  әрбір  билеушінің  арманына  ай­
налды.  Бүкіл  Еуропа  жұртын  жорыққа  көтеру  үшін 
бұлтартпас  себеп  керек.  Ақыры ондай себеп табылды да.
"Христиандардың  "қасиетті  қонысы"  (святое  место) 
мұсылмандардың  аяғының  астында  қалды.  Құтқарайық, 
халайық!"  -   деген  ұран  күллі  құрлықты  жаңғыртып  өтті. 
Осы  ұранның  астында  табаны  күректей  екі  жүз  жылға 
созылған  қантөгіс  басталды да кетті.
Алғашқы  жорықты  1095  жылы  Францияның  діндары, 
папа  II  Урбан  бастады.  Маңайына  көршілес  елдердің  ко- 
рольдері  мен  сеньорларын,  рыцарлары  мен  қарапайым 
жауынгелерін  жинаған  ол  Кіші  Азия  мен  Сирияны  қанға 
бөктіріп  қайтты.
Екінші,  үшінші  "Крест  жорығыі'  Франция  королі  VII 
Людовик  пен  Германия  билеушісі  III  Конрадтың  басшы- 
лығымен  өткенмен,  еш  нәтиже  бермеді.
Ал төртінші  жорыққа  елді  көтерген  папа  III  Иннокен­
тий болатын: 

г
1217 
-  21  жылдар аралығындағы бесінші жорыққа неміс, 
венгер,  ағылшын,  голланд  рыцарлары  қатысып,  қиян-кескі 
үрыстың  соңында  Дамиет  цитаделін,  Ніл  дариясы  жаға- 
лауын  өздеріне  қаратты.  Бірақ  бағынған  өлкені  ұзақ  ұстап 
тұра алмай,  Египетті ақыры тастап шықты.
Алтыншы  жорықтың  басы-қасында  жүрген  Германия 
императоры  II  Фридрих  қана  қалың  әскерімен  "қасиетті 
қоныс"  атанған  Иерусалимді  талқандап,  Дамаскіге  кірді. 
Әйтсе  де  мүсылмандардың  қарсы  шабуылына  төтеп  бере 
алмай,  ат басын  кері — Еуропаға бұрды.
Жетінші  жөне  соңғы  -   сегізінші  "Крест  жорығын" 
ұйымдастырған  қолбасшы  -   Франция  королі  IX  Людовик 
Тунис  жерінде  обадан  көз  жұмып,  әскері  бет-бетімен 
тарап  кетті.
Мұны  айтып  отырған  себебім,  бөгде  өлкенің  бай- 
лығына  қыэығып,  жалған  діншілдікті  бетперде  ғып  ұрыс 
салғандардың тағдыры  көбіне  осындай  нәтижесіз,  өкініпггі 
жағдайда  аяқталып  отырған.  Есесіне,  бүл  жорық  өздері- 
не  қарсы  бағытталған  Шыңғыс  хан  шапқыншылығын
өмірге  алып келді.
Жоғарыда  айтқан  тарихи  заңдылық,  тепе-теңдік  деп
отырғаным  осы.
Шаханов.
  Халқымыздың  жадына  екінші  шабуылды

қаһарлы  Шыңғыс  ханның  әскері  жасаған.  Бірақ  олардың 
арабтардан  айырмашылығы  — жер  мен  елді  иеленуді  бас- 
ты  мақсат  етіп  қойды  да,  идеологиялық  күреске  аса  мөн 
бермеген.  Үш  ж үз  жыл  отары  болған  Ресейдің  өзіне  тілі 
мен  дінін  зорлап  таңған  жоқ.  Орыстың  жазуы  мен  өдеп- 
ғұрпы,  дүниетанымы  христиан  қалпында қалды.
Айтматов.
  Заманында  Адриат  теңізіне  дейінгі  алып 
аймақты  бағындырып,  жүздеген  ұлт  пен  ұлысты  ез- 
гісінде  үстап,  "жер  шетіне  жеттік"  деп,  ат  басын  кері 
бұратын  қаһарлы  Шыңғыс  хан  әскері  1207  —  1208  жыл- 
дары  алғашқы  қанды  жорығын  Сібірді  мекендеген  ой- 
раттар  мен  буряттардан,  якуттерден  бастаған.  Қарсы 
келгенді 
қара 
дауылдай 
жапырған 
монғол 
шап- 
қыншылығынан  аз  халқын  қырып  алмауды  көздеген 
Енесей  қырғыздарының  билеушісі  Арыс  Айнал  Алди- 
ярұлы  жайында  "Монғолдың  құпия  шежіресі":  .”Ақ 
сұңқар,  ақ тұлпарды  және  қара  бұлғын  ішікті  тарту етіп, 
Жошыны  қарсы  алып,  соғыспай  бағынды"  деген  мәлімет
береді. 
‘ 
Ш
1218 
жылға  дейін  Таңғұт  хандығы  мен  Түрпанды, 
Ж ұңго  мен  Ханбалықты  (Бежинді)  қол  астына  қаратқан 
Шыңғыс  хан  келесі  жорығын  Жетісуды  жаулап  алуға 
арнаған.
Қүпия  шежіреде  айтылғандай,  тайпалық  дәрежеде  да- 
мыған  түркі  халқы  Шыңғыстың  көкжал  ұлдары:  Жошы 
мен  Шағатайдың,  Үгедей  мен  Төленің  сан  мыңдаған  атты 
әскеріне  қарсы  жиырма  жылдың  үстінде  жанқиярлықпен 
шайқасты.  Күші  басым  шапқыншыларды  тоқтатар  шама 
ж оқ  еді.  Сол  кездегі  қазақ  жері  мен  Орта  Азия 
билеушілерінің өзара  бақталасы,  іпггей  қырқысы  қарама- 
ғындағы  елдің  сорына  шықты.  1220  жылға  дейініі 
аралықта  Ж етісу  мен  Ұлытауды,  Қаратау  мен  Қыпшақ 
даласын  өзіне  қаратып,  Отырар,  Сауран,  Сығанақ,  Ж ент, 
Тараз,  Өзкент  сынды  жүздеген  қаланы  жермен-жексен 
еткен  монғол  қолы  Әмударияның  жағалауы  мен  Орта 
Азияны қайта бас  көтерместей етіп талқандады.  Отырарды 
алты  ай  бойы  ғажайып  ерлікпен  қорғаған  Қайырхан 
сынды,  тарихымыздағы  ірі  тұлғаның  бірі  -   Хорезм  шахы 
Мухаммед  те  жаудың  тегеуірінді  шабуылына  беріспей, 
қарсыласып  бақты.  "Хорезмнің  күлге  айналғанын  көзіммен 
көргенше,  қаңғып  өлгенім  артық!"  деген  батыр  шах 
шегініп  ұрыс  салып,  Каспий  теңізіне  дейін  қашты 
Ақыры  сонда көп  аралдың бірінде  аштан  өлді...
Ж ебе  ноян  мен  Сүбедей  баһадүрдің  отыз  мың  қолы 
бұл  кезде  Орта  Азияны  көктей  өтіп, 
Иран  мен

Әзірбайжанның,  Грузияның  бір  бөлігін  ат  түяғында  тап- 
татып,  ат  басын  Еділ  өзеніне  тіреп,  ұлан-байтақ  орыс 
даласына  қыэыға 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет