ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жəліл А. М.
Аймақтық Əлеуметтік- Инновациялық Университеті
elmirakz_75@mail.ru
Қазақстан Республикасында емдік дəрі-дəрмектер ретінде жəне олардың жиынтығын,
тұнбасын, қайнатпасын қолдануға болатын табиғи жағдайларда өсірілетін 200 астам дəрілік-өсімдік
түрлері бар.
Нарықтық экономиканың негізгі заңдылығы, бұл тауардың саны емес, оның сапасының жоғары
болуында. Ал, егер шикізат сапасы алғашқы өңдеуге жəне оны сақтауға тікелей байланысты.
Дəрілік өсімдіктердің ішкі жəне сыртқы нарықта жоғары сұраныста болуын жəне олардың
шикізаттарының тапшылығын ескере отырып, табиғи қоры өте бай, əрі өсіруге ауа-райы жағдайлары
ыңғайлы, сондай-ақ олардың қайта өңдеуін жүргізуге мүмкіншілігі мол. Оңтүстік Қазақстан
облысында осы өсімдіктерді тек мəдени дақылдар санына енгізу, оларды өндірудің үдемелі əдістер
жиынтығын жетілдіру ғана емес, сондай-ақ оларды алғашқы өңдеу жəне сақтау бағытындағы ғылыми
зерттеу жұмыстары жүргізуде.
Медицина саласының жетістіктері көбінесе дəрілік өсімдіктерге байланысты. Дəрілік
өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде
дəрілік өсімдіктерге деген сұраныс күннен күнге ұлғауда. Дəрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын
тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Қазіргі кезде
медицина саласында дəрілік шөптерге барынша ден қойып, əр шөптің организмге қаншалықты
пайдалы екенін кеңінен дəлелдеуде.
Оңтүстік Қазақстан өзінің табиғи дəрілік өсімдіктерінің көптілігімен ерекшеленеді. Бұл жердің
табиғатының жайлы болып келуі, бұл жерде өспейтін дəрілік шөптерді, басқа жерлерден əкеліп
өсіруге жағдай жасайды. Шымкент қаласында орналасқан ірі фармацевтикалық зауыты дəрілік
өсімдіктердің шикізатынан қажетті дəрі - дəрмекті жасай отырып, кең көлемде отандық дəрі
өндірісіне пайда келтіруде.
Қазақстанның өсімдік əлемі əр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дəрілік
өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дəрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дəрілік
өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы
əсерінің аздығымен жəне көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Дəрілік өсімдіктер құрамында көптеген биологиялық əсерлі заттар болады. Осы өсімдіктерді
емдік мақсатта пайдаланған сол заттар адам организміне еніп, əр түрлі физиологиялық өзгерістер
туғызады. Өсімдіктердің дəрілік қасиеті осы биологиялық əсерлі заттардың түрлері мен мөлшеріне
байланысты.
Ғылыми жетекшісі: Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Алибаева Э. Т.