Факультетінің деканы п.ғ. к



бет4/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Динамикалық стереотип – (грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.

Инстинкт – (латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.

Интеллект – (латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді ) жануарлар психикасының ең икемді түрі.

Эволюция – (латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.

Детерминизм – (латын сөзінен енген «белгілеу, анықтау» деген мағынаны білдіреді) тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі заңдылықтарына бағынуы.

Фрустрация – (латын сөзінен енген «босқа әлек болу» деген мағынаны білдіреді) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық, сананың бұзылуын айтамыз.

Антиципация – (латын тілінен енген «күні бұрын» деген мағынаны білдіреді ) адам тексттің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алуы.

Плато – « француз тілінен енген «үстірт жердегі тегістік» деген мағынаны білдіреді) дағдыға қажетті білімнің уақытша орнығып бекуінің белгісі.

Автоматизм – (грек тілінен алынған «өздігінен қозғалатын» деген мағынаны білдіреді) дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды айтамыз.

Доминанта – (латын тілінен енген «үстемдік» деген мағынаны білдіреді) сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздыратын алапты айтамыз.

Адаптация – (латын тілінен енген «икемделу» деген мағынаны білдіреді ) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыруын айтамыз.

Сенсибилизация – (латын тілінен енген «сезгіш» деген мағынаны білдіреді) сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.

Синестезия – (грек тілінен енген «қосарласқан түйсік» деген мағынаны білдіреді) пайда болған бір модальды түйсіктің басқа модальды түйсікті қоздыруы.

Спектр – (латын тілінен енген «көріну» деген мағынаны білдіреді ).

Пигмент – (латын тілінен енген «бояу» деген мағынаны білдіреді).

Диссонанс – (француз тілінен енген «үйлесімсіз» деген мағынаны білдіреді) құлаққа жағымсыз дыбыстарды диссонанс дыбыстар деп атаймыз.

Консонанс – (француз тілінен енген «үйлесімді» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымды естілетін дабыстарды айтамыз.

Резонанс – (латын тілінен енген «жаңғыық» деген мағынаны білдіреді).

Кинестезия – (грек тілінен алынған «қозғалыс түйсігі» деген мағынаны білдіреді) дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді.

Статика – (грек тілінен енген «тіке тұратын» деген мағынаны білдіреді ) денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіретін түйсіктерді айтамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет